Шұғалар

Шұғалар — Бөлім 3

· Шұғалар

Кітапты ашу ↗

КІРІСПЕ

Намаздағы Фатиханың мағынауи әмірімен жәнеاَشْهَدُ اَنْ لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُсөзінің фейізімен екінші бөлімі жазылғаны секілді, намаздағы тәшәһудте деوَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِсөйлемінің тілімен, оның мағынауи ескертуі бойынша және "Фәтх" сүресінің соңында

هُوَ الَّذ۪ٓى اَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدٰى وَد۪ينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدّ۪ينِ كُلِّه۪ وَ كَفٰى بِاللّٰهِ شَه۪يدًا ٭ مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ وَالَّذ۪ينَ مَعَهُٓ اَشِدَّٓاءُ عَلَى الْكُفَّارِ رُحَمَٓاءُ بَيْنَهُمْ ...الخ

бес түрлі ғайби мұғжиза көрсеткен ұлы аяттың нұрымен осы үшінші бөлімді жазуға мәжбүр болдым. Солай болуының үш себебі бар. Бірақ, қазір оны айта аалмаймын. Мұның түсініктемесін, дәлелдерін және нақты айғақтарын Пайғамбарымыз (с.а.у.) жайлы рисале Зүлфикар кітабына және арабша Хизб-ун Нұрияға тапсырып қазір өте қысқа да нұсқа үш ишара арқылы арабша Хизб-ун Нұрияның қорытындысының қорытындысы жазылмақ. Сондай-ақ, тәсбихатта әрдайым қайталанатын тәухид кәлималары, сосын үзбей оқып жүрген арабша тәфәккурді және осы жерде жазылған шағын рисаленің مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ (Мұхаммед-ур Расулаллаһ)куәлік сөйлеміне қатысты мәтіннің бір аудармасы Екінші,Үшінші ишарада жазылмақ.

БІРІНШІ ИШАРА:Мына әлемнің Иесінің Рубубиятына, Улухиятына, шексіз жарылқауына, толық билік пен басқармасына күлли құлшылық ету арқылы жауап берген және оны таныстырған Мұхаммед (с.а.у.) мына әлемге Күннің қажеттігі секілді аса қажет. Ол барлық адамзаттың ұстазы, ең ұлы пайғамбар және әлемнің

мақтанышы сондайы-ақ, لَوْلَاكَ لَوْلَاكَ لَمَا خَلَقْتُ الْاَفْلَاكَ мақтау сөзіне бөленген кісі. Негізінде Мұхаммеди ақиқат (с.а.у.) әлемнің жаратылуына бірден-бір себеп және ол, әрі әлемнің нәтижесі, құнды жемісі болып табылады. Сол секілді, мына әлемнің нағыз кемелдігі және Жаратылыс Жәмал-і Зүлжәлалдың бақи айналары екені және есім сипаттарының сәуле шуақтары, хикметке толы белгілі бір міндеті бар өнер туындылары екені және мағынасы терең жазба хаттар, сондайақ, мәңгі әлемді қамтитын және бүкіл саналы пенделердің аңсаған арманы болған бақыт мекені ақыретте жемісті нәтиже беретіні, міне осы секілді ақиқаттар Мұхаммеди (с.а.у.) ақиқатқа тікелей байланысты және оның пайғамбарлығының арқасында жүзеге аспақ. Сондықтан, мына әлем оның пайғамбар екенін дәлелдеп куәлік ететіні секілді, әу баста, Ислам әлемі, бүкіл адамзат, саналы пенделер тозақтан бетер қорқынышты мәңгі жоқ болудан, жойылып кетуден аман қалу үшін бар болмысынан, қабілетімен дұға етіп жалбарына сұраған мәңгі өмірді сүйіншілеп хабар берген Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын және Оның ақиқатына куәлік етеді, Ол - адамзаттың абыройы, жаратылыс атаулының ең асылы екенін растайды. Сондай-ақ, әрдайым үш жүз елу миллион мұсылман اَلسَّبَبُ كَالْفَاعِلِ сыры бойынша жасаған игі амал, жақсылықтарының бір бөлігін Мұхаммедтің (с.а.у.) амал дәптеріне сыйға тартады. Осылайша, жеке тұлға ретінде миллиондаған игі жандардың күлли құлшылықтарына, нұр-фейздеріне бөленіп мәртебесі биіктей береді. Бұл да, Ол кісінің (с.а.у.) хақ пайғамбар екеніне бұлтартпас дәлел, қуатты айғақ болып табылады.

ЕКІНШІ ИШАРА:Менің күнделікті өзіндік дұғамда әрдайым тәфәккүрмен толғана оқитын және жиырмадан астам куәліктерге ишара қылатын мына:

مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ صَادِقُ الْوَعْدِ الْاَم۪ينُ بِشَهَادَةِ ظُهُورِهِ دَفْعَةً مَعَ اُمِّيَّتِهِ بِاَكْمَلِ د۪ينٍ وَ اِسْلَامِيَّةٍ وَ شَر۪يعَةٍ وَ بِاَقْوٰى ا۪يمَانٍ وَ اِعْتِقَادٍ وَ عِبَادَةٍ وَ بِاَعْلٰى دَعْوَةٍ وَ مُنَاجَاةٍ وَ دَعَوَاتٍ وَ بِاَعَمِّ تَبْل۪يغٍ وَ اَتَمِّ مَتَانَةٍ خَارِقَاتٍ مُثْمِرَاتٍ لَا مِثْلَ لَهَا

деген сөздің қысқа ғана тәржімәсі, мәнісі мынау деуге болады яғни Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар екеніне куәліктердің:

Біріншісі:Расулаллаһтың он бір қасиетінен құралған пайғамбарлық айғағы: Иә, оқу-жазу білмейтін үмми бола тұра, он төрт ғасырдың ақылды ғалымдары мен философтарын таңқалдырған және өзге аспани діндерден үстем бір дінді, өзі тәжірибесіз бола тұра, жарқ еткізіп әлемге танытуы теңдессіз қасиет. Сол сияқты сөзінен, іс-әрекетінен, хал-жағдайынан бастау алған Исламият әрқашан үш жүз елу миллион адамдардың рухтарын, нәпсілерін, ақылдарын тәрбиелеп, оларға дұрыс бағыт-бағдар беруі және рухани кемелдікке жетелеуі бұл да теңдесіз қасиет.

Сондай-ақ, әкелген шариғаты он төрт ғасыр бойы әділ заңдарымен адамзаттың бестен бір бөлігін рухани кемелдендіре басқаруы теңдессіз қасиет. Сол секілді, Ол Кісі (с.а.у.) иманының күштілігі, сенімінің беріктігі сондай, ақиқатшыл жандар әрқашан оның жоғары иманынан қуат алып, иманы таудай берік екенін бір ауыздан растаған және, сол кездері қыруар қарсыластары бола тұра, титтей де болсын сескеніп, күдіктеніп, шәк келтірмеуі иманының қуатты екенін, ондай иман басқа да жоқ екенін көрсетеді. Сондай-ақ,, ол кісінің құлшылығы, Жаратқанға мойынсұнуы өзінше ерекше бір қасиет. Ол, алғашқысы мен соңғысын біріктіріп, ешкімге еліктемей ғибадаттың ең күрделі тұстарына шейін мән беріп, өте қауіпті, қиын-қыстау сәттерде де, толық түрде құлшылық етуі теңдесі жоқ қасиет. Сол секілді, Жаратқан Иесіне дұға етіп, мінәжат қылғаны сонша, біздің заманымызға дейінгі өзара пікірлесе келіп жасалған мағрифатуллаһ мінәжаті оның дәрежесіне жете алмайды.

Мысалы,"Жәушан-ул Кәбир"атты мінәжатта Аллаһтың мың бір есімін шапағатшы ретінде атап, Жаратқан иесін керемет сипаттап, жетік таныстырады. Мұндай мінәжат әлемде жоқ. Міне, бұл тұрғыда оған ешкімнің жете алмауы теңдессіз ғажап қасиет. Әрі, табанды түрде адамдарды дінге шақырып табжылмастан, батырлықпен пайғамбарлық міндетін атқарғаны сонша, өз қауымы, туысқан көкесі және басқа ірі мемлекеттер мен өзге діннің өкілдері үзілдікесілді қарсы болып, дұшпан болса да титтей де болсын қорықпай, қамықпай, тартынбай түгел хаққа шақырып, соңында дін исламды дүнияға мойындатуы теңдессіз қасиет.

Сонымен, Оның өте әрі хақ пайғамбар екеніне осы аталған сегіз қасиет бірлесе отырып өте қуатты да бұлтартпас айғақ болып табылады. Бұл оның өте адал әрі ықыласты және ісіне тым тыянақты өзіне сенімді екенін көрсетеді. Ислам әлемі күн сайын әр намазда тәшәһүдте миллиондаған тілмен:

اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ

деп айтады. Осылайша, Оның Аллаһтың әмірімен келгендігін және Аллаһтың әміріне мойынсұнып, мәңгі бақыт жайлы сүйіншісін шын жүректен қабылдап және адамзаттың аса мұқтаж әрі табиғатынан құмар, қабілетімен ынтызар арманы болған мәңгі өмірге қарай тура жол ашқандығына Ислам әлемі жаппай риза болып, өзін қарыздар сезініп اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ сөзімен оны мағынауи түрде зияраттап, көріскендей болады. Және оны үш жүз елу миллион тіпті, миллиардтаған жандардың атынан қуаттап алғысын білдіреді.

Жиырма күлли айғақтармен көптеген куәліктерді қамтитын Екінші куәлік:

وَ بِشَهَادَةِ جَم۪يعِ حَقَٓائِقِ الْا۪يمَانِ عَلٰى تَصْد۪يقِهِ

Яғни, Иманның алты шартының ақиқаттары және оның іске асуы, растығы Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екеніне, әрі адал, шынайы екеніне куәлік етеді. Өйткені, Оның пайғамбарлық кезіндегі жеке рухани өмірі және алдына қойған мақсат-мүддесінен бастап, жалпы пайғамбарлықтың мән-мағынасы осы алты тақырыпты қамтиды. Олай болса, осы иман негіздерінің жүзеге асатындығын растайтын бүкіл дәлелдер айналып келгенде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығының хақ екенін, оның адал, айтқаны рас екенін дәлелдейді.

Енді, иманның бір шарты болып табылатын ақыреттің шындыққа айналатынына басқа имани шарттардың қалай дәлел болатынын"Миуа рисалесінде", "Оныншы Сөздің"қосымша бөлімдерінде баяндалған болатын. Сол секілді, иманның әрбір шарты өзінің дәлелдерімен бірге Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екеніне қалай айғақ болып табылады.

Мыңдаған куәліктерді қамтитын Үшінші күлли куәлік:

وَ بِشَهَادَةِ ذَاتِهِ عَلَيْهِ الصَّلَاةُ وَ السَّلَامُ بِاٰلَافِ مُعْجِزَاتِهِ وَ كَمَالَاتِهِ وَ عُلُوِّ اَخْلَاقِهِ

Яғни, Ол Кісі (с.а.у.) Күн секілді өзін өзі дәлелдейді. Оның кемел қасиеттері, керемет мінез-құлқы, мыңдаған мұғжизалары хақ пайғамбар екеніне және адал, әсте өтірік айтпайтынына бұлтартпас дәлел болып табылады. Иә, "Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың мұғжизалары" атты таңғажайып кітапта үш жүзден астам сахих хадистермен дәлелденгені секілді, Ол кісі (с.а.у.) وَ انْشَقَّ الْقَمَرُ аяты мен وَمَا رَمَيْتَ اِذْ رَمَيْتَ وَلٰكِنَّ اللّٰهَ رَمٰى аяттары ашық айтқаны секілді, бір саусағымен Айды екіге бөлген және нақты хабар бойынша бес саусағынан шүмек секілді су аққан және шөлде қалған әскері әлгі судан шөлдері қанғанша ішкен әрі олардың өздері де куә болған, осы тектес оқиға екі рет қайталанған және әлі қолымен бір уыс топырақ алып шабуылдап келе жатқан жау әскеріне қарай шашқанда әрбір дұшпанның көзіне бір-бір уыс топырақ бұйырып шегініп кері қашқан және әлгі қолының уысында ұсақ тастар адам секілді тәсбих қылып"Сүбханаллаһ"деп, зікір салған.

Міне, осы тектес сахих, нақты жолдармен келген тарихи оқиғаларға, мыңға жуық мұғжизаларға бөленгендігін достары, тіпті дұшпандары да мойындап растаған. Енді жоғарыда аталған қасиеттердің жиынтығы, биязы мінез-құлық үлгісі және артынан {(Сілтеме): Тіпті, ержүрек батыр Хазіреті Али (р.а.) айтады: "Соғыс қызған шақта біз Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) артына тығылушы едік!". Пайғамбарымыздың тек батырлығы ғана емес, басқа да ізгі қасиеттері жоғары болғандығын дұшпандары да растап, мойындағаны тарихи кітаптарда жазулы.} еріп кемелдікке, ақиқатқа жеткен ақиқатшылар жаппай бір ауыздан Мұхаммедтің (с.а.у.) ең жоғарғы дәрежеде екенін нақты түрде растайды. Және Оның әкелген діні саясында пайда болған Ислам әлемі керемет әсем болуы тіпті Исламның ақиқаттары да ол кісінің таңғажайып кемелдігін дәлелдеп куәлік етеді. Олай болса, әлбетте Ол Кісінің (с.а.у.) өзі, өзінің пайғамбар екенін жан-жақты дәлелдейтін, жарқын айғақ, бұлтартпас дәлел болып табылады.

Көптеген қуатты куәліктерді қамтитын Төртінші Куәлік:

وَ بِشَهَادَةِ الْقُرْاٰنِ بِمَا لَا يُحَدُّ مِنْ حَقَٓائِقِهِ وَ بَرَاه۪ينِهِ

Яғни, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар әрі адал жан екеніне Қасиетті Құран өзінің сансыз ақиқаттарымен, бұлтартпас дәлелдерімен куәлік етеді.

Иә, қырық тұрғыдан мұғжиза екені"Зулфикар"кітабында дәлелденген және он төрт ғасырды нұрландырған және адамзаттың бестен бір бөлігін мызғымас әділ заңдарымен басқарып келе жатқан және өзі түскеннен бастап күні бүгінге дейін барлық қарсыластарын айтысқа шақырса да, ешкім бір сүренің өзіне тең келер жазу жазуға жүрексінген және"Аят-ул Күбра"кітапшасында дәлелденгені секілді алты жағы нұрлы ешқашан күмән кіре алмайтындай бүтін, асты мықты, үсті берік және әрқашан жүз миллион адамдар тарапынан оқылып және минут сайын хафыз-қарилардың жүректеріне тасқа жазылғандай жазылып жатталатын және Ислам әлемінің барлық куәліктері, имандары оның куәліктерінен, аяттарынан нәр алған және бүкіл Имани ілімдер мен Ислами ғылымдар одан бастау алған және өзінен бұрын түскен аспани кітаптарды растап бекіткені секілді барлық ескі кітап және парақтары да оны растап бекіткен Қасиетті Құран өзінің ақиқаттарымен, дәлел-айғақтарымен Мұхаммед Алейһиссалату Уәссаламның шынайы пайғамбар екеніне куәлік етеді.

Бесінші, Алтынышы, Жетінші, Сегізінші күлли куәліктері:

وَ بِشَهَادَةِ الْجَوْشَنِ بِقُدْسِيَّةِ اِشَارَاتِهِ وَ رَسَٓائِلِ النُّورِ بِقُوَّةِ دَلَٓائِلِهِ وَ الْمَاض۪ى بِتَوَاتُرِ اِرْهَاصَاتِهِ وَ الْاِسْتِقْبَالِ بِتَصْد۪يقِ اٰلَافِ حَادِثَاتِهِ

яғни Аллаһтың мың бір есімін ашық не ишараи, астарлы түрде қамтыған және белгілі бір мағынада Қасиетті Құраннан шыққан таңғажайып мінәжат, сондай-ақ мағрифатуллаһ тұрғысынан кемелденген арифтердің мінәжатынан асып түсетін және бір соғыста:"Сауытыңды шеш! Оның орнына мынаны оқы!"деп Жәбрәйіл періштенің уахи арқылы әкелген"Дәушан-ул Кәбир"мінәжатындағы ақиқаттар сондай-ақ, Раббысын керемет сипаттайтын сөздер Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын, адалдығын дәлелдеп куәлік ететіні секілді Құраннан және бір жағынан Джәушаннан нұр алған, одан туындаған Рисаил-ин Нұрия жүз отыз кітапшасымен Мұхаммедтің пайғамбарлығына(с.а.у.) бір ғана айғақ ретінде пайғамбарлығының бүкіл ақиқаттарын ақылға қонымды түрде дәлелдеп, тіпті философия назарында ақылға сыйымсыз көрінген терең мәселелерді көз алдыңа әкеп өте оңай әрі түсінікті етіп дәріс беруі арқылы Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) адалдығына және пайғамбар екеніне күлли яғни ауқымды куәлік етеді.

Сондай-ақ, өткен заман да Мұхаммедтің пайғамбар екеніне күлли куәлік етеді. Тарих кітаптарында баяндалғанындай"ирхасат"яғни пайғамбарлық келмей тұрғанда болған және Ардақты Пайғамбарымыздың мұғжизасы боп саналатын таңғажайып оқиғалардың көптеген түрі бар. Кейбірі төменде баяндалмақ, кейбірі"Зүлфикар"кітабында және тарихи кітаптарда сахих түрде жеткізілген.

Мысалы, ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге келуі қарсаңында Қасиетті Қағбаны қирату ниетімен жолға шыққан Әбраха әскерінің төбесінен әбәбил құстары тас жаудырып оларды күйрете жермен жексен еткен. Сондай-ақ, дүниеге келген сәтте Қағбаның ішіндегі пұттар өздігінен жерге құлап қирап қалған және Парсы еліндегі Кисра сарайының бағаналары тас-талқан болып құлаған сондай-ақ, отқа табынушы мәжусилердің мың жылғы жанып тұрған оты дәл сол түні сөніп қалған және монах Бухайра мен Садия Халиманың көргеніндей Ол кісінің төбесіне бұлттар көлеңке болып күн түсірмеген. Міне, осы секілді көптеген оқиғалар пайғамбарлық келмей тұрып оның пайғамбар болатынынан хабар берген.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) келешек туралы яғни өзінен кейін болатын оқиғалар жайлы хабары дәлме-дәл шыққан.

Мәселен,"Зүлфикар"кітабында сахих түрде сексен оқиғаны хабарлағаны және дәл солай болғаны жазылған-ды. Мысалы, Әһли бәйті туралы және дос-жарандар, сахабалар туралы және Ислам дінінің жеңісі туралы нақты хабар берген. Әрі хазіреті Османның (р.а.) Құран оқып отырғанда шәһид болатыны туралы, Хазіреті Хусейннің Кербалада шәһид болатыны және Шам, Иран, Стамбулдың азат етілетіні; Аббаси мемлекеті пайда болатыны, кейін оны Шыңғысхан, Хулагу күйрететіні секілді сексенге жуық ғайби хабарлар анық түрде тарих кітаптарында егжей-тегжейлі баяндалған. Сонымен қатар басқа да хабарлары және Оның (с.а.у.) рас пайғамбар екенін дәлелдейтін келешекте болатын және болған оқиғалар қуатты түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екенін, Оның адал елші екенін растап куәлік етеді.

Тоғызыншы, Оныншы, Он бірінші, Он екінші куәлікттерге ишара:

وَ بِشَهَادَةِ الْاٰلِ بِقُوَّةِ يَق۪ينِيَّاتِهِمْ فِى تَصْد۪يقِهِ بِدَرَجَةِ حَقِّ الْيَق۪ينِ وَ الْاَصْحَابِ بِكَمَالِ ا۪يمَانِهِمْ ف۪ى تَصْد۪يقِهِ بِدَرَجَةِ عَيْنِ الْيَق۪ينِ وَ الْاَصْفِيَٓاءِ بِقُوَّةِ تَحْق۪يقَاتِهِمْ ف۪ى تَصْد۪يقِهِ بِدَرَجَةِ عِلْمِ الْيَق۪ينِ وَ الْاَقْطَابِ بِتَطَابُقِهِمْ عَلٰى رِسَالَتِهِ بِالْكَشْفِ وَ الْمُشَاهَدَاتِ بِالْيَق۪ينِ

яғни Мұхаммедтің (с.а.у.) адал әрі пайғамбар екенін көрсететін тоғызыншы куәлік: عُلَمَٓاءُ اُمَّت۪ى كَاَنْبِيَٓاءِ بَن۪ٓى اِسْرَٓائ۪يلَ Сырына бөленген және әрдайым салауаттарда Әл-і Ибраһим Алеһиссаламмен бірге яғни Ибраһим пайғамбардың ұрпақтарына терезесі тең келетіндей Әл-і Мұхаммед яғни Мұхаммед пайғамбардың ұрпағынан тараған ұлы әулет, сондай-ақ Хазіреті Али (р.а.), Хазіреті Хасан (р.а.), Хазіреті Хусейн (р.а.) және Әһл-и Бәйттің Он екі имамы және Ғаус-ы Ағзам (қуддуси сыррухи), Ахмед-і Руфаийн (қуддуси сыррухи), Ахмед-и Бәдәуи (қуддуси сыррухи), Ибраһим-і Дәсуки (қуддуси сыррухи), Әбул Хасан-и Шәзали (қуддуси сыррухи) сынды"қутуб",имамдар бір ауыздан, анық түрде өздерінң"мушахәдәт", "кәрамат", "кәшфияттарына"сүйеніп яғни көрген-білгендеріне негіздеп және үмметке тура жол көрсете отырып Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) хақ елші, адал екеніне иман келтіру арқылы растап куәлік етеді.

ОНЫНШЫСЫ:Әнбиядан кейін ең құрметті де жоғарғы мәртебелі және оқымаған әрі бәдәуи бола тұра, лезде Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың нұрымен шығыстан сонау батысқа дейін ұлан байтақ елді өте әділ басқарған және атақты қолбасшыларды тізе бүктіріп ірі мемлекеттерді өзіне бағындырған және өркениетте алда, ғылымды терең меңгерген, мәдениет пен саясатты жетік білетін өзге халыққа ілім үйретіп, олардың ұстазы әрі саясаткер, әділ би қызметін атқарып, өз кезеңін бақытты дәуірге айналдырған сахабалар. Олар Мұхаммедтің (с.а.у.) хал-ахуалын зерттеп әбден көздері жеткен және көптеген мұғжизаларға куә болған. Олар, бұрыңғы дұшпандықтарын тастап, Халид бин Уалид, Икрима бин Әбу Жахил сынды сахабалар

әкесі мен ру тайпаларының өшпенділігін тастап жан-тәндерімен жанкештілік танытып Дін Исламды қабылдап адал түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) хақ екеніне, шынымен пайғамбар екеніне иман етуі күлли куәлік боп табылады.

ОН БІРІНШІСІ: "Асфия уа сыддықтар"деп аталатын мужахид имамдар, ғұламалар және Ибн Сина, Ибн Рушд секілді ойшыл ерекше тұлғалар, мыңдаған дана кемеңгерлер ақылға қонымды, қисынды түрде әрқайсысы әртүрлі ұстанымда бола тұра бұлтартпас айғақтарға сүйене отырып, іліми түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екеніне, хақ елші екеніне иман келтірген. Міне, олардың имандары күлли куәлік болып саналады. Оларға қарсы шығу үшін, олардың бәрінен ақылды, алып данышпан болуы керек, әйтпесе бос әурешілік.

Осындай қуатты да көптеген куәгерлердің бірі бұл заманда Рисалей-Нұр болып табылады. Мункир кәпірлер оған қарсы тұра алмағандықтан әділет органдарын, қауіпсіздік комитетті мемлекеттік қызметкерлерді алдап, айдап салып сот арқылы Нұрға тосқауыл болғысы келеді.

ОН ЕКІНШІСІ:Ислам әлемінде әрбірі үмметтің басым көпшілігіне болымды ықпалын тигізіп, оларды тура жолға салып тәрбиелеп, кәраматтарымен кемелдікке жетелеген, айғақ ретінде өздерінің көріп білгендерін ұсынған"ақтаб"деп аталатын терең зерттеуші ақиқатшылдар. Олар рухани саяхаттарында Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екенін, Оның өз ісіне адал және ең жоғарғы мәртебеде екенін көріп, сезіп бір ауыздан куәлік еткен. Бұл сондай қуатты дәлел, оның үкімін жою үшін олардың барлығын қосқанда болатын дәреженің ең биік шыңына шыққан біреу болу керек. Бұл әрине, мүмкін емес.

ОН ҮШІНШІ КУӘЛІК:Мұнда төрт күлли ауқымды да, нақты айғақтар қамтылған

وَ بِشَهَادَةِ الْاَزْمِنَةِ الْمَاضِيَّةِ بِتَوَاتُرِ بَشَارَاتِ الْكَوَاهِنِ وَ الْهَوَاتِفِ وَ الْعُرَفَٓاءِ فِى الْاَدْوَارِ السَّالِف۪ينَ وَ بِمُشَاهَدَةِ بَشَارَاتِ الرُّسُلِ وَ الْاَنْبِيَٓاءِ وَ بِشَهَادَتِهِمْ وَ بَشَارَتِهِمْ عَلَيْهِمُ السَّلَامُ بِرِسَالَةِ مُحَمَّدٍ عَلَيْهِ الصَّلَاةُ وَ السَّلَامُ فِى الْكُتُبِ الْمُقَدَّسَةِ

Бұл арабша мәтінің қысқаша тұжырымы төменде баяндалмақ, ал түсіндірмесі, дәлелдері"Зүльфикар"кітабында"Мұғжизат-ы Ахмедия"бөлімінің соңында керемет түсіндірілген. Яғни өткен замандағы адамзаттың ірі тұлғалары, әу баста"әнбия", "әулиелер", "ариф", "каһин", "кашиф"яғни білгірлер, көріпкелдер, жындар барлығы бірауыздан Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын және Оның келетінін алдын ала біліп, кейбірі сезіп, көріп "ирхасат" түрінде нақты хабар берген. Ол жайлы көптеген тарихи кітаптарда, хадистерде жан-жақты баяндалғандықтан түсініктемені тереңдетпей өте қысқа ишарамен шектегенді жөн көрдік.

Әнбиялар аспани киелі кітаптарда Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы Тәурат, Инжил, Зәбурдің жүздеген аяттары арқылы ашықтан ашық хабар берген. Олардың жиырмаға жуығы "Он Тоғызыншы Мектуб" рисалесінде жазылған-ды. Ол киелі аспани кітаптарды христиандар мен яхудилер көп өзгеріске ұшыратып бұрмаланғанның өзінде Ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у.) соңғы елші екендігін хабарлайтын жүздеген аят сақталып, оны Хусейн-и Джисри дейтін ғалым тауып өз кітабында жазған болатын.

Ал, көріпкелдерге келер болсақ, әу баста мәшһүр Шық пен Сатих дейтін руханилер және жындармен байланысып ғайыптан хабар беретін кісілер сахих түрде соңғы пайғамбар келетінін және Ол Парсы елін құлататынын нақты хабар берген. Және еш күмәнсіз жақында Хижаз өңіріне бір пайғамбар келетінін қайта-қайта ескерткен. Сол секілді, Ардақты пайғамбарымыздың аталары болып келетін әрі атақты білгір Қаб ибн Луей және Иемен, Хабаш патшасы Сәйф ибн Зиязән, Тубба сынды арифтер мен өз заманының әулиелері ашық түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы хабар беріп, ол туралы өлең жырларында жазған. Сөйтіп, ол жайлы алдын ала әлемге паш еткен. Бұл"Он Тоғызыншы Мектубта"баяндалған болатын. Тіпті, сол патшалардың біреуі былай деген екен:"Мұхаммедке қызметші болу мына ел билеп, салтанат құрудан әлдеқайда артық!"Біреуі былай депті:"Шіркін! Мен оны көрсем ғой! Көкесінің баласы сияқты болар едім! Яғни, хазіреті Али секілді жанкешті қызметшісі әрі уәзірі болар едім!"

Сонымен, бұл жайлы тарих, сияр кітаптарында толық мағлұмат болғандықтан осы аталған арифтер, білгір, парасатты жандар Мұхаммедтің пайғамбарлығын қуаттап, күлли куәлік етіп

растаған. Осы ариф білгір, көріпкел жандар секілді Мұхаммедтің пайғамбарлығын (с.а.у.) ғайби түрде, өздерінің болмыстары көрінбейтін, тек дауыстары естілетін "хатиф" деп аталатын руханилер де нақты түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын хабар берген. Сол секілді, көптеген хабаршылар тіпті, пұтқа шалынған құрбан малдар да, тіпті керек болса пұттардың өздері де және қабір басындағы құлпы тастар да Ардақты пайғамбарымыздың елшілігін айтып ғайби хабарларды растаған. Оған тарих куә.

ОН ТӨРТІНШІ КУӘЛІК:Әлемнің қуатты куәлігіне ишара қылған мына арабша куәлік:

وَ بِشَهَادَةِ الْكَٓائِنَاتِ بِغَايَاتِهَا وَ بِالْمَقَاصِدِ الْاِلٰهِيَّةِ ف۪يهَا عَلَى الرِّسَالَةِ الْمُحَمَّدِيَّةِ الْجَامِعَةِ بِسَبَبِ تَوَقُّفِ حُصُولِ غَايَاتِ الْكَٓائِنَاتِ وَ الْمَقَاصِدِ الْاِلٰهِيَّةِ مِنْهَا وَ تَقَرُّرِ قِيْمَتِهَا وَ وَظَٓائِفِهَا وَ تَبَارُزِ حُسْنِهَا وَ كَمَالِهَا وَ تَحَقُّقِ حِكَمِ حَقَٓائِقِهَا عَلَى الرِّسَالَةِ الْاِنْسَانِيَّةِ لَاسِيَّمَا عَلَى الرِّسَالَةِ الْمُحَمَّدِيَّةِ اِذْ هِىَ الْمُظْهِرَةُ وَ الْمَدَارُ الْاَتَمُّ لَهَا وَ لَوْلَاهَا لَصَارَتْ هٰذِهِ الْكَٓائِنَاتُ الْمُكَمَّلَةُ وَ الْكِتَابُ الْكَب۪يرُ ذُو الْمَعَانِى السَّرْمَدِيَّةِ هَبَٓاءً مَنْثُورًا مُتَطَايِرَةَ الْمَعَانِى مُتَسَاقِطَةَ الْكَمَالَاتِ وَ هُوَ مُحَالٌ مِنْ وُجُوهٍ وَ جِهَاتٍ

Аят-ул Кубра кітабы осы арабша мәтіннің тұжырымы туралы былай деген: Мына әлем, қалайша өзін жарату, басқару, реттеу, суреттеу, өлшемдерін белгілеу, ұйымдастыру тұрғысынан алғанда зәулім сарай немесе алып бір кітап, не заңғар көрме секілді өзін басқарып отырған Иесін, Жаратушысын, Жазушысын, Суретшісін көрсетеді. Дәл сол секілді, әлемнің жаратылу мақсатын білетін, білдіретін және құбылыстарындағы Раббани хикметті үйрететін және олар белгілі бір міндет атқаратынын, нәтижелерін сабақ беретін, әлемнің мәнісін, оның қадірін және ішіндегі болмыс атаулының кемелдігін әлемге паш ететін, сондай-ақ,"Қайдан келесің? Қайда барасың? Бұл дүниеге не үшін келдің? Болмыс неге көп аялдамай тездетіп қайда кетеді?"деген мәнді сұрақтарға жауап беретін және әлем атты ұлы

кітаптың мағыналарын ашып, Иләһи жаратылыс заңдардың хикмет сырын тәпсірлеп түсіндіретін керемет бір делдалдың болуын, керек етеді және ерекше ұстаздың шығуын, адал да сенімді мұғалімнің келуін талап етеді, сұрайды және міндетті түрде солай болу керектігін көрсетеді. Олай болса, әлбетте, осы аталған міндеттерді өте адал атқарған, бәрінен жоғарғы дәрежеде орындаған Мұхаммед Ғалейһиссалату Уәссалам болғандықтан, аталмыш ақиқаттар Оның хақ пайғамбар екенін және ол мына әлемнің Жаратушысының жоғарғы мәртебелі, тым адал қызметкері екенін дәлелдеп, куәлік етеді де, اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ"Әшһәду әннә Мұхаммәдан расулаллаһ!"дейді.

Иә, Мұхаммедтің (с.а.у.) әкелген нұрының саясында әлемнің мәнісі, түр-түсі, қадір-қасиеті, кемелдігі және ішіндегі болмыс атаулының атқарар міндеті анықталды әрі жүзеге асты. Сөйтіп, әлем тұнып тұрған әсем хаттар жиынтығы, мағыналы Иләһи жазулар хаттамасы және заттық бейнедегі Раббани Құран, Сүбхани өнердің көрмесі екені, әлемге айдай анық болады. Әйтпесе, мүлде жоқ болуға, құрып құрдымға бет алған, не екені белгісіз мәнмағынасыз, қайғы мұң қаптаған қараңғы түнекке айналар еді. Осы ақиқатқа байланысты әлемнің кемелдігі және хикметке толы құбылыстары, сондай-ақ терең де өшпес мәңгі мағыналары аса зор дауыспен نَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ"Әшһәду әннә Мұхаммәдан расулаллаһ!"деп, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына куәлік етеді.

ОН БЕСІНШІ КУӘЛІК:Көптеген киелі шәһадаттарды қамтитын бұл шәһадат әлемдегі құбылыс жайлы. Иә, әлемдегі атомнан бастап сонау жұлдыздарға дейінгі қозғалыс, жүріс-тұрыс, өлім мен өмір Зат-ы Уәжиб-Ул Ужуб Аллаһтың рубубиеті, істері боп табылады яғни оның әмірімен, қалауымен, күш-құдіретімен болуда. Осы тұрғыдан алғанда Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына куәлік етеді. Енді, осы куәлікке ишара ететін арабша мәтін:

وَ بِشَهَادَةِ صَاحِبِ الْكَٓائِنَاتِ وَ خَلَّاقِهَا وَ مُتَصَرِّفِهَا عَلَى الرِّسَالَةِ الْمُحَمَّدِيَّةِ بِاَفْعَالِ رَحْمَانِيَّتِهِ وَ بِاِجْرَٓااٰتِ رُبُوبِيَّتِهِ كَفِعْلِ الرَّحْمَانِيَّةِ بِاِنْزَالِ الْقُرْاٰنِ الْمُعْجِزِ الْبَيَانِ عَلَيْهِ وَ بِاِظْهَارِ اَنْوَاعِ الْمُعْجِزَاتِ عَلٰى يَدَيْهِ

وَ بِتَوْفِيقِهِ وَ حِمَايَتِهِ فِى كُلِّ حَالَاتِهِ وَ بِاِدَامَةِ د۪ينِهِ بِكُلِّ حَقَٓائِقِهِ وَ بِاِعْلَٓاءِ مَقَامِ حُرْمَتِهِ وَ شَرَفِهِ وَ اِكْرَامِهِ عَلٰى جَم۪يعِ الْمَخْلُوقَاتِ بِالْمُشَاهَدَةِ وَ الْعَياَنِ وَ كَفِعْلِ رُبُوبِيَّتِهِ بِجَعْلِ رِسَالَتِهِ شَمْسًا مَعْنَوِيَّةً لِكَٓائِنَاتِهِ وَ بِجَعْلِ د۪ينِهِ فِهْرِسْتَةَ كَمَالَاتِ عِبَادِهِ وَ بِجَعْلِ حَق۪يقَتِهِ مِرْاٰةً جَامِعَةً لِتَجَلِّيَاتِ اُلُوهِيَّتِهِ وَ بِتَوْظ۪يفِهِ بِوَظَٓائِفَ ضَرُورِيَّةٍ لَازِمَةٍ لِوُجُودِ الْمَخْلُوقَاتِ فِى هٰذِهِ الْكَٓائِنَاتِ كَلُزُومِ الرَّحْمَةِ وَ الْحِكْمَةِ وَ الْعَدَالَةِ وَ كَضَرُورَةِ لُزُومِ الْغِذَٓاءِ وَ الْمَٓاءِ وَ الْهَوَٓاءِ وَ الضِّيَٓاءِ

Бұл нақты әрі ауқымы кең, киелі шәһадаттың яғни куәліктің жанжақты түсіндіруді Рисале-Нұрға сілтеме жасап өте қысқа ишарамен тұжырымдаймыз.

Иә, мына әлемге назар салып қарасақ, керемет әрі әділ де хикметпен әрі рахымды да қамқорлықпен басқарылуда. Әрдайым жақсыларды қорғаштап, ал жаман, өтірікші суайттарды жазалау жиі қайталанатын әдет. Сондықтан Рахманның талабына сай Қасиетті Құран Кәрімді Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қолына беріп оны мыңға жуық түрлі мұғжизалармен жарылқаған және қандай жағдай болсын аса қауіпті кезеңдерде мейірімді түрде қамқорлық жасалған. Тіпті көгершін мен өрмекші арқылы қорғалған және жауапкершілігі мол ауыр міндетінде сәттілікке, табысқа жеткізген асыл дінін ақиқаттарымен бірге толық сақтап жалғасып келеді. Исламиятты жер жүзіне, адамзатқа қабылдатып дүниеге жайған және бүкіл жаратылыстан жоғары мәртебеге жеткізіп бәрінен абыройлы, атақты қылған. Сондай-ақ, дос түгіл дұшпаны да оның жоғары мәртебелі екенін мойындап, адамзаттың бестен бір бөлігі Оның үмметі болған. Міне осы аталған ерекшеліктер Оның адалдығын, хақ пайғамбар екенін анық көрсетіп куәлік етеді.

Енді, мәселеге Иләһи Рубубият жағынан қарасақ, мына әлемнің Иесі, басқарушысы Аллаһ, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын әлемнің рухани Күні секілді жоғары мәртебеге көтеріп Рисалей-Нұрда дәлелдегеніндей, сол арқылы күллі қараңғылықты жойып, нұрлы ақиқаттарды көрсетіп, бүкіл саналы пенделерді тіпті, күллі әлемге

мәңгі өмірді хабарлап, сүйіншілеу арқылы қуанышқа бөлеген. Асыл дінін және құлшылық етуші мақбұл құлдарын шаттық пен кемелдікке бастаушы және құлшылық етуді үмметіне үйретуші үлгі өнеге, жетекші етіп тағайындалған Мұхаммедтің (с.а.у.) рухани тұлғасы боп табылатын ақиқатын Улухиятына айна қызметін атқаратындай кемел етіп жаратқан. Мұны Құран мен Жәушан растайды және он төрт ғасыр бойы күн сайын үмметінің жасаған жақсылығының бір шамасы Оның амал дәптеріне жазылып тұрады және Ол іс әрекетімен адамзатқа көсем, ұстаз, өнеге екенін көрсете білген және Оған киелі міндет жүктеліп халықтың мұң-мұқтаждығын өтейтін ұстаз болған. Адамдар оның дініне және иләһи рахымға, хикметке, әділдікке, азыққа, ауаға, суға, жарыққа мұқтаж болатыны секілді, оның әкелген дініне, шариғатына Ислами ақиқатқа мұқтаж түрде жаратылған.

{(Сілтеме): Мен қазір қартайып мүшкіл жағдайда жүргенімде Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) сыйлаған рухани азығынан миллионнан бір бөлігін ғана сезіне білдім. Сол үшін қолымнан келсе, миллиондаған тілмен ол кісіге салауат айтып, шексіз алғысымды білдірер едім. Қалай десеңіз, жалпы маған қоштасу, аяқталу, қатты әсер етеді. Бірақ, дүниеде жақсы көрген жандарым қош айтысып мені тастап кетіп барады. Өзімнің де бір күні кететінімді білемін. Осындай жанды азаптайтын қайғылы үмітсіздікке қарсы тұрар мәңгі бақыт, бақи өмір бар екені жайлы сүйінші хабарды пайғамбарымыздан (с.а.у.) естіген кезімде уайым қайғыдан құтылып, көңілім жәй тауып рахаттанып қаламын. Тіпті, намаздағы отырыста اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ деген кезімде Оған (с.а.у.) бият ету, пайғамбар екенін мойындап, әміріне бойұсынып әрі мойнына жүктелген міндетін құттықтап әрі бір мағынада рахмет айтып және бізге мәңгі бақыт туралы сүйінші хабарына ризашылық білдірген болып, осылай өзімді қарыздар сезінемін. Тек, мен емес күллі мұсылман баласы күнде бес мәрте осы сәлемді жолдайды.}

Осы аталған он екі күлли де нақты айғақтар Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына куәлік етеді. Апыр-ай, шыбынның қанатына немесе гүл жапырақтарына аса мұқият мән беріп жіті қадағалап отырған мына әлем Иесінің осындай күлли куәліктерге бөленген Мұхаммедтің (с.а.у.) рисалеті яғни пайғамбарлығы ғаламның мағынауи Күні болмауы мүмкін бе?!

Сонымен аталған он бес күлли шәһадаттардың яғни куәліктердің әрқайсысы көптеген шәһадаттарды қамтиды. Тіпті, Үшінші шәһадат мұғжизаларды баяндау арқылы мың шәһадатты қамтитындай дәрежеде қуатты түрде"әшһәду әнна Мұхаммадар расулуллаһ!"дейтін шәһадат кәлимасын дәлелдеп, оның рас әрі маңызды екенін

дәлелдейді. Сондықтан, Ислам әлемі күн сайын бес мәрте осы мәселені жүз миллиондаған тілмен дүниеге жар салады. Сол секілді осы шәһадат сөзінің негізі боп табылатын Мұхаммедтің (с.а.у.) ақиқаты бүкіл әлемнің түпкі өзегі, жаратылу себебі, ең қымбат кемел жемісі екенін растап, миллиондаған мұсылмандар шын жүректен растап бекітеді.

Сондай-ақ, әлемнің Иесі Аллаһ (жәллә жәлалуһ) Мұхаммедтің (с.а.у.) мағынауи тұлғасын өзінің рубубиетіне, салтанатына жоғарғы мәртебелі делдал және мына әлемнің сырларын ашатын, құпиясын табатын кілт тәрізді және рахымының үлгі мысалы ретінде мейірім мен сүйіспеншіліктің нышаны, бақи әлемдегі мәңгі өмірдегі соңсыз бақытты хабарлаушы және елшілердің ең соңғысы, ең ұлысы бейнесінде жаратқан.

Міне, осындай керемет маңызы зор ақиқатқа қанағат қылмай және мән бермей жүрген адамдар қаншалықты қыруар зиянға ұшырап жүр десеңізші! Әрі, үлкен қателік жасауда, әрі ақымақтық әрі ауыр күнә істеген болып есептеледі.

Сонымен, намаздағы Фатиха сүресі қалайша екінші бөлімде ишара еткеніндей намаздағы отырыста оқылатын

اَشْهَدُ اَنْ لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ

сөзіндегі тәухид ақиқатына нақты дәлелдер көрсетті. Осы үшінші бөлімде де тағы сол тәшәһудте яғни намаздағы отырыста

وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ

сөзі де Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы ақиқат екендігіне қуатты дәлелдерді көрсетіп, көптеген жақтан мықтап бекітті.

Уа, Әрхамар - Рахимин! Бізді осы Расул-і Әкрамның (с.а.у.) шапағатына бөлей гөр! Оның сүннетін мықтап ұстануды және бақыт әлемінде Оның отбасымен, дос жарандарымен бірге көрші болуды нәсіп ете гөр! Әмин, әмин, әмин!

اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلَيْهِ وَ عَلٰٓى اٰلِهِ وَ صَحْبِهِ بِعَدَدِ حُرُوفِ الْقُرْاٰنِ الْمَقْرُوئَةِ وَ الْمَكْتُوبَةِ اٰم۪ينَ

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ

* * *

Әл-Хүджәт-үз-Зәһраның

Екінші тарауы

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ وَ بِه۪ نَسْتَع۪ينُ

[Фатиха сүресінің соңында һидаят бұйырғандар және хақ жолдағылар мен адасқан, бас көтеруші азғындардың өзара айырмашылығын меңзейтін және Рисалей-Нұрдағы барлық теңеулердің бұлағы болып табылатын аяттың бір ақиқатын Нұр сүресіндегі мына:

اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ مَثَلُ نُورِه۪ كَمِشْكَاةٍ ف۪يهَا مِصْبَاحٌ اَلْمِصْبَاحُ ف۪ى زُجَاجَةٍ اَلزُّجَاجَةُ كَاَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّىٌّ يُوقَدُ مِنْ شَجَرَةٍ مُبَارَكَةٍ

аяты және өзінен кейінгі

اَوْ كَظُلُمَاتٍ ف۪ى بَحْرٍ لُجِّىٍّ يَغْشٰيهُ مَوْجٌ مِنْ فَوْقِه۪ مَوْجٌ

аяты бірлесе отырып керемет түрде ол жердегі теңеуді таңғажайып түрде баяндайды.]

Бірінші Нұр аяты"Бірінші Шуақта"дәлелденгендей он ишарамен Рисалей-Нұрға қатысты екені байқалады және Құранның сол тәпсірінен мұғжизалы түрде ғайби хабар беруде. Бұл, Рисале-Нұрға "Нұр" деп ат қойылуына бірінші себеп болғандықтан, жиырма Тоғызыншы Мектубтың бір бетінде қиялмен жасалған саяхат баяндалған болатын. Ол жерде тәмсіл арқылы осы керемет аяттың "Нұр" сөзіндегі "нун" әрпінің мұғжизаға ұқсас, мағынауи мұғжиза айтылғанына байланысты "Аят-ул Күбра" рисалесінде дүниені саяхаттаған кісінің Жаратушы Иесін іздеп тауып, тану мақсатымен бүкіл әлемнен сұраған болатын және Отыз үш жолмен нақты әрі дәйекті түрде өзінің Раббысы кім

екенін білген-ді. Сол сияқты, дәл сол жолаушы, ғасырларды кезіп, аспан мен жер қабаттарын ақылымен, жүрегімен, қиял сезімімен құлшына аралап, барған сайын ынтасы артып ғаламды бір қала секілді жан-жақты зерттеп, әсіресе, Құранның хикметіне жүгініп, біресе ақылмен философия хикметіне сүйеніп, салыстыра өз қиялын үлкен дүрбі жасап, тым алыс қабаттарға саяхаттап ақиқаттарды қазқалпында көріп, оны бізге"Аят-ул Кубра"кітабында баяндаған-ды.

Қазір біз, сол нағыз ақиқат әрі тәмсіл ретінде ойша жасаған саяхаттағы әлемдердің тек мысал ретінде үшеуін, Фатиха сүресінің соңғы жағындағы теңеудің үлгісін қысқаша баяндаймыз. Басқа көрген-білгендерін, теңеулерін Рисалей-Нұрдың мысалдарына тапсырамыз.

Бірінші үлгі мысал:Дүнияға тек Жаратушысын танып, табу үшін келген әлгі, жолаушы ақылына салып былай деді: "Біз барлық нәрседен Жаратушы Иемізді сұрап, қанағаттанарлық жауап алғанымыз рас. Енді, Күнді табу үшін Күннің өзіне жүгін демекші, біз де Жаратқан Иемізді Оның"Ілім", "Ирада", "Құдірет"сынды киелі сипаттарына олардың саясында сондай-ақ, көзге көрініп тұрған істерінің және есімдерінің сәуле-шуақтары арқылы өзін тануға тырысамыз. Сол үшін, тағы бір саяхат жасайық!" деп, дүнияға кірді. Және жат ағым әһл-і далалет сықылды яғни адасқандар секілді, Жер шары атты кемеге мінді. Мінді де, Құранның хикметін қабылдамайтын пән мен пәлсапа көзілдірігімен және Құран оқымайтын жағрафия пәнінің заңережелері мен қарады. Қараса, жер шары шексіз алып кеңістікте бір жылда жиырма төрт мың жылдық шеңберді зеңбірек оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып зымырап барады. Үстінде жүз мың түрлі бейшара, әлсіз жан-жануарларды, байғұс пенделерді мінгізіп алған. Егер бір минөтке сәл жолдан тайса немесе бір жұлдызбен соқтығысса күл-талқаны шығып, шексіз кеңістікте дымы қалмай қирап, үстіндегі жан-жануарлары жоқ болып, құрдымға кетер еді.

Фатиха сүресіндегі غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّٓالّ۪ينَ деген адасқан топтың рухани азабын және اَوْ كَظُلُمَاتٍ ف۪ى بَحْرٍ لُجِّىٍّ сөзінің қаһар шашқан және адамды тұншытыратындай қою қараңғылығын сезіп "Ойбай! Енді қайттік! Мына қауіпті сұмдық кемеге қайдан міне қойдық!? Енді, қалай құтыламыз!?" деп, әлгі көрсоқыр философияның

көзілдірігін жерге бір ұрып сындырды да, اَلَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ жолына түсті. Сонда, Құранның хикметі медет болып, әр нәрсенің ақиқатын көрсететін дүрбі сыйлады. Оған:"Ақылыңды пайдаланып,дұрыстап қара!"деді. Сонда: رَبُّ السَّمٰوَاتِ وَ الْاَرْضِ есімі,

هُوَ الَّذ۪ى جَعَلَ لَكُمُ الْاَرْضَ ذَلُولًا فَامْشُوا ف۪ى مَنَاكِبِهَا وَ كُلُوا مِنْ رِزْقِه۪

көкжиегінде Күндей жарқ етіп жарық берді. Жер шары өте сенімді әрі жүйелі керемет бір кеме түрінде, бүкіл тірі жандарды ризық несібелерімен бірге арқалап, әлем теңізінде хикметке толы, пайдалы қозғалысымен Күнді айнала кезіп әлгі ризыққа мұқтаж жандарға жыл мезгілдерінің өнімдерін тасуда.

Жаратқан Жаббар,"Сәур", "Хут"атты екі періштені әлгі кеменің бақылаушы капитаны етіп тағайындаған. Ол кеме керемет Раббани елді мекен кеңістікті аралап, Халиқ-ы Зүлжәлалдың жаратқан пенде-қонақтарының көңілін көтеріп серуен құрады. Осылайша, ол اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ ақиқатын көрсетіп жаратқан Иесін осы есімнің сәулесі арқылы таныстырады. Жолаушы осыны түсінді де, шын жүректен اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ деді де الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ дейтін сыратал мұстақим иелері тура жолдағыларға қосылды.

Жолаушының саяхатында көрген ақиқаттардан екінші үлгі мысал:Әлгі жолаушы жер шары кемесінен түсіп, хайуанат әлеміне, адамзат дүниясына келді. Ол, өзіне дінмен санаспайтын табиғатшыл ұғымды көзілдірік жасап қарап еді, сансыз тіршілік иелерінің шексіз қажеттіліктері және оларға қауіпті ренжітетін, тиісетін көптеген зиянкес дұшпандар бар екенін және әртүрлі қатерлі оқиғалар айнала қоршап алған, бірақ бұған қарсы тұрар күш-қуаты жоқ екенін білді. Өзінің күш-құдреті әлгі қауіпті дұшпандарды тойтаруға миллионнан бір бөлігіне де жетпейтінін сезеді. Осындай сұмдық, тым аянышты жағдайды көргенде оның мейірім сезімі оянып және ақылы да қатты қиналып мұңая қайғырды тозаққа түскендей ауыр күй кешті. Мұндай аянышты да қорқынышты әлемге келгеніне қатты өкінді. Кенет Құранның хикметі медет беріп, көмекке келді.

الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ деген дүрбі сыйлады да,"Енді, қара!"деді. Қараса, اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ аяты нұр шашып, Рахман, Рахим, Рәззақ, Муним, Кәрим, Хафиз сынды Иләһи көркем есімдердің әрбірі Күндей жарқырап,

مَا مِنْ دَٓابَّةٍ اِلَّا هُوَ اٰخِذٌ بِنَاصِيَتِهَا ٭ وَكَاَيِّنْ مِنْ دَٓابَّةٍ لَا تَحْمِلُ رِزْقَهَا اَللّٰهُ يَرْزُقُهَا وَاِيَّاكُمْ ٭ وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَن۪ٓى اٰدَمَ ٭ اِنَّ الْاَبْرَارَ لَف۪ى نَع۪يمٍ

дейтін аяттардың көкжиегінен көріне бастады. Әлгі адамзат пен жануарлар әлемін рахымға бөлеп, ихсан қылды. Белгілі мағынада уақытша жәннатқа айналдырды. Әлем тамаша ғибратқа толы, қонақүй тәрізді көрініп жомарт Иесі Аллаһты толық таныстырып, одан хабар беретінінін білді. Қайта-қайта اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ деді.

Саяхатындағы жүздеген көргендерінің үшінші мысалы:

Жаратқан Иесін есім-сипаттарының саясында, олардың нұрсәулесінен танығысы келген әлгі дүниеге қонақ жолаушы ақылы мен ойына былай деді:

Қанекей, біз де рухтар, періштелер секілді денені тастап көкке көтерілейік. Жаратқан Иемізді аспандағылардан сұрайық. Рух қиялға мініп, ақыл пікірге еріп аспанға көтерілді. Астрономия пәнін сөйтті де жетекші етіп соған жүгінді. Дінді қабылдамайтын философия көзімен مَغْضُوبِ، الضَّٓالّ۪ينَ дейтін жат ағымы сияқты қарады. Қараса, жер шарынан мың есе үлкен, зеңбірек оғынан жүз есе жылдам қозғалып бара жатқан денелер, от шашқан жұлдыздар араласа-құраласа тым жылдам әрекет етеді. Біреуі кездейсоқтық бір минөт өз жолынан тайса, ұшы-қиырсыз кеңістікте өзі секілді меңіреу бір денеге соқтығысып қиямет-қайым болғандай астан-кестеңі шығары сөзсіз.

Әлгі, жолаушы қай жаққа қараса да осындай сұмдық пен үрейді көріп зәресі ұшты. Аспанға шыққанына пұшайман болып қатты өкінді. Ақыл-ой, басқа да сезімідері аласұрып,"біздің міндетіміз мұндай емес-ті. Керемет ақиқаттарды көріп, басқаларға көрсету болатын. Кәдімгі тозаққа ұқсас мұндай жағымсыз, азапты мағыналарды ұғу, көру бізге ауыр тиеді. Біз бұл қызметтен бас тартамыз, қаламаймыз!"деп зар қақты.

Сол кезде кенет:اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ аяты нұрын шашып"Халиқус-Сәмауати уәл ард"және"Мусаххируш-Шәмси уәл Қамар"және"Раббул-Аламийн"және және секілді көркем есімдердің әрқайсысы Күндей жарқырып, وَلَقَدْ زَيَّنَّا السَّمَاءَ الدُّنْيَا بِمَصَاب۪يحَ және

اَفَلَمْ يَنْظُرُٓوا اِلَى السَّمَٓاءِ فَوْقَهُمْ كَيْفَ بَنَيْنَاهَا وَزَيَّنَّاهَا

және

ثُمَّ اسْتَوٰٓى اِلَى السَّمَٓاءِ فَسَوّٰيهُنَّ سَبْعَ سَمٰوَاتٍ

секілді аяттардың көкжиегінен көріне бастады. Күллі аспанды нұрға бөлеп, періштелерге толтырды. Сөйтті де, аспан алып мешітке және әскери бөлімшеге айналды. Енді, жолаушы الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ дейтін тура жолға түсті. Әлгі адасқандардан, اَوْ كَظُلُمَاتٍ ف۪ى بَحْرٍ لُجِّىٍّ -ден құтылды. Бірден аспан жұмақтай жайнап, керемет бейнеде жүйелі мемлекетке айналды. Әр тарапында Халиқ-ы Зүлжәлалды дәріптеп, таныстырып жатқанын көріп, ақылының, ой-санасының қадір-қасиеті жоғарылап атқарар міндетінің маңыздылығы артты.

Міне, әлгі жолаушының әлемге жасаған саяхатының жүздеген түрін осы үш мысалға салыстырып, басқа да көрген-білгендерін және Аллаһтың есім-сипаттарының сәуле, шуақтары арқылы Уәжибул Ужуд Аллаһтың мағрифаты жайлы баянды Рисалей-Нұрға сілтеп, терең де ұзақ қиссаны қысқа қайырғанды жөн көрдік. Осы шағын тұжырымдарға қанағат етеміз де Жаратушы Иемізді таныстыратын, Оның киелі сипаттарынан және жеті сипатынан тек қана "Ілім", "Құдрет", "Ираде" секілді үш сипаттың көрініс, әсерлері арқылы және рас екенін дәлелдейтін айғақтарына сүйене отырып, шексіз әлемді Жаратқан Халиқты тануға әлгі дүния жолаушысы секілді біз де қысқа ишарамен таныстыруға тырысамыз. Егжей-тегжейлі түсіндіруді Рисалей-Нұрға сілтейміз.

Міне, Араби"Хизб-і Нуридің"қортындысының қортындысынан әрдайым оқитын тәфәккури дұғаның және"Аллаһу Акбар"сөзінің отыз үш мәртебесінен үш мәртебесін баяндайтын осы арабша мәтіннің белгілі мағынада тәржімесі болумен қатар, қысқа ишаралар арқылы Кәлам ілімінің ғұламаларын, сондай-ақ, ақида ілімінің ғалымдарының

назарын аудартып шұғылдандырған тақырып Аллаһтың ілімі, ирадесі яғни ерік-қалауы және құдіреті жайлы, олардың әлемдегі әсері мен көріністері арқылы әлгі Иләһи сипаттарға нақты иман келтіру арқылы растап және солар арқылы Уәжиб-ул Ужуд Аллаһтың сөзсіз бар екенін, жалғыз екенін ғылыми түрде мойындап, иман келтіруге септігі тиетін арабша мәтін:

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ وَ قُلِ الْحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذ۪ى لَمْ يَتَّخِذْ وَلَدًا وَ لَمْ يَكُنْ لَهُ شَر۪يكٌ فِى الْمُلْكِ وَ لَمْ يَكُنْ لَهُ وَلِىٌّ مِنَ الذُّلِّ وَ كَبِّرْهُ تَكْب۪يرًا

اَللّٰهُ اَكْبَرُ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ قُدْرَةً وَ عِلْمًَا اِذْ هُوَ الْعَل۪يمُ بِكُلِّ شَيْءٍ بِعِلْمٍ مُح۪يطٍ لَازِمٍ ذَاتِىٍّ

{(*): وَ لِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى ﴿كَلُزُومِ الضِّيَاءِ الْمُحِيطِ للِشَّمْسِ﴾

}

للِذَّاتِ يَلْزُمُ الْاَشْيَٓاءَ لَا يُمْكِنُ اَنْ يَنْفَكَّ عَنْهُ شَيْءٌ بِسِرِّ الْحُضُورِ وَ الشُّهُودِ وَ الْاِحَاطَةِ النُّورَانِيَّةِ وَ بِسِرِّ اِسْتِلْزَامِ الْوُجُودِ لِلْعُمُومِيَّةِ وَ اِحَاطَةِ نُورِ الْعِلْمِ بِعَالَمِ الْوُجُودِ ٭ نَعَمْ فَالْاِنْتِظَامَاتُ الْمَوْزُونَةُ وَ الْاِتِّزَانَاتُ الْمَنْظُومَةُ وَ الْحِكَمُ الْقَصْدِيَّةُ الْعَامَّةُ وَ الْعِنَايَاتُ الْمَخْصُوصَةُ الشَّامِلَةُ وَ الْاَقْضِيَّةُ الْمُنْتَظَمَةُ وَ الْاَقْدَارُ الْمُثْمِرَةُ وَ الْاٰجَالُ الْمُعَيَّنَةُ وَ الْاَرْزَاقُ الْمُقَنَّنَةُ وَ الْاِتِّقَانَاتُ الْمُفَنَّنَةُ وَ الْاِهْتِمَامَاتُ الْمُزَيَّنَةُ وَ غَايَةُ كَمَالِ الْاِنْتِظَامِ الْاِنْسِجَامِ الْاِتِّسَاقِ الْاِتِّقَانِ الْاِتِّزَانِ الْاِمْتِيَازِ الْمُطْلَقَاتِ فِى كَمَالِ السُّهُولَةِ الْمُطْلَقَةِ دَٓالَّاتٌ عَلٰى اِحَاطَةِ عِلْمِ عَلَّامِ الْغُيُوبِ بِكُلِّ شَيْءٍ ٭ اَلَا يَعْلَمُ مَنْ خَلَقَ وَ هُوَ اللَّط۪يفُ الْخَب۪يرُ ٭

فَنِسْبَةُ دَلَالَةِ حُسْنِ صَنْعَةِ الْاِنْسَانِ عَلٰى شُعُورِ الْاِنْسَانِ اِلٰى نِسْبَةِ دَلَالَةِ حُسْنِ خِلْقَةِ الْاِنْسَانِ عَلٰى عِلْمِ خَالِقِ الْاِنْسَانِ كَنِسْبَةِ لُمَيْعَةِ زُجَيْجَةِ الذُّبَيْبَةِ فِى اللَّيْلَةِ الدَّهْمَٓاءِ اِلٰى شَعْشَعَةِ الشَّمْسِ ف۪ى رَابِعَةِ النَّهَارِ

Бұл жазба өте қысқаша тәржімесі болумен қатар, Иләһи ілімді дәлелдей отырып аса маңызды иман ақиқаттарына ишара қылады. Егжей-тегжейлі түсіндіруді Рисалей-Нұрға тапсырамыз.

{(Сілтеме): Енді, бұдан кейінгі жазбаларым өмірімде көрмеген сұмдық ауру мен дерт денемді меңдеп ауыр жағдайда жазылды. Ақау кемшіліктерге кешіріммен қарауды өтінемін. Хусрев шәкіртім жөндеу жүргізіп, кейбір жерлерін алып, орын ауыстырып, реттеуіне болады.}

Иә, қалайша Рахымият, керемет ризық беру арқылы өзінің бар екенін Күндей анық көрсетіп, ғайып пердесінің артында Рахман-ы Рахимды нақты түрде дәлелдейді. Дәл солай, Құранның жүздеген аятында кездесетін және Иләһи киелі жеті сипаттың біріншісі деуге болатын"Ілім"сипаты да, өлшем арқылы жүйелі хикметтер арқылы өзін Күннің жарығы секілді анық көрсетіп бір Алим-і Күлл-і Шей Аллаһтың сөзсіз бар екенін нақты түрде білдіреді.

Иә, біреудің ілімді, саналы екенін оның түзу, өлшемді де тиянақты іс-әрекеті, өнері көрсететін болса. Адам баласының өз Жаратушысына, Оның іліміне, хикметіне дәлел болатын таңғажайып табиғаты, туыстары ап-ашық яғни дәл көмескі май шамның жарығы мен күндізгі Күннің ауқымды жарығы сияқты салыстыруға келмейді.

Қазір, Иләһи ілімнің дәлелдерін баяндамай тұрып, сол киелі сипаттың әлемдегі әсерлері арқылы құбылыстардан көріп, сол арқылы Зат-ы Ақдесті анық-қанық көрсетіп берген нақты дәлел Ардақты пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.). Миғраж түні Аллаһтың құзырына шығып сөзін есту нығметіне бөленген кезде сәлемнің орнына

اَلتَّحِيَّاتُ اَلْمُبَارَكَاتُ اَلصَّلَوَاتُ اَلطَّيِّبَاتُ لِلّٰهِ

еп, өзі бүкіл жандылар мен жаратылыс атынан елші болғандықтан, олардың барлығы Аллаһтың ілім сипатымен Раббыларын таныстыруына байланысты сәлемнің орнына барлық саналылар атынан жаратқан Иесіне тіршілік иелерінің сый-кәделерін ұсынды. Яғни,

اَلتَّحِيَّاتُ اَلْمُبَارَكَاتُ اَلصَّلَوَاتُ اَلطَّيِّبَاتُ

деген төрт сөз арқылы барлық тіршілік иелерінің төрт тобының Аллаһтың әзәли, әбәди ілімінің саясында өздерінің Раббысы Аллам-ул Ғуюбқа деген сыйлықтарын, ризашылығын, керемет мадақтауларын көрсеткендіктен осы киелі Миғражда айтылған сөздерді терең мағыналарымен оқу, намаздың отырысында барлық мұсылманның парызы, сөзсіз міндет болған. Ол киелі төрт сөзді түсіндіруді Рисалей-Нұрға тапсырып, өте қысқа төрт ишарамен бір мағынасын баяндаймыз

БІРІНШІ СӨЗ:اَلتَّحِيَّاتُ لِلّٰهِ Қысқа тұжырымы былай: қалайша бір шебер таңғажайып бір машинаны өзінің терең ілімімен, ерекше зеректігімен жасаса, ол ғажап машинаны көргендер жаппай әлгі шеберді құттықтап, қошаметтейді, құрметтеп мақтайды. Оған риза болып, мадди-мағынауи яғни рухани-заттық сыйлық береді. Және әлгі машина да, шебердің ойындағыдай шығып, керемет түрде жасаған ұстаның мақсатын, таңғажайып шеберлігін, іліми біліктілігін көрсету арқылы өзін жасаған шеберді хал тілімен қошаметтеп құттықтайды, мағынауи сыйлық-кәделер тарту етеді. Дәл сол секілді, әлемдегі әрбір жанды, әрбір тіршілік иесі әрқайсысы жеке-жеке, жан-жақты мұғжиза, таңғажайып мәшина секілді, олар өзін жасаған Шебердің кемелдігін яғни әр нәрсенің жан-жақты байланысын білетін, өміріне қажетті барлық нәрсені көретін, дер кезінде толық қамтамасыз ететін шексіз ілім иесі екенін, ол нұр сәулелері арқылы өзін таныстырып тұрғанын білдіреді Сани-і Зүлжәлалға тіршілік ету хал тілдерімен өзіндік сыйлықтар тарту етіп, қошаметтеп дәріптейді. Яғни, اَلتَّحِيَّاتُ لِلّٰهِ дейді. Олар өздерінің өмірін қиып, тіршіліктерін тікелей Жаратушы Иелеріне құлшылық ету арқылы ұсынады. Міне, миғраж түні Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.) бүкіл жандылар атынан Уәжиб-ул Ужуд Аллаһтың құзырында сәлем ретінде اَلتَّحِيَّاتُ لِلّٰهِ деп, барлық жан иелерінің сыйлық кәделерін, мағынауи сәлемдерін ұсынған.

Иә, жүйелі жасалған қарапайым мәшине, өзінің тәртіпті де жүйелі болмысымен шәксіз түрде өте шебер әрі мұқият ұстасын көрсететіні секілді, әлемдегі толып жатқан сансыз мәшина тәрізді тірі жандар да, әрқайсысы Аллаһтың ілімінің мың бір мұғжизасын көрсетеді. Әлбетте, қалта фонарының көмескі жарығын көктегі Күннің жарығымен салыстыруға келмейтіні секілді, өте көмескі

түрде дәрежеде дүниедегі жан-жануарлар, күллі тіршілік иелері бойындағы Иләһи ілімнің жарығы арқылы өздерін жаратқан, мәңгі бақи шебер Аллаһтың сөзсіз болмысын, міндетті түрде бар екенін әрі табындырушы екенін көрсетіп жарқын түрде куәлік етеді.

МИҒРАЖДАҒЫ ЕКІНШІ КИЕЛІ СӨЗاَلْمُبَارَكَاتُ жалпы хадис бойынша, намаз мүминнің миғражы және намаз Ұлы Миғраждың нұр сәулесіне бөленген, деседі. Біздің әлгі дүниеге қонақ кейіпкеріміз әрбір әлемде Ілім сипаты арқылы Аллам-ул Ғуюб Жаратқан Аллаһты танып, тапты ғой. Олай болса, біз де сол кейіпкермен бірге мүбәрак нәрселердің және қарағанда "Бәрекелді!" деп айтқызатындардың және اَلْمُبَارَكَاتُ сөзінің ұланғайыр әлеміне саяхат жасап, бүкіл жандылардың мүбәрак төлдерін, нәрестелерін және барлық жан-жануарлардың бағдарламасының құтысы боп табылатын дән-тұқымдарын әу баста әлгі мубаракат әлемін тамашалап әрі зерттеп, сол арқылы киелі ілім сипатының таңғажайып нәзік күрделі сәулелерімен Жаратқан Иемізді ғылыми түрде тануға әлгі жолаушыға ұқсап тырысып бағамыз.

Иә, мынаны көзбен көріп отырмыз: Бәйкүнә нәрестелер, мүбәрак яғни берекелі сандықшаға ұқсас дән-тұқымдар, Алим-ы Хаким Аллаһтың ілімімен әрқайсысы жалпы және жалқы түрде өсіп-өнер кезде, көктеп-көгерер сәтінде өздеріне тән мақсаттарына қарай тура қозғалысқа енеді. Ақиқат назарымен қарағандарға"Бәрекелді! Сансыз Машаллаһ!"дегізеді.

Мәселен, аталық ұрық, дән-дәнек, тұқымдардың әрқайсысында нақты іліммен болатын күрделі жүйеде, ол жүйе өте шеберлікпен болатын дәл өлшем, ал ол өлшемде жаңару, реттеу болуда. Ал, бұл болса, жаңарып өлшем мен қалыпқа келтіру арқылы және өзара ұқсас тек өзара әдейілеп өзгеше қылатын белгілері бар. Бұл өзгешелікпен бірге шебер түрде безендіру, көркемдеу байқалады. Оның ішінде хикметпен жасаған ағзаларды орналастыру, пішін сурет беру, сонымен қатар өте жомарт түрде зауықтарын қанағаттандыру үшін әлгі жеміс жидектердің ішкі құрылысы шатасып жатса да өте білгір, мұғжизалы түрлі нақыштармен безендіріп, реттеп, керемет жаратылуда. Тек, сурет әдемі емес, сонымен қатар хош иістер мен тәтті дәмдері де керемет. Өте тәртіпті де жүйелі жаратылып қоймай,

бір-бірінен өзгеше, сан-алуан бола тұра саны тым көп, әрі жылдам әрі кең көлемде еш қатесіз барлығының сурет пішіндері айқындалып белгіленуде. Әрбір көктемде осы аталнған құбылыстар жалғасып әлгі мүбәрак нәрселердің яғни берекелі заттардың әрбірі бірге, жоғарыда аталған он бес тілмен Жаратқан Шебер Иесінің таңғажайып өнерін, керемет шексіз ілімін көзге көрсетіп Аллам-үл Ғуюб, Ужуб-ул Ужуд, Сани бір Аллаһты Күндей анық қып көрсетіп, таныстыруда. Сонымен, осы ауқымы кең тым жарқын түрде куәлік етіп, Жаратқан Иесін мақтап-мадақтап дәріптейтіндіктен Миғраж түні Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) бүкіл жаратылыстың атынан шығып сөзінің орнына اَلْمُبَارَكَاتُ сөзін өте орынды айтқан.

ҮШІНШІ КӘЛИМА:اَلصَّلَوَاتُ сөзі; Бұл сөзді Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Ұлы Миғражда айтқан және миллиондаған имандылар өзіндік миғражы болып саналатын намазында осы киелі сөзді ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) ұйып Аллаһтың құзырына шығып күнде ең азы он рет айтады. Бұл сөз осылайша әлемге паш етіледі.

Миғраж жайлы жазылған "Отыз бірінші Сөз" Миғраж оқиғасының бүкіл ақиқаттарын қамтып өзіне тыңдарман ретіндегі бір діннен безгенді және бір кәпірді алып оған нақты әрі өте қуатты түрде дәлелдеген болатын. Сондықтан, егжей-тегжейлі баяндауды сол рисалеге сілтеме жасап, өте қысқаша түрде ишаралармен Миғраждағы айтылған осы Үшінші сөздің терең мағынасын көрсететін тіршілік иелері мен саналы пенделердің ғажап әлеміне назар салып әзәли ілімнің нұрымен Жаратқан Иеміздің жалғыз әрі сөзсіз бар екенін біліп қана қоймай Оның шексіз рахымын, аса қамқор мейірімділігін және шексіз құдіретін, орасан зор "ирадесін" яғни жойқын қалауеркін тануға тырысамыз.

Иә, мына әлемге қарасақ, жан-жануарлар санасымен және ақылымен болмаса да сезіммен, болмысымен мынаны сезеді: Әрқайсысы өте әлсіз әрі дәрменсіз бола тұра, бәрінің қыруар дұшпандары мен қауіпқатері бар. Сондай-ақ, тым пақыр әрі мұқтаж бола тұра толассыз мұңмұқтаждығы, бітпейтін талап-тілектері бар.

Оған бұлардың күш-қуаты жетпейтіндіктен жан даусымен шыңғырып, жан қиналады. Сезімдерімен және жаратылысына сай

фытри түрде жалбарынады, өзіне тән тілмен, дауыспен дұға етеді, жалынады, белгілі бір мағынада намаз оқиды, салауат айтады. Осылайша, бәрін білуші, құдіреті шексіз Алим-ы Қадир Аллаһтың құзырына сыйынады. Сол мезетте әлгі шыңғырып қиналғандардың әр бір ісін, барлық мұң-мұқтаждықтарын біліп, әрбір мәселесін көріп, жалбарынғандардың төл-тумысына сай фытри дұға-тілектерін ескеретін Алим-ы Мутлақ, Қадир-и Хаким Аллаһ оларды құтқарып, дегендеріне жеткізгенін және алдыңғы қайғырып жылаулары енді күлімсіреуге, шыңғырулары ризашылыққа шаттықа айналып жатқанын көреміз.

Міне, осы хикметке толы, өте көреген, білімді де мейірімді қамқорлық өте жарқын түрде ілім мен рахымның нұр-сәулелері болып Мужиб-і Муғис, Рахим-і Кәрім бір Аллаһты көрсетіп, әлгі жан иелерінің әлемінде болып жатқан құлшылықтар мен салауаттарды Раббысына жеткізу, арнау мақсатымен Ұлы Миғражда Мұхаммед

Пайғамбар (с.а.у.) және кіші миғражда яғни намазда оның үмметі اَلصَّلَوَاتُ اَلطَّيِّبَاتُ لِلّٰهِ дейді, деген екен.

ТӨРТІНШІ КИЕЛІ СӨЗ:اَلطَّيِّبَاتُ لِلّٰهِ Рисалей-Нұрдың ақиқаты көкейге көбінесе намаздың тәсбихаты кезінде келетін хикметіне орай, һәм Фатиха сүресінің және тәшәһһүдте оқылатын дұғаның ақиқаттарын қысқа ишаралармен баяндауға бейнебір еріксіз түрде мәжбүр болдым.

Міне, Мұхаммедтің (с.а.у.) миғражда айтқан اَلطَّيِّبَاتُ киелі сөзінің мағынасы терең. Яғни мағрифат иелері, имандылар және күлли сана иелері адамзат, жын, періштелер және руханилер өздерінің құлшылықтары арқылы және игі амалдарымен, жақсы сөздерімен әлемді безендіріп тұрған Жәмал-і Мутлақ Аллаһтың шексіз жамал, әсем көркемдігін , сондай-ақ, кәміл иман, ауқымды мағрифаттарымен мақтап-мадақтап соның өздеріндегі хош иістерімен, ізгіліктерді қамтитын мағынасымен бірге тәшәһһүдте яғни намаздың отырысында бүкіл үммет күн сайын әсте, жалықпастан осы киелі де көркем сөзді қайта-қайта айтады.

Иә, мына әлем шексіз әсемдігімен орасан зор мәңгі жамалдың айнасы, сәуле шуақтары. Әлемдегі барлық жамал, кәмал, сұлулық біткен көркем нәрселер сол мәңгі сұлулықтан бастау алады, соның

саясында, сонымен байланысты болғаны үшін әсем болып, қадірқасиеті жоғары. Әйтпесе, әлем түсініксіз, қайғы мұңға толы бір нәрсе.

Әлгіндей байланыс болса, яғни Улухияттың салтанатының делдалдары, жарнамалаушысы болған азамзат, періште және руханилердің мағрифатының арқасында ақиқаты айқындалып, олардың растауымен түсінікті болады. Тіпті, әлгі делдал, жарнама жасаушылардың керемет мадақ-мақтауларын, Раббысына деген шүкір сөздерін әр тарапқа жайып арш-ы ағзам тарапына жөнелту үшін ауаның бөлшектері әмірді бұлжытпай орындайтын жауынгердей қызметкерлер және кішкене тіл, құлақ секілді әлгі көркем сөздерді Аллаһтың дәргахына тасу үшін ауа қабатына осындай таңғажайып қасиет берілген. Бұл менің көкейіме келген ой еді.

Сонымен, адамзат пен періштелер қалайша, иман және құлшылықтары арқылы Мағбуд-ы Зүлжәлалды таныстырып, оның сөзсіз бар екенін білдір еді. Сонымен қатар Хаким-і Зүлжәлал Аллаһтың өзі де осы жарнамалаушы делдалдарға күрделі қабілет беріп қажетті құралдармен жабдықтау арқылы және терең ілім беру арқылы әрқайсысын бүкіл әлеммен байланыстырып оларды шағын әлем тәрізді жаратып, осылайша өзін өте жарқын түрде таныстыруда.

Мысалға, адамның басына орналасқан кіп-кішкене жаңғақ көлеміндей жердегі ес, жады, қиял пікірлеу секілді бірнеше, таңғажайып сезім-құралдар жарату және жадыны яғни есте сақтау қабілетін алып кітапхана тәрізді жасау бұл Әзәли ілімінің талабы. Сол ілімнің сәуле-шуақтарының саясында Жаратқан Иеміз өзін Күндей анық көрсетіп отыр {(Сілтеме): Науқас ауыр халім мұрша бермей отыр. Бұл тек шәкіртім Хусревтің аударма міндетіне жәрдем, қайнаркөз болсын деген ниет}

Енді, жоғарыда аталған және шексіз ілімнің күллі айғақ-дәлелдеріне ишара ететін және көптеген дәлелдерді қамтитын және он бес дәлел арқылы шексіз ілімді көрсететін арабша мәтіннің өте қысқа тұжырымына, белгілі бір мағынада аудармасына ишара қыламыз.

ОН БЕС ДӘЛЕЛДІҢ БІРІНШІСІ:فَالْاِنْتِظَامَاتُ الْمَوْزُونَةُ яғни бүкіл жаратылыста байқалатын өлшемді тәртіп пен жүйе, белгілі мөлшердегі реттілік, бұл әрине бәрін қамтып жатқан ілімді көрсетеді, соның дәлелі.

Иә, сәулетті де зәулім сарайға ұқсас мына әлемде оның ішінде Күн системасы және сөздерді, дыбыстарды тасымалдайтын зәрребөлшектер ғажайып реттілікпен қозғалатын ауа қабаты және үш жүз мың түрлі өсімдіктер әр көктемде жүйелі түрде өсіп-өнетін жер жүзінде, сонау әрбір жандының денесіндегі ағза мен сезім мүшелері, жасуша мен зәррелеріндегі терең де ауқымды әрі әсте шатаспайтын іліммен ғана болатын белгілі мөлшердегі реттілік, толық жүйе: Міне, осы аталғандар өте анық түрде бәрін қамтып жатқан ілімнің бар екенін дәлелдеп, растығына куәлік етеді.

Екінші дәлел:وَالْاِتِّزَانَاتُ الْمَنْظُومَةُ яғни, бүкіл ғаламдағы жаратылысқа назар аударалық. Ол мейлі, үлкен-кіші, ұсақ-ірі болсын. Мәселен жұлдыздардан бастап қандағы ақ-қызыл түйіршіктерге дейін барлығы сондай керемет дәл мөлшерде, үйлесімді әрі белгілі бір өлшемді болуы шексіз ілімнің бар екенін дәлелдеп, нақты түрде куәлік етеді.

Иә, бір шыбының немесе адамның ағза-мүшелері тіпті, денесіндегі жасушалары және қанындағы ақ-қызыл түйіршіктері керемет дәл мөлшерден, күрделі өлшеммен орналастырылған. Өзара үйлесімді, әрі сәйкес және денедегі басқа ағзалармен ыңғайлы әрі сай. Бұл іске шексіз ілімі жоқ біреудің араласып осылай жасауы әсте мүмкін емес. Міне, дәл осылай барлық жандылар, түрлі жаратылыс зәррелерден бастап Күн системасындағы жұлдыздарға дейін жаппай керемет үйлесімді, жүйелі, әсте ауытқымайтын түзу өлшемді. Бұл шексіз ілімнің бар екенін көрсетеді. Оған бұлтартпас куәлік етеді. Демек, ілімнің бар екенін көрсететін әрбір дәлел Зат-ы Алим Аллаһтың бар екенінің де дәлелі болып табылады. Өйткені, сипаттың мәвсуфсыз болуы, мүмкін емес, яғни, сипаттың өзі болып, сипаттың иесі болмауы мүмкін емес. Сондықтан, жоғарыда аталған дәлел-айғақтар Алим-и Әзәли Аллаһтың сөзсіз бар екеніне қуатты да бұлтартпас нақты дәлел болып табылады.

Үшінші дәлел:وَالْحِكَمُ الْقَصْدِيَّةُ الْعَٓامَّةُ сөзі, яғни бүкіл әлемде болып жатқан жарату құбылыстарына, өзгеріс, тірілту, белгілі бір міндет жүктеу және міндеттен босату істеріне назар аударсақ әрнәрседе кездейсоқ болуы мүмкін емес әдейілеп, біле тұра жасалған хикметтер, пайдалар, атқарар белгілі бір міндеттер бар екені байқалады. Бұл іске шексіз ілімі жоқ біреудің араласуы ешбір тұрғыдан мүмкін емес.

Мысалы, сансыз тірі жандылардан бір ғана адамның жүз деген сезім мүшесінен тек бір ғана мүшесі тіл ағзасы кәдуілгі еттен жасалған бола тұра, өте маңызды екі үлкен міндет атқару арқылы жүздеген хикметтерге, нәтижелерге, пайдаларға себеп болуда. Саналуан тағамдардың түрлі дәмін айырып оларды денеге, асқазанға хабар береді. Иләһи рахым қазынасындағы ризық-несібелерді мұқият талдаушы қызметін атқарады. Сонымен қатар, сөйлеу міндетін де атқарады. Яғни, жүректің, рухтың толық тілмәші, тәржімеші қызметін атқарады. Бұл әрине, керемет жарқын әрі нақты түрде шексіз ілімді көрсетеді, соның дәлелі.

Енді, ойлап қара! Бір тілдің өзі қыруар хикметке ұйытқы, түрлі пайда көзі болса, әлемдегі сансыз тілдер, сансыз жанды мақұлықтар, есеп-қисабы жоқ жаратылыс Күндей жарық түрде, Айдай анық дәрежеде шексіз бір ілімнің бар екенін көрсетеді және барлық нәрсе Аллам-ул Ғуюб бір Аллаһтың ілімімен, хикметімен, болатынын, ешнәрсе қалауынан тыс болмайтынын білдіреді.

Төртінші дәлел:وَالْعِنَايَاتُ الْمَخْصُوصَةُ الشَّامِلَةُ яғни, бүкіл тіршілік иелеріне, жалпы саналылар әлеміне әрқайсысына, әр бір түріне жеке жеке арнайы түрде және өзіне ыңғайлы жалқы және жалпы инает-жәрдем жасалып қамқорлық қылынуда, барлығы мейірімділікпен сақталып, қорғалуда. Бұл әрине, анық түрде бәрін қамтып жатқан ілімді көрсетеді және сол қамқорлық жасалғандарды білетін және неге мұқтаж екенін көретін Алим-і Инаеткар Аллаһтың міндетті түрде бар екеніне сансыз куәлік етеді.

ЕСКЕРТУ:Рисалей-Нұрдың қорытыныдысының өзегі болып табылатын арабша мәтіндегі сөздердің түсініктемесіне келер болсақ, олар Құраннан нәр алған Рисалей-Нұрдағы Құрани аяттардың шуақтарынан туындаған ақиқаттарға ишара. Әсіресе, "Ілім", "Ираде", "Құдірет" сипаттарының айғақтарына ишара боп табылады. Ол іліми дәлелдер өте керемет тәпсірленіп жан-жақты түсіндіріледі. Демек, әрқайсысы көптеген аяттардың ишари мағыналарын, нәзік нүктелерін баяндайды. Әйтпесе, бұл жазба әлгі арабша кәлимәлардың тәпсірі және тәржімасы деуге келмейді.

Иә, тақырыбымызға оралайық: Бізді және барлық жан- жануарларды білетін әрі бәрін біле отырып мейірімді түрде қорғап және қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, әркімнің дертін білетін, біле отырып қамқорлық жасап көмектесетін Алим-і Рахим Аллаһ бар екенін көзбен көріп отырмыз. Оның мысалдары көп. Мысалы, Адамның ризығын, дәрі-дәрмегін жалпы қажетті заттарын жалпыжалқы түрде беріп жатқан қамқорлық, бізге анық түрде шексіз ілімді көрсетеді және Рахман-і Рахимнің бар екеніне қанша ризық, қанша дәрі-дәрмек, шикізаттар болса сонша куәлік етеді.

Иә, адамның әсіресе, әлсіздер мен нәресте төлдердің қоректенуі әсіресе асқазанның қазанынан денедегі ризыққа мұқтаж ағзаларға, тіпті жасушаларға, олардың әрқайсысына өзіндік ризық-несібелердің дер кезінде жеткізілуі. Сондай-ақ, таулар дәріхана тәрізді адамға қажетті барлық заттардың қоймасы болуы. Мұндай хикметке толы істер, ауқымды да шексіз ілім арқылы болмақ. Мұндай көрегенді де мейірімді, хикметке толы қамқорлыққа кездейсоқтық, соқыр қуат, меңіреу табиғат, жансыз бейсана себептер және қарапайым, бейпарық қозғалыстағы элементтер әсте, ешбір тұрғыдан араласа алмайды. Сыртқы себептер, әншейін перде ғана. Олар Алим-і Мутлақ Аллаһтың әмірімен, рұқсатымен, ілімімен, хикметіне сай Иләһи құдіреттің асқақ абыройын сақтау үшін перде қызмет атқарып, белгілі бір мақсатқа қолданылуда.

Бесінші және Алтыншы дәлел:

وَالْاَقْضِيَّةُ الْمُنْتَظَمَةُ وَالْاَقْدَارُ الْمُثْمِرَةُ

яғни, әрнәрсенің әсіресе, өсімдіктер мен ағаштардың, хайуанат пен адамдардың пішін-өлшемдері Аллаһтың әзәли ілімінің екі түрі боп саналатын Қаза мен Қадердың яғни тағдырдың ережелеріне сай шебер түрде пішіліп, сосын әрбірі болмысына қарай ыңғайлы жаратылып, керемет киім кидірілген еді, яғни өте тамаша хикметпен сурет-пішіндер беріледі.

Олардың әрқайсысы жеке-жеке және бірлесіп шексіз ілімнің бар екенін көрсетуді және өздері қанша болса, сонша Сани-ы Алим Аллаһқа куәлік етеді.

Иә, мысалы, сансыз мысалдарынан бір тал ағаш пен жеке бір адамды алайық. Әлгі жеміс ағашы және сезімге бай адам баласының болмыс-пішіні ешбір суретші сала алмайтындай дәрежеде, оның

ішкі-сыртқы құрылыстары көзге көрінбейтін құрал-жабдықтармен, өте күрделі ілім дейтін қаламмен шет-шекаралары анықталып, өте жүйелі түрде әрбір ағза-мүшелердің мөлшері белгіліеніп әр нәрсе орны-орнына орналастырылған. Осылай тиімді нәтиже беретіндей әрнәрсе өз қызметін толық атқаруға ыңғайлы жаратылған.

Бұл құбылыс сөзсіз, шексіз іліммен болатындықтан әр нәрсенің әрнәрсемен өзара байланысын біліп, көріп отырған және мына ағаштың немесе адамның бүкіл тегін, ұрпағын, түрін білетін және оны өзінің қаза-қадер сызғыш-қаламымен ішкі-сыртқы өлшемдерін, сурет-пішіндерін хикметпен қалай істелетінін білетін, бәрін әдейілеп жасайтын Сани-і Мусаууир, Алим-і Муқаддир Аллаһтың шексіз ілімі болады, бұл соны көрсетеді және болмысы Уәжиб, міндетті түрде бар бір Аллаһ жаратқанын өсімдік пен хайуандар санына пара-пар сансыз жақпен куәлік етіп дәлелдейді.

Жетінші, Сегізінші дәлел:وَالْاٰجَالُ الْمُعَيَّنَةُ وَالْاَرْزَاقُ الْمُقَنَّنَةُ

Яғни, маңызы зор хикметке байланысты сырт көзге жасырын, белгісіз боп көрінген ажал, негізінде ғайып пердесінің астында Әзәли тағдырдың дәптерінде жазулы, белгілі. Ол ешқашан алғаартқа жылжып өзгермейді. Сондай-ақ, әрбір жандының ризықнесібесі тағдыр таспаларында белгіленіп, жазылып қойылған. Мұны растайтын дәлелдер көп-ақ.

Мысалы, зәулім ағаштың қартайып өлуі және өзінің белгілі мағынада жаны іспеттес дәнегін өз орнына міндетін жалғастыру үшін тастап кетуі Алим-і Хафиз Аллаһтың хикметке толы заңымен жүзеге асады.

Сондай-ақ, нәрестенің ризығы яғни ана сүтінің емшектен келуі, қан мен нәжістің арасынан еш былғанбай, тап-таза аппақ күйінде нәресте төлдердің аузына құйылуы, кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес. Бұл әрине, Рәззақ-ы Алим-і Рахим бір Аллаһтың мейрімге толы ереже-заңымен болып жатқанын нақты көрсетеді. Осы екі шағын мысалға, барлық жандылар мен рух иелерін салыстырып қара!

Демек, ақиқатында әркімнің ажалы да, ризық-несібесі де белгіленіп тағдыр-таспасында жазылып қойылған. Бірақ, маңызды хикмет үшін ажал да, ризық-несібе де белгісіз боп ғайып перделермен жабылып, белгісіз сырт көзге кездейсоқ секілді көрінеді. Егер, ажал белгілі болса, айталық Күннің батуы секілді анық анық, онда адам өмірінің

алғашқы жартысын мүлдем бейқам, ғапыл түрде өткізіп ақыретті ойламай өмірін зая қылар еді. Ал, өмірінің екінші жартысын күн сайын өлім дарағашына қарай жақындап бара жатқан соң үрей басып ажалдың азабы жүз есе артып мазасы қашар еді. Сондықтан, Аллаһтың мейірімімен пенденің өмірде ұшырасатын бәлелер, қиыншылықтар тіпті, дүнияның ажалы қиямет қайым да ғайып пердесімен жабылып, қашан болатыны белгісіз. Ол да Аллаһтың рахымы.

Ал, ризық-несібе болса, ол өмір дейтін нығметтен кейінгі ең қымбат қазына-байлық, ол Аллаһқа шүкір мен мадақтың ұйтқысы, құлшылық пен дұғаның, Жаратқанға жалбарынудың көзі болғандықтан сырт көзге белгісіз, кездейсоқ, себептерге байланысты секілді көрінеді. Оның хикметі, пенде әрдайым Рәззақ-і Кәрім Аллаһқа сыйынып жалынуы және мадақ айтып шүкір ету арқылы ризық-несібесін сұрауы үшін болып табылады. Егер, анық белгілі болса, онда мәнісі жойылуы. Құдайға шүкір етіп, оған қарыздар болу, жалыныпжалбарыну, дұға тілеу, кішірейіп мүләйім түрде құлшылық ету деген нәрселер болмас еді.

Тоғызыншы, Оныншы дәлел:

وَالْاِتِّقَانَاتُ الْمُفَنَّنَةُ وَالْاِهْتِمَامَاتُ الْمُزَيَّنَةُ

Яғни, әрбір жаратылыс, әсіресе көктем кезіндегі жер жүзін құлпыртып тұрған Аллаһтың жәмалының шуақтарын шағылыстыратын әдемі табиғат, атап айтсақ, гүл-шешектер, жеміс-жидектер әсіресе, жалт-жұлт еткен кішкене құсқа ұқсайтын шыбын-шіркейлер, ұсақ жәндіктердің табиғаты, сурет-пішіні, құрал-жабдықтары таңғажайып шеберлікпен, аса мұқият түрде ғажап өнермен аса мән беріліп, керемет әрі сан-алуан, түрлі-түрлі пішіндерімен, тірі мәшине тәрізді өзінің ұста шеберін көрсетуі еді. Ол бізге шексіз ілімнің бар екенін, егер айтуға болса, өте епті, білгір ілім иесін нақты түрде көрсетеді. Мұндай шеберлік пен өнерге кездейсоқтық пен меңіреу табиғаттың, бейсана себептердің араласуы әсте мүмкін еместігіне куәлік етеді.

وَالْاِهْتِمَامَاتُ الْمُزَيَّنَةُ сөз білдіргеніндей әлгі сұлу жаратылыста керемет безендіру ісі байқалады және әсемдік, тартымдылық, ғажайып өнер көрінеді. Оны Құдірет өзінің шексіз ілімімен жаратады және әр нәрсенің ең әдемі түрін біледі және өнерінің асқан кемелдігін, керемет сұлулығын саналы жандарға көрсеткісі келеді. Себебі, кішкене бір

гүлді және өте ұсақ бір жәндікті тым шебер, аса мән беріп өнермен әшекейлеп көркем жаратады. Осы аса мән беру, керемет безендіру ап-анық түрде барлығын қамтып жатқан шексіз ілімнің бар екенін көрсетеді және әлемде қанша сұлу болса, сонша Сани-і Зүлжәлал Аллаһтың Ужуб-у Ужудына яғни міндетті түрде бар екеніне куәлік етеді.

Бес күлли дәлел мен айғақтарды қамтитын он бірінші дәлел:

وَغَايَةُ كَمَالِ الْاِنْتِظَامِ الْاِتِّزَانِ الْاِمْتِيَازِ الْمُطْلَقَاتِ فِى السُّهُولَةِ الْمُطْلَقَةِ وَخَلْقُ الْاَشْيَٓاءِ فِى الْكَثْرَةِ الْمُطْلَقَةِ مَعَ الْاِتِّقَانِ الْمُطْلَقِ وَفِى السُّرْعَةِ الْمُطْلَقَةِ مَعَ الْاِتِّزَانِ الْمُطْلَقِ وَفِى الْوُسْعَةِ الْمُطْلَقَةِ مَعَ كَمَالِ حُسْنِ الصَّنْعَةِ وَفِى الْبُعْدَةِ الْمُطْلَقَةِ مَعَ الْاِتِّفَاقِ الْمُطْلَقِ وَفِى الْخِلْطَةِ الْمُطْلَقَةِ مَعَ الْاِمْتِيَازِ الْمُطْلَقِ

Бұл дәлел жоғарыда аталған арабша мәтіннің соңындағы дәлелдің өзгеше және әлдеқайда тамаша түрі. Қатты науқастанып тұрғандығымнан, өте қысқа ишарамен баяндалмақ, сонымен қатар бес-алты дәлел қоса түсіндірілмек.

Біріншіден;Жер жүзінде мына оқиғаға куә боламыз; Шеберліктен және толық білуден пайда болатын жеңілдік ақиқаты. Бұл жеңілдік оңайлық ақиқаты толық ілімнен, асқан шеберліктен пайда болады. Мұндай жеңіл әрі оңай түрде пайда болатын ғажайып жанды мақұлықтар жаратылар кезде тіпті, кейбірі бір сәтте дәл өлшеммен, керемет көркем, өзге түрден ерекшеленіп жаратылуда. Бұл әрине, шексіз ілімнің бар екенін көрсетеді және сол шексіз терең ілімнің шеберлігімен жеңіл әрі оңай жаратылуда екенін айғақтайды. Демек, жаратылудағы жеңілдік қанша дәрежеде болса, ілімнің де соншалық кемел болғаны.

Екіншіден:Саны өте көптік. Тіпті сансыз десе болады. Жаратылыс бір-бірімен шатаспай, өте шебер керемет жаратылуда. Бұл шексіз құдіретті көрсетуімен қатар, шексіз ілім бар екенін дәлелдеп Алим уа Қадир-і Мутлақ бір Аллаһқа куәлік етеді.

Үшіншіден:Жаратылыс өте жылдам әрі тым тез жаратылуымен қатар дәл өлшемді болуы шексіз ілімді дәлелдеп саны қанша болса сонша, Алим-і Мутлақ, Қадир-і Мутлақ бір Аллаһқа куәлік етеді.

Төртіншіден:Мына ұланғайыр жер жүзіндегі құжынаған жандылардың көлемі ауқымды болуымен қатар әдемі, сұлу, керемет өнермен жаратылуы әлбетте, әсте шатаспайтын, барлығын бірге, бір сәтте көретін әрі бір-біріне кедергі бола алмайтын, бәрін жаппай білетін шексіз ілімді дәлелдеп, өздері Алим-і күллі Шей, Қадир-і Мутлақ Аллаһтың жаратқандары екендерін әрқайсысы және барлығы жұмыла куәлік етеді.

Бесіншіден:Жаратылыс өзара алыс, бір-бірінен ұзақ бола тұра, мысалы бірі шығыста, бірі батыста, бірі солтүстікте, бірі оңтүстікте бола тұра, бірақ бір уақытта, бір заңмен, бір тәсілмен, өзара ұқсас, дегенмен бір-бірінен өзгеше жаратылуы Алим-і Мутлақ, Қадир-і Мутлақ Аллаһтың бүкіл әлемді басқарып тұрған шексіз құдіретімен және барлық нәрсені бүкіл жағдайымен білетін шексіз ілімімен болатындығын көрсете отырып Аллам-ул Ғюубқа яғни барлығын білетін бір Аллаһқа сансыз куәлік етеді.

Алтыншыдан:Жаратылыс өзара аралас-құралас бола тұра ешбірін шатастырмай, араластырмай, әрқайсысын жеке-жеке ерекше және бір-бірінен бөлек өзгеше әрі бір-біріне өте ұқсас әрі шатасып жатса да, мәселен топырақтың астында неше түрлі дәнектерді, сол сияқты құжынаған жандылардың әрбірінің ағзаларын кем не артық қылмай мұғжизалы түрде Қадир-і Мутлақ, Алим-і Мутлақ Аллаһтың жаратуы, оның рубубиятын яғни толық өзі басқарып отырғандығын көрсетеді.

Бұл тақырыбымыз Рисалей-Нұрда жан-жақты баяндалғандықтан соған сілтеме жасап қысқа қайырдық.

Енді,"Хуласат-ул Хуласа"яғни қортындыны қорытындылап"Ираде"сипатына тоқталамыз:

اَللّٰهُ اَكْبَرُ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ قُدْرَةً وَعِلْمًا اِذْ هُوَ الْمُر۪يدُ لِكُلِّ شَيْءٍ مَاشَٓاءَ اللّٰهُ كَانَ وَمَا لَمْ يَشَاْ لَمْ يَكُنْ اِذْ تَنْظ۪يمُ اِيجَادِ الْمَصْنُوعَاتِ ذَاتًا وَصِفَةً وَمَاهِيَّةً وَهُوِيَّةً مِنْ بَيْنِ الْاِمْكَانَاتِ الْغَيْرِ الْمَحْدُودَةِ وَالطُّرُقِ

الْعَق۪يمَةِ وَالْاِحْتِمَالَاتِ الْمُشَوَّشَةِ وَسُيُولِ الْعَنَاصِرِ الْمُتَشَاكِسَةِ وَالْاَمْثَالِ الْمُتَشَابِهَةِ بِهٰذَا النِّظَامِ الْاَدَقِّ الْاَرَقِّ وَتَوْز۪ينُهَا بِهٰذَا الْم۪يزَانِ الْحَسَّاسِ الْجَسَّاسِ وَتَمْي۪يزُهَا بِهٰذِهِ التَّعَيُّنَاتِ الْمُزَيَّنَةِ الْمُنْتَظَمَةِ وَخَلْقُ الْمُخْتَلِفَاتِ الْمُنْتَظَمَاتِ الْحَيَوِيَّةِ مِنَ الْبَس۪يطِ الْجَامِدِ الْمَيِّتِ كَالْاِنْسَانِ بِجِهَازَاتِهِ مِنَ النُّطْفَةِ وَالطَّيْرِ بِجَوَارِحِهِ مِنَ الْبَيْضَةِ وَالشَّجَرَةِ بِاَعْضَائِهَا مِنَ النُّوَاةِ وَالْحَبَّةِ تَدُلُّ عَلٰى اَنَّ كُلَّ شَيْءٍ بِاِرَادَتِهِ تَعَالٰى وَاِخْتِيَارِهِ وَقَصْدِهِ وَمَش۪يئَتِهِ سُبْحَانَهُ كَمَا اَنَّ تَوَافُقَ الْاَشْيَٓاءِ فِى اَسَاسَاتِ الْاَعْضَاءِ النَّوْعِيَّةِ وَالْجِنْسِيَّةِ يَدُلُّ عَلٰى اَنَّ صَانِعَ تِلْكَ الْاَفْرَادِ وَاحِدٌ اَحَدٌ كَذٰلِكَ اَنَّ تَمَايُزَهَا بِالتَّشَخُّصَاتِ الْمُتَمَايِزَاتِ وَالتَّعَيُّنَاتِ الْمُنْتَظَمَةِ يَدُلُّ عَلٰى اَنَّ ذٰلِكَ الصَّانِعَ الْوَاحِدَ الْاَحَدَ فَاعِلٌ مُخْتَارٌ يَفْعَلُ مَا يَشَٓاءُ وَيَحْكُمُ مَا يُر۪يدُ

Бұл мәтін Аллаһтың"Ирадесінің"яғни қалау-еркінің көптеген дәлел-айғақтарын қамтитын күлли яғни жан-жақты әрі үлкен дәлел. Қысқаша тұжырымын ғана тәржімелеп Аллаһтың"ираде", "иқтияр",яғни қалау-еркін нақты дәлелдейтін айғақты баяндаймыз. Сондай-ақ, жоғарыда айтылған Аллаһтың ілімі жайлы бүкіл дәлелдер айналып келгенде "Ираде" сипатының да дәлелдері болып табылады. Өйткені, әрбір жаратылыста"ілім" мен "ираденің"сәуле-шуақтары қатар көрінеді. Осы арабша мәтіннің қысқаша тұжырымы яғни барлық нәрсе Оның ираде-қалауымен болады, қалаған нәрсесі болады, қаламағаны болмайды. Не қаласа соны жасайды, қаламаса ешнәрсе болмайды. Оған дәлел: Көзімізбен көріп жүрген болмыстың әрқайсысының белгілі өзіндік заты, сипаты, ерекше табиғаты, керемет өзгеше сурет-пішіні бар. Алайда, олардың басқаша болуы мүмкін, сан-алуан ықтимал жолдары бола тұра және шатастырып басқа жаққа бұрып жіберетін көптеген себептері бола тұра, сөйтіп нәтижесіз, түкке жарамсыз боп қалуы мүмкін бола тұра, өзара қарама-қарсы

күштердің арасында және қателестіріп, шатастыратын себептер сондай-ақ, өзара қатты ұқсас хал-жағдайлар бола тұра, болмыс атаулы яғни шебер жаратылған мына нәрселер өте күрделі әрі толық, өте жүйелі әрі тәртіппен дәлме-дәл өлшеммен, керемет реттілікпен әрбір ағзасы, сезім мүшелері орны-орнына орналасуы. Сондай-ақ, ал сыртқы пішіне сұлу бейне беру, ерекше етіп жарату және өзара қарама-қайшы құрал жабдықтарын түгелдей қарапайым, жансыз, меңіреу, өлі заттардан жаратып, өзін тірі жан етіп шебер жарату керемет құбылыс!

Мәселен, адам болмысын сан түрлі мүше ағзаларымен қоса бір тамшы судан және құсты көптеген ағзалармен сан-алуан құрал жабдықтарымен бірге қарапайым жұмыртқадан жаратуы, таңғажайып пішін беруі және сондай-ақ, ағашты бұтақ талдарымен, түрлі ағза-бөлшектерімен бірге, кәдуілгі жансыз көміртегі, азот, сутегі, оттегінен тұратын кіп-кішкене дәнектің ішінен шығаруы, таптұйнақтай әрі тиімді де пайдалы түр-пішін кигізуі әлбетте бұл бізгеоған еш күмән жоқ, шүбәсіз анық түрде-шексіз Ираденің бар екенін дәлелдейді. Әрбір жаратылысқа, ұсақ бөлшектерден өзіндік сурет, арнайы пішін, Қадир-і Мутлақ Аллаһтың қалау-еркімен әлгіндей өзіндік бейне, керемет жағдай берілуде. Бұл құбылыс жаппай бізге барлығын қамтып жатқан Ираде сипатының үкімі екенін көрсетеді. Осы бір ғана болмыстың осындай шүбәсіз нақты түрдегі көрінісі Аллаһтың ирадесін яғни қалау еркінің хақ екенін дәлелдейді және бізге мынаны көрсетеді:

Бүкіл жаратылыс жан-жақты, сансыз тілде Күндей жарық, Айдай анық түрде барлық нәрсені қамтып жатқан Иләһи Ирадені, яғни Аллаһтың қалау еркін көрсетеді. Саны қанша болса, сонша куәлік етіп Қадир-і Мурид бір Аллаһтың Ужуб-у Ужудына яғни міндетті түрдегі болмысына нақты айғақ, бұлтартпас дәлел боп табылады. Сондай-ақ, Аллаһтың шексіз ілімін дәлелдейтін жоғарыда аталған барлық айғақтар айналып келгенде Аллаһтың ирадесін де дәлелдейтін айғақтар болып табылады. Өйткені, екеуі де құдіретпен бірге іс атқарады. Бір-бірінсіз бола алмайды. Әрбір жаратылыстың түрлі тұқымдастары өзара табиғаты, негізгі ағзалары жағынан ұқсас болуы, олардың Жаратушысы біреу, жалғыз, уахид, әхад екенін көрсеткені секілді бет-әлпеттеріндегі, жүздеріндегі хикметпен болған

айырмашылық және өзара өзгешелік, олардың Сани-і Уахид-ә Әхад, Раббысы Файл-ы Мұхтар яғни толық ерікті ешкімге, ешнәрсеге тәуелді емес екенін, әрнәрсені өзінің ирадесімен, қалау-еркімен әдейілеп жарататынын көрсетеді.

Міне, осымен Аллаһтың ирадесі туралы бір ғана күлли дәлелді баяндайтын жоғарыда аталған арабша мәтіннің қысқаша мағынасының тәржімесі тәмам болды. Жалпы, Аллаһтың "ираде" сипаты туралы көптеген маңызды тұжырымдарды жазсам деп ниет еткен едім. Бірақ, бір дерттің кесірінен ойлау қабілетім әлсіреп, шамам қалмағандықтан басқа уақытқа шегерілді.

ҚҰДІРЕТ ТУРАЛЫ АРАБША МӘТІН

اَللّٰهُ اَكْبَرُ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ قُدْرَةً وَ عِلْمًا اِذْ هُوَ الْقَد۪يرُ عَلٰى كُلِّ شَيْءٍ بِقُدْرَةٍ مُطْلَقَةٍ مُح۪يطَةٍ ضَرُورِيَّةٍ نَاشِئَةٍ لَازِمَةٍ ذَاتِيَّةٍ لِلذَّاتِ الْاَقْدَسِيَّةِ فَمُحَالٌ تَدَاخُلُ ضِدِّهَا فَلَا مَرَاتِبَ ف۪يهَا فَتَتَسَاوٰى بِالنِّسْبَةِ اِلَيْهَا الذَّرَّاتُ وَ النُّجُومُ وَ الْجُزْءُ وَ الْكُلُّ وَ الْجُزْئِىُّ وَ الْكُلِّىُّ وَ النُّوَاةُ وَ الشَّجَرُ وَ الْعَالَمُ وَ الْاِنْسَانُ بِسِرِّ مُشَاهَدَةِ غَايَةِ كَمَالِ الْاِنْتِظَامِ الْاِتِّزَانِ الْاِمْتِيَازِ الْاِتِّقَانِ الْمُطْلَقَاتِ مَعَ السُّهُولَةِ فِى الْكَثْرَةِ وَ السُّرْعَةِ وَ الْخِلْطَةِ الْمُطْلَقَةِ وَ بِسِرِّ النُّورَانِيَّةِ وَ الشَّفَّافِيَّةِ وَ الْمُقَابَلَةِ وَ الْمُوَازَنَةِ وَ الْاِنْتِظَامِ وَ الْاِمْتِثَالِ وَ بِسِرِّ اِمْدَادِ الْوَاحِدِيَّةِ وَ يُسْرِ الْوَحْدَةِ وَ تَجَلِّى الْاَحَدِيَّةِ وَ بِسِرِّ الْوُجُوبِ وَ التَّجَرُّدِ وَ مُبَايَنَةِ الْمَاهِيَّةِ وَ بِسِرِّ عَدَمِ التَّقَيُّدِ وَ عَدَمِ التَّحَيُّزِ وَ عَدَمِ التَّجَزّ۪ى وَ بِسِرِّ اِنْقِلَابِ الْعَوَائِقِ وَ الْمَوَانِعِ اِلٰى حُكْمِ الْوَسَٓائِلِ الْمُسَهِّلَاتِ وَ بِسِرِّ اَنَّ الذَّرَّةَ وَ الْجُزْءَ وَ الْجُزْئِىَّ وَ النُّوَاةَ وَ الْاِنْسَانَ لَيْسَتْ بِاَقَلَّ صَنْعَةً وَ جَزَالَةً مِنَ النَّجْمِ وَ الْكُلِّ

وَ الْكُلِّىِّ وَ الشَّجَرِ وَ الْعَالَمِ فَخَالِقُهَا هُوَ خَالِقُ هٰذِهِ بِالْحَدْسِ الشُّهُودِىِّ وَ بِسِرِّ اَنَّ الْمُحَاطَ وَ الْجُزْئِيَّاتِ كَالْاَمْثِلَةِ الْمَكْتُوبَةِ الْمُصَغَّرَةِ اَوْ كَالنُّقَطِ الْمَحْلُوبَةِ الْمُعَصَّرَةِ فَلَا بُدَّ اَنْ يَكُونَ الْمُح۪يطُ وَ الْكُلِّيَّاتُ ف۪ى قَبْضَةِ خَالِقِ الْمُحَاطِ وَ الْجُزْئِيَّاتِ لِيُدْرِجَ مِثَالَهَا ف۪يهَا بِمَوَاز۪ينِ عِلْمِه۪ اَوْ يُعَصِّرَهَا مِنْهَا بِدَسَات۪يرِ حِكْمَتِه۪ وَ بِسِرِّ كَمَا اَنَّ قُرْاٰنَ الْعِزَّةَ الْمَكْتُوبَ عَلَى الذَّرَّةِ الْمُسَمَّاةِ بِالْجَوْهَرِ الْفَرْدِ بِذَرَّاتِ الْاَث۪يرِ لَيْسَ بِاَقَلَّ جَزَالَةً وَ خَارِقِيَّةَ صَنْعَةٍ مِنْ قُرْاٰنِ الْعَظَمَةِ الْمَكْتُوبِ عَلٰى صَح۪يفَةِ السَّمَٓاءِ بِمِدَادِ النُّجُومِ وَ الشُّمُوسِ كَذٰلِكَ اَنَّ وَرْدَ الزُّهْرَةِ لَيْسَتْ بِاَقَلَّ جَزَالَةً وَ صَنْعَةً مِنْ دُرِّىِّ نَجْمِ الزُّهْرَةِ وَ لَا النَّمْلَةُ مِنَ الْف۪يلَةِ وَ لَا الْمِكْرُوبُ مِنَ الْكَرْكَدَانِ وَ لَا النَّحْلَةُ مِنَ النَّخْلَةِ بِالنِّسْبَةِ اِلٰى قُدْرَةِ خَالِقِ الْكَٓائِنَاتِ فَكَمَٓا اَنَّ غَايَةَ كَمَالِ السُّرْعَةِ وَ السُّهُولَةِ ف۪ى ا۪يجَادِ الْاَشْيَٓاءِ اَوْقَعَتْ اَهْلَ الضَّلَالَةِ ف۪ى اِلْتِبَاسِ التَّشْك۪يلِ بِالتَّشَكُّلِ الْمُسْتَلْزِمِ لِمُحَالَاتٍ غَيْرِ مَحْدُودَةٍ تَمُجُّهَا الْاَوْهَامُ كَذٰلِكَ اَثْبَتَتْ لِاَهْلِ الْهِدَايَةِ تَسَاوِىَ النُّجُومِ مَعَ الذَّرَّاتِ بِالنِّسْبَةِ اِلٰى قُدْرَةِ خَالِقِ الْكَٓائِنَاتِ جَلَّ جَلَالُهُ وَ لَٓا اِلٰهَ ِالَّا هُوَ اللّٰهُ اَكْبَرُ

Енді, Ұлы құдірет туралы мына арабша мәтіннің қысқаша тұжырымдамасының белгілі бір мағынада тәржімесі жазылмақ. Бірақ, бұдан бұрын көкейге келген бір ақиқатты баяндауды жөн көрдім. Ақиқат мынау: Бір құдіреттің бар екені, әлемнің бар екенінен әлдеқайда анық әрі нақты. Тіпті, күллі жаратылыс әрқайсысы жеке, жалпы түрде сол құдіреттің жаратқандары. Олар сөйлейтін дене түріндегі кәлима-сөздер ретінде құдіреттің бар екенін айнеляқин көрсетеді.

Құдірет сипатының иеленушісін яғни сол сипатпен сипатталушы Қадир-і Мутлақ Аллаһтың, бар екеніне жаратылыстың бәрі сансыз тілмен куәлік етеді. Ендеше, тағы айғақтар келтіріп сол құдіреттің бар екенін дәлелдеуге қажеттілік жоқ. Олай болса, иманның тұғыры және қайта тірілудің мықты негізі және көптеген имани уә Құрани ақиқаттардың қайнар бұлағы болған

مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ

аяты білдірген және бүкіл ақылдар ойланып өресі жетпеген, таңқала да таңдана, тіпті кейбірі миы жетпеген соң жоққа шығаруға дейін барған осы Құдірет сипатына қатысты терең ақиқатты дәлелдеген дұрыс болар.

Ол негіз, ол қайнар бұлақ, ол мәселе, ол ақиқат не десеңіздер, ол жоғарыдағы аяттың тұжырымы. Яғни,"Уа, жындар мен адамдар! Сендерді жаппай қайта жарату, махшар күні бір жерге жинау бір түйір жанның жаратылуы секілді құдіретіме оңай!"Көктемді, бір тал гүл тәрізді оңай жаратамын. Ол құдіреттің алдында,"джүзикүлли",аз-көп, үлкен-кіші бәрі бірдей ешқандай айырмашылығы жоқ. Жұлдыздарды ең ұсақ бөлшектер тәрізді жеп-жеңіл шыр айналдырады.

Міне, арабша мәтін, осы орасан зор терең мәселені"тоғыз баспалдақ"арқылы бұлтартпас бірғана айғағын баяндайды. Біз қазір оның қысқаша бір ғана тұжырымын айтып, мәселенің негізіне ишара қыламыз:

اِذْ هُوَ الْقَد۪يرُ عَلٰى كُلِّ شَيْءٍ بِقُدْرَةٍ مُطْلَقَةٍ مُح۪يطَةٍ ضَرُورِيَّةٍ نَاشِئَةٍ لَازِمَةٍ ذَاتِيَّةٍ لِلذَّاتِ الْاَقْدَسِيَّةِ فَمُحَالٌ تَدَاخُلُ ضِدِّهَا فَلَا مَرَاتِبَ ف۪يهَا فَتَتَسَاوٰى بِالنِّسْبَةِ اِلَيْهَا الذَّرَّاتُ وَ النُّجُومُ وَ الْجُزْءُ وَ الْكُلُّ وَ الْجُزْئِىُّ وَ الْكُلِّىُّ وَ النُّوَاةُ وَ الشَّجَرُ وَ الْعَالَمُ وَ الْاِنْسَانُ

Яғни, барлығынан үстем бір құдірет бар. Ол құдірет барлық нәрсені қамтып жатыр. Ол, (Құдірет) Зат-ы Ужуб-ул Ужуд Аллаһқа"лузум-ы зати"және мантық (логика) ілімнің тілімен айтар болсақ ләзім, уәжіп яғни шарт. Ол сипаттың яғни құдіреттің өзінен ажырауы, бөлінуі

мүмкін емес. Мұндай, ажырауы мүмкін емес тұтас бір құдіреттің бар екені рас, олай болса әлбетте, оның терісі болған әлсіздік ешбір тұрғыдан Оған жақындай алмайды, жанаса алмайды, Зат-и Қадир Аллаһқа жолай алмайды.

Бір нәрсенің дәрежесі болуының себебі, оған өзіне теріс нәрсенің кері әсерінен пайда болады. Мәселен, жылудың дәрежесінің болу себебі ішіне суықтың кіруі, оның әсерінен болады. Сұлулықтың да әртүрлі деңгейде болуы ұсқынсыз, нашар нәрселердің жанасуынан болады. Ал, Зат-ы Құдіретке өзіне теріс кері нәрсенің, яғни әлсіздіктің жанасуы әсте мүмкін емес. Олай болса, сөзсіз түрде Мутлақ Иләһи Құдіреттің дәрежесі болмайды. Сонымен, Иләһи құдіреттің дәрежесі болмайтыны белгілі болды, әлбетте ол құдіреттің алдында жұлдыздар, молекула, атомдар бірдей,"джүзі-күллі",жалқы-жалпы, аз-көп әлгіндей құдірет үшін парқы жоқ. Бір түйір дәнді, немесе бір ағашты, бүкіл әлемді, адамзатты, немесе бір жанды махшар күні жарату және барлық тіршілік иесін қайта тірілту, ол құдіретке еш айырмашылығы жоқ. Бұл ақиқат. Оған нақты дәлел - жаратылыста көзбен көріп жүрген мына керемет өнер, тәртіп, жүйе, өлшем, ерекшелік, өзгешелік, саны көптік әрі өте жылдам жаратылу және тез жаратылып жатса да өте жеңіл әрі тым оңай болуы.Бірінші баспалдақ болған мына мәтіннің:

بِسِرِّ مُشَاهَدَةِ غَايَةِ كَمَالِ الْاِنْتِظَامِ الْاِتِّزَانِ الْاِمْتِيَازِ الْاِتِّقَانِ الْمُطْلَقَاتِ مَعَ السُّهُولَةِ الْمُطْلَقَةِ فِى الْكَثْرَةِ وَ السُّرْعَةِ وَ الْخِلْطَةِ

қысқаша тұжырымы жоғарыда айтылған ақиқат.

Екінші баспалдақ болған мына мәтіннің.

وَ بِسِرِّ النُّورَانِيَّةِ وَ الشَّفَّافِيَّةِ وَ الْمُقَابَلَةِ وَ الْمُوَازَنَةِ وَ الْاِنْتِظَامِ وَ الْاِمْتِثَالِ

түсініктемесі мен баянын Оныншы Сөздің соңына және Жиырма Тоғызыншы Сөзге және Жиырмасыншы Мектубқа сілтеп қысқаша ишара етеміз:

Иә, қалайша,"Нұраният"сырымен Күн сәулесі, яғни оның шағылысы Құдайдың құдіретімен теңіз бетіне, жалпы барлық мөлдір нәрселерге түсуі бір түйір шыны сынығына түсу секілді бірдей, ешқандай айырмашылығы жоқ, оп-оңай. Дәл сол секілді, Зат-ы Нұр-ул Әнуар Аллаһтың нұрани құдіретіне аспандарды, жұлдыздарды жарату

және оларды қозғалысқа келтіріп шыр айналдыру, шыбындарды, зәрре бөлшектер мен атом-молекулаларды жарату, шыр айналдыру тәрізді оңай, еш қиындығы жоқ.

Енді, мөлдірлік те сондай. Кіп-кішкене айнада және көздің қарашығында Құдайдың құдіретімен Күннің сәулесі, жарығы, суреті түгел сиып көрінеді. Сондай-ақ, барлық жылтырақ, мөлдір нәрселерге, тамшыларға, жылтырақ бөлшектерге, теңіздің жүзіне Күннің шағылысы, жарық-сәулесі оп-оңай түсіп анық көрінеді. Дәл сол секілді, жаратылыстың "мәләкутият", "махият" деп аталатын ішкі жағы, мәнісі мөлдір, жарқын, пәк болғандықтан Аллаһтың Мутлақ құдіретінің әсері, оның шағын сәулесі бір түйір жанның жаратылуында қалай өзін көрсетсе, дәл солай жеңіл түрде бүкіл тірі жанды жаратып толық көрінеді. Оған аз-көп, үлкен-кіші еш айырмасы жоқ.

Сондай-ақ, алып тауларды тартатын үлкен, өте дәл өлшейтін нәзік бір таразының екі басына екеуі бірдей жаңғақ қойса, сосын тепе-теңдігін бұзатын бір басына кіп-кішкене бір түйір дән қойылса таразының бір басы таудың төбесіне қарай, бір басы терең сайға қарай дереу түсіп кететіні қаншалықты оңай болса, дәл сондай оңайлықта, екі жаңғақтың орнына екі бірдей тауды таразының екі басына қойылса, сосын бір жағына бір түйір жаңғақ қойылса, бір тауды солайымен көкке көтеріп, бір тауды сайға төмен түсіріп жібереді.

Дәл сол секілді,"Кәлам"ілімінің термині бойынша,"Имкан мүсауи-үт тарафәйн"боп табылады яғни болмысы уәжиб емес, яғни болуы шарт емес мүмкін нәрселер және болып. Болмауы егер бір себеп болмаса, бірдей еш айырмасы жоқ. Нәрселердің әлгі мәселеде аз бен көптің, үлкен мен кішінің еш айырмашылығы жоқ, барлығы бірдей. Міне, жаратылыс (дүние) болып-болмауы мүмкін топқа жатады. Мұны"имкан"дейді. Имкан шеңберінде заттардың болуы екі талай яки болмауы бірдей, өзара тең, еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан, Ужуб-ул Ужуд Аллаһтың шексіз әзәли құдіреті бір түйір мүмкін нәрсені жаратуы қаншалықты оңай болса, бүкіл мүмкін нәрселерді жоқтан бар қылуы, жаратуы, болмысқа ие қылуы дәл солай оңай. Ол құдірет, әр затқа өзіне лайық болмыс кигізеді. Сосын, әлгі зат өз міндетін атқарып болған соң болмыс киімін шешеді де, кейін салыстырмалы түрдегі жоқтыққа, негізінде өзінің ілім шеңбердегі

мағынауи болмысқа ие болады яғни, болмысын сақтап қалады. Демек, жаратылысты Қадир-и Мутлақ Аллаһ жаратты деген кезде көктемнің жаратылуы бір тал гүл секілді, бүкіл адамдардың махшарда қайта тірілуі бір тұлғаның жаратылуы секілді оңай. Ал, себептерге телінсе, бір тал гүл көктемнің жаратылуы секілді, бір түйір шыбын бүкіл хайуандардың тірілуі секілді мүшкіл, қиын болады.

Енді,"интизам"сыры. Алып кеме немесе бір үлкен ұшақты бір түймені басу арқылы қозғалысқа ендіру, бір сағатты кілтпен бұрап жұмыс істеу оңай әрі жеңіл. Дәл сол секілді, Әзәли ілімнің ереже заңдары бойынша, және Сәрмади хикметтің заңдарына сәйкес, сондайақ Раббани ираденің яғни қалаудың күлли талаптары бойынша әрбір нәрсеге жалпы болсын жалқы болсын, үлкенді-кіші, азғантай яки көп, көзге көрінбейтін аз-көп мағынауи қалып, пішін өзіндік мөлшер, белгілі бір шек қойылған. Сондықтан, олар толық тәртіп пен жүйеге яғни Аллаһтың ілім мен"ираде"заңына толық бағынады. Ендеше, әлбетте Қадир-и Мутлақ өзінің шексіз құдіретімен Күн системасын айналдыруы денедегі қанды, ондағы ақ, қызыл түйіршіктерді, ондағы зәрре бөлшектерді жүйелі де хикметпен айналдыруы секілді оңай әрі жеңіл болмақ. Ол құдірет, бір адамды әлемдегі жүйелі де керемет бейнеде, таңғажайып құрал-жабдықтарымен бірге бір тамшы судан әп-сәтте еш қиындықсыз оңай жаратады. Демек, болмыс атаулыны Әзәли, шексіз құдірет жаратты деген кезде, ол Құдретке бүкіл әлемді жарату бір адамды жарату секілді оңай әрі жеңіл болады. Егер, Оның жаратқанын жоққа шығарып қабылдамаса, бір адамды бүкіл ғажап сезім мүшелерімен, құрал-жабдықтармен жарату бүкіл ғалам жарату секілді мүшкіл, зор қиын.

Енді,"итағат"сырын,"имтисал"яғни мойынсұну, бағыну, әмір тыңдау мәселесі. Бір қолбасшы "Алға!" әмірімен бір жауынгерді шабуылға айдағаны секілді, дәл сол әмірмен үлкен бір армияны опоңай шабуылға айдайды. Дәл сол секілді, Аллаһтың "ираде" заңына мүлтіксіз бағынатын және Раббани жаратылыс заңдарына тіпті, ұшқындарына тілалғыш тәртіпті әскер, құл секілді тіпті, олардан мың есе бағынышты болмыс атаулы әсіресе, жандылардың біреуіне"Қане! Жоқтықтан шық! Бар бол, белгілі өз міндетіңді атқар!"деген Раббани әмірді алғанда және Иләһи ілім жазған және"ираде"белгілеген және құдірет, өзіндік дене жаратып болмысқа шығаруы қаншалықты оңай жүзеге асып жатыр десеңізші! Көктемде жандылар

армиясын дәл солай құдірет жаратып, әрқайсысына өзіндік міндет береді. Демек, барлық нәрсе Иләһи құдіретпен болады деген кезде, бүкіл зәррелер, молекула атомдар армиясы, жұлдыздар тобы, бір түйір зәрренің жаратылуы секілді оңай жүзеге асады. Егер бұл іс себептерге жүктелсе, бір жәндіктің көзіндегі және миындағы бір зәрренің таңғажайып қызметтер атқаратындай өте қабілетті жаратылуы бүкіл жандылар армиясын жарату секілді мүшкіл, тым қиын болар еді.

Үшінші баспалдақ:

وَبِسِرِّ اِمْدَادِ الْوَاحِدِيَّةِ وَ يُسْرِ الْوَحْدَةِ وَ تَجَلِّى الْاَحَدِيَّةِ

Мұның қысқа тұжырымына алыстан ишарамен қарауға тырысайық. Яғни, қалайша, бір патша немесе ұлы қолбасшы билігінің тұтастығы жағымен және бүкіл халқы тек өзіне бағынып әрекет ететіндіктен әлгі патша алып мемлекетті, құжынаған халқын бір ауылды басқарғандай оңай басқарады. Өйткені, үкімет біреу болғандықтан халықтың ішіндегілер дәл әскердің жауынгерлері секілді жағдайды жеңілдетіп әмірді орындату, басқару оңайға соғады.

Ал егер әртүрлі үкіметтерге жүктелсе ел, аласапыран, астан-кестең болып қана қоймай бір ауылды тіпті, бір үйді басқару бір елді басқару секілді өте мүшкіл қиын болар еді. Сондай-ақ, әлгі тіл алғыш халық бірдей болғандықтан әрбір азамат жауынгер секілді қолбасшысының күш-қуатына және қару-жарақ, дәрі-дәрмек қоймасына сеніп зор күшке ие болып, бір шахты жеке өзі тұтқындай алады. Өзінің қуатынан мың есе артық іс атқаратын болады. Егер, мұндай байланыс болмаса, әлгіндей күш-қуаттан айырылады. Енді, тек білегіндегі азғана қуатпен, беліндегі қару-жарақ шамасындай, асынған мылтығының дәрежесіне қарай іс атқарады. Егер, әлгі патшаға сенетін жауынгердің ісін одан талап етсе, онда білегінде бір армияның күш қуаты, белінде патшаның қару-жарақ қоймасы болуы керек.

Дәл сол секілді, Әзәл мен Әбәд Сұлтаны Сани-ы Қадир өзінің Иләһи билік-салтанаты ерекше дара, әкімшілігі толық, әрі кемел болғандықтан ғаламды бір қала секілді оңай басқарады. Көктемді бір бау-бақшадай жеңіл жаратады. Махшар күні барлық өлгендерді тірілту бау-бақшалардағы ағаштардың жапырақтарын, гүл-шешектеріне, жемістерін келесі көктемде қайта жаратқаны секілді оңай тіріледі. Бір түйір шыбынды оп-оңай самұрық құсы секілді күрделі түрде жаратады. Бір түйір адамды оп-оңай кішкене әлем бейнесінде жарата алады.

Егер, себептерге жүктелсе, бір түйір микроб мың мүйіз тұмсық секілді, қиын және бір түйір жеміс үлкен ағаштай қиындық туғызады. Тіпті, тірі организмдегі керемет қызмет ететін әрбір ұсақ бөлшектің барлық нәрсені көретін көзі, барлығын білетін ілімі болуы керек болады. Сонда ғана мына аса күрделі керемет тіршілік жалғасын тауып, тірі организм өз міндетін атқармақ, бұл әрине ақылға сыйымсыз.

Сондай-ақ, Уахдетте яғни бірлікте, барлығын бір жерден басқаруда жеңілдік, оңайлық өте керемет дәрежеде болады. Мысалға, бір армияны қамтамасыз ету бір жерден жүргізілсе яки бір мекемеге жүктелсе бір жауынгердің қамтамасыз етілуі секілі оңай болмақ. Егер әр жерге, әр түрлі мекемелерге, әр түрлі фабрикаға жүктеліп бөлекбөлек тапсырылса бір жауынгердің қамтамасыз етілуі сан жағынан да көбейіп мың есе қиындық туғызар еді. Әрі, ол іске бірнеше бастық, бірнеше қолбасшы араласқандықтан мың қамтамасыз ету секілді мүшкіл қиын болар еді.

Әрі мың жауынгерді басқару, оларды тәртіпке келтіру бір офицерге тапсырылса, бір мағынада бір солдатты басқару секілді оңай ал, оларды он қолбасшыға немесе өздері секілді жауынгерлерге тапсырса тәртіп астан-кестең, бұзылып шым-шытырық қиындық туар еді.

Дәл осы мысалдар секілді, барлық нәрсе, Уахид-і Әхад бір Аллаһқа тапсырылса бір зат секілді оңай, егер себептерге жүктелсе бір жәндіктің басқарылуы бүкіл дүнияны басқару секілді мүшкіл, қиын болар еді. Сонымен, Уахданиет болғанда яғни бәрін біреу басқаратын болса жеңілдік ең жоғарғы деңгейде, тіпті міндетті түрде шарт дәрежесіне жетеді. Ал егер көп күштер араласса қиындық көбейіп, мүмкін еместік абсурд деңгейге жетеді. Рисалей-Нұрдың "Мектубат" кітабында айтылғандай, егер Күн мен Түннің ауысуын яки жұлдыздардың қозғалысын, жыл мезгілдері күз, қыс, көктем мен жаз секілді құбылыстарды бір басқарушыға, бір құдіретке тапсырса, Ұлы ағзам Басшы, Ұлы Құдірет бір жауынгер секілді жер шарына:"Тұр! Айнал! Жүр!"деп, әмір бергенде жер сол ілтипатты әмірді қабыл алысымен қуанғаннан құлшынып шыр айнала жөнеледі де екі түрлі қозғалысымен тәулік пен жылдық құбылыстарға, аспандағы түрлі қозғалыстарға оңай ұйтқы, болып, осылайша"уахдетте"жеңілдік болатынын көрсетеді. Ал, бір басқарушыға емес, себептерге

не жұлдыздардың өздері не жүктеліп өздері жасап жатыр десе, сөйтіп жер шарына:"Сен тоқта! Тұр!"десе, ол кезде жер шарынан мыңдаған есе үлкен, мыңдаған алып жұлдыздар, күндер, аспан денелері әр түні, әр жылда миллиондаған, миллиярдтаған жылдық қашықты жүріп жыл мезгілі, күн мен түннің ауысуы секілді алып құбылыстарды өздері жасауы керек болады. Бұл әрине, мүмкін емес, мүлдем қисынсыз, абсурд, өте мүшкіл ұғым.

ҮШІНШІ БАСПАЛДАҚТАҒЫ:وَتَجَلِّى الْاَحَدِيَّةِ Бұл сөз өте терең де зор, әрі күрделі де ауқымды ақиқатты меңзейді. Оны түсіндіріп, дәлелдеуді Риселей-Нұрға сілтеп, өте қысқа бір тәмсілмен, бір ғана нүктемен баяндауға тырысамыз. Иә, қалайша, көктегі Күн өзінің жарығымен жер бетін түгелдей жарықтандыруы"Уахидяттың"үлгісі ретінде сондай-ақ, айна іспеттес жылтырақ нәрселер де Күнге жеке-жеке шағылысып, оның жеті түсін, пішінін, сәулесін, затының суретін көрсетуі,"Әхадияттың"үлгі-мысалы деуге болады.

Егер, Күннің ілімі, құдіреті, еркі болса және оны шағылыстырып тұрған шыны әйнектердің, көпіршіктердің, су тамшыларының өзіндік бір қабілеті бар деп қарайтын болсақ онда "Иләһи ираденің" заңы бойынша әрбір айнашықтың ішінен Күн өзінің суретімен, сипаттарымен табылып, бір сәтте басқа барлық жерлерде болып және жан-жақта өзінің толық өзінің әсерімен Раббани құдіреттің қалауы бойынша үлкен ауқымды құбылысарға ие болып, осылайша әхадияттағы керемет жеңілдікті, оңайлықты көрсетер еді. Дәл сол секілді, Сани-ы Зүлжәлал Аллаһ"уахидият"сырымен, болмыс атаулыны жаппай өзінің"ілім", "ираде", "құдірет"сипаттарымен қамтып, барлық жерде әзір, нәзір екенін көрсетеді. Сондай-ақ, Әхадият сырымен әрбір нәрсенің жанында, әсіресе, тірі жандылардың қасынан өзінің есім-сипаттарымен бірге табылады. Сөйтіп, оп-оңай бір сәтте шыбынды самұрық құсы тәрізді күрделі табиғатымен бірге немесе бір адамды шағын бір әлем бейнесінде жаратады. Тіріжанның барлығын керемет шебер жарататыны сонша, егер бүкіл себептер жиналса барлығы бірігіп бір бұлбұлды, бір шыбынды жасай алмас еді. Бір бұлбұлды жаратқан құдірет бүкіл құстарды жаратқан болуы керек. Бір адамды жаратқанның, бүкіл әлемді жаратқан құдірет болуы тиіс.

ТӨРТІНШІ ЖӘНЕ БЕСІНШІ БАСПАЛДАҚ:

وَ بِسِرِّ الْوُجُوبِ وَ التَّجَرُّدِ وَ مُبَايَنَةِ الْمَاهِيَّةِ وَ بِسِرِّ عَدَمِ التَّقَيُّدِ وَ عَدَمِ التَّحَيُّزِ وَ عَدَمِ التَّجَزّ۪ى

Осы екі баспалдақтың ақиқатын жалпыға түсіндіру оңай шаруа емес. Сондықтан, тек бір-екі нүктесін қысқаша баяндап, жәй шолып өтеміз. Жалпы болмыстың көптеген дәрежелері бар. Соның ең қуаттысы, ең мықтысы"ужуб"дәрежесіндегідей болмас. Енді, өзі ужуб және болмысы әзәли уә әбәди иесі және материядан аулақ және пәк, болмысы ешнәрсеге ұқсамайтын, муқаддес Қадир-и Мутлақ Аллаһтың құдіретіне алып жұлдыздар ең ұсақ бөлшек зәррелер секілді жеңіл, ал хашир яғни қайта тірілу, бір көктем секілді оңай, Оған махшар күні бүкіл адамзатты тірілту бір адамды тірілту сияқты оңай. Өйткені, болмыстың ең қуаттысы ол мейлі кішкентай болса да, өзінен төмен дәрежедегі болмыстың таудай үлкенін көтеріп ойнатып жібереді.

Мәселен, қуатты сыртқы денесі бар кішкене болмыс яғни кәдуілгі айна немесе есте сақтау қабілеті өзінен төмен айна немесе жеңіл болмысты жады, ол әлсіз яғни мысали әрі мағынауи жүз тауды және мың кітапты жұтып қояды, толық қамтиды орнынан ойната алады.

Міне, болмысы мысали болған нәрселер, болмысы "хариджи" яғни сыртқы заттық денесі бар болмыстан қаншалықты төмен болса да, жаратылыстың яғни мүмкинат әлеміндегі болуы да болмауы да мүмкін әрі кейін пайда болған болмыс, әзәли және мәңгі, әрі уәжіп болмыстың алдында мың есе әлсіз шексіз дәреже жеңіл болмақ. Мұндай муқаддес болмыс аз ғана әсер ету арқылы мүмкинат әлемінің бір әлемін толығымен қозғалысқа ендіріп, шыр айналдырады деген сөз.

Өкінішке орай, маған у ішкізгендіктен науқастанып және басқа себептерге байланысты осы терең ақиқатты тұжырымдауды РисалейНұрға сілтеп, басқа уақытқа қалды.

АЛТЫНЫШЫ БАСПАЛДАҚ:

وَ بِسِرِّ اِنْقِلَابِ الْعَوَائِقِ وَ الْمَوَانِعِ اِلٰى حُكْمِ الْوَسَٓائِلِ الْمُسَهِّلَاتِ

Яғни, қалайша, пәннің атауы бойынша уқдей-і хаят деп аталатын, Аллаһтың қалау-еркі, күш-құдіретінің бір сәулесі, жарату заңдары үлкен ағаштың бейсана тал бұтақтары оның жемісіне, жапырағына, гүлдеріне баруы тиіс қажетті заттарды, ризықтарын тасуға келгенде еш кедергі, тосқауылтуғызбайды керісінше олар тез әрі оңай таралуына себеп болады. Дәл сол секілді, әлем жалпы жаратылыстағы барлық кедергі секілді себептер, Аллаһтың қалауымен Оның Раббани әмірі келгенде кедергі болмақ түгілі, жеңілдікке, оңай жүзеге асуына ұйтқы, себеп болатындықтан Құдайдың құдіреті әлемді және жердегі түрлі жаратылысты бір түп ағашты жаратқандай жеңіл, тым оңай жаратады. Оған ешнәрсе ауыр емес әсте кедергі туғызбайды, еш қиын емес. Ал, егер жарату істерін Иләһи құдіреттен деп білмесе, бір түп ағаштың жаратылып, басқарылуы бүкіл ағаштардың тіпті, жер шарының жаратылып, басқарылуы секілді мүшкіл, мүлдем қиын. Өйткені, әрбір нәрсе кедергі туғызып, бәрі тосқауыл болар еді. Ол кезде, бүкіл себептер жиналып, ағаштың"уқдей-і хаятынан"яғни Аллаһтың әмір мен қалауының орталығы, қозғалтқыш нүктесінен жүйелі түрде, жемісіне, жапырағына, сабағына жөнелтіліп жатқан қажетті азықтар, қоректік заттар жөнелтілмей тоқтап қалар еді. Әлгі қоректік заттардың тоқтамай жөнелтілуі үшін ағаштағы әрбір бөлшектің тіпті, әрбір зәрренің жаппай көретін көзі, бәрін білетін ілімі, шексіз құдіреті болуы керек. Бұл мүмкін емес. Сонымен, осы аталған бес баспалдақты басып жоғары шық! Күпірлік пен ширкте қаншалықты мүшкіл, түсініксіз нәрселер, тіпті ақылға сиымсыз мүмкін емес жәйттар болатынын, ал иманда, Құран жолында керемет жеңіл әрі ақылға қонымды, әрі солай болуы қажетті ақиқат бар екенін көр, түсін! اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى نِعْمَةِ الْا۪يمَانِ деп айт!

Мендегі мазасыздық, қиналыс осы аса маңызды баспалдақтың кейбір тұстарын баяндауды кейінгі қалдырды.

ЖЕТІНШІ БАСПАЛДАҚ:

وَ بِسِرِّ اَنَّ الذَّرَّةَ وَ الْجُزْءَ وَ الْجُزْئِىَّ وَ النُّوَاةَ وَ الْاِنْسَانَ لَيْسَتْ بِاَقَلَّ صَنْعَةً وَ جَزَالَةً مِنَ النَّجْمِ وَ الْكُلِّ وَ الْكُلِّىِّ وَ الشَّجَرِ وَ الْعَالَمِ

Ескерту:Бұл тоғыз баспалдақтың ақиқаттарының негізі, қайнар бұлағы және жарық қылып тұрған Күні, Ықылас сүресіндегі

قُلْ هُوَ اللّٰهُ اَحَدٌ ٭ اَللّٰهُ الصَّمَدُ аяттары болып табылады. Бұл ақиқаттар Әхадият пен Сәмадият сырларының шуақтарынан төгілген нұрлар болып саналады, сол туралы баяндайды, соларға ишара. Осы Жетінші баспалдақтың қысқаша мағынасына бір-екі тұжырым арқылы қысқаша шолу жасап, егжей-тежейлі баяндауды Рисалей-Нұрға тапсырамыз.

Яғни, көздегі немесе мидағы керемет қызмет атқаратын бір зәрре жұлдыздан кем емес. Қандай да бір заттың бөлшегі сол заттың тұтас өзінен асып түспесе кем түспейді. Мысалы, ми мен көз жалпы адамның болмысынан немесе кішкене бөлшек сол өзі орналасқан нәрседен өнер жағынан, керемет таңғажайып, ол жаратылысы тұрғысынан алғанда кем түспейді. Бір адам ғажайып сезім мүшелері тұрғысынан барлық хайуан жынысынан асып түспесе кем емес. Және бір кітаптың мазмұны немесе бағдарламасы немесе ес-жады іспеттес дән керемет шебер жаратылысы тұрығысынан және көп нәрсені қамту жағынан зәулім ағаштан кем емес. Бір өзі шағын әлемге ұқсайтын бір адам, кәміл табиғатымен, күрделі сезім мүшелері мен бай құралжабдықтарымен мыңдаған ғажайып міндет атқару тұрғысынан бүкіл әлемнен кем емес.

Демек, бір түйір зәррені жаратқан Құдіретке жұлдызды жарату түк емес. Бір ғана ағзаны яғни тілді жаратқанға әлбетте, адамды жарату оп-оңай. Бір ғана адамды осындай кәміл етіп жаратқан Құдірет, сөзсіз бүкіл жан-жануарларды оп-оңай жарата алады, әрі көз алдымызда жаратуда. Дән, тұқымдарды мазмұнды түрде немесе тіршіліктің өзегі және заңдардың жиынтығы ретінде жаратқан құдірет, әлбетте, бүкіл ағаштарды жарата алады. Сондай-ақ, әлемнің белгілі мағынада мағынауи тұқымы әрі аса күрделі де мазмұнды жемісі болып табылатын адамды жаратып, барлық Иләһи көркем есімдерге айна әрі оны бүкіл әлеммен байланысты етіп, жер шарының халифасы бейнесінде Жаратқан, құдірет әлбетте оған еш күмән жоқ шексіз құдірет Иесі. Ол құдірет алып ғаламды бір адамның жаратылуы секілді жеңіл, әрі оңай жаратып, реттеп, жүйеге келтіреді. Олай болса, бір зәрренің немесе бір бөлшектің немесе дән тұқымның немесе бір түйір адамның жаратушысы, Раббысы, шебер Ұстасы кім болса, әлбетте оған шәк жоқ, жұлдыздардың Раббысы, адамзаттың, бүкіл ағаштардың, күллі әлемнің жаратушысы, Шебер Иесі де дәл Сол. Басқа біреуі болуы әсте мүмкін емес!

СЕГІЗІНШІ БАСПАЛДАҚ:

وَبِسِرِّ اَنَّ الْمُحَاطَ وَ الْجُزْئِيَّاتِ كَالْاَمْثِلَةِ الْمَكْتُوبَةِ الْمُصَغَّرَةِ اَوْ كَالنُّقَطِ الْمَحْلُوبَةِ الْمُعَصَّرَةِ فَلَا بُدَّ اَنْ يَكُونَ الْمُح۪يطُ وَ الْكُلِّيَّاتُ ف۪ى قَبْضَةِ خَالِقِ الْمُحَاطِ وَ الْجُزْئِيَّاتِ لِيُدْرِجَ مِثَالَهَا ف۪يهَا بِمَوَاز۪ينِ عِلْمِه۪ٓ اَوْ يُعَصِّرَهَا مِنْهَا بِدَسَات۪يرِ حِكْمَتِهِ

Яғни, ортада орналасқан"жүзият"яғни жан-жақты қамтылған ұсақ бөлшектер сондай-ақ"күлл" мен "күллияттың"ішіне орналасқан яғни тұтас нәрселердің ішіндегі жеке өзіндік заттар, дән-тұқымдар, өздерін қоршап, қамтып тұрған үлкен нәрселермен салыстырғанда олар әлгі үлкен нәрселердің үлгі-мысалдары тәрізді, өте ұсақ әріппен кішкене тар жерге жазылған бірақ, дәл күлл, "күллият" сияқты яғни өзі шектеулі, ұсақ бөлшек секілді көрінгенімен негізінде шексіз әрі тұтас бір зат болып саналады. Олай болса, барлығын қамтып жатқан"күллият"яғни шексіз әлгі"жүзияттың"яғни шектеулі бір бөлшектің Жаратушысының қолында, оның толық иелігінде. Демек, ол құдірет өз ілімінің ережесімен, көзге көрінбейтін қаламымен әлгі үлкен мазмұнды кітапты анау кіп-кішкене ұсақ жерлерге, тақталарға сиғызып жазып, қойған.

Сондай-ақ, қамтылған бөлшектер, ұсақ нәрселер өздерін қамтып тұрған нәрселермен өзара тығыз байланыста, бейне бір айналасынан сауылып алынған сүт тамшылары секілді немесе сүзбе яки біреу барлығын сығып осы нәрселерді жаратқандай. Мысалы, қауынның дәндері барлық қауындардан сауылып алынған бір тамшы немесе ол бір кітапты толық қамтитын мазмұны тәрізді. Олай болса, әлбетте әлгі"жүзият",яғни дән-дәнектер тамшылар, нүктелер, жеке тұлғалар, ұсақ бөлшектер де және оларды қамтып жатқан"күлли", "күллият"тұтас нәрселер бәрі бәрі Жаратушы құдіреттің қолында болғаны. Ол аса хикметпен, өзінің күрделі ереже заңдарымен жеке тұлғаларды, тамшыларды, нүктелерді, дәнектерді әлгі"күлли"нәрселерден яғни бәрін қамтып жатқан тұтас заттардан сығып, сауып сүзіп алған. Демек, бір түйір тұқымды не бір тұлғаны жаратқан құдірет, әлбетте үлкен"күлл"яғни шексіз тұтастарды,"күллиятты"және оларды да қамтып жатқан және олардан да үлкен басқа"күллияттарды"

жаратқан құдірет болғаны. Басқаша болуы мүмкін емес. Олай болса, бір түйір жанды жаратқан құдірет бүкіл адамзатты жарата алады. Және, бір түйір мәйітті тірілткен құдірет хаширде яғни махшар күні бүкіл жын мен адамзатты тірілте алады, тірілтеді де! Сонымен,

مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ

аятының үкімі, алға тартқан мәселесі нақты да жарқын түрде хақ екені, нағыз ақиқат екені белгілі болды.

ТОҒЫЗЫНШЫ БАСПАЛДАҚ:

وَ بِسِرِّ كَمَا اَنَّ قُرْاٰنَ الْعِزَّةِ الْمَكْتُوبَ عَلَى الذَّرَّةِ الْمُسَمَّاةِ بِالْجَوْهَرِ الْفَرْدِ بِذَرَّاتِ الْاَث۪يرِ لَيْسَ بِاَقَلَّ جَزَالَةً وَ خَارِقِيَّةَ صَنْعَةٍ مِنْ قُرْاٰنِ الْعَظَمَةِ الْمَكْتُوبِ عَلٰى صَح۪يفَةِ السَّمَٓاءِ بِمِدَادِ النُّجُومِ وَ الشُّمُوسِ كَذٰلِكَ اِنَّ وَرْدَ الزُّهْرَةِ لَيْسَتْ بِاَقَلَّ جَزَالَةً وَ صَنْعَةً مِنْ دُرِّىِّ نَجْمِ الزُّهْرَةِ وَ لَا النَّمْلَةُ مِنَ الْف۪يلَةِ وَ لَا الْمِكْرُوبُ مِنَ الْكَرْكَدَانِ وَ لَا النَّحْلَةُ مِنَ النَّخْلَةِ بِالنِّسْبَةِ اِلٰى قُدْرَةِ خَالِقِ الْكَٓائِنَاتِ فَكَمَا اَنَّ غَايَةَ كَمَالِ السُّرْعَةِ وَ السُّهُولَةِ ف۪ى ا۪يجَادِ الْاَشْيَٓاءِ اَوْقَعَتْ اَهْلَ الضَّلَالَةِ ف۪ى اِلْتِبَاسِ التَّشْك۪يلِ بِالتَّشَكُّلِ الْمُسْتَلْزِمِ لِمُحَالَاتٍ غَيْرِ مَحْدُودَةٍ تَمُجُّهَا الْاَوْهَامُ كَذٰلِكَ اَثْبَتَتْ لِاَهْلِ الْهِدَايَةِ تَسَاوِىَ النُّجُومِ مَعَ الذَّرَّاتِ بِالنِّسْبَةِ اِلٰى قُدْرَةِ خَالِقِ الْكَائِنَاتِ جَلَّ جَلَالُهُ وَ لَٓا اِلٰهَ ِالَّا هُوَ اللّٰهُ اَكْبَرُ

[Бұл соңғы баспалдақтың ақиқатын ұзақ түрде баяндап бергім-ақ келеді. Бірақ, өкінішке орай, маған залымдардың ұймдастырған зұлымдық жоспары, қыспаққа алып азаптауы және у беріп әлсіретуі және денемді меңдеткен аурудың кесірінен тек қысқа ишарамен шектелуге мәжбүр болдым.]

Яғни, қалайша, бір түйір зәрреге яғни бөлінбейтін және кәлам ілімі бойынша, жалпы философияда да"жәуһар"деп аталатын бір зәрренің ішіне одан да ұсақ"әсир"деген нәрсенің бөлшектерімен бір Құран Кәрім жазылса және Аспанға яғни Көктегі параққа жұлдыздармен, Күндермен тағы бір өзгеше Құран Кәрім жазылып, сөйтіп екеуін салыстырса, әлбетте,"Жәуһар"зәррелермен жазылған кішкентай, шағын Құран, анау көктегі жалт-жұлт еткен үлкен Құраннан өнер жағынан, таңғажайыптығы тұрғысынан кереметтігі кем емес, тіпті белгілі бір мағынада кейбір тұстары асып түсуі мүмкін. Дәл сол секілді, әлемді жаратқан Аллаһтың құдіретіне қарай салыстыратын болсақ, өнер жағынан, шеберлік тұрғысынан"Зухра" гүлі "Зухра"жұлдызынан кем емес. Дәл сол сияқты кішкене құмырсқа да алып пілден кем емес. Көзге түспейтін микроб, үлкен мүйізтұмсықтан жаратылысы тұрғысынан әлдеқайда таңғажайып және бал арасы құрма ағашымен салыстырғанда табиғаты жағынан анағұрлым жоғары. Демек, бір түйір араны жаратқан Құдірет бүкіл хайуандарды, тіршілік иелерін жарата алады. Бір жандыны тірілткен хаширде бүкіл адамзатты тірілтіп махшар алаңына жинай алады, жинайды. Ешнәрсе оған қиын емес. Өйткені, ол әрбір көктемде көз алдымызда өте жылдам әрі оңай хаширдің яғни қайта тірілудің жүз мың үлгімысалдарын жаратып көрсетуде.

Соңғы арабша мәтіннің өте қысқа тұжырымы былай: Яғни, адасқандар жоғарыда аталған баспалдақтардың терең де мықты ақиқаттарынан бейхабар болғандықтан және жаратылыс өте тез әрі тым оңай жаратылып жатқандықтан, жаратылыстың осылай белгілі бір бейнеге еніп, Құдайдың шексіз құдіретімен жаратылуын өздігінен болып, өзіне-өзі пайда болып жатыр деген жаңсақ пікірге сенеді. Сөйтіп, дүнияда ешбір ақыл, тіпті қиял қабылдамайтын мүлдем "мухал" мүмкін емес сандырақ пікір ойды қабылдайды.

Олардың ойынша, егер Құдайдың құдіреті жаратпаса, әрбір тірі организмнің, әрбір зәрренің шексіз құдіреті, шексіз ілімі, барлығын көретін өткір көзі, қолынан бәрі келетін асқан күш-құдіреті болуы керек. Сонда олар, бір Құдайды қабылдамаймын деп, зәррелер қанша болса сонша тәңір, иләһтарды қабылдауға мәжбүр болып жәһаннамның түбіне түсуге лайық болғаны.

Ал, тура жолдағылар болса, жоғарыда аталған қуатты ақиқаттар мен бұлтартпас айғақтар арқылы олардың сау-сәламат жүректері, түзу ақылдары толық қанағаттанып, иманына қуат беріп, нанымдары одан әрі мықтап бекіте түседі. Құдайдың құдіретіне жұлдыздар мен зәррелер, ең кішкентай нәрсе мен ең алып нәрселер бәрі бірдей, еш айырмасы жоқ. Мұндай таңғажайып құбылыстар көз алдымызда болып жатыр. Әрбір оқиға, табиғаттағы әрбір Иләһи өнер

مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ

аяты айтқан мәселені, оның нақты үкімін хақ, ақиқат екенін растап, куәлік етеді. Хал тілдерімен"Аллаһу акбар!"дейді. Біз де, олар қанша болса сонша мәрте, оларға еріп"Аллаһу акбар"дейміз. Осы аяттың үкімінің хақ әрі ақиқат екенін бар күшімізбен растап, сансыз дәлелдермен куәлік етеміз.

* * *

[Рисалей-Нұр нендей кітап? Рисалей-Нұрдың мәнмағынасы нендей және оның тәржімешісі кім?]

Әр ғасырда діннің жоғарғы мәртебелі қызметшілері келіп, діннің мерейін көтеретіні жайлы хадисте сүйіншілеп хабар берген. Олар,"мубтеди" емес, "муттәбилер"яғни өз ойларынан жаңа бір нәрсе қоспайды, үкім шығармайды. Діннің негіздерін, шариғат үкімдерін, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетін айнытпай ұстанып, дінді қуаттап, мықтап бекітіп, діннің ақиқатын, асылын жарыққа шығарып және дінге араластырмақ болған бұрыс, жат пікірлерді жойып, Аллаһтың әмірлерінің орындалуына жағдай жасап, шариғаттың үстемдігін халыққа көрсетіп, жаһанға жар салады. Олар діннің негіздерін әсте өзгертпей, оның рухын сақтап, тек түсіндіруге келгенде жаңа әдіс қолданып, заманның түсінігіне сай түсініктеме жасап өз міндеттерін адал атқарады. Мұндай Раббани қызметшілер іс-амалдарымен өздерінің қызметкер екендерін дәлелдейді. Олардың имандары берік, ықыластары зор, нұрға толық айна қызметін атқарады. Иманы таудай мықты екенін, іс жүзінде көрсетеді. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін өнеге тұтып, оның көркем мінез-құлқын барынша көрсетуге тырысады. Қысқасы, іс-әрекеттері және сүннетке мойынсұну жағынан Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметіне үлгі болып, жетекшілік етеді. Олар Аллаһтың кәламын тәпсірлеп жазған кітаптары, діни үкімдерді түсіндіруі және заманауи ұғымға сай және ілім деңгейіне сәйкес еңбектері өз зейінінен, ойынан шыққан деуге болмайды. Олардың тәпсір кітаптары тікелей уахидың бұлағы болған Ардақты Пайғамабарымыздың (с.а.у.) мағынауи илхамымен яғни нұсқауымен жазылған. Атап айтсақ,"Джәлжәлутия", "Мәснәу-и Шәриф", "Футух-ул Ғайб"т.с.с. кітаптар сынды. Мұндай киелі еңбектердің жарыққа шығуына оның авторлары тек тәржімеші қызметін атқарады. Әрине, бұл ерекше тұлғалар, әлгі ерекше кітаптарды реттеуде, баяндау тәсілінде өз үлестері жоқ емес, яғни олар әлгі мағынаның мазхары, айнасы, шағылыстырушылары ғана.

Рисалей-Нұр және оның тәржімешісіне келер болсақ, бұл ерекше еңбекте осы кезге дейін теңдесі жоқ, керемет нұр, айырықша кемелдік байқалады. Сондықтан болар, ешбір кітаптардың бөленбеген абыройға ие болып, һидаят нұрын шашқан, бақыттың жолын ашқан

Қасиетті Құранның нұр-фейізіне бөленгені көрініп тұр. Сол үшін сенімді түрде, бұл еңбекті Құранның нұры деп айта аламыз. Бұл кітапты әулиелердің еңбегі дегеннен гөрі Мұхаммедтің (с.а.у.) нұрфейізіне бөленген тәпсір деген дұрыс. Сондай-ақ, Ардақты Зат-ы Пәк-і Рисалеттің ықпалы, алаңдаушылығы және қудси басқаруы әулиелердің кітабынан басымырақ әрі тәржімешісі болып табылатын мағынауи тұлғаның үлесі, кемелдігі соншалықты мол әрі жоғары әрі теңдессіз екені Айдан анық, жарқын ақиқат.

Иә, ол кісі сонау жас кезінде әлі еш ілім жинамай тұрып, рухани жағдайды сақтап қалу үшін үш айлық ілім жинаумен-ақ бұрынғы заманның, кейінгі жаңа заманның ілімін меңгеріп, діни, руханият, хикмет, астрономия, Иләһи ілім бәрін-бәрін жетік біліп, ілімнің шырқау биігіне көтерілген. Ондай дәрежеге сірә, ешкім жете қоймаған болар. Осы нұрды жеткізуші кісі, осындай ерекше жағдайда бола тұра, абыройы асқақ, ержүрек батыр, көңілі тоқ, керемет мінез құлық иесі. Яғни, мұсылман үмметіне Аллаһтың мұғжизасы, көзге көрінетін Иләһи заттық рахымы, баға жетпес сыйкәдесі. Бұл таңғажайып кісі, бәлиғатқа толмай жатып толыққанды ғұлама аталып, бүкіл ілім дүниесін дүр сілкіндірді. Қандай да бір ілім адамымен тартысқанда үстем келіп жеңіп отыратын. Қандай да бір тақырыпта сұрақ қойылса, толық қанағаттанарлық, еш күмәнсіз жауап берген. Ол он төрт жасынан бастап ұстаз атанған. Айналасына ілім мен хикмет нұрын шашқан. Ерекше түсіндіру тәсілі, мәселені жан-жақты қолға алып, керемет парасаттылық, көрегенділік танытып зиялы қауымды таңғалдырған. Осылайша, "Бәдиүззаман" лақабын иеленген. Жоғарғы қасиеттерге ие, ілімі терең құнды қырларымен танылып Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін жаюда, оны дәріптеуде өнеге болған бұл кісі әлбетте, Сәйид-үл Мүрсәлиннің (с.а.у.) қошаметіне бөленген, Оның желеп-жебеуіне ие болған тұлға деуге болады. Ол, Нәби-і Ақдестің (с.а.у.) әмірімен, оның нұсқауымен жүрген, оны өзі қадағалап, Оның нұрына мұрагер әрі айналық қызметін адал атқарған ерекше тұлға. Ол кісінің Мұхаммеди (с.а.у.) нұрларды, Ахмеди ілімді, Иләһи фейізді өте жарқын көрсетуі және Құрани әрі хадиси ишаралардың сол кісіге келіп түйісуі және Пайғамбарымыздың(с.а.у) атына бағытталған жәлил аяттардың баяндары сол кісіге тоғысуы кездейсоқ емес.

Ол мынаны мегзейді: Ол кісі иманға қызмет тұрғысында Рисалеттің (пайғамбарлықтың)жарқын айнасы, Рисалет ағашының соңғы нұрлы жемісі. Рисалеттің мұрагер ақиқаты, Иләһи нұр-сәуленің имани қызмет тұрығысынан соңғы жүкті тасушысы екені еш күмән жоқ ақиқат.

Үшінші Юсүф медресесінің Әл-худжат-уз Зәхра

және Зухрет-ун Нұр деп аталған бір ғана дәрісін

тыңдаған Нұр шәкірттерінің атынан

Ахмед Фейзи, Ахмед Назиф, Салахаддин,

Зубәйр, Джәйлан, Сунгур, Табанжали.

Бұл хатта менің үлесімді жүз есе көбейтіп асыра сілтегені көрініп тұр, дегенмен хатқа қол қойған бауырларымның көңілін қалдыруға батылым жетпеді. Үндемей қоя салдым да мадақты Рисалей-Нұр шәкірттерінің мағынауи тұлғасы атынан қабылдауды жөн көрдім.

Саид Нұрси.

* * * * * *

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪

اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ اَبَدًا دَائِمًا

Аса сүйікті, өте мүбарак, тым қымбатты Ұстазымыз!

Уа, өз қалауынан бас тартып бүкіл шаруасын Аллаһтың қалауына тапсырған жан! Сырттай бәле болып көрінген нәрселерде тағдырдың мейірім-шуағын, хикмет-сырын көріп толық тәуекел еткен, бәріне көніп Раббани шұғаның нәтижелерін сабыр сақтап күте білген қадірменді Ұстаз!

Кейбір аймақтарда иманды жандардың сүйенетін тірегі қисайып, кейбір бұқаралық ақпараттар шектен шығып иман шарттарына қарсы шабуылын үдетіп, Аллаһқа сенбейтін адамдар ашықтан ашық, тіпті, мақтанышпен талтаң басып жүрген кезде және Қасиетті Құранның әмірлеріне қайшы әрекет ету, руханиятқа сенбеу және жарату ісін соқыр мылқау табиғатқа телу мәдениеттіліктің белгісі, зиялылық саналып, төбе шашты тік тұрғызатын сұмдық заманда Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы Рисалей-Нұр тәпсірін жарыққа шығарып, осылайша рухани қиыншылыққа ұшырап Иманға шөліркеген бейшара жандарға абылхаят тәрізді дәрмен жеткізген, мәңгі бақыт жайлы сүйінші хабар берген және айтқан сөзін нақты айғақтармен дәлелдеп ақиқатқа апарар даңғыл жол көрсеткен бастаушымыз және اَلسَّبَبُ كَالْفَاعِلِ яғни, кім неге себеп болса соны істеген болып есептеледі дегендей Рисалей-Нұр арқылы иманын сақтап қалған жүз мыңдаған Нұр шәкірттерінің әжір, сауаптарының бір бөлімі амал дәптеріне жазылып жатқан ардақты да Азиз ұстазымыз!

Аллаһ Тағала Денизлі түрмесіндегі қиыншылықтарды ұмытқызатын, жанға шипа, дертке дәрмен"Миуа Рисалесін"дәл сол түрмеде нәсіп етіп, гүлдің хош иісі тікенінің ащылығын сездірмейтіні секілді уақытша көрген азаптарымызды ұмытқызып жіберді. Дәл сол секілді, тағы да сол Кәрим Аллаһ Рахим-і Зүлжәлал Денизлі түрмесінің бір айлық азабын бір күнде тартқызған мына Афион түрмесінде сіз арқылы у қайтарғыш, секілді шипалық қасиеті бар"тәухид", "тахмид", "истиана"тақырыптарын яғни Аллаһты бірлеу, мақтау, көмек

сұрау және Мұхаммеди Рисалетті мойындататын ұлы айғақтарды нәсіп етті. Оқып жазуды Рисалей- Нұрдың саясында үйренген мына кемшілігі көп шәкіртіңіз қолымыздағы үш шағын Рисалені, құдды дән тұқымдар зәулім ағаштың бағдарламасын қамтып тұратыны секілді оларды да Рисалей-Нұрдың ақиқаттарының нақты дәлелі әрі белгілі мағынада қорытындысы, өзегі деп қабылдаудың.

Әрине, толық сипаттау қолдан келмесі анық, дегенмен оқығанда рухымыз шарықтап, көңіліміз тасып, уайым қайғымыз қуанышқа айналып, имани баудан түрлі жемістер әкеліп сыйлаған осы үш шағын рисаленің әрқайсысы қазіргі таңдағы күпірлікті, адасушылықты, табиғат жаратты дейтін қараңғы пікірді тас-талқан ететін Он Бір тәухид айғағы десек, екіншісі Рисалей-Нұрдағы барлық теңеу мысалдардың бұлағы, ұстазы"Фатиха"сүресі болса, бұл соның имани, киелі айғақтарын қамтыған құнды тәпсір, ал үшіншісі болса Афион абақтысында сіздің мүбәрак көкейіңізге келген Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы толық қанағаттанарлық керемет рисале. Біз ешбір құрметке әсте лайық емес болсақ та осындай қымбат рисалелеріңізді алдық. Бар күшімізбен аянбай қызмет етуге дайынбыз. Аллаһқа сансыз шүкір ете ұстазымызға былай дұға еттік:"Уа, Әрхам-ур Рахимин! Ұстазымыз Саид Нұрсидан мәңгі бақи риза бол!"

اَلْبَاقِى هُوَ الْبَاقِى

Рисалей-Нұр таләбалары атынан

Зүбәйір, Джәйлан, Сунгур, Ибраһим

* * * * * *

"ӘЛ-ХУТБӘТ-ҮС ШАМИЯ" атты арабша дәрістің аудармасының кіріспесі

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪

اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ اَبَدًا دَائِمًا

Азиз, адал бауырларым!

[Қырық жыл бұрын Шам қаласындағы Әмәуи мешітінде Шам ғұламаларының өтініші бойынша он мың адамға жуық көпшілік жиылған, ішінде жүздеген ілім иелері бар дүйім жамағатқа арабша берілген дәріс те яғни осы рисаледе айтылған ақиқаттарды бұрынғы Саид алдын ала сезіп, нақты болатындай сүйінші хабар беріп, жақында ол ақиқаттар жүзеге асады деп ойлаған. Алайда, ол жақсы хабарды дүниежүзілік екі соғыс және жиырма бес жылға созылған өктемшіл режим қырық жылға кейінге шегеріп кешіктірді. Енді, қазір сол кездегі сүйінші хабар қаз-қалпында Ислам әлемінде көріне бастады. Демек, бұл маңызы зор дәріс бұрынғы уақыты өтіп кеткен 1327 жылғы құтба емес, керісінше тікелей 1371 жылда болатын және Әмәуи мешіттің орнына Ислам әлемі мешіт ретінде, үш жүз жетпіс миллиондық жамағатқа арналған ақиқатқа толы, өміршең Ислами жаңа қоғам өміріне қатысты дәріс деп қабылдап, аударма жасап кітапша ретінде шығару егер дұрыс деп ұйғарсаңдар бастыруға болар.]

Өте маңызды сұрақтың өте маңызды жауабы осы жерге жазылуы керек болды. Өйткені, қырық жыл бұрын, бұрынғы Саид өзінің дәрісінде алдын ала сезгендей Рисалей-Нұрдың ғажап дәрістерін және керемет қызметін көргендей хабар берген. Сондықтан, сол сұрақ пен жауапты жазғанды жөн көрдік.

Көпшілік тарапынан мұндай бір сұрақ қойылып сұрап жатыр: "Мұнша қыруар дұшпандарға және қырсық философтар мен адасқандарға қарсы Рисалей-Нұр қарсы тұрып, төтеп беруі

таңғаларлық оқиға. Иман жайлы миллиондаған құнды кітаптар мен Ислам туралы шығармалардың жайылуына тосқауыл болып, азғындық және дүниялық өмірдің ләззаттарын көрсету арқылы көптеген бейшара жастарды, жалпы халықты иман ақиқаттарынан мақұрым қалдырып жатырған мына заманда және Рисалей-Нұрға сұмдық шүйлігіп небір азғырынды үгіт жүргізсе де және жала жауып халықты үркітіп бастартқызуға тырысып жатса дағы басқа кітаптармен салыстырғанда Рисалей-Нұрдың таңғажайып түрде кеңінен тарауы, тіпті басым көпшілігі қолжазбамен көбейтіліп алты жүз мың нұсқа оқырмандар арасынада қызыға оқылып, жасырын жайылып ел арасына, тіпті ел асып шетелдерге өзін қызығушылықпен оқытуы таңғаларлық жәйт. Мұның хикмет сырын ашып берсеңіз!" деген мағынада көптеген сұрақтарға жауап ретінде былай демекпін:

Хикметке толы Құранның кереметімен оның ақиқи тәпсірі боп табылатын Рисалей-Нұр бұл дүниенің өзінде мағынауи жәһаннам бар екенін, адасушылықтың өзі тозақ екенін көрсетеді. Сондай-ақ, имандылықтың ішінде бұл дүнияның өзінде рухани жәннат бар екенін дәлелдейді. Және, күнә, жамандық, харам нәрселердің ішінде рухани азапты көрсетіп, ал жақсы қасиеттерде, шариғаттың ақиқатарында, ізгі амалдарда жұмақтың рахатына ұқсас рухани ләззат бар екенін көрсетеді. Осылайша, азғын жолда адасып жүрген жандарды осы тұсынан келіп, егер ақиқатты тыңдарлық ақылы болса құтқарып қалады. Себебі, мына заманда екі сұмдық жағдай бар.

Біріншісі:Істің соңын ойламайтын және кейін болатын үлкен ләззатты дайын тұрған кішкентай ләззатқа айырбастап жіберетін бір сезім, ақыл мен ой-пікірді билеп алған. Сондықтан азғын жолда жүргендерді қайтарудың бір ғана шарасы бар. Ол, дәл сол ләззаттының ішінде азапты көрсетіп әлгі, соқыр құмарлық сезімді басу.

Және يَسْتَحِبُّونَ الْحَيٰوةَ الدُّنْيَا аятының ишара еткеніндей, бұл заманда адамдар ақыреттегі алмастай қымбат нығметтерді , мол ләззаттарды біле тұра тез сынғыш әйнек секілді дүниелік ләззатарды таңдайды. Осы тұрғыдан алғанда дүниеқұмарлыққа салынып қауіпке бас тігеді. Бұдан құтқарудың бір ғана шарасы бар. Ол, дүнияның өзінде жәһаннам азабына ұқсас азаптар бар екенін көрсету. Міне, Рисалей-Нұр осы әдісті қолданады. Әйтпесе, адамдар күпірліктің кесірінен азғындықтың ықпалынан құтыла алмайды. Оларға Аллаһ

Тағаланы таныстырып, жәһаннамның бар екенін дәлелдеп, тозақ отымен қорқытып, "қисық жолдан, қайт, харамнан тиыл!" десең, он адамның тіпті жиырманың бірі ғана құлақ асып, сабақ алады. Сабақ алған соң,"Аллаһ Тағала аса мейірімді әрі кешірімшіл ғой және тозақтың ауылы алыс!"деп, қайтадан бұрынғы азғын жолын жалғастыра береді. Жанмен, жүрегін сезім билеп алған.

Міне, Риселей-Нұр көптеген теңеулер арқылы күпірлік пен адасушылықтың дүниядағы салдарын, сұмдық нәтижелерін көрсету арқылы ең қырсық, тым нәпсіқұмар адамдардың өздерін әлгі сасық та пасық харам ләззаттардан, азғындықтардан жиіркендіріп, ақылы бар жандарды бастартқызып тәубаға келтіреді. Ондай теңеулер, атап айтсақ, Жетінші, Сегізінші Сөздердегі қысқа мысалдар және Отыз Екінші Сөздің Үшінші тарауындағы ұзақ теңеу. Олар тым азғын, адасып жүрген бейбақты қорқытып дәрісін мойындатқызады.

Мысалы, Нұр аятында қиялмен саяхат жасаған кезімде ақиқат түрде көрген жәйтті қысқаша ишара түрінде баяндап берейін.

Егжей-тегжейлі білгісі келгендер болса,"Сикке-й Ғайбия"кітабының соңына қарасын.

Сол саяхатта көргенім:Ризыққа мұқтаж хайуанат әлеміне материалистік философия көзімен қарадым. Қарасам, олардың мұңмұқтажы бастан асады. Өздері аш әрі тым әлсіз, тым бейшара. Маған жан-жануарлар әлемі тым аянышты, ауыр халде көрінді. Осылай адасқандар мен бейқамдардың назарымен қарағаныма қатты өкіндім. Енді, Құран хикметімен, имани назармен қарадым. Сонда, "Рахман" есімі"Рәззақ"мағынасында жарық еткен Күндей шыға келді. Әлгі аш, бейшара тірі жандар рахымның сәулесіне бөленді. Сосын, хайуанат әлеміндегі төлдер мен нәзік нәрестелерге назарым ауды. Олар жаппай әлсіз, өте әлжуаз, тым мұқтаж, ауыр да мұңлы халде екендігі сонша айналасын аяныштан жылатқандай, қараңғы қалған бір әлемді көрдім. Оларға, адасқандар секілді қарағаныма:"Қап, әттеген-ай!"деп өкіндім. Дереу, иман маған бір көзілдірік сыйлады. Қарасам,"Рахым"есімі шәпқат мағынасында жарқ етті. Әлгі, аянышты әлемді керемет сұлу, шырын да әсем бейнеге ауыстырды. Жарқыратып жібергені сонша, қайғы-мұңнан, өкініш пен аяныштан аққан жасты, рахат пен шүкірдің шаттық сезімінен аққан қуаныш жасына айналдырды.

Енді, адамзат әлеміне назар аудардым. Оған да адасқандар секілді назармен қарағанымда ол әлем өте қараңғы, сұмдық қорқынышты көрінді. Жүрегім, аузыма тығылып:"Қап!"деп өкіндім. Өйткені, адам бойында толассыз армандар, шексіз-талап тілектер, неше түрлі ой-мақсаттар, мәңгі болмысты аңсайтын қалау - ниеттер, жәннатты аңсайтын талпыныс-қабылеттер және шек қойылмаған түрлі сезімдер мен сансыз мұң-мұқтаждықтар бар. Сонымен қатар, басына небір бәлелер үйір. Дүниеде сан-алуан қиыншылықтар мен қауіпті дұшпандар қоршап, өмірі тым қысқа және күн сайын, сағат сайын өлім қаупі төніп тұрады. Аласапыран тірлік, ауыр тұрмыс. Бұл әрине жүректі жаралап, рухты азапқа салатын жәйт. Бір жағынан, өмірдің аяқталуы мен айырылысып қоштасулар, бір жағынан қараңғы қапастай көрінген қабір, адамдар болса топ-топ болып сол қараңғы шұңқырға түсіп жоқ болуда. Міне, адамзат әлемін осындай қараңғы да мұңлы түрде көргенімде жүрегім де рухым да, ақылым да тіпті бүкіл сезімдерім зар еңіреп жылауға дайын еді. Кенет, Құраның Нұры, қуатты иман әлгі адасушылық назарды жойып, имани назар ұсынды.

Қарасам, Аллаһтың"Әділ"есімі"Хаким"көкжиегінде,"Рахман"есімі"Кәрим"көкжиегінде,"Рахим"есімі"Ғафур"көкжиегінде яғни мағынасында, Баис есімі"Уарис"көкжиегінде,"Мухий"есімі"Мухсин"көкжиегінде,"Раб"есімі"Малик"көкжиегінде әрқайсысы Күндей жарқырап, әлгі қараңғы және ішінде небір әлемдері бар адамзат әлемін жаппай жарыққа бөлеп, құлпыртып жіберді. Жәһаннамға ұқсас жағдайдан құтқарып, нұрлы ақырет әлеміне қарай тура терезе ашып, әлгі қайғылы адамзат дүниесін нұрландырып жіберді. Мен бұған дән риза болып,"Әлхамдулләһ, Әшшукрулиллаһ"дедім. Сонда, бұл дүнияның өзінде Иманның ішінде мағынауи жұмақ, ал күпірлікте мағынауи тозақ бар екеніне көзім жетті.

Енді, жер шары бір әлем болып көрінді. Қиялмен саяхат еткен кезімде дінді қабылдамайтын философияның қараң қалған табиғат заңдары бойынша қарағандықтан сұмдық қорқынышты боп көрінді. Жер шары зеңбіректің оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып барады. Жиырма бес мың жылдық жолды бір жылда жүріп өтеді. Мұндай жылдамдықпен әрсәтте быт-шыт болуы мүмкін, ішкі

жағы дүмпіп жатқан, әбден қартайған жер шары сұмдық алып кеме тәрізді ұланғайыр кеңістікте саяхат жасап барады, үстінде шарасыз жағдайдағы адамзат бар. Бұл жағдай маған тым ауыр, қорқынышты болып көрінді. Көзім қарауытып, басым айналды. Философияның көзілдірігін жерге бір ұрып сындырдым. Кенет, Құранның хикметі, иманның даналығы арқылы нұрлы көзбен қарадым."Қарасам",Аспан мен жерді жаратқан"Қадир", "Алим", "Раб" Аллаһтың, "Рабб-ус сәмәуат-и уәл ард", "Мусаххир-үш Шәмси уәл қамар"есімдері, рахым, азамет, рубубият көкжиегінде Күндей жарқырап нұрға бөледі. Әлгі, қараңғы, үрейлі, сұмдық боп көрінген әлем жапжарық боп кетті. Сол кезде менің иманды көзіме жер шары керемет, өте бағынышты, еш қауіпсіз, сенімді және әркімнің ризық несібесі ішінде жүктелген сенімді саяхат кемесі тәрізді көрінді және көңіл көтеру үшін, әрі сауда үшін тіршілік иелерін мінгізіп алып, Күнді айналып кезіп жүрген және жаз, көктем, күз мезгілдерінің өнімдерін тұтынушыларға таситын ұшақ яки поезд тәрізді көрдім. Жер шарының зәррелері санынша"Әлхамдуилләһ ала ниғмәт-ил Иман!"дедім.

Міне, осындай көптеген теңеулермен Рисалей-Нұр адасқандар мен азғындардың бұл дүнияның өзінде жәһаннам азабын шегіп жүргендерін, ал имандылар мен ізгі амал жасаушылар дүнияның өзінде рухани жәннатта рахаттанып жүргенін нақты дәлелдеп берген. Әрине, әркім оны иманның дәрежесіне қарай сезінеді. Бірақ, мына аласапыран заманда сезімді әлсіретіп ақылды шатастыратын, адамның назарын басқа жаққа аударып, ойды шашыраңқы қылатын ағымдар ақыл-ойды тұсаулап, есеңгіретіп тастағандықтан адасқандар рухани азапты әзірше нақты сезбей жүр. Һидаят бұйырған имандылар да ғапылдыққа салынып нағыз рухани ләззаттың дәмін ала алмай, қадірін білмей жүр.

Бұл ғасырдағы екінші қауіпті жағдай:Бұл заманда мутлақ күпірлік және пән-пәлсападан туындаған адасу сондайақ, күпірліктен пайда болатын қырсықтық, тәкаппарлық бұрынғы уақытпен салыстырғанда өте көп. Ескі заманда Ислам ғалымдарының дәрістері, айтқан дәлелдері адамдарды толық қанағаттандыратын. Көкейдегі күмән-күдікті тез арада жойып жіберетін. Ол кезде жұрт жаппай Аллаһқа сенетіндіктен Аллаһ туралы айтып, жәһаннам азабын еске түсіргенде көпшілік қисық жолдан қайтып, тәубаға келетін.

Бұрын бір елде бір түйір кәпір болса, қазіргі заманда бір ауылда жүз кәпір бар. Бұрын пәнмен, іліммен адасып қырсығып иман ақиқаттарына қарсы шығатындардан қазіргілердің саны жүз есе көп. Бұл тоңмойын қырсықтар перғауынға ұқсап тәкаппарлана, қыңырланып иман ақиқаттарына қарсы шығады. Сондықтан, оларға қарсы атом бомбасы секілді қуатты, олардың наным-сенімдерін парам-парша қылатын киелі ақиқат ләзім. Сонда ғана олардың шабуылы тоқтап, кейбірі иманға келеді. Міне, Құдайға сансыз шүкір, осы заманның мағынауи дерттеріне нағыз шипа боларлық Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы, нұр сәулесі Рисалей-Нұр көптеген теңеу-мысалдармен ең қырсық, тоңмойындарды да Құранның алмас қылышымен шауып, тас-талқан етуде. Әлемде қанша зәрре болса, сонша уахданиятқа дәлел көрсетеді яғни Аллаһтың бір екенін, иманның ақиқаттары рас екенін нақты түрде көзге шұқып тұрып көрсетеді. Жиырма бес жылдан бері небір шабуылдарға төтеп беріп, жеңіске жетуде.

Иә, Рисалей-Нұр иман мен күпірді салыстыра отырып, адасу мен тура жол қалай болмақ екенін көзбен көргендей дәлелдейді.

Атап айтар болсақ, Жиырма Екінші Сөздің екі тарауы, ондағы айғақтар, Лемалар, Отыз Екінші Сөздің бірінші бөлімі, Отыз Үш Мектубтың терезелер бөлімі және Аса-и Мұса, оның Он бір айғақтары. Міне осы аталған рисалелерді мұқият оқыса, қазіргі заманғы толық күпірліктің, қырсық дінсіздіктің сағын сындыратын, күлін көкке ұшыратын ақиқаттар Рисалей-Нұрда көрініс тапқан Құрани ақиқаттар екені белгілі болады.

Иншаллаһ, Тылсымдар топтамасы кітабында, діннің маңызы зор терең сырлары мен әлемнің жаратылу себептері қалай баяндалған болса, осы аталған жинақтарда солай топтастырылған. Дәл солай, адасқандар дүнияның өзінде тозақи өмір кешуде, ал тура жолдағылар дүниеде де жұмақи рахатта жүргенін көзге көрсетіп және иманда жәннаттың мағынауи тұқымы бар екенін, ал күпірлікте Жәһаннамдағы заққұм ағашының тұқымы болатынын дәлелдеген Рисалей-Нұрдың сол сияқты үзінділері қысқа да нұсқа бір кітапшаға топтастырылып жақында жарыққа шығады, деген үміттемін, иншаллаһ.

Саид Нұрси

* * *

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪

Ғазиз, адал, табанды да қайсар, жанкешті де сенімді бауырларым!

Өздеріңе мәлім, Анкарадағы сарапшылар Рисалей-Нұрға қатысты кәрәмәттер мен ғайби ишараларды жоққа шығара алмаған. Тек, бұрыс түсініп ол кәрәмәттарды менікі деп ойлап,"мұндай нәрселер кітапқа жазылмауы керек. Өйткені, кәрәмәтты паш етіп, айтуға болмайды!"деп, наразылық білдіріпті. Мұндай жеңіл мінеулерге жауап ретінде уәжнанамаларымда былай дегенмін:

Олар менікі емес және ондай кәрәмәттардің иесі болу менің қолымнан келмейді. Олар Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизаларынан шашыраған нұр сәулелер Құранның нағыз тәпсірі болып табылатын Рисалей-Нұрдың бойыннан көрініс тапқан Иләһи илхам және шәкірттердің күш-қуатын арттыру үшін Аллаһтың сыйы.

Ал, икрамды яғни Аллаһтың сыйын көрсету, жұртқа айту шүкір болып табылады. Оған рұқсат бар және қабыл болатын амал. Енді қазір өте маңызды себепке байланысты, бұл туралы біраз түсініктеме жасайын.

Өйткені,"Бұл мәселені неге ашып айтып жатырсың, неліктен бұл мәселеге көп мән бересің, не үшін бірнеше айдан бері бұл тақырыпқа жиі тоқталып, кітаптарыңыздың көбі сол керемет жайлы болуда?"деген сауал қойылуда.

Жауабы:Бұл заманда мыңдаған бұзушыларға қарсы жүз мыңдаған жөндеуші керек бола тұра және Рисалей-Нұрдың имани қызметіне және маған жәрдемші әрі айтқанымды жазып отыратын жүздеген кісі керек бола тұра, қашқақтап жақындамау түгіл керісінше халық болып және билік басындағылар жоғары бағалап, құлшындыра демеу беріп, қолтығымнан сүйеу әрі бұл қызмет мәңгі өмірге қатысты болғандықтан, уақытша дүниелік өмірдің жұмыстарынан, пайда-табыстарынан жоғары қою иманды кісілерге уәжіп бола тұра, бұған мені мысалға алар болсақ, барлық нәрседен, жәрдемшілерден қол үздіріп, тиым салды. Сонымен қатар, олар бар күшімен бізге қарсы әрекет қылып, достарымның ынта-жігерін азайтып, оларды

менен, Рисалей-Нұрдан алыстатып, мен секілді қарт, науқас, әлсіз, жалғыз басты, ешкімді танымайтын шарасыз адамға мыңдаған адамның атқарар қызметін мойынына артып, оның үстіне әр түрлі қыспаққа алып, адамдарды қасына жолатпай, жұртты бездіруге, менің күш-жігерімді, ынтамды жоюға тырысқандықтан, міне осындай тосқауылдарға қарсы Рисалей-Нұр шәкірттерінің ынтажігерін арттыру мақсатында, соған ұйытқы болар деген оймен Иләһи икрамды, Аллаһтың сый-демеулерін жазып, осылайша РисалейНұрға мағынауи қолдау, назар аударту тұрғысында әрі Рисалей-Нұр жалғыз өзі-ақ (басқаларға мұқтаж болмай)әскери қол, бір армияның қуатындай жойқын күшті екенін көрсету үшін әлгіндей кәрәмәттар жаздырылды.

Әйтпесе, өзімізді құрметке бөлеу, жағымпаздану, атаққа ие болу деген нәрселерден аулақпыз. Одан Құдай сақтасын, ол РисалейНұрдың негізі саналатын ықыласты бұзу деген сөз. Иншаллаһ, Рисалей-Нұр өзін-өзі ешкімнің көмегінсіз қорғаштап, сақтағаны секілді және өзінің қадір-қасиетін көрсеткені секілді бізді де мағынауи түрде қорғаштап, кемшіліктеріміздің кешірілуіне себеп болар деген үміттеміз. Мен, барлық бауырларымнан, жәрдемшілерімнен әсіресе, дұға-тілектері қабыл болатын мүбарак бәйкүнә жандардан, қадірменді қарттар жамағатынан өтінерім, маған дұға етсін, мен де оларға дұға етіп әрқайсысына мыңдаған сәлем жолдап Қасиетті Рамазан айы құтты болсын демекпін.

Науқас халдегі бауырыңыз:

Саид Нұрси

* * * * * *

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Мына әлсіз бауырыңыз, анау наразылық білдірген ескі досқа һәм зерек жандарға және сендерге айтарым: Қасиетті Құранның нұр фейізімен Жаңа Саид, иман ақиқаттарын ақылға сиымды, көңілге қонымды етіп, ақиқатқа толы дәлелдермен бұлтартпас айғақтарға сүйеніп баяндап жатыр. Ол айғақтар мұсылман ғұламаларын түгіл өте қырсық батыс философтарын да қабылдауға мәжбүрлеп шарасыз қалдыруда. Ал енді, Рисалей Нұрдың қадір-қасиеті, оның

маңыздылығы туралы ишари немесе рәмзи түрде Хазіреті Али (р.а.) және Ғауси Ағзамның (р.а.) хабар бергені секілді Құран-и Муғжиз-ул Баян да осы заманғы Құранның мағынауи мұғжизасы болған РисалейНұрға назар аудартуы, ишари мағыналар түрінен рәміз, белгі беруі бұл оған жарасар іс, мұғжизасының талабы болса керек.

Иә, Ескішәһар түрмесіндегі қиын-қыстау күндері киелі де мықты жұбанышқа мұқтаж болған кезімде маған мағынауи ескерту жасалды."Рисалей Нұр қабыл болған кітап екеніне бұрынғы өткен әулиелерді куәгер, дәлел ретінде көрсетіп жүрсің. Алайда,

وَلَا رَطْبٍ وَلَا يَابِسٍٍ اِلَّا ف۪ى كِتَابٍ مُب۪ينٍٍ

сыры бойынша, ең бірінші сөз Құрандікі. Апырмай, Рисалей-Нұрды Құран қабылдай ма? Ол не дейді?"ден ой келді. Осы төтенше сұрақтың жауабын іздеп Қасиетті Құранға жүгіндім. Сол мезетте Отыз Үш аяттың ашық мағынасының астарлы түрдегі мәртебесінен ишари мағынасының бір тармағы Рисалей-Нұр екенін және ол солардың ішінен орын тауып, ерекше назар аудартып тұрғанына көмескі болса да белгі бар екенін бір сағаттың ішінде сезіп білдім. Олардың кейбірі біршама ашық, кейбірі қысқа-нұсқа түрінде. Бұл менің ойымды қуаттап, ешқандай шәк-шүбә қалдырмады. Мен де имандылардың иманын РисалейНұр арқылы қуаттау ниетімен ойымды қағазға түсірдім. Содан оны тек хас шәкірттеріме ғана көрсету шартымен бауырларыма бердім. Имам, молдалар ف۪يهِ نَظَرٌ деп, күдіктеніп қарайтындай ол Рисаледе біз:"Аяттың ашық мағынасы осы!"дегеніміз жоқ. Һәм, ишари мағынасының ауқымы осы ғана деген жоқпыз. Біздің айтпағымыз, аяттардың ашық мағынасының астарында көптеген мәртебелері бар. Оның бір мәртебесі ишари және рәмзи мағына деп аталады. Аяттың ишари мағынасының өзі күлли яғни өте ауқымды. Оның әр ғасырды қамтитын жағы бар. Рисалей-Нұр бұл ғасырда әлгі ишари мағынаның мәртебесінің күлли мағынасынан бір мағынасын иеленіп отыр. Оның әдейілеп, өзіне назар аудартып тұрғанын және маңызды міндет атқарғанын дәлелдейтін"джифри есеп", "риязи карине"белгілер тіпті, айғақтар бар. Жалпы джифримен есептеп мағына шығару көне заманнан бері ғұламалар арасында қалыптасқан дәстүр. Бұл, Құрани аятты немесе оның ашық мағынасын төмендету емес, қайта Аяттың таңғажайыптығын, шешендігін көрсету, дәріптеу, оған қызмет ету болып табылады. Мұндай ғайби ишараларға наразы болып, қарсы

шығу жөнсіздік. Бұрынғы ақиқатшыл кісілердің Құраннан көптеген мағына шығарып ишари рәміздерінен ақиқат тауып жазған еңбектерін жоққа шығармайтын адам, мұны да жоққа шығармауы керек, шығара алмас.

Ал, мұндай құнды тәпсірдің мен секілді құны жоқ қарапайым адамның қолынан шыққанына таңғалып, миына сиғыза алмай қарсы шыққан адамға айтарым: егер қарағайдың бидайдай кіп-кішкентай тұқымынан зәулім қарағай ағашын шығару Құдайдың құдіретін, Оның ұлықтығын көрсететін анық дәлел екенін ойласа, әлбетте біз секілді тым әлсіз, өте пақыр, әрі аса қажет кезде мұндай тәпсірдің біз арқылы жарыққа шығуы Аллаһтың шексіз рахымының дәлелі деп айтуға мәжбүр болар еді.

Мен, Рисалей-Нұрдың абыройы мен қасиетін ортаға қойып, сендерге және қарсы шығушыларға нақты түрде айтпағым:

Бұл ишаралар және әулиелердің рәмізбен айтқан хабарлары, ишари белгілер мені әрдайым Аллаһқа шүкір етуге, Оны дәріптеуге және өзімнің кемшіліктерімді мойындап"истиғфар"айтуға итермелейді. Бұл мені ешқашан жүгенсіз нәпсімді қоздырып мақтануға, тәкаппарлануға, менмендікке себеп болған емес. Оны соңғы жиырма жылдық өмірімде дәлел ретінде ұсынамын. Бұл ақиқат. Дегенмен, адам болған соң кемшіліктен, ұмытудан аман болдым деп айта алмаймын. Менің өзім байқамайтын кемшіліктерім көп. Мүмкін, пікірім араласқан болар, кейбір қате жіберген жерлерім болған шығар. Дегенмен, Қасиетті Құранның киелі де сауабы мол әріптеріне тиым салынып, бөтен әріптермен Құранды өзгеріске ұшыратып осылайша адасқандар тобыр небір сұмдық әрекеттер жасап, аяттың тікелей ашық мағынасын бұзып, бұрмалап жатқан мына заманда осындай сұмдық сорақылықты көрмей, бейшара байғұс біреу бауырларының иманын қуаттап, сақтап қалуы үшін аяттың таңғажайып бір сүредегі нүктесін, бір тұжырымын тәпсірлеп жазды деп, сол үшін оның имани қызметіне тосқауыл боларлық қарсылық білдіру, әлбетте орынсыз әрекет. Мұны ақиқатты түсінген жандар түгіл, кішкене ынсабы бар адам білсе керек. Қосымша ретінде мұны да айта кетейін:

Мына заманда қуатты және тура жолдағы және миллиондаған жанкешті шәкірттері бар тариқаттар, небір рухани топтар мен ұстанымдар, мына сұмдық дінсіздіктің шабуылына қарсы төтеп бере алмай, сырт қарағанда жеңіліп жатқанда, мен құсаған жазусызу

білмейтін, ешкімі жоқ жалғызілік, бірнеше жақтан бақылауда, басқан ізі аңдулы әрі әдейілеп полиция бөліміне жақын үйге орналастырылған және ол туралы небір жалған ақпарат таратып одан жұртты үркітіп, халықты бездірген осындай бір адам әлбетте, әлгі жол-ұстанымдардан әлдеқайда табысты, көш ілгері, мықты тойтарыс берген Риселей-Нұрдың иесі емес екені анық. Ол кітаптар оның шығармасы емес және ол рисалелер менікі деп, мақтана алмайды. Бұл Рисалелер тікелей хикметке толы Құранның заманауи тәпсірі, мағынауи мұғжизасы болып Аллаһтың рахымымен тарту етілген. Ол кісі мыңдаған достарымен жұмыла сол Құрани сыйға ұмтылып талаптанып еді, қалай болғанын өзі де білмейді, бірінші болып тәржімеші болу міндеті оған нәсіп болыпты. Рисалелер оның ойпікірінен, ілімінен, зеректігінен шыққан дүние емес екендігіне дәлел, Рисалей-Нұрда кездесетін кейбір тақырыптарды алты сағатта, кейбірі небәрі екі сағатта, кейбірі тіпті бір сағатта, қайсыбірі он минөтте жазылған.

Мен, ант етемін, Бұрынғы Саид {(Сілтеме): Шағын сілтеме. Кітабымды көшіріп жазушылардың кейбірі мына бейшара Саидтың атын жазғанда қасына (р.һ.) деген тіркесті дұға ниетімен жазып қойыпты. Мен алып тастағым келді. Кенет көкейге мұндай бір ой келді: "Ол Аллаһ разы болсын деген мағынада дұға-тілек, тиіспе!". Мен ойымнан бас тарттым.} жинаған ілімін, бұрынсоңды зор қабілетін пайдаланып әлгі он минөтте жазылған Рисалені он сағатта ойланып, толғанып жаза алмайды. Әлгі бір сағатта жазылған Рисалені екі күн бар күшімді жұмсап жаза алмас. Бір күнде бар жоғы алты сағатта жазылған Отызыншы Сөз Рисалесін өзім және ең зерек діндар ғалым ойланып алты күнде жаза алмасы анық...

Бұдан шығатын қорытынды, демек, біз міскін, құралақан, бейшара болсақ та, бізді өте бай, зергерлік дүкенінің сатушысы, ретінде жарнамалаушысы етіп біреу тағайындаған. Хақ Тағала өзінің пазыл кәрімімен, аса жомарттығымен бізге және Рисалей-Нұр шәкірттеріне осы қызметті ықыласпен, шынайы түрде атқаруды нәсіп етсін! Өзі жарылқап, ұзағынан сүйіндіріп, сәттілік пен табыс сыйласын! Әмин, бихурмәти Сәийділ мурсалин.

Саид Нұрси

* * *

БІРІНШІ ШУАҚ

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ وَ بِهِ نَسْتَع۪ينُ

[Қиын екі сұраққа кенеттен көкейге келген керемет жауап.]

Бірінші сауал:"Фатиха", "Ясин"немесе Құран хатым оқып кейде көптеген әруақтарға немесе сау адамдарға бағышталып жатады. Алайда мұндай, шағын әрі шектеулі нәрсенің бір сәтте саны шексіз адамдарға жетуі немесе әрқайсысына дәл сол сый-кәденің тұтас түрде жетуі ақылға сыйымсыз секілді?

Жауабы:Фатыр-и Хаким, теңдессіз жаратушы Аллаһ қалайша, ауа қабатын ауыздан шыққан сөздердің әп-сәтте жайылуына және көбеюіне қолайлы етіп бейнебір егіндік алқабы, соған бір ұйытқы ретінде жаратқан. Мешіттің мұнарасынан оқылған азан дауысы әуе толқыны арқылы барлық жерге, күллі жамағатқа бір мезетте жететіні секілді"Фатиха"сүресі оқылып барлық мүминдерге бағышталса, дәл сол мезетте толық жетуі үшін Құдайдың құдіреті, өзінің шексіз хикметімен рухани әлемде, мағынауи ауада көптеген мағынауи электр қуатын, мағынауи радиоларды әр жерге орнатып, жайып тастаған. Оларды табиғи сымсыз телефон ретінде қолданып, қызмет еткізуде. Һәм, қалайша бір ғана лампа жанса, маңайындағы мыңдаған айнаға шағылысып әрқайсысына толық түрде бір лампаның бейнесі түседі. Дәл сол секілді, бір ғана"Ясин"сүресі оқылып, миллиондаған әруаққа бағышталса әрқайсысына бір бүтін"Ясин"толығымен барады.

Екінші сауал:Қатаң талап етіп және әмір еткендей маған былай деді: "Сен Риселей-Нұрдың қабыл болғанына дәлел ретінде Хазіреті Али (р.а.) және Ғаус-ы Ағзам (р.а.) сынды ірі тұлғалардың қасидежазбаларын алға тартып сол кітапттарды, куәгер ретінде көрсетесің. Алайда, үкім-сөз сөйлейтін Құран Кәрім. Рисалей-Нұр Құранның нағыз тәпсірі және ақиқатын жеткізуші және ондағы мәселелердің айғағы болып табылады. Құран болса басқа сөздер секілді шала, қорытыла бермейтін тас түйірлері бар және ауқым-санасы шектеулі

шағын кітап емес. Керісінше, Құранның бүкіл ишара-белгілері жаппай саналы, толып тұрған хикмет ішінде бос ешнәрсе жоқ. Ол ғайб әлемінің тәржімешісі, аудармашысы. Олай болса, Рисалей-Нұр туралы үкім-сөз сөйлеу Оның ақысы, көрейік, ол не дейді екен?

Жауабы:Иә, Рисалей-Нұр тікелей Құранның бұлтартпас айғағы, Ол күшті тәпсір. Ол, Құранның мағынауи мұғжизасының нұр сәулесі, Ол, теңіздей Құранның тамшысы, Ол, Күндей Құранның шуағы, Ол, ақиқат ілімінен келген, нұрынан шашырап төгілген мағынауи тәржімесі. Сондықтан, Рисалей-Нұрдың қадір-қажетін қаншалықты маңызды екенін баяндау бұл дегенің Құранның абыройын асқақтату, оны дәріптеу, мақтау болып саналатындықтан, әлбетте РисалейНұрдың қадірін, маңыздылығын баяндау керек, мұны ақиқат талап етеді Құран рұқсат береді. Ал, мен секілді тәржімәшінің ол жердегі ақысы тек қана шүкір ету. Менің ешбір тұрғыдан мақтануға, масаттануға ақым жоқ, болуы да мүмкін емес. Төменде баяндалатын аяттардың ишара-белгілеріне осы назармен қарау керек. Егер мені мақтаншақ, өзі үшін істеп жүр деп ойлайтындар болса, оларды кешірмеймін.

Сонымен, жоғарыда аталған сұрақтың жауабы екі-үш сағаттың көлемінде Қасиетті Құранның мәшһүр аяттарынан сүзіліп,"Сөздердің"санындай Отыз үш тамшы ретінде һәм мағынасы жағымен һәм"джифр"есебімен дәлме-дәл сәйкес келіп РисалейНұрға ишара-белгілер алыстан түйін түрінде көрінді. Әрқайсысы әртүрде Отыз үш аят бірақ бәрі бір жерге тоғысып Рисалей-Нұрды меңзеп көрсетіп тұрғанын бұлыңғыр болса да ойша көрдім.

ЕСКЕРТУ:Ең біріншісі, Жиырма төртінші аяттың бас жағында жазылған ескертпе жазбаны мұқият оқу керек. Негізінде ол жазбаның орны басқа жерде болатын. Бірақ, сол жерде есіме түскен соң сонда жазылды.

ЕКІНШІ ЕСКЕРТУ:Егер, тәвафүкпен {(Сілтеме): Тәвафүк*- сәйкестік, өзара үйлесімділік, дәлме-дәл келуі} ишаралар яғни өзара сәйкес ишара-белгілер мағынасы жағынан үйлеспей жатса аса маңызды емес. Егер мағынасы жағынан да тікелей байланысты әрі дәл сәйкес келіп жатса, бұл оның бір бөлігі болып сол мағынаға бөленгені, қатысты саналып әрі ерекше сол жерге лайық болып жатса, онда "тәвафук" яғни өте маңызды сәйкестік деген сөз. Сөйтіп, ол сөздің

сол мағынаны меңзеп тұрғаны белгілі болады. Әлгі мағынаға арнайы түрде мән беріліп я рәмізді, я ишари, я белгі түрінде қамтығанын білеміз.

Сонымен, төменде келетін Құран аяттарының Рисалей-Нұрға ишаралары, сәйкестіктері басым көпшілігі өте қуатты түрде мағыналық тұрғыдан тығыз байланысты болып келеді. Иә, аталған мәшһүр аяттар барлығы жаппай Он үшінші ғасырдың соңын, Он төртінші ғасырдың басын"джифр"есебі бойынша меңзеп және Құран мен Иманға байланысты ишара қылып тұр. Және, сол кезеңде шығатын, жұбаныш сыйлайтын нұрдан хабар береді. Ол нұр сол заманның адасушылық, күпірлік дейтін бүлік-фитнесінен пайда болған күмән-күдіктерді жоқ қылатын Құранның айғағы екенін сүйіншілеуде.

Осы ишара-белгілер ол туралы болып және аталған міндеттерді толық атқарған Рисалей-Нұр деген Құрани тәпсір екені анық. Шынында, Рисалей-Нұр бұл тұрғыда, көш ілгері екендігі оны оқығандар тарапынан еш күмәні жоқ ақиқат. Олай болса, әлгі аяттар Рисалей-Нұрды бауырына басып, оны меңзеп тұр деп толық айта аламыз.

БІРІНШІСІ:

Нұр сүресіндегі Нұр аяты. Бұл аят Рисалей-Нұрдың кейде Ресаилин Нұр деп, кейде Рисале-ин Нұр деп, кейде Рисалет-ун Нұр деп аталуына себеп болғандықтан, әрине бұдан басқа Он алты себеп бар, әуелі осы аят жайлы баяндаған жөн болар. Нұр аяты:

اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ مَثَلُ نُورِه۪ كَمِشْكَاةٍ ف۪يهَا مِصْبَاحٌ اَلْمِصْبَاحُ ف۪ى زُجَاجَةٍ اَلزُّجَاجَةُ كَاَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّىٌّ يُوقَدُ مِنْ شَجَرَةٍ مُبَارَكَةٍ زَيْتُونَةٍ لَا شَرْقِيَّةٍ وَلَا غَرْبِيَّةٍ يَكَادُ زَيْتُهَا يُض۪ٓيءُ وَلَوْ لَمْ تَمْسَسْهُ نَارٌ نُورٌ عَلٰى نُورٍ يَهْدِى اللّٰهُ لِنُورِه۪ مَنْ يَشَٓاءُ وَيَضْرِبُ اللّٰهُ الْاَمْثَالَ لِلنَّاسِ وَاللّٰهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَل۪يمٌ

Бұл Нұр аятының мағынасының көптеген сатылары бар және көптеген қырсырлары бар. Сол сатылардың және қырларының да ишари, рәмзи жақтары мағына жағымен және джифр есебімен нұрлы

тәпсір Рисалей-Нұрға, Рисалет-ун Нұрға төрт-бес сөйлем арқылы қарап он тұрғыдан қатысы бар. Яғни, сол сатылардан, қырларынан бір мәртебесі, бір қабаты таңғажайып түрде электр тоғы жайлыда хабар береді.

Рисалей-Нұрға қатысты бірінші сөйлем:

مَثَلُ نُورِه۪ كَمِشْكٰوةٍ ف۪يهَا مِصْبَاحٌ

яғни, Иләһи нұрдың яки Құран нұрының немесе Мұхаммеди (с.а.у.) нұрдың үлгі-мысалы мына مِشْكٰوةٍ ف۪يهَا مِصْبَاحٌ сөйлемі болып табылады. Мұның джифри саны тоғыз жүз тоқсан сегіз, сондай-ақ, Рисалет-ун Нұр сөзі де шәддәлі нунды екі нун деп санар болсақ, дәлме-дәл өзара сәйкес келіп, оған ишара етеді.

Екінші сөйлемі:اَلزُّجَاجَةُ كَاَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّىٌّ يُوقَدُ Жиырма сегізінші Лемада егжей-тегжейлі түсіндірілгені секілді Хазіреті Али (р.а.) өзінің Джәлжәлутия қасидесінде ашық түрде Рисалей-Нұрға назар аударып әрі ишара қылып былай деген: اَقِدْ كَوْكَب۪ى بِالْاِسْمِ نُورًا Менің ойымша, имам Алидың (р.а.) бұл ишарасы осы нұр туралы сөзден, оның рәмізінен туындаған болса керек. Әлгі, аяттың саны бес жүз қырық алты, ал Рисалей-Нұрдың болса бес жүз қырық сегіз. Демек, өте аз әрі сырлы айырмашылық бар. Осылайша, тәвәфук тұрғысынан ишара еткені сияқты рәмізді мағынасымен де дәл келіп тұр.

Үшінші Сөйлем:مِنْ شَجَرَةٍ сөзіндегі مِنْ شَجَرَةٍ тоқтаған-дағы секілді ة болып оқылса бес жүз тоқсан сегіз болып, дәлме-дәл Рисаил-ин Нұр және Риселе-и Нұр сөздерінің санына яғни бес жүз тоқсан сегізге тәвафук қылады. Сонымен қатар, هـ болып оқылса бес жүз тоқсан сегіз болып, дәлме-дәл Рисаил-ин Нұр және Риселе-и Нұр сөздерінің санына яғни бес жүз тоқсан сегізге тәвафук қылады. Сонымен қатар, مِنْ فُرْقَانٍ حَك۪يمٍ сөзінің санына тағы да сырлы бір айырмашылықпен рәмізді түрде тәвафук қылады. Осылайша, Рисаил-и Нұрды өз қатарына алып һәм тағы да Рисале-и Нұр жемісінің мүбарак ағашы Қасиетті Құран екенін көрсетеді. Егер, مِنْ شَجَرَةٍ сөзіндегі ة , ت боп қалатын болса, ол кезде джифри есеп бойынша тоғыз жүз тоқсан үш шығады. Мұндай тәвафукке зияны жоқ азғантай және сырлы бес айырмашылықпен Риселей-Нұр санына яғни тоғыз жүз тоқсан сегіз тәвафук қылып мағынасы да сәйкес келетіндіктен оған ишара боп саналады.

Төртінші сөйлем:نُورٌ عَلٰى نُورٍ يَهْدِى اللّٰهُ لِنُورِه۪ бұл тоғыз жүз тоқсан тоғыз болып сырлы бір ғана санның айырмашылығымен Рисалей-Нұрдың санына яғни тоғыз жүз тоқсан сегізге тәвафук қылып, яғни сәйкес дәл келіп мағынасының да тығыз байланыстылығына орай ишара дәрежесінде рәміз қылуда.

Бесінші Сөйлем:مَنْ يَشَٓاءُ сөйлемі өте азғантай айырмашылықпен Рисалет-ун Нұрдың авторының атына және мәшһүр лақабына тәвафук қылып, мағынасы да сәйкес келетін қатыстылғы байқалады. Егер, يَشَٓاءُ сөзіндегі муқаддер есімдік яғни жасырын жазылған есімдік көрсетілсе, مَنْ يَشَٓائُهُ болып шығады. Сонда толық тәвафук болады. Мына аят, қалайша Рисалей-Нұрдың атауымен байланысты болып тұр, дәл сол секілді жазылған уақытына, кемелденген шағына дәлме-дәл тәвафук қылып рәмізді түрде қатысы бар.

كَمِشْكٰوةٍ ف۪يهَا مِصْبَاحٌ اَلْمِصْبَاحُ ف۪ى زُجَاجَةٍ

сөйлемі كَمِشْكٰوةٍ сөзіндегі тәнуин тұрақ жері болмағандықтан нун боп саналады және ف۪ى زُجَاجَةٍ тұрақ жері болғандықтан ة , هـ жағымен мың үш жүз қырық тоғыз болып Ресаил-ин Нұрдың ең нұрлы кітаптарының жазылған кезі мен кемелденген шағына яғни мың үш жүз қырық тоғыз жылына дәлме-дәл тәвафук қылып ишара етеді.

Һәм اَلْمِصْبَاحُ ف۪ى زُجَاجَةٍ اَلزُّجَاجَةُ كَاَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّىٌّ сөйлемі мың үш жүз қырық бес болып, Рисаил-ин Нұрдың кеңінен тарайтынын және жария түрде басылып және шарықтау кезеңінде дәлме-дәл тәвафук қылады. Себебі, ر екі ر шәдделі ن екі ن шәдделі ز асылы тұрғысынан бір ل бір ز және біріншісі زُجَاجَةٍ тоқтау болғандықтан هـ екіншісінде тоқтау болмағандықтан ت боп саналады. Егер шәдделі ز екі ز саналар болса, ол кезде мың үш жүз жиырма екі болады. Егер шәддәлі екі саналар болса, ол кезде мың үш жүз жиырма екі болады. Бұл тағы да Рисале-и Нұрдың авторы Нұр қызметіне бастаған кезеңге дәлме-дәл тәвафук қылады.

Һәм مِنْ شَجَرَةٍ مُبَارَكَةٍ сөйлемі, бастапқы ت әрпі ت болып, ал екінші болса тоқтайтын жер болғандықтан هـ болады. Және شَجَرَةٍ сөзіндегі

тәнуин ن боп саналады. Сонда, саны мың үш жүз он бір шығады. Ол кезде Рисалей-Нұрдың авторы Рисалет-ун Нұрдың жемісінің мүбәрак киелі ағашы боп табылатын Кұран Кәрімді түсінуге себеп арабша тәлім ала бастаған кезіне дөп келіп соны меңзейді. Міне, осынша мағыналы және бірнеше Құрани тәвафукпен бекітілгендіктен бұл жәй ғана меңзеу немесе ишара емес, негізінде қуатты дәлел. Шынында, электр тоғымен қоса, Рисале-Нұрға мағына тұрғысынан байланысты болып ашық белгі болып табылады.

Бұл аяттың мағына жағымен байланыстылығы ғажап сәйкестік. Өйткені, ғайби хабар беру түрінен керемет түрде электр тоғын және Рисалей-Нұрды меңзеп қана қоймай, сонымен қатар екеуінің жарыққа шығатынын және шыққан соң кемелдік шағына яғни шарықтау кезеңін, сондай-ақ, әдеттен тыс жағдайын тамаша түрде көрсетеді.

Мысалы, زَيْتُونَةٍ لَا شَرْقِيَّةٍ وَ لَا غَرْبِيَّةٍ сөйлемі былай дейді: Қалайша, электр тоғының құнды заты шығыстан да, батыстан да тартылып алынған емес, ол жоғарыдағы ауа қабатында Рахым қазынасынан, жоғарыдан түседі. Ол барлық жерден табылады, әр нәрседен өндіріледі. Оны белгілі бір жерден іздеудің қажеті жоқ деген мағына шығады. Дәл сол секілді, мағынауи электр тоғы секілді Рисалей-Нұр да шығыстың кітаптарынан, ілімінен немесе батыстың философиясынан, пәнінен алынбаған. Олардан шыққан бір нұр емес, расында ол батыс пен шығыстан да жоғары қасиетті Құранның ғарышынан асқақ биік мәртебесінен алынған дүние.

Сондай-ақ, мысалғаيَكَادُ زَيْتُهَا يُض۪ٓيءُ وَ لَوْ لَمْ تَمْسَسْهُ نَارٌ نُورٌсөйлемінің рәмзи мағынасы былай дейді:Он үшінші және он төртінші ғасырда аспани лампалар жанармайсыз жанады, ешқандай отын керек қылмайды. Оның уақыты жақын. Міне, бұл сөйлем қалайша электр тоғының әдеттен тыс қасиетін және қолданысқа енетінін рәмізді түрде баян қылды, дәл сол секілі мағынауи электрге ұқсас Рисаил-ун Нұр да өзі терең ілім, шоқтығы биік хикметке толы бола тұра тәлім алудың қиыншылығын, ілім жинаудың ауыртпалығын және ұстаздардан сабақ алудың машақатын шекпей-ақ, оған мұқтаж болмай-ақ әркім өз дәрежесіне қарай осы терең де құнды ілімді машақат отына күймей-ақ, игеріп өздігінен пайдаға жаратады. Сөйтіп, нағыз ғалым болады.

Әрі, астарлы түрде былай дейді: Рисалей-Нұрдың авторы де отынсыз жанады. Ол ілім іздену, дәріс алу машақатын шекпей өздігінен нұрланып ғалым болады.

Иә, бұл сөйлемнің мұғжиза тәрізді үш ишарасы яғни бірі электр тоғы жайлы, бірі Рисалей-Нұр жайлы мұның рас болғаны секілді, үшіншіден муәллифі яғни авторы туралы да хабары рас. Себебі, өмірбаянын оқығандар және жерлестері біледі, ол медреседе "Изхар" кітабынан кейін оқу ережесі бойынша он бес жыл сабақ оқуға, ілім алуға міндетті бола тұра, ол оқулықтарды Рисалей-Нұр муәллифі бар болғаны үш айда тәмамдаған. Сондай-ақ, бұл сөйлемнің мағына жағынан байланысы тығыз әрі керемет болғаны секілді джифри, әбжади тұрғыдан тәвафукы да керемет яғни һәм электр тоғының шығатын уақыты жақын екенін һәм Рисале-Нұрдың жарыққа шығатын кезеңін һәм муәллифінің дүниеге келетін кезін рәмізді түрде хабар беріп отыр.

Тағы да, таңғажайып бір тұсы мынау:يَكَادُ زَيْتُهَا يُض۪ٓيءُ сөзінің реттік саны мың екі жүз жетпіс тоғыз болып, وَلَوْ لَمْ تَمْسَسْهُ نَارٌ نُورٌ бөлігі болса екі тәнуин екі "нун" саналар болса, мың екі жүз сексен төрт болып, һәм электр жарығының жалпыға ортақ болатын кезеңі жақындағанын һәм Рисаил-ин Нұрдың жақында шығатынын һәм он төрт жылдан кейін, муәллифінің туылатынын يَكَادُ сөзімен мағына жағымен ишара қылады. Өздеріңе мәлім, әлсіз, жіңішке жіптерді иіріп қабаттаса қуатталып мықты, үзілмейтін арқан болады. Сол секілді, осы аяттың аталған ишара белгілері бірбірін қуаттап бекітеді. Тевафук дәлме-дәл келмесе де, сәйкес саналып, ишара белгілері дәлел дәрежесінде қабылданады.

ЕСКЕРТУ:Мен осы Нұр аятының ишара-белгілерін электрдің немесе Ресаил-ин Нұрдың құрметі үшін баян қылмадым. Мақсатым, бұл аяттың мағынауи таңғажайып мұғжизалығын, оның да бір бөлігінің бір сәулесін паш етіп көрсетпек. Сонымен, осы киелі аят ашық мағынасымен Иләһи Нұрды және Құрани нұрды әрі Мұхаммеди Нұрды (с.а.у.) дәріс бергені секілді, ишари мағынасымен де әрбір ғасырды қамтиды. Сондай-ақ, он үшінші ғасырдың соңын он төртінші ғасырдың басын меңзеп, назар аудартып отыр. Ал осы екі ғасырдың кезеңдерінде ең көп назар аударарлық жәйіт және мағынасы жағынан ең көп байланысты және осы аяттың барлық

сөйлемдеріне сәйкес әрі үйлесімді оқиға электр жарығы мен Ресаил-и Нұр болып табылатындықтан тікелей рәмізді мағынасымен қатысты екенін күмәнсіз түрде біліп, көзім әбден жеткендіктен батыл түрде өз ойымды жаздым. Қателескен болсам, Әрхамуррахимин Аллаһ өз мейірімімен ғафу етсін. Ресаил-ин Нұрдың осы аяттың ілтипатына бөленуге лайық екенін түсінгісі келген адам қандай да бір кітабын алып мұқият оқыса көзі жетеді, деп ойлаймын. Ең болмаса, Ескішәһир түрмесінде жазылған, сол абақтының жемісі деуге болатын Отызыншы Лемадағы Иләһи алты көркем есім туралы рисалені не болмаса сол Лемадан"Хай", "Қайюм"есімдері жайлы Бесінші, Алтыншы Тұжырымдарды мұқият зер салып оқыса, әлбетте мойындар еді.

РЕСАИЛ-ИН НҰРҒА ИШАРА ҚЫЛҒАН ЕКІНШІ АЯТ: فَاسْتَقِمْ كَمَٓا اُمِرْتَ бұл мәшһүр аят شَيَّبَتْن۪ى سُورَةُ هُودٍ хадисінің айтылуына себеп болған деседі. اسْتَقِمْ كَمَٓا اُمِرْتَ сөзінің ишарасын Сегізінші Лемада түсіндірілгеніндей"Худ"сүресіндегі فَمِنْهُمْ شَقِىٌّ وَ سَع۪يدٌ деп келетін аят орналасқан бетке жақын өте танымал аят боп табылады. Мұның джифри есебі мың үш жүз үш болып һәм"Шура"сүресінің екі бетінде وَاسْتَقِمْ كَمَٓا اُمِرْتَ болса, мың үш жүз тоғыз болып сол кезеңде өзінің тыңдаушыларының ішінен біреуіне Құран үшін ерекше мән беріп ілтипат жасап, алған бағыттан таймай, тура жолда болуын бұйырады. Бірінші кезеңі болса, Рисаил-ин Нұрдың авторының Рисале-ин Нұрға себеп болатын ілім ала бастаған кезеңіне сәйкес келеді. Ал екінші аяттың кезеңі болса автордың таңғажайып түрде өте қысқа мерзімде ілім саласында кемелдікке жетіп ілім жинаудан ілім жаюға өткен кезеңіне сәйкес келеді. Және үш айда және бір қыс мезгілінде медреседе он бес жыл оқылатын жүз кітаптан аса көп кітап оқып және осы үш айда он бес жылдың ілімін алып өз заманының атақты ғалым-ғұламаларымен иық тіресетіндей дәрежеде екенін көптеген тәжірибелерімен дәлелдеп

{(Сілтеме): Бұл мақтау сөздер Саидтың өзі туралы емес. Бұл Қасиетті Құранның бір шәкіртін яғни қызметшісін Саид (р. а.) атымен атап оның халімен баяндап отыр. Мақсаты, оның қызметі адал, сенім артуға болатынын көрсету.}

ілімнің қай саласынан болсын сұраған барлық сұраққа дұрыс жауап беріп сенімге ие болған кезеңге дәлме-дәл тәвафук етіп рәмізді түрде Рисалей-Нұрдың бағыты тура екеніне ишара боп табылады.

ҮШІНШІ МӘШҺҮР АЯТ:وَالَّذ۪ينَ جَاهَدُوا ف۪ينَا لَنَهْدِيَنَّهُمْ سُبُلَنَا аяты мағына жағымен тығыз байланысты болып, сонымен қатар джифри есебі бойынша мың үш жүз қырық төрт шығады. Ол кезеңде Рисалей-Нұр шәкірттері секілді осы аяттың мағынасына анағұрлым бөленіп өзіне назар аударып тұрған топ сырттай көрінбейді. Демек, бұл аят өзінің мағынасының бірнеше қабаттарынан ишари бір қабатынан және рәмзи перденің артынан Қасиетті Құранның жарқын тәпсірі Рисалей-Нұрға қатысы бар. Құранның ең алғаш түскен "Алақ" сүресінде اِنَّ الْاِنْسَانَ لَيَطْغٰى аяты секілді мағынасымен және джифр есебімен былай дейді: Мың үш жүз қырық төртінші жылы адамзат тарихында перғауын тәрізді өмірде болмаған сұмдық тұғиян-бүлік, зұлымдық, дінсіздік шығып адамдар Құдайдан безеді.

وَالَّذ۪ينَ جَاهَدُوا ف۪ينَا аяты болса, сол бүлік-тұғиян яғни азғындыққа қарсы төтеп беріп, тойтарыс жасағандарды мақтап, мадақтайды.

Иә, дүние жүзілік соғыстың кесірінен адамзат оның ішінде Ислам әлемі қыруар зардап шекті. Адам баласы әсіресе, еуропаның тәкаппар, өктемшіл топтары оның ішінде ерекше біреуі күшіне, байлығына, ақшасына сеніп Перғауынға ұқсап діннен безіп азғындыққа салынғандықтан сол белгілі топтар адамзатты жаппай күнәға итеріп жауапты қылады деп, арабша "Инсан" (адам) яғни көпшілікті қамтитын сөз пайдаланған. Егер, لَنَهْدِيَنَّهُمْ сөзіндегі шәддалы ن бір ن саналса мың екі жүз тоқсан төрт болып РисалейНұрдың авторының өмірінің алғашқы кезеңіне және дүниеге келген кезеңнің бірінші жылына дәл келеді. Егер шәдделі ل екі ل және ن біреу боп саналса, ол кезде мың үш жүз жиырма төрт жылындағы егемендікті ресми түрде жариялау кезеңіне рухани күрес жүргізу арқылы танылған Рисалей-Нұрдың авторының ортаға шыққан кезі.

ТӨРТІНШІ МӘШҺҮР АЯТ:

وَلَقَدْ اٰتَيْنَاكَ سَبْعًا مِنَ الْمَثَان۪ى

аяты. Бұл сөйлем Қасиетті Құранды және Фатиха сүресін мақтап таныстырғаны секілді, Құранның мақтауға тұрарлық екенін дәлелдейтін және Иманның алты шартын сонымен қатар Ислам ақиқатын яғни барлығы жеті негізді және Құранның қырсырын жарқын түрде дәлелдеген және سَبْعَ الْمَثَان۪ى нұрына бөленген және айнасы

болып табылатын Рисалей-Нұрды меңзеп джифр есебі бойынша ишара қылады. Өйткені, اٰتَيْنَاكَ سَبْعًا مِنَ الْمَثَان۪ى сөзінің әбжәди саны мың үш жүз отыз бес болады. Бұл кезең Рисалей-Нұрдың Фатихасы боп саналатын"Ишарат-ул Иғжаз"тәпсірінің бір бөлігі жарыққа шығып кеңінен таралған кезеңіне яғни мың үш жүз отыз бес немесе мың үш жүз отыз алты жылына тевафук етіп рәмзи түрде перденің артынан оған қарап тұрғаны байқалады.

БЕСІНШІ АЯТ:

اَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا فَاَحْيَيْنَاهُ وَجَعَلْنَا لَهُ نُورًا يَمْش۪ى بِه۪ فِى النَّاسِ

бұл аяттың рәмізі өте керемет. Себебі, һәм мағына жағымен һәм джифр есебі бойынша арнайы түрде Рисалей-Нұрға және оның авторына қатысы бар. Қалай десеңіз مَيْتًا сөзі тәниун"нун"саналатын болса, бес жүз болып,"Саид-ун Нұрси"сөзінің санына яғни бес жүзге сәйкес келіп, былай ишари қылады:"Саид-ун Нұрси де мәйт секілді болатын. Ол Рисалат-ун Нұрмен тірілді, жан бітті."Иә, اَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا فَاَحْيَيْنَاهُ وَجَعَلْنَا لَهُ نُورًا сөзіндегі екі тәнуин"нун"болып есептеледі. Сонда, мың үш жүз отыз төрт болып дәл сол кезеңге (араби жыл санау бойынша)Саид соғыс майданында шынымен өте қауіпті өлімнен таңғажайып түрде аман қалуы, сондай-ақ пәлсапа мен ғапылдықтан туындаған рухани сұмдық екінші өлімнен құтылуы, сөйтіп Құранның шарапатымен жаңа өмір бастауы кезеңіне дәл келеді. Бұл мағына тұрғысынан тәвафук пен джифри сәйкестік дәлел ретіндегі ишара боп табылады.

Сондай-ақ, сөзінде тәнуин "нун" шәддалы فَاَحْيَيْنَاهُ وَجَعَلْنَا لَهُ نُورًا يَمْش۪ى بِه۪ فِى النَّاسِ сөзінде тәнуин "нун" шәддалы ن екі ن және بِه۪ сөзіндегі оқылатын ى саналатын болса, мың екі жүз тоқсан төрт болады. Ал, бұл уақыт Саидтың дүниеге келуі не және өмірінің бір жасына сәйкес келеді. Демек, осы сөйлем арқылы заттық тәнге қатысты өмірін, ал алдыңғы сөйлеммен де мағынауи яғни рухани өмірін меңзеп ишара етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ:Бұл аят көптеген мағыналарының бір тармағымен ишари қабаттан Рисалет-үн Нұрға қатысты болып әрі оның авторына қарайды әрі Рисалет-үн Нұрдың бастапқы кезеңіне рәмізді түрде, тіпті ишари түрде, тіпті, дәлел ретінде қарайды.

اَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا

АЯТЫНЫҢ ҚОСЫМШАСЫ

اَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا فَاَحْيَيْنَاهُ وَجَعَلْنَا لَهُ نُورًا يَمْش۪ى بِه۪ فِى النَّاسِ كَمَنْ مَثَلُهُ فِى الظُّلُمَاتِ لَيْسَ بِخَارِجٍ مِنْهَا

Аятының қуатты ишарасын бір жағынан қуаттайтын әрі көркем қылатын үш жағымен байланыстылығы бар. Бұл рамазан айында ойыма келді. مَيْتًا сөзіне ең ыңғайлы адам Саид екенініне көзім әбден жетті. Бұл аят Рисалей-Нұр тәржімешісі Саидты مَيِّتْ деп атауының бір хикмет сыры мынау: Мәйіттің яғни өлімнің тылсым сырын Рисалей-Нұр арқылы сол кісі ашқан. Өлімнің сұм, қорқынышты жүзінің астарында иманды жандар үшін әдемі, сүйкімді, қуанышты, нұрлы ақиқат жатқанын ашып көрсеткен. Мына пәни, өткінші өмірге алданып оның ұйығына батып кеткен дінсіз кәпірлерге қарсы, негізінде бақи, тірі тек уақытша захири яғни сырт көрінісіндегі өлімді қолға алып, оларды сонымен жеңіп тізе бүктіреді.

كَمَنْ مَثَلُهُ فِى الظُّلُمَاتِ لَيْسَ بِخَارِجٍ مِنْهَا деген аят суреттегендей діннен безген кәпірлер, нәпсіге жағымды харам нәрселерді халыққа пайдалануға рұқсат беріп қызықтырады дейді. Оған қарсы рисалей-Нұр өлімді қолға алып, олардың алдамшы пәни өміріне қарсы қолданып, алып жатқан ләззат пен қызықтарын астаң-кестеңін шығарып, мазасын қашырып майдай шыжғырады. Және оларға былай дейді әрі дәлелдеп береді:"Өлім адасқан кәпірлер үшін мәңгіге жоқ болу. Ол бір дарағашы іспеттес. Ал сол сұмдық дарағашынан аман-сақтап құтқаратын және өлімді берекелі демалысқа шығару, рұқсатнама бейнесіне ендіретін тек қана Құран Кәрім және Иман".Міне, осы себептен бұл ақиқат яғни өлім дейтін үлкен ақиқат Рисалей-Нұрда өте маңызды тақырып, ауқымы кең мәселе. Тіпті, олардың көпшілік шабуылдарына қарсы өлімді қолға алып, адасушылардың басына тоқпақтай ұрғылап ақыл-есін жиғызу үшін тырысады.

Екіншісі,тариқатшылардың соның ішінде Нақшибәнди тариқатының ұстанған төрт негізінің бірі,"рабыта-и мәут"яғни өлімді ойлау Бұрынғы Саидты Жаңа Саидтқа өзгертіп жіберді және ол мәселені толғау кезінде Жаңа Саидтың әрдайым есте сақтап, әсте ұмытпаған жансерігі жолдасы болды. Атап айтсақ,"Қарттар Рисалесі"және

басқа кітаптарында әлгі мәселенің ақиқатын ашып өлім дегеніміз имандылар үшін нұрлы әрі тірі, әрі тамаша екендігін баяндап, оның ақиқатын көріп, басқаларға көрсетті.

Үшіншісі:Бұл аят джифр және әбжәд есебі бойынша Саидтың өмірінде әр тарапта ұшырасқан қауіп-қатерге яғни өлім қаупі төнген кезеңдерді жылын дәлме-дәл көрсетіп тұрып тәвафук етеді. Демек, аяттағы مَيِّتْ сөзінің көптеген мағынасынан біреуі және джифр есебі бойынша, Саид есімі مَيِّتْ сөзінің санына дәлме-дәл тәвафук ету арқылы арнайы түрде ишара қылынған тұлға"Саид-үн Нұрси"боп табылады.

[Сабридың адалдығының бір керәмәті.]

Мен намаздан соң осы хатты жазып отырғанымда сыддық Сүлейменнің орынбасары Әмин бауырым Сабридың اَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا аятына қатысты жазбасы қолына тигенін және Рамазанның берекетімен ол жазбаның түсініктемесін сұрап жатқанын білдік. Мен не жазғанымды Әминге көрсетіп едім, таңқалып:"Бұл Сабридың және Рисалей-Нұрдың керәмәті ғой!"деді. Мен осы аяттағы Құранның сырға толы теңеу-мысалдарын ойлап отырғанымда "Худ" сүресіндегі فَاَمَّا الَّذ۪ينَ شَقُوا аятына қатысты وَاَمَّا الَّذ۪ينَ سُعِدُوا فَفِى الْجَنَّةِ сөйлеміндегі теңеу ойға келді. Одан мұндай мағына шығардық:

Қалайша мына екінші аят пен бірінші аят Рисалей-Нұрдың ұстанған жолын, оның шәкірттерін меңзеп дәлме-дәл мағына жағымен, жифр есебімен сәйкес келіп тұр. Сол секілді

فَاَمَّا الَّذ۪ينَ شَقُوا فَفِى النَّارِ لَهُمْ ف۪يهَا زَف۪يرٌ وَ شَه۪يقٌ

аяты да РисалейНұрдың қарсыластарын, оның дұшпандарын және қарсылас ағымдары қашан шыққанын, олардың астырытын әрекеттерін және қашанға дейін жалғасатынын, қашан аяқталатыныны джифр есебі бойынша тевафук етіп, ишара қылады. Қалай десеңіз,

يُر۪يدُونَ لِيُطْفِؤُا نُورَ اللّٰهِ بِاَفْوَاهِهِمْ

сынды аяттар туралы баяндаған жазбада, Бірінші Шуақта жеті-сегіз аяттың баса назар аударып, көзге шұқып тұрып көрсеткен мың үш жүз он алтыншы, он жетінші кезеңдер. Ол кезең Құранға қарсы қастандық әрекет басталған кезең.

فَاَمَّا الَّذ۪ينَ شَقُوا аяты джифр есебі бойынша дәл сол тарихи кезеңді көрсетеді. Егер шәддәлі "мим" екі мим саналса, мың үш жүз елу жеті, егер шәддәлі "ләм" екі ләм саналса мың үш жүз қырық жетіні көрсетеді. Бұл осы ғасырдың діннен бездіру әрекетінің бастапқы кезеңі. Екі шәддәлі екеу болып саналса мың үш жүз сексен жеті болады. لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ Бұл кезең сұмдық дінсіздік ағымының аяқталу кезеңі болуы мүмкін.

فَفِى النَّارِ لَهُمْ ف۪يهَا زَف۪يرٌ وَ شَه۪يقٌ

сөзі болса, мың үш жүз алпыс бір. Егер, فَفِى النَّارِ сөзіндегі оқылмайтын "иә" саналмаса, мың үш жүз елу бір, егер шәддәлі ن (нун) негізгі әріп ретінде бір ل (ләм), бір ن саналатын болса, тағы сол мың үш жүз отыз бір кезеңін яғни жан дауыспен шыңғырған және бірінші дүние жүзілік соғыстың ала апат-қырғынының зар қақсатқан бәлесін көрсетіп жәһаннам отының ішінде күйіп, сорлы күнәһарлардың азабы туралы хабар беріп, иманды жандарды фитнә-бүлікке салған залым кәпірлердің һәм бұл дүниеде, һәм ақыретте жазаға тартылатынын меңзеп ишара қылады. Дәл сол секілді, бұл ғасырға сырттай қатысы бар сырға толы وَ السَّمَٓاءِ ذَاتِ الْبُرُوجِ сүресіндегі мына аяттың

اِنَّ الَّذ۪ينَ فَتَنُوا الْمُؤْمِن۪ينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ ثُمَّ لَمْ يَتُوبُوا فَلَهُمْ عَذَابُ جَهَنَّمَ وَلَهُمْ عَذَابُ الْحَر۪يقِ

дегеніндей, Стамбұлдың екі мәрте сұмдық өртенуі һәм дүниежүзілік соғыстың сұмдық өрті, екеуі жәһаннам азабы секілді әлгі фитнәбүліктің жазасы болып табылады деп, соны ишара қылады.

Қорытынды:Бұл аят әр ғасырды қамтып, қатысты болғаны секілді, осы ғасырға да мән беріп, назар аударту үшін джифр есебі бойынша осы ғасырдағы үш-төрт кезеңді меңзеп, айрықша оқиғаларына ишара қылады. Және мағынасымен екі ағымның қалай пайда болатынын меңзеп белгі береді. Сабридың жазған хаты әлі қолымызға тимей тұрып, оның рухани әсері болса керек, осы аятты және اَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا аятымен бірге ойлап отырғанымда осы мағына шықты.

Рисалей-Нұр мұнша қуатты Құрани ишараларға бөленуінің себебі және мұның хикмет-сыры өмір сүрген заманының сұмдық болуынан. Сол үшін, ол ешбір кітап ие болмаған киелі мақтауға, мадаққа бөленген. Демек, мәселе оның ұлықтығында емес, мәселе кезеңіндегі бәле-сұмдықтың тым шектен шыққандығында болып, сол сұмдыққа, бұзықтыққа қарсы жүргізген күресі азғантай болғанымен маңызы өте зор. Соны білдіру мақсатымен Құранның ишарасы сүйіншілеп былай деді: "Рисалей-Нұр алаңына кіргендер қауіп төніп тұрған иманын сақтап қалады, әрі дүниядан иманмен өтеді, жәннатқа барады!" деп, сүйінші хабар беріп отыр. Иә, кейде сондай кезеңдер болады, бір жауынгердің атқарған қызметі мен ерлігі үшін маршалдың дәрежесінен асып түсіп, мәртебесі одан мың есе жоғарылап кетеді.

ЕСКЕРТУ:Өткен және енді баяндалатын аяттардың ишара белгілері тек тәвафукпен шектелмейді. Негізінде әрбір аяттың күлли мағынасындағы көптеген терең мағынасынан бір түйірі РисалейНұр жайлы екенін меңзеп, мағына жағымен сәйкес келіп джифри уә әбжәди есеппен дәл келіп әлгі байланысты одан әрі бекітіп, оны арнайы түрде меңзеп отыр десе болады.

АЛТЫНШЫ АЯТ

Хадид сүресінде: وَ يَجْعَلْ لَكُمْ نُورًا تَمْشُونَ بِه۪ яғни:"Қараң-ғылық басқан кезде сендерге нұр сыйлаймын. Сол арқылы тура жол да жүресіңдер!"дейді. Құдайға шүкір Рисалей-Нұр осы киелі де күлли мағынасының жарқын бір тұлғасы. Сонымен қатар نُورًا сөзіндегі ن саналар болса, мың үш жүз он сегіз санын көрсетеді. Бұл кезең Рисалей-Нұр авторы ілім үйренуден кітап жазуға кіріскен кезеңі және муджахид секілді сапарға бастаған кезеңінен бес жыл бұрынғы уақытты және көптеген аяттардың ишара қылғанындай мың үш жүз он алты кезеңіндегі өте маңызды пікіри өзгерістен екі жыл кейінгі уақытқа дәлме-дәл келеді. Міне, ол кезең нұрдың ортаға шығуына дайындық кезеңі болатын.

Сонымен, осы нұрлы аят һәм мағына жағымен һәм джифр есебімен сәйкес келуі, бұл әрине, барлық жағы ақыл мен хикметке толы Қасиетті Құранда кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес.

ЖЕТІНШІ АЯТ:وَ يُحِقُّ اللّٰهُ الْحَقَّ بِكَلِمَاتِه۪ осы мәшһүр аяттың күлли мағынасының бұл замандағы ашық көрініп тұрған тұлғасы Рисалет-ун Нұр болғаны секілді, Лафзуллаһтағы яғни "Аллаһ"

сөзіндегі шәддәлі "ләм" бір ләм және بِكَلِمَاتِه۪ сөзіндегі оқылатын "иә" саналатын болса, тоғыз жүз тоқсан сегіз санына дәлме-дәл сәйкес келіп, мағынасы да байланысты болғандықтан рәмізді түрде қатысы бар. Осы рәмізді одан әрі керемет қылып, қуаттандыратын байланыстылықтың бірі мынау: Рисалет-ун Нұрдың кітаптары"Сөздер"деген атпен танымал. Ал сөздердің арабшасы"Кәлимат"деген. Сол кәлиматпен Құранның ақиқаттарын өте керемет түрде хақ әрі ақиқат екенін дәлелдейтіні сондай, бұл заманның дінсіз философтарының аузына құм құяды.

СЕГІЗІНШІ АЯТ:قُلْ اِنَّن۪ى هَدٰين۪ى رَبّ۪ٓى اِلٰى صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ осы мәшһүр аяттың күлли мағынасының осы ғасырда ең сәйкес, ыңғайлы мағынасы Рисалет-ун Нұр болғаны секілді, джифр есебі бойынша صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ сөзі صِرَاطٍ сөзіндегі тәнуин "нун" саналар болса, Рисалет-ун Нұрдың саны болған тоғыз жүз тоқсан сегіз санына екі сырлы {(Сілтеме): Яғни, екі айырмашылық бар дегені мынау: Рисалей-Нұр уахи емес, ол илхам және истихраж} айырмашылықпен қатысты көрінеді. Сол секілді, هَدٰين۪ى رَبّ۪ٓى اِلٰى صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ сөйлемінің әбжәд саны мың үш жүз он алты болып, Рисалей-Нұр авторының айналасына дәріс беріп, Нұрға дайындықта болған ең қызу кезеңіне яғни мың үш жүз он алты санына дәлме-дәл тәвафук етеді.

ТОҒЫЗЫНШЫ АЯТ:

"Бақара"һәм"Луқман"сүресіндегі فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقٰى сөйлемі, яғни:"Аллаһқа иман еткен адам еш үзілмейтін нұрлы шынжырдан мықтап ұстаған болады".Рисалей-Нұр болса, Аллаһқа иман шартының Құрани айғақтарының бұл замандағы ең нұрлысы, ең қуаттысы екені тәжірибелермен дәлелденгендіктен осы بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقٰى сөзінің кең шеңберіне арнайы түрде кірген боп есептеледі. Мұны растап қуаттайтын нәрсе джифри саны мың үш жүз қырық жеті болып Рисалей-Нұрдың кеңінен тарап шарықтау дәуіріне дәлме-дәл тевафук қылады. Осы он төртінші ғасырда Құранның мағынауи мұғжижасынан туындаған"урует-үл-усқа"яғни мықты шынжыр, адамзатты зұлымат қараңғылықтан нұрға шығаратын нұрлы жол Риселей-Нұр екенін рәмізді түрде білдіреді.

ОНЫНШЫ АЯТ:يُؤْتِى الْحِكْمَةَ مَنْ يَشَٓاءُ

ОН БІРІНШІ АЯТ:وَ يُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَ الْحِكْمَةَ وَ يُزَكّ۪يهِمْ

ОН ЕКІНШІ АЯТ:وَ يُزَكّ۪يكُمْ وَ يُعَلِّمُكُمُ الْكِتَابَ وَ الْحِكْمَةَ

Бұл аяттардың қысқа мағынасы:"Сендерге Қасиетті Құран киелі хикмет дәрісін береді. Ол сендерді рухани кірлерден тазартады".Осы үш аяттың жалпыға ортақ, күлли мағыналарында Риселей-Нұрға әдейіліп назар аударылғанына екі қуатты белгі-нышан бар.

Біреуі:Рисалей-Нұрдың ерекше қасиеті ол, Аллаһтың"Хакем"және"Хаким"есіміне айна болып, парақ-беттерінде және тақырыптарында әлемдегі"низам"яғни тәртіпті жүйені көрсетіп Аллаһтың"Хакем", "Хаким"есімдерінің шағылыстары болып табылатын қудси киелі хикметті, Құрани даналықты сабақ береді, үйретеді. Құранның хикметі Рисалей-Нұрдың негізгі мәселесі әрі нәтижесі болып табылады.

Екінші белгі:Бірінші аят мың үш жүз жиырма екі әбжәд саны бойынша Рисалей-Нұрдың авторының тікелей "әлие" ілімінен "алия" іліміне яғни мақсатқа жеткізер құрал ілімінен шығып Құранның хикметіне ден қойып, Құранның қызметшісі міндетін атқаруға кіріскен кезі яғни бір жылдан соң Стамбұлға барып рухани салада, мағынауият әлемінде күрес жүргізген кезеңі.

Екінші аят болса,джифри есебі бойынша мың үш жүз екі болып Рисалей-Нұр авторының Құран дәрісін алған кезеңіне дәлмедәл тевафук қылып рәмізді түрде Құранның ашық айғағы болып табылатын Рисаил-ин Нұрға қатысты.

Үшінші аят,мың үш жүз отыз сегіз саны шығатындықтан Құранның хикметін Еуропаның философтарына қарсы дәлелдеп, оның таңғажайып екенін көрсеткен Риселей-Нұр авторы Ислам академиясында жүріп Құранның хикметін қызғыштай қорғап, тіпті Ағылшын дінбасының сұрағына алты сөзбен жауап беруін, кейін қоғамнан оқшауланып бүкіл уақытын Құраннан шыққан РисалейНұр мен оның имани мәселелерімен шұғылданған кезеңіне дәлмедәл тевафук етіп, рәмізді түрде қатысты.

ОН ҮШІНШІ АЯТ:

"Ал-и Имран" сүресінде: وَمَا يَعْلَمُ تَاْو۪يلَهُٓ اِلَّا اللّٰهُ وَالرَّاسِخُونَ فِى الْعِلْمِ

ОН ТӨРІНІШ АЯТ:

"Ниса" сүресінде:

لٰكِنِ الرَّاسِخُونَ فِى الْعِلْمِ مِنْهُمْ

Бұл екі аяттың осы ғасырға арнайы түрде қатысы бар. Бірінші аяттың мазмұны мынаны көрсетеді: Адасқандар Құрандағы "мүтешабих" аяттарды бұрысқа жорып бұрмалап ол туралы күмән-күдік туғызуға тырысқан кезеңде ілімді терең меңгерген бір топ мүминдер сол "мүтешабих" аяттардың түпкі тура жорымын баяндап және оған иман келтіре әлгі шәк-шүбәларды жоқ қылады.

Бұл ауқымды күлли мағынаны әр ғасырда иеленушілері, жарқын тұстары бар. Дүние жүзілік соғыс арқылы өзін көрсеткен, мың жылдан бері Құранға қарсы өшігіп, әбден бірігіп қалған Еуропаның наразылықтары, күмән-күдіктері Ислам әлеміне кіруге жол тауып, еркін еніп қоғамға жайылып кетті. Сондай шәк-шүбәлардың бір бөлігі пән мен ғылым түрінде кейпінде аятқа қарсы тиісе бастады. Мұндай шәк-шүбәларды, наразы-пікірлерді бұл заманда тоқтатып тойтарыс берген әуелі Риселей-Нұр және оның шәкірттері болғандықтан, бұл аят осы ғасырға қатысы бар. Сондықтан, Рисалей-Нұрға және шәкірттеріне рәмізді түрде қарап қана қоймай, сонымен қатар соңғы кезеңнің ғалым-ғұламаларының көзқарасы бойынша اِلَّا اللّٰهُ сөзінде тоқтауға болмайды деп қарасақ"джифри"есеп бойынша اِنَّ الْاِنْسَانَ لَيَطْغٰى сөзінің саны секілді мың үш жүз қырық төртке сәйкес келіп, Ресаил-ун Нұр және шәкірттерінің рухани күрес майданына шыққан уақытына дәлме-дәл тевафук етіп, оларды да осы аяттың киелі құшағына алады.

Сондай-ақ, хашир мәселесін яғни өлген соң тірілуді өте қуатты дәлелдеп бұлтартпас айғағы болып табылатын Оныншы Сөздің жарыққа шығып кең таралу кезеңіне сәйкес келеді. Әрі Құранның қырық жағынан мұғжиза екенін баяндайтын Жиырма бесінші Сөздің кеңінен таралған кезеңіне, сондай-ақ اِنَّ الْاِنْسَانَ لَيَطْغٰى сөзінің санына дәлме-дәл тевафук етіп қамтып отыр.

Егер, алдыңғы кезеңнің ғұламалары секілді اِلَّا اللّٰهُ сөзінде тоқтауға болады десек, ол кезде اَلرَّاسِخُونَ сөзіндегі ر екі ر саналып, мың үш жүз алпыс санынан сәл асады да Рисалей-Нұр шәкірттерінің мұнан он

бес, жиырма жылдан кейін терең әрі зерттеп қол жеткізген ілімдерін, кәміл имандарын рәмізді түрде меңзеп, қамтығаны секілді шәдделі ر негізіне қарасақ бір ل бір ر саналатын болса мың екі жүз он екі болып осыдан бір жарым ғасыр бұрын Мәуләна Халид Зүлжәнаһәйннің Индиядан әкелген аса керемет ақиқат ілімі арқылы, оның тегеурінді күшімен сол заманда етек алған қисық жорымды, бұрыс көзқарасты, күмәнді пікірлерді жойып, сейілтіп жүз жылда елу миллионнан астам адамдарды тәрбиелеп, тура жолға салған, нұрландырған кезеңіне дәлме-дәл тевафук қылады.

Екінші аятاَلرَّاسِخُونَ فِى الْعِلْمِ مِنْهُمْ шәддәлі ر негізіне қарасақ, бір ل (ләм), бір ر (ра) саналады десек, әбжәд саны мың үш жүз қырық төрт болып әрбір ғасырды арнайы түрде рәмізбен меңзеп тұр. Және ақиқат іліміне терең бойлап, кәміл иман келтірген бір топты меңзейді. Көптеген аяттардың аса мән беріп көрсеткен осы мың үш жүз қырық төрт кезеңінде Рисалей-Нұр және шәкірттерінен артық осы міндетті ауыр шарттарда еш мойымай, тапжылмай атқарғандар сырттай көрінбейді. Демек, бұл аят оларды өзінің кең қанатының астына алып, ерекше ілтипат қылуда.

ОН БЕСІНШІ АЯТ:

يَٓا اَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَٓاءَكُمْ بُرْهَانٌ مِنْ رَبِّكُمْ وَاَنْزَلْنَٓا اِلَيْكُمْ نُورًا مُب۪ينًا

Бұл аят осы заманға да үндеу жасап отыр. Өйткені, сөйлемді толық алып مُبِينًا сөзі тыс қалса, мың үш жүз алпыстан асып кетеді.

Егер, قَدْ جَٓاءَكُمْ сөзінен кейін келсе, بُرْهَانٌ және نُورًا сөздеріндегі тәнуиндер "нун" боп саналса, мың үш жүз он болады. Демек, үндеу бұл ғасырды, да қамтиды.

Әрі, قَدْ جَٓاءَكُمْ بُرْهَانٌ сөйлемі тек төрт айырмашылықпен"Фурқан"сөзінің санына тевафук етіп, ашықтан-ашық байланысты болғаны секілді, сол киелі Иләһи бурһанның яғни Иләһи айғақ аяттың осы замандағы жарқын әрі қуатты бурһаны, бұлтартпас айғағы болған Рисаил-и Нұрға да екінші сөйлеммен яғни اَنْزَلْنَا اِلَيْكُمْ نُورًا مُب۪ينًا сөзінің санымен екі "тәнуин" тоқтаған кезде екі "әлиф" саналатындықтан бес жүз тоқсан сегіз болып дәлме-дәл Рәсаил-и Нұрға және Рисалей-Нұрдың

санына тәвафук қылады. Осылайша, әлгі аспани бурһанның яғни Иләһи аяттың жердегі бурһаны Ресаил-ин Нұр екенін рәмізді түрде хабар береді.

ЕСКЕРТУ:Сөздердің үш атауындағы яғни Рисалей-Нұр, Ресаилин Нұр және Рисалет-ин Нұр сөзіндегі шәдделі ن (нун) екі ن саналуы джифр ілімінде көп кездесетін қағида. Шәддәлі әріп кейде бір, кейде екеу боп санала берді.

ОН АЛТЫНШЫ АЯТ:

لِلَّذ۪ينَ اٰمَنُوا هُدًى وَ شِفَٓاءٌ бұл шипалы аят көп уақыттан бері менің дерттерімнің шипасы, дауасы болды. Сондай-ақ, Иләһи ұлы дәріхана іспеттес Құран Кәрімнің шипа болатын дәрілерінен және РисалейНұр бөлімдерінің құтыларынан алып, рухани мың дертіме мың шипа таптым. Және тек мен емес Ресаил-и Нұр шәкірттері де шипа тауып тәуір болуда.

Пән мен философияның, оның лас батпағынан жұғатын және емдеп тәуір болуы екіталай, тым мүшкіл дінсіздік дейтін ауруға шалдыққандардың көпшілігі Рисалей-Нұр арқылы емін тапты.

Сонымен, барлық дерттің дауасы Қасиетті Құранның бұл замандағы дәрілері салынған құтылары іспеттес Ресаил-ин Нұр кітаттары да осы шипалы аяттың назарына іліккеніне қуатты белгі мынау:

Аяттың джифри саны мың үш жүз қырық алты. Бұл Ресаил-ин Нұрдың мың үш жүз қырық алтыда рухани шипа ретінде шар-тарапқа кеңінен тараған кезіне сондай-ақ,"Мұғжизат-ы Ахмедия"(с.а.у.)деп аталатын құнды Рисаленің қағазға жазылған кезеңіне сәйкес келеді. Осы тевафук, мағына жағынан да байланысты болып расталып әрі рәміз дәрежесінен ишара дәрежесіне көтеріледі.

ОН ЖЕТІНШІ АЯТ:

فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ

сөйлеміндегі

فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ

сөзінің джифри саны егер шәддәлі "ләмдер" біреу болып және шәддәлі "кәф" бір рет саналар болса мың үш жүз жиырма тоғыз шығады. Бұл кезең дүние жүзілік соғыстың басталған кезінде Ресаил-ин Нұр тәпсірінің алғашқы кітабы"Ишаратул Иғжаздың"параққа жазылу уақытына дәлме-дәл тәвафук қылумен қатар шәддәлі"кәф" екі "кәф"боп саналар болса мың үш жүз қырық

тоғыз болып соғыстың салдарынан пайда болған қиыншылық кезде Рисалей-Нұрдың حَسْبِىَ اللّٰهُ деп, дүниеқұмар жандардан бірде-бір көмек, қамқорлық көрмей керісінше шабуылына ұшырап сонда да табандылықпен жалғыз өзі қиын-қыстау кезеңде Құранның нұрларын жайған уақытқа дәлме-дәл тевафук етеді. Бұл әрине, барлық тұрғыдан сана мен ақылға толы Құран аяттарында орын алуы кездейсоқ емес, кесдейсоқ болуы әсте мүмкін емес. Негізінде мұндай аяттар өте қиын кезең болып саналатын осы ғасырды арнайы түрде меңзейді. Және осы аяттарды өздеріне жетекші ретінде өнеге тұтқан бір топ шәкірттеріне арнайы түрде ілтипат қылып, олардың да ілтипат қылуы арқылы оларды қостап арқасынан қағады.

Бұл аяттың алдыңғы аяттар секілді мағына жағымен сырт көзге байланысы көрінбейтіні рас. Дегенмен, бір тұрғыдан алғанда Ресаилин Нұрмен белгілі бір мағынада байланысы бар. Былайша, он үш жылдан бері {(Сілтеме): Жазылған мезгілі бойынша} бұл аят Рисалет-ун Нұр авторының және оның хас шәкірттерінің ақшам намазынан кейін үзбей оқитын дұғасы болып табылады. Сондай-ақ, бұл аяттың мағынасына бұл заманда бөленген және жұрттың бәрі безіп кеткенде тапжылмай حَسْبِىَ اللّٰهُ (хасби Аллаһ)деп, тәуекел етіп, аласапыран заманда кезде иман нұрын, Құран ақиқатын жайған мүмин-мұсылмандарды үмітсіздіктен, сары уайымнан құтқарған әу баста, Рисален-ун Нұр және оның шәкірттері болып табылады.

ОН СЕГІЗІНШІ АЯТ:اِنَّ حِزْبَ اللّٰهِ هُمُ الْغَالِبُونَ бұл аят өзінің мағынасымен"хизбуллаһтың"сырттай жеңілісінен пайда болған үмітсіздікті, ауыр қайғыны жою үшін ерекше үмітке толы жұбаныш сыйлайды. Және,"хизбуллаһ"деп аталатын Құранға жақтас топтың негізінде және ақырында жеңіске жететінін хабарлайды. Және бұл ғасырда Құран жақтастарының көптеген топтарының ішінен Ресаилин Нұр шәкірттері көрінгендіктен бұл аяттың күлли мағынасын арнайы түрде жекеше ішіне енгеніне ишара-белгі ретінде джифри саны мың үш елу болып, Ресаил-ин Нұр шәкірттерінің сырттай жеңіліске ұшырауы, деген мен бір жылдан кейін түрмеге қамалуы арқылы мағынауи жеңіске жетіп үстем келуі, олардың табандылықтары және олардың көздерін жою деген сұмдық қастандықты тойтарып жүзеге

асырмай тастаған ықыластары және мағынауи күш-қуаттары анық көрінген кезі яғни руми жыл санау бойынша мың үш жүз елу - мың үш жүз елу бір - Мың үш жүз елу екі сандарына дәлеме-дәл тевафукы әлбетте, мейірімге толы, жұбаныш сыйлайтын Құранның рәміз белгілері.

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ АЯТ:

وَ الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا مَعَهُ نُورُهُمْ يَسْعٰى بَيْنَ اَيْد۪يهِمْ وَ بِاَيْمَانِهِمْ يَقُولُونَ رَبَّنَٓا اَتْمِمْ لَنَا نُورَنَا وَ اغْفِرْلَنَا

Осы аяттың жалпы мағынасындағы көптеген қабаттарының бір ишари қабаты осы ғасырды да қамтып тұр. Өйткені, يَقُولُونَ رَبَّنَٓا اَتْمِمْ لَنَا نُورَنَا сөзінің мағынасы осы ғасырмен тығыз байланысты һәм джифр есебі бойынша да яғни мың үш жүз жиырма алты болып, сол кезеңдегі демократияға ауысудан пайда болған аласапыран дәуірде бәрін жаппай қиратып жатқан сұмдық зұлыматтан құтылу үшін нұр іздеген мүминдердің арасында Ресаилин Нұр шәкірттері аз уақыттан кейін ортаға шыққандықтан осы аяттың көптеген мағыналарынан осы ғасырдағы бір мағынасын иеленушілер болғанына яғни Нұр шәкірттері екеніне белгі боп саналады. وَاغْفِرْلَنَا сөйлемі мың үш жүз алпыс санын меңзейді. Демек, осыдан бес-алты жылдан кейін истиғфар дәуірі яғни"кешірім тілеу"кезеңі басталады. Рисалей-Нұр шәкірттері сол кезеңде истиғфар дәрісін беретініне рәмізді бір белгі боп саналады.

ЖИЫРМАСЫНШЫ АЯТ:

وَ نُنَزِّلُ مِنَ الْقُرْاٰنِ مَا هُوَ شِفَٓاءٌ وَ رَحْمَةٌ لِلْمُؤْمِن۪ينَ

Бұл ұлы аят ашық түрде бақыт ғасырында Құранның түскенін хабар беруімен қатар басқа ғасырларды да ишари мағынасымен қамтиды. Және Құрани аспаннан илхами түрде келген шипалы нұрларды меңзейді. Иә, жүректердің емшісі Қасиетті Құранның нұрынан тікелей нәр алған Рисалет-ун Нұр - оған көзім әбден жеткен - барлық рухани дерттеріме шипа болып емдеп жазғаны секілді Рисаил-ин Нұр шәкірттері де өз тәжірибелерімен менің айтқанымды растайды. Демек, Ресаил-ин Нұр осы аяттың ишари бір мағынасын өзіне аударып иеленуде. Олай деуге негіз ретінде مَا هُوَ شِفَٓاءٌ وَ رَحْمَةٌ لِلْمُؤْمِن۪ينَ

аяттының джифри саны мың үш жүз отыз тоғыз болып дәл сол кезеңде Құраннан нәр алған, оның илхамымен жазылған Ресаил-ин Нұр өз ғасырының рухани және сұмдық ауыр дерттеріне шипа болып ортаға шыға бастағандықтан бұл аят соны арнайы түрде рәмізбен хабар бергеніне сенімдімін, толық қанағатым бар. Мен өз ойымды жаздым. Әркімнің өз ойы болады, оған ешкім қарсылық білдірмейді деп ойлаймын.

ЖИЫРМА БІРІНШІ АЯТ ЖӘНЕ АЯТТАР:

قُلْ اِنَّن۪ى هَدٰين۪ى رَبّ۪ى اِلٰى صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ ٭ وَ هَدٰيهُ اِلٰى صِرَاطٍ مُسْتَق۪يمٍ

осындай сегіз, тоғыз аяттар назарды"Сырат-ы Мұстақимге"аударады. Және нұрлы тура жол табу үшін Құранның нұрынан әрдайым әр ғасырда сол кезеңнің қараңғы зұлыматын сейілтіп тура бағыт көрсететін, нұрландыратын Құраннан шыққан нұрлар болған. Сондай-ақ, мына сұмдық әрі аласапыран ғасырда сол тура жолды еш ауытқымай тура көрсететін әу баста, әзірге Рисалет-ун Нұр көрініп тұрғандықтан һәм осы"Сырат-ы Мұстақим"сөзінің джифри саны тоғыз жүз тоқсан тоғыз болып, тек бір немесе екі айырмашылықпен Рисалет-ун Нұр санына {(Сілтеме): Яғни, Рисалет-ин Нұр саны екінші және үшінші орында екеніне ишара. Ол уахи емес,болуы да мүмкін емес. Бәлки, ол илхам және истихраж} яғни тоғыз жүз тоқсан сегіз санына сәйкес келу арқылы сегізінші, тоғызыншы аяттарда"Сырат-ы Мұстақим"сөздері осы аталған екі аят секілді Рисалет-ун Нұрды"Сырат-ы Мұстақимның"ішіне арнайы түрде кіргізіп рәмізді түрде оған назар аударады және бағыты тура екенін анық білдіреді. Егер, صِرَاطٍ сөзіндегі"тәнуин"саналмаса, اَلنُّورِ сөзіндегі шәддәлі"нун" бір "нун"саналады, онда да тәвафук болады. Һәм, қалайша осы аят Рисале-и Нұрдың атын атап тұрып меңзеген, дәл сол секілді оның әзірленіп жатқан кезеңін де назардан тыс қалдырмаған. Өйткені, هَدٰين۪ى رَبّ۪ٓى اِلٰى صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ сөзінің джифри саны мың үш жүз он алты болып Рисалет-ун Нұр авторын Нұрды жазуға еріксіз түрде дайындаған кезеңін және бар білгенін Құранды түсіндіруге арнаған ең қызу да қызықты кезеңіне яғни мың үш жүз он алты санына дәлмедәл тевафук етуі әлбетте, жоғарыда айтылған ишараларды растап өзі де сол арқылы бекітіп Рисалет-ун Нұрды рәмізді түрде тіпті ишари түрде бауырына басады.

Мән берерлік мәселе және маңызы зор тевафук:Рисалет-ун Нұр авторының мың үш жүз он алтыншы жылдарда дүние танымы күрт өзгеріп көзқарасы мүлдем басқаша қалыптасады. Сол кезге дейін ол түрлі ілімдерді оқып, оқытатын. Оның ойынша адам ілім арқылы нұрланады деп қызыға ілім іздейтін. Бірақ, бір күні қала әкімі марқұм Тахир пашаның аузынан Еуропаның Құранға сұмдық қастандық жасау жоспары бар екенін естиді. Тіпті, бір газетте Ағылшын Отарлау Істерінің жауапты хатшысы:"Мына Құран мұсылмандардың қолында тұрғанда біз оларды толық қанды үстем, болып бағындыра алмаймыз!"дегенін естіп одан әрі жігерлене түсті. Ол джифри есеп бойынша мың үш жүз он алты санына сәйкес, فَاَعْرِضْ عَنْهُمْ әміріне мағыналық тұрғыдан ұйып ой-пікірінде үлкен өзгеріс болады. Назарын, бағыт-бағдарын күрт өзгертіп, осы күнге дейінгі жинаған түрлі ілімін Қасиетті Құранды түсінуге, оның ақиқаттарына терең бойлап, оны дәлелдеуге арнайды:"Менің бар мақсатым және жиған ілімімнің нәтижесі, ұлы арманым тек қасиетті Құранды түсіну!"деп, шешеді. Құранның мағынауи мұғжизасы және киелі қасиеті оған жөн сілтеп, жетекші ұстаз болады. Өкінішке орай, сол кездегі жастық шақ, алдамшы себептердің салдарынан әлгі арманын жүзеге асыруға, талап-шарттарын орындауға дереу кірісіп кете алмайды. Кейін уақыт өте дүние жүзілік соғыстың аласапыранынан толық оянып әлгі ойы қайта жанданып мақсатын жүзеге асыруға кіріседі.

Міне, һәм өзіне һәм Рисалет-ун Нұрға қатысты осы тарихи оқиға мың үш жүз он алты кезеңіне дәл келіп көптеген аяттар оған сілтеме жасап, ишара қылады. Мысалы, қалайша هَدٰين۪ى رَبّ۪ٓى اِلٰى صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ дәлме-дәл тевафук қылып ол туралы белгі береді дәл сол секілді мәшһүр аят та яғни اِنَّ رَبّ۪ى عَلٰى صِرَاطٍ مُسْتَق۪يمٍ аятының джифри саны, шәддәлі "нун" біреу боп саналса, тәнуин саналмаса мың үш жүз он алты болып дәл сол тарихты меңзеп ишара қылады. Һәм, қалайша жеті-сегіз сүрелердегі аяттан және ол аяттардағы кездесетін"Сырат-ы Мұстақим"сөздері Рисалет-ун Нұрдың атауына тевафук етумен қатар осы аталған екі аят секілді кейбірі Рисалет-ун Нұрдың жазылып жарыққа шыққан кезін меңзеп көрсетеді. Сондай-ақ, жеті сүренің бас жағындағы жеті рет تِلْكَ اٰيَاتُ الْكِتَابِ сөйлемі өзінің джифри санымен яғни мың үш жүз он алты немесе мың үш жүз

он жеті болып дәл әлгі мың үш жүз он алты тарихына тәвафук етіп ишара қылуымен қатар طٰسٓ تِلْكَ اٰيَاتُ الْقُرْاٰنِ аяты да дәл мың үш жүз он алты болып әлгі мың үш жүз он алты тарихына тәвафук қылып ишара етеді.

Бейне бір, бақыт ғасырында Құрандағы иман ақиқаттарына белгілер мен дәлелдерді және ол мубин кітаптың айтқан мәселелеріне бұлтартпас айғақ-дәлелдері көздерге де көрсету мағынасында қайтақайта.

تِلْكَ اٰيَاتُ الْكِتَابِ٭ تِلْكَ اٰيَاتُ الْكِتَابِ٭ تِلْكَ اٰيَاتُ الْقُرْاٰنِ

секілді аяттарымен Құран Кәрім әлемге паш етіп, жарнамалады дәл сол секілді мына сұмдық ғасырда да ишари мағына арқылы сол Фурқани аяттардың айғақ-дәлелдері және оның растығын куәландыратын және Құран Хақ Кәламуллаһ екенін көрсететін Рисаил-ун Нұрды ишари мағынасымен меңзеп белгі беріп, айғақ ретінде дәлел мағынасында, ол (Рисалей-Нур)аяттары деп қайта-қайта تِلْكَ اٰيَاتُ الْكِتَابِ деп бұйырып, назарды Құранның атынан осы ғасырға және осы заманғы Рисаил-ин Нұрға аударуда деп, ойлаймын.

Иә, барлық тұрғыдан саналы боп табылатын Құрани аяттардың осылай жиырма тұрғыдан, жиырма ишарасы бір мағынаны білдіруі менің көзімді жеткізіп толық сендірді. Менің осы ойыма қосылмайтын адам қандай уәж айтар екен, осы сәйкестіктерді жоққа шығара ала ма, екен?!

Құранның ишара-белгілері Рисаил-ин Нұрды арнайы түрде меңзеп, назарына іліккен екендігіне кімде-кім күмәнданса Құранның қырық жақтан мұғжиза екенін дәлелдейтін"Мұғжизат-ы Құрания"атты Жиырма бесінші Сөзді немесе Жиырмасыншы Сөздің екінші тарауын немесе өлген соң қайта тірілу жайлы баяндайтын Оныншы Сөзді немесе Жиырма тоғызыншы Сөзді алып оқысын. Егер, сонда да күмәні кетпесе көзімді шұқып алсын.

ЖИЫРМА ЕКІНШІ АЯТ ПЕН АЯТТАР:

Юнус, Юсүф, Рад, Хижр, Шуғара, Қасас, Луқман сүрелерінің басында келетін تِلْكَ اٰيَاتُ الْكِتَابِ киелі аяты. Бұған қатысты Жиырма бірінші аяттың соңғы бөлімі жайлы жазбада біршама айтылған болатын. Джифри есеп бойынша, бұл аяттағы үш ت "тә"

мың екі жүз болады. Және екі ك "кәф", екі ل "ләм" жүз болады. Барлығы мың үш жүз болады. Бір ى "иә" бір, ب "бә" төрт немесе бес ا барлығы мың үш жүз он алты немесе мың үш жүз он жеті болып Рисаил-ин Нұрдың авторы ой-пікірін өзгертіп бар білген ілімін Құранның ақиқаттарын түсінуге себеп қылған кезеңге дәлме-дәл тәвафук етіп сәйкес келеді әрі мағына жағынан да тығыз байланыс бар. Сондықтан, біздің айтарымыз: Бұл тәвафук мынаны меңзейді: бұл ғасырда Рисаил-ин Нұр деп аталатын Отыз үш Сөз және Отыз Үш Мектуб, Отыз бір Лемалар осы заманның Китаб-ы Мүбиндегі аяттардың белгі-нышандары және Құран аяттарының ақиқат екенін дәлелдейтін айғақтар. Және сол аяттардағы имани ақиқаттардың өте қуатты дәлелдері болып табылады.

تِلْكَ киелі сөзі өзіндік ишари мағынасы арқылы былай дейді: Көзге көрінетін дәрежеде ап-анық екендігін білдіретін мұндай ишараға лайық дәлелі ретінде, рәмізді түрде Рисаил-ин Нұрды өзінің ишари мағынасының кең шеңберіне арнайы түрде кіргізіп негізінде назар аударылатын мәселе осы дегендей белгі береді.

Сонымен, қалайша бұл аяттағы ишари мағына жеті сүреде жеті ишара болып дәлел, тіпті анық айғақ дәрежесінде деуге болады. Дәл сол секілді صِرَاطٍ مُسْتَق۪يمٍ сөзіндегі рәміз де жеті-сегіз сүрелерде кездесетіндіктен жеті-сегіз рәміз түрінде әлгі рәмізді ишара дәрежесінде, тіпті дәлел, тіпті"сарахат"яғни ап-анық дәрежесіне шығарады.

ЕСКЕРТУ:Еш қиналмастан бірден ойға келген ишари-белгілер қаз-қалпында жазылды. Өзімізді әуреге салмау үшін ишарасы көп Отыз Үш аяттың көптеген ишара белгілері жазылмады.

ЖИЫРМА ҮШІНШІ АЯТ:عَسٰى رَبُّنَٓا اَنْ يُبْدِلَنَا خَيْرًا бұл аят әр ғасырды қамтығаны секілді, осы ғасырды да қамтыйды. Бұл ғасырда түрі жаман түске ұқсас пәлекеттерге ұшыраған және оның ақырын қайырлы болуын тілеген пенделердің арасында Ресаил-ин Нұр шәкірттеріне ерекше мән беріп рәмізді түрде хабар бергенінің белгісі мынау: Бұл аяттың джифри саны мың үш жүз қырық бес болып, сол жылдары маңызды Рисалелер жазылумен қатар, әдеттен тыс тосын оқиғалар белең ала бастады. Сондай-ақ, Рисаил-ин Нұрдың таралу орталығына яғни Барла ауылына әсіресе, Рисалей-ин Нұр авторына

тиісіп қудалай бастады. Әсіресе, кішкене мешітіне тиіскен кезде Рисаил-ин Нұр шәкірттері көз жастарын көл қылып, Раббысына:"О, Аллаһ! Мына сұмдық қорқынышты түсті жақсылыққа ауыстыра гөр!"деп жалбарынды. Халық жаппай үмітсіздікке түскен кезі. Бірақ, олар зор үмітпен мұсылмандардың рухани күш-жігерін қайрап демеуші болды.

Бұл, осы аяттың еш қиындықсыз бірден ойға келген мағынасы ғана. Әйтпесе, басқа сырлары көп. Өзімізді қинамайық деп қысқа қайырдық.

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ АЯТ ЖӘНЕ АЯТТАР:

Һәм Зүмер сүресінде, һәм Джасия сүресінде һәм Аһқаф сүресінің бас жағындағы تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ مِنَ اللّٰهِ الْعَز۪يزِ الْحَك۪يمِ ұлы аяты туралы. Бұл аяттар Жиырма екінші сүредегі аяттар секілді Рисалетун Нұрдың атауына және өзіне һәм жазылуына, жайылуына рәмізді мағынамен қатысты болып, қамтуда.

МҰНЫ ТҮСІНДІРМЕЙ ТҰРЫП МАҢЫЗДЫ БІР НӘРСЕНІ ЕСКЕРТКЕН ЖӨН

[Аса қажетті төрт-бес тұжырым баяндалмақ]

Бірінші Тұжырым:Хадисте былай делінген: Әрбір аяттың терең мағынасы болады және оның мәртебелері, сатылары болады. Әрбір сатының"захири", "батини", "хадди", "муттала-и"деген дәрежелері және бар. Яғни, сыртқы, астарлы, ішкі, шеткі, жалпыға ортақ түрлері бар. Бұл аталған түрлерінің де әрқайсының хадис бойынша تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ дегендей тал-бұтақтары, шыбықтары, ишари белгілері болады. Осы хадистің үкімі бойынша Құран жайлы баяндайтын осы киелі аят, өзінің жіңішке бір талымен, ишари мағынасымен Қасиетті Құранмен тығыз байланысты бір нұрлы тәпсір жайлы меңзеп, ол туралы хабар береді. Бұл оның абыройын түсірмейді, керісінше Құранның қасиеті солай болуын талап етеді.

Екінші Тұжырым:Аяттың бір мәртебесінің өзінде ишари мағына болады және оның да күлли мағыналары бар. Соның бұл ғасырда көрініс тапқан және мағынасы өте сәйкес тым жақын бір нұсқасы Рисалет-ун Нұр екенін оны оқып танысқан әркім мойындайды. Иә, мен өзім Рисалет-ун Нұрдың хас шәкірттерін куәгер ретінде айтарым:

Рисалет-ун Нұр басқа кітаптар секілді ілімдерден, пәндерден және басқа еңбектерден алынбаған. Оның Құраннан басқа қайнар бұлағы жоқ, Құраннан басқа ұстазы жоқ. Ол жазылған кезде авторының қолында ешбір кітап болмаған. Ол тікелей Құранның фейізінен илхам алған, ол Құрани көктен, аяттар дейтін жұлдыздардан түскен.

Үшінші Тұжырым:Рисаил-ин Нұр басынан соңына дейін Аллаһтың"Хаким" және "Рахим"есімдеріне бөленгендіктен осы үш аяттың соңы"Хаким"есіміне ұштасып, және келесі жиырма бесінші аятта Аллаһтың"Рахман" және "Рахим"есімдерімен байланысып жатады. Бұл әлгі мағынауи қатыстылықты одан әрі бекітіп қуаттай түседі. Осы қуатты мағынауи байланысқа сүйене отырып, айтарым:

تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ مِنَ сөйлемінің ашық мағынасы сонау бақыт дәуірінде уахи болған Қасиетті Құранның көктен түсуі жайлы болғаны секілді, ишари мағынасымен де әрбір ғасырда Қасиетті Құранның ғарыштық мәртебесінен, оның мағынауи мұғжизасынан нұр-фейіз алған, илхаммен келген, оның құпия сырларын, терең ақиқаттарын, дәлелдерін баяндап бейне бір жоғарыдан келіп түсіп жатқандай суреттеп осы заманғы бір шәкіртін яғни бір ғана нұр сәулесін бауырына басып ерекше түрде өз қамқорлығына алып ілтипат қылады.

Төртінші тұжырым:Бұл рисаледе жоғарыда аталған мәшһүр аяттардың бәрі бірдей сәйкес түрде еш қиындықсыз мағына жағымен, әрі джифри есеп бойынша Рисаил-ин Нұрды мегзеп, көрсетуі және ең бірінші болып Нұр аяты он ишарамен Рисалей-Нұрды көрсетуі бұл ежелден келе жатқан ғұламалар мен әдебиетшілер арасында мәшһүр дәстүр. Тіпті, жеке тарих кітаптарда, мазар тастарында, құлпы тастарда әдебиетшілердің пайдаланып келген белгілі де іліми заңдылық, қағида. Егер ондай қағидаға жасандылық араласпай қаз-қалпында сақталса ғайби ишара боп саналады. Егер, әдейілеп жасандылық араласса тек қана безендіру, шешендік боп саналады.

Иә, әдебиетшілер жеке мәселеге келгенде сол жылды немесе күнді джифр есебімен бекітіп, Құранға еліктеп өзінің сөздерін әрлеп, безендіргені белгілі. Һәм, джифр есебінің негізгі ережесі және маңызды кілті әбжад санымен ишара қылуға келер болсақ,

Құрани аяттар яғни кез-келген тұсы санаға толы, тұнып тұрған ілім және нағыз ираде, ешбір кездейсоқ тарапы жоқ әрі ешнәрсесі босқа емес Құранның осынша аяттары жаппай бірігіп, ұйымдасқан түрде Рисалей-Нұрға ишара қылуы және оған дәлме-дәл сәйкес келуі әрине ап-ашық түрде оның қабыл болған кітап екеніне куәлік етеді. Және оның хақ, рас екенін дәлелдейді әрі шәкірттеріне қуанышты хабар боп табылады.

Бесінші Тұжырым:Осы әбжәд есебі көпшілік тарапынан қабылданған ереже, жалпыға ортақ іліми қағида және әдебиет саласында ереже-заң екеніне дәлелдер өте көп. Қазір тек төрт-бес үлгісін ғана баяндаймыз:

Біріншісі:Исрайл ұлдарының ғалымдары Ардақты пайғамбар-ымыз дың құзырына келіп, сүрелердің басындағы الٓمٓ ٭ كٓهٰيٰعٓصٓ секілді"муқатта"әріптерді естіп джифри есебі не салып:"Әй, Мұхаммед! Сенің үмметіңнің өмірі аз екен!"депті. Сонда ардақты пайғамбарымыз оларға:"Аз емес!"деп, басқа сүрелердің басындағы муқатта әріптерді де оқып:"Тағы бар!"дегенде олар үндемей қалды деседі.

Екіншісі:Хазіреті Алидың (р.һ.) ең мәшһүр "Джәлджәлутия" атты қасидасы басынан аяғына дейін белгілі мағынада әбжәд есебі және джифрмен жазылып солай баспаларда басылған.

Үшіншісі:Жағфар-и Сыддық (р.һ.) және Мұхиддин-і Араби (р.һ.) сынды ғайби сырлармен шұғылданған тұлғалар, сондай-ақ әріптің құпия тылсым сырларын ашқан ғалымдар осы ғайби әбжәд есебін бір ереже-заң, ретінде көп сырлардың есігін ашатын кілт ретінде қараған.

Төртіншісі:Жоғарғы дәрежелі әдебиетшілер осы есептеу тәсілін әдебиеттің керемет ереже-заңы деп қабылдап бұрыннан бері осы тәсілді қолданып келген. Тіпті, кереметтігіне беріліп әдейілеп істемеу керек бола тұра және жасандылықтан аулақ және еліктемеу керек бола тұра, жасандылық араласып әдейілеп әлгі ғайби кілтті көшірме жасап қатты еліктеген.

Бесіншісі:Есеп-қисап ілімі, математика ғалымдары сандардың өзара сәйкес әрі байланыстылығын зерттегенде ең керемет ережелерді және көпшілік халыққа таңғажайып көрінетін заңдарды осы тевафук

есебінің санатына жатқызады. Тіпті, Аллаһ Тағала жаратылыста осы сандық сәйкестік жүйенің өзгермейтін ережесі ретінде әрнәрсені бірліктің заңы, үйлесімділіктің қағидасы, реттілік пен тәртіптің ережесі бойынша жаратқан.

Мысалы, қалайша екі қолдың, екі аяқтың бармақтары, жүйке тамырлары, сүйектері тіпті, жасушалар сан жағынан бір-біріне сәйкес келеді. Дәл сол секілді, мына ағаштың бойындағы биылғы және өткен көктемгі гүл-шешектері, жеміс-жапырақтары азғана айырмашылықпен өзара сәйкес болып ұқсас келеді және келешек көктемдерде өткен көктемдермен салыстырғанда азғана айырмашылықпен үйлесім табады. Бұл да Сани-ы Хаким-і Зүлжәлал Аллаһтың жалғыз екенін көрсететін қуатты дәлел, бұлтартпас айғақ. Сонымен осы джифри уә әбжәди сәйкестік іліми заңдылық екені рас. Және ол математика саласында қуатты ереже және жаратылыстағы қағида сондай-ақ, әдебиетте де өзіндік ереже және ғайыптың кілті боп саналады. Олай болса, әлбетте, бүкіл ілімнің бұлағы, барлық сырдың сандығы, жаратылыс заңдарының тәржімешісі, әдебиеттің ұлы мұғжизасы, ғайып әлемінің кілті болып табылатын Қасиетті Құран осы тәвафук заңын пайдалана отырып оны ишари-белгі ретінде қолдануы мұғжизалығының талабы десек болады. Ескерту бітті, енді тақырыбымызға ораламыз:

"Зүмәр", "Джасия", "Аһқаф"сүрелерінің басында

تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ مِنَ اللّٰهِ الْعَز۪يزِ الْحَك۪يمِ

деп басталатын аяттардың тек джифри рәміздерін баяндаймыз. Себебі, жоғарыда мағыналық жағымен байланыстылығы айтылған болатын. Былайша, ت (тә) сегіз жүз, екі ن (нун) жүз, م (мим) сексен, екі ك (кәф) қырық, үш ز (зәл) жиырма бір, үш ى (иә) отыз, бір ب (бә) бір, ح (хы) он, (Аллаһ) сөзі алпыс жеті, бір ع (айн) жетпіс, төрт ل (ләм) төрт, ا (әлиф) жиырма төрт болып, барлығы мың үш жүз қырық екі болып, осы ғасырдағы оқиғаларға назар аудартып қана қоймай, Құранның көктен түсуіне қатысты бір нұртуралы меңзеп хабар береді. Және сол көрсетілген маңызы зор кезеңнен аз уақыт өткен соң Мұғжизат-ы Ахмедия (с.а.у.) Риселесі, сондай-ақ, Жиырмасыншы, Жиырма төртінші Мектуб секілді Рисалет-ун Нұрдың ең құнды да нұрлы кітаптары жарыққа шықты.

Сондай-ақ, Құранның қырық қырынан талдау жасап мұғжиза екенін дәлелдеген"Мұғжизат-ы Құрания"Рисалесі және өлгеннен кейін тірілу жайлы баяндайтын Оныншы Сөз рисалесінің қырық екіде кеңінен таралуы, сосын қырық алтыда орталықты шулатып, аты шығуы дәл сол кезеңде болуы, міне осы оқиғалардың бәрі мына аяттың оған жеке түрде ілтипат қылғанын көрсетеді. һәм, қалайша осы аят Ресаил-ин Нұрдың жарыққа шығуын, айналаға кеңінен таралуын хабарлап ишара қылып жатыр, дәл сол секілді бір ғана تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ сөзі, Рисалет-ун Нұрдың атына шәддәлі "нун" бір "нун" саналар болса, өте азғантай айырмашылықпен тәвафук қылып рәмізді түрде қатысты болып бауырына басады. Өйткені, تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ сөзінің саны тоғыз жүз елу бір болып, Рисалет-ун Нұрдың санына яғни тоғыз жүз қырық сегіз болып бір сырға байланысты үш айырмашылықпен қатысты боп саналады. Кенет көкейге мұндай ой келді: Осы үш санды айырмашылықтың сыры мынау болса керек: Рисалет-ун Нұрдың мәртебесі үшінші орында. Яғни, ол уахи емес, болуы да мүмкін емес. Һәм жалпы алғанда илхам да емес. Ол жалпы Құранның нұр-фейізінен, оның медетімен жүрекке келген"сунухат",{Сунухат - шабыт секілді көкейге келетін мағыналар} Құраннан шыққан Құрани ақиқаттар.

Таңғаларлық жәйт, бірінші حٰمٓ деп аталатын"Мүмин"сүресіндегі تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ مِنَ اللّٰهِ الْعَز۪يزِ الْعَل۪يمِ сөзінің джифри саны кейбір маңызды аяттар секілді мың үш жүз жетпісті көрсетіп тұр. Апырмай, он бес-жиырма жылдан кейін Құранның тағы басқа нұрлары шығар ма екен немесе Ресаил-ин Нұр қанатын кең жайып үлкен жеңісі бола ма екен? Ол жағын білмегендіктен ол жайлы ой жүгіртпедім.

ЖИЫРМА БЕСІНШІ АЯТ:

حٰمٓ ٭ تَنْز۪يلٌ مِنَ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ

киелі аяты жайлы. Бұл аяттың ишари мағынасы Ресаил-ин Нұрмен тығыз байланысты. Бір жағын айтар болсам, Рисалет-ун Нұрдың және шәкірттерінің ұстанған жолы төрт негізге құрылған.

Біріншісі:Тәфәккүр яғни пікірлеу. Бұл Аллаһтың"Хаким"есімімен қатысты.

Екіншісі:Шәфқат яғни мейірім. Адам, өзінің тым пақыр, мұқтаж екенін сезіну. Бұл Аллаһтың"Рахман" және "Рахим"есімдерімен қатысты. Һәм, бұл аят қалайша, Рисаил-ин Нұрдың жазылуы және кемелденуі кезеңін нұсқап, меңзеп отыр, солай да تَنْز۪يلٌ сөзі арқылы - оқылғанда тоқтауға болмайтындықтан - тәнуин"нун"саналады десек, саны бес жүз қырық жеті болып, Сөздердің екінші және үшінші аты болып табылатын Ресаил-ин Нұрдың реттік саны яғни бес жүз қырық сегіз немесе бес жүз қырық тоғызға, шәддәлі "нун" бір рет саналар болса, азғана және сырлы бір немесе екі сан айырмашылықпен тәвафук етіп рәмізді түрде қатыстылығы көрініп бауырына басады.

Һәм, حٰمٓ ٭ تَنْز۪يلٌ مِنَ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзінің джифри сандық мәртебесі егер, тәнуин ن (нун) болып саналса, шәддәлі екі ر "ра" әрпіндегі "ләм-і асли" саналса, حٰمٓ , حَام۪يمْ , деп оқылғаны сияқты болса мың үш жүз елу төрт немесе мың үш жүз елу бес болады. Ал есептемегенде яғни тәнуин саналмаса мың үш жүз төрт болады. Басқа қырынан қараса яғни оқылғанда түсіп қалатын екі ل "ләм" есептелмесе мың екі жүз тоқсан төрт болады.

Алғашқы есеп бойынша, дәлме-дәл Ресаил-ин Нұрдың жазылып бір шама кемелденген кезіне және өте маңызға ие болған кезеңіне және әр түрлі соқпақтарға ұшырауына және шәкірттері өте күшті, киелі демеуге мұқтаж болған кезі Арабша жыл санау бойынша осы мың үш жүз елу бес және мың үш жүз елу төрт санына сәйкес келуі, сондай-ақ, Отыз бір Лемалардан тұратын Отыз бірінші Мектубтың жазылған кезеңіне әрі сол Мектубтың Отыз бірінші Лема бөлімінің жарыққа шыққан кезеңіне және сол Лемалардың Бірінші Шуа бөлімінің жазылған уақытына және сол Шуалардың Жиырма тоғыз мақамында Отыз үш аяттың Рисалей-Нұрға ишара белгілері табылған кезге және Жиырма бесінші аяттың Рисалей-Нұрға сілтемелері бар екені белгілі болған уақытқа және Жиырма бесінші аяттың РисалейНұрға белгілері жазылған кезге яғни осы заманға, осы сәтке, осы жағдайға дәлме-дәл тевафук қылуы Құранның мағынауи мұғжизасы және оған жарасар қасиет. Бұл өте керемет әрі сүйінші хабары бар тәвафук.

Ал, екінші жақтан алғанда, яғни мың үш жүз төрт санымен РисалейНұрдың тәржімешісінің Нұрдың баспалдақтары тәріздес алғашқы ілімге"Бисмилләһ"деп бастаған кезеңіне және ілім сарайына еніп, بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзін оқыған кезі болып, дәлме-дәл тевафукпен меңзеп, арқасынан қағып"Қане! Есен-аман қызмет қыл!"деген мағына шығады.

Үшінші тұрғыдан яғни мың екі жүз тоқсан үш немесе мың екі жүз тоқсан төрт джифри есебі бойынша Нұрдың тәржімешісінің өмірге алғаш қадам басқан кезіне дәлме-дәл тевафук етіп мұндай мағына білдіреді: Оның өмірі сұмдық аласапыранға, дауылды да боранды соқпаққа толы бола тұра ол әрдайым Аллаһтың Рахман және Рахим есімдеріне бөленіп Иләһи рахыммен сақталып, мейіріммен мәпеленіп өмір сүрді. Мұны рәмізді түрде хабар береді. Осылайша Құранның мағынауи мұғжизасы болып табылатын ғайби хабарының бір шуағын көрсеткен болады.

ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ АЯТ:

Худ сүресіндегіفَمِنْهُمْ شَقِىٌّ وَ سَع۪يدٌ аятынан екі жол төмен орналасқан وَاَمَّا الَّذ۪ينَ سُعِدُوا فَفِى الْجَنَّةِ

Бұл аяттың джифри саны яғни шәдделі م "мим" және шәдделі ل "ләм" және шәдделі ن "нун" екі мәрте саналса және اَلْجَنَّةِ сөзіндегія ة "тә" тоқтайтын жерде болғандықтан ه "һә" боп оқылатындықтан, джифри саны мың үш жүз елу екі болып дәлме-дәл Ресаил-ин Нұр шәкірттерінің ең қараңғы, үмітсіз кезіне яғни мың үш жүз елу екі жылына дәл сәйкес келіп сол бір аянышты халде жүргенде оларға киелі де аспани жұбаныш сыйлап қуанышты хабар береді. Бұл аяттың мағынауи байланыстылығын бірекі рисаледе, атап айтсақ"Кәрамат-ы Аләуия"мен"Кәрамат-ы Ғаусия"рисалесінде баяндалған болатын.

وَاَمَّا الَّذ۪ينَ سُعِدُوا сөзіндегі سُعِدُوا сөзі, فَمِنْهُمْ شَقِىٌّ وَ سَع۪يدٌ сөзіндегі سَع۪يدٌ сөзіне дәлме-дәл келуі яғни Құран бетінде үйлесім тауып де сәйкес келуі осы тевафукты яғни сәйкестікті одан әрі құлпыртып, асқақтатып жібереді. Бұл аяттың ауқымды да күлли киелі мағынасынан көптеген қырынан біреуі бұл ғасырда яғни мың үш жүз елу екіде демеуге аса мұқтаж Рисалей-Нұр шәкірттеріне дәлме-дәл тевафук етіп ишара

қылып, сол уақытты меңзеп отыр. Егер, فَفِى الْجَنَّةِ сөзіне келгенде тоқталмаса және خَالِد۪ينَ сөзімен қосып оқылса, ол кезде ة "тә" هـ "һә" болмайды. Бірақ, әлдеқайда керемет жұбаныш боларлық тевафук шығады. Өйткені, وَاَمَّا الَّذ۪ينَ سُعِدُوا сөзі араб тілі қағидасы бойынша бастауыш, ал فَفِى الْجَنَّةِ خَالِد۪ينَ сөзі оның баяндауышы. Бұл баяндауыш сөзінің джифри саны, мың үш жүз қырық тоғыз санын көрсетіп мың үш жүз қырық тоғызыншы жылы болатын жақсы оқиғаны рәмізді түрде хабар береді. Сол кезеңде өмір сүрген Құран қызметшілерінің арасынан бір топ жамағаттың Жәннат иелері, бақытқа бөленгендер болатынын ишари мағынамен джифри тевафукпен хабар беруде және сол жылдары Рисалей-Нұр шәкірттері Құран үшін ерен еңбек етіп нұрланып, нұрландырып жатқан кездері, сондай-ақ, маңызды рисалелердің жазылып жатқан жылы және бастарына туған осы күнгі қиын кезеңдер, дұшпандары тарапынан ор қазып қастандық жоспары жасалған кез болғандықтан әлбетте, осы кезге қарап меңзеп отыр және имани жұбанышқа толы Құрани сүйінші хабар ең баста солар жайлы екені байқалады.

Иә, فَفِى الْجَنَّةِ خَالِد۪ينَ сөзінде шәдделі ن "нун" бір ن саналғанда, ت "тә" төрт жүз, خ "хы" алты жүз, барлығын қосқанда мың болады. Екі ن "нун" жүз, бір ى "иә" екі ف "фә" бір ل "ләм" екі жүз; енді ل басқа "ләм" отыз, екінші ى "иә" он, екі ا "әлиф" екі, бір ج "джим" үш, бір د "дәл" төрт, қосқанда қырық тоғыз болады. Барлығы мың үш жүз қырық тоғыз болады. Осы бір Қасиетті Құранның сүйінші хабарының мыңнан бір бөлігі, бір ғана қыры бізге қатыстылығы жағымен мың қазынадан да қымбат. Бұл сүйінші хабардың ең алғашқы белгісі бір жыл бұрын көрінген садық рух яғни шынайы түс болатын. Ол қандай түс десеңдер Спарта қаласында басымызға түскен осы оқиғадан бір ай бұрын бір кісіге түсінде былай деп айтылады:

"Ресаил-ин Нұр шәкірттері иманды болады, олар дүниеден имансыз кетпейді"

Біз бұл түсті естігенде қатты қуандық. Демек, ол жақсы хабар Құранның осы сүйінші хабарын жеткізуші екен.

{(Сілтеме): Бұл бетте жаһандағы салтанаттан әлдеқайда маңызды Құрани сүйінші, аспани жақсы хабар жазылды десек болады.}

ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ АЯТ:

"Саф" сүресіндегі:

يُر۪يدُونَ لِيُطْفِؤُا نُورَ اللّٰهِ بِاَفْوَاهِهِمْ وَاللّٰهُ مُتِمُّ نُورِه۪ وَلَوْ كَرِهَ الْكَافِرُونَ

аят. Бұл аяттағы نُورَ اللّٰهِ بِاَفْوَاهِهِمْ وَاللّٰهُ مُتِمُّ نُورِه۪ сөйлемінің Джифри саны мың үш жүз он алты немесе мың үш жүз он жеті. Бұл кезең жоғарыда айтылғандай Еуропаның Отарлау комитетінің хатшысы Құранның нұрын сөндіруге тырысқан кезеңге және Ресаил-ин Нұрдың авторы әлгі сұмдық арам ниетке қарсы бұрыңғы ұстанымын, көзқарасын өзгертіп ол нұрды яғни Құранды көкке көтеріп оның үстем екенін әлемге дәлелдеуге тырысқан кезеңге һәм, жеті сүреде жеті рет تِلْكَ اٰيَاتُ الْكِتَابِ сөзі дәл сол жылға һәм, طٰسٓ تِلْكَ اٰيَاتُ الْقُرْاٰنِ сөзі де дәл сол кезеңге, һәм هَدٰين۪ى رَبّ۪ٓى اِلٰى صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ сөзі де дәл сол уақытқа, һәм اِنَّ رَبّ۪ى عَلٰى صِرَاطٍ مُسْتَق۪يمٍ сөзі де шәдделі "нун" бір "нун" саналып; тәнуин саналмайтын болса дәлме дәл сол дәуірге һәм فَاَعْرِضْ عَنْهُمْ үкімі де дәл сол мезгілге, һәм نُورَ اللّٰهِ بِاَفْوَاهِهِمْ وَاللّٰهُ مُتِمُّ نُورِه۪ сөзі де сол тарихқа топтасып дәлмедәл сәйкес келуі әлбетте рәмізден де, дәлелден де басым болып"сарахат"дәрежесінде яғни ап-анық түрде көрсетіп тұр. Бұдан түсінетініміз Рисалей-Нұр Иләһи нұрдың бір сәулесі, ол дұшпандар тарапынан келетін шүбәлардың қара бұлтын сейілтетін бір нұр екенін аят ишари мағынасымен сүйіншілейді. Һәм, осы джифри және әртүрлі кәрәмәт тәвафуктар, қуаты зор мағынауи бір байланысқа сүйеніп сүйіншілеп хабарлайды.

Иә, Ресаил-ин Нұрдың жүз жиырма тоғыз рисалелері бейне бір жүз жиырма тоғыз электр шам-шырақтары секілді, ол Құранның ұлы да алып нұрынан бастау алып, жалғасып жатқан сымдардың ұштарына орнатылып, Құрани нұрды әр тарапқа жайып жатқаны белгілі. Рисалей-Нұрдың жарты аты екі мәрте осы аяттың ішінде кездесуі аталған байланысты қуаттандырып одан әрі бекіте түседі.

ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ АЯТ:

"Тәуба" сүресіндегі:

يُر۪يدُونَ اَنْ يُطْفِئُوا نُورَ اللّٰهِ ِباَفْوَاهِهِمْ وَيَاْبَى اللّٰهُ اِلَّٓا اَنْ يُتِمَّ نُورَهُ وَلَوْ كَرِهَ الْكَافِرُونَ

деген аятта نُورَ اللّٰهِ ِباَفْوَاهِهِمْ وَيَاْبَى اللّٰهُ اِلَّٓا اَنْ يُتِمَّ نُورَهُ сөзінің мәселемен тығыз байланыстылығы өте қуатты әрі кереметтігімен қоса шәдделі ل "ләм" әріптері жеке бір "ләм" және шәдделі م "мим" сөздің түбірі болғандықтан екі م "мим" боп саналатындықтан мың үш жүз жиырма төрт болып Еуропа залымдары Ислам жұртының нұрын сөндіру мақсатымен сұмдық жоспар құрған кезеңі. Оған қарсы Түркия отан сүйгіш патриоттары мың үш жүз жиырма төртінші жылы демократия жариялап олардың қаскөй жоспарын іске асырмауға барынша тырысса да өкінішке орай алты-жеті жылдан кейін дүние жүзілік соғыстың салдарынан әлгі қастандық оймен"Сәур"келісімшартына қол қояды. Ол келісілген шартта Құранға зиянды ауыр шарттарды және кәпірлік ой-пікірлерін жүзеге асыру үшін жоспарын қайта қолға алғанда олардың арам пиғылдарын бұзу үшін Түрік ұлтшылдары республикалық жүйе жариялап қарсы тұрмақ болған кезеңге яғни мың үш жүз жиырма төртке, сосын мың үш жүз отыз төртке дәлме-дәл сәйкес келіп, сол бір аласапыран заманда Құранның нұрын сақтап қалуға тырысқандардың ішінде Ресаил-ин Нұрдың авторы мың үш жүз жиырма төртінші жылы және Ресаил-ин Нұрдың алғашқы жазбалары мың үш жүз отыз төртінші жылы және Ресаил-ин Нұрдың нұрлы кітаптары мен жанкешті шәкірттері мың үш жүз елу төртінші әлгі сұмдыққа қарсы тойтарыс беруге әрекет қылғандары белгілі. Тіпті, мәселені аңғарып болып жатқан жағдайды түсіне алмаған кейбір саяси топтар мән-жәйді білмей үрейленіп нұрларға тиісуіне себеп болды және олардың мұндай өрт сөндіру әрекеті әлгі қастандыққа қарсы тұрып жол бермей нұрландыру, ағарту міндетін толық атқарғандықтан осы аяттың ишари мағынасын өзіне аудартып тұрғанын байқауға болады.

Қазіргі мұсылман әлемінде Құранның нұрына кереғар хал-ахуалдардың басым көпшілігі сол сұм жоспардың және қастандықтардың салдары және Сәур келісім-шарты секілді қаскөй келісім-шарттардың жан түршігерлік нәтижелері.

Егер, шәдделі م "мим" де шәдделі "ләм" әріптері секілді бір рет саналса мың екі жүз сексен төрт болады. Ол кезеңде Еуропа кәпірлері Ислам әлемінің нұрын сөндіруді көздеп он жылдан кейін орыстарды айдап салып, тоқсан үште орыспен болған қиян-кескі шайқас Исламның жарқын нұрын көрсетпейтіндей уақытша қара бұлт торлатып перде болды. Алайда, сол кездері Ресаил-ин Нұр шәкірттерінің орнына Мәулана Халидтің (қуддус-ы сиррух)шәкірттері шығып әлгі Исламның көк аспанын тұмшалаған қара бұлтты сейілткендіктен бұл аят осы тұрғыдан оларды меңзеп рәмізді түрде хабар береді.

Дәл осы кезде мұндай бір ой келді:Егер шәдделі "ләм" әріптері және م "мим" екі рет саналса осыдан бір ғасыр өткен соң тас түнек зұлыматты жойып нұрландыратын жандар, Хазіреті Мәһдидің шәкірттері болуы мүмкін. Жарайды, осы жетер. Бұл нұрлы аяттың көптеген сырлы тұжырымдары бар. اَلْقَطْرَةُ تَدُلُّ عَلَى الْبَحْرِ яғни, бір тамшы су да теңізден хабар береді дегендей қысқа қайырдық.

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ АЯТ:

"Ибраһим" сүресінің басындағы

الٓرٰ كِتَابٌ اَنْزَلْنَاهُ اِلَيْكَ لِتُخْرِجَ النَّاسَ مِنَ الظُّلُمَاتِ اِلَى النُّورِ بِاِذْنِ رَبِّهِمْ اِلٰى صِرَاطِ الْعَز۪يزِ الْحَم۪يدِ

аяты. Бұл аяттың төрт-бес сөйлемінде төрт-бес астарлы белгінышандар бар. Барлығын қосса ишара боп есептеледі.

Біріншісі:اِلَى النُّورِ بِاِذْنِ رَبِّهِمْ сөйлемі мынаны меңзейді"Китаб-ы Мубин арқылы он төртінші ғасырдың қараңғылығынан адамдар, Құдай қаласа Құраннан шыққан бір Нұрға бөленеді!"Бұл мағына және әсіресе"Нұр"сөзі Ресаил-ин Нұрға сәйкес келгені секілді джифри саны шәдделі ن "нун" екі ن "нун" саналар болса, мың үш жүз отыз сегіз немесе мың үш жүз отыз тоғыз болып бірінші дүние жүзілік соғыстың аласапыран заманында жазылған Ресаил-ин Нұрдың алғашқы кітабы"Ишарат-ул Иғжаз"тәпсірі әлгі қараңғы кезеңде жарыққа шыққанына дәлме-дәл сәйкес келуде және аяттағы "Нұр" сөзі Ресаил-ин Нұрдағы "нұр" сөзін меңзеп қатыстылығы байқалады.

Екіншісі:اِلٰى صِرَاطِ الْعَز۪يزِ الْحَم۪يدِ сөйлемі, мұның алдыңғы сөйлеміндегі "нұр" сөзіне түсіндірме жасап, былай дейді: Ол Нұр - Аллаһ Тағаланың Иззат пен Махмудиятын яғни үстем абыройы мен дәріптеуге лайық мадақталуын көрсететін жол. Бұл сөздің әбжад саны бес жүз қырық сегіз немесе бес жүз елу болып Ресаил-ин Нұрдың шәдделі ن "нун" екі ن "нун" болғандағы саны бес жүз қырық сегізге дәлме-дәл тевафук етеді. Егер оқылмай қалатын екі "Әлиф" саналса, Рисалей-Нұрдың сандық мәртебесіне екі сан парықпен ишара қылып, тағы да дәлме-дәл тевафук қылады. Осы айтылғандарды қуаттап әрі кереметтігін арттыратын бір байланыстылықты айта кетейін.

Ислам әлемі үшін ең сұмдық кезең, хижри алтыншы ғасыр және Хулагу фитне-бүлігі сондай-ақ, он үшінші ғасырдың соңы мен он төртінші ғасыр және дүние жүзілік соғыстың фитне-бүліктерінің салдары болғандықтан соған байланысты бұл сөйлем әбжад саны бойынша алтыншы ғасырды және әуелгі сөйлем секілді اَلْعَز۪يزِ الْحَم۪يدِ сөздері арқылы осы ғасырды, Сұлтан Абдул Азиз бен Сұлтан Абдулхамид дәуірлерін меңзейді.

Һәм жоғарыдағы аяттарда болса, Ресаил-ин Нұрдың екінші атауына тәвафук етіп ишара қылатын әлгі аяттар жаппай тарихта сұмдық ғасыр боп есептелетін Хулагу және Шыңғысханның ғасырын меңзеп хабар береді. Тіпті, ол аяттар сол ғасырды һәм бұл ғасырды меңзеп хабар бергендіктен Хазіреті Али (р.һ.) "Әрджүзе" атты еңбегінде және Ғаус-ы Ағзам өзінің қасида-өлеңінде Ресаил-ин Нұрға керемет түрде ишара еткен кезде, сол ғасырға да қарап ашулы түрде ишара қылған.

Үшіншісі:مِنَ الظُّلُمَاتِ сөзіндегі الظُّلُمَاتِ сөзіндегі сөзінің саны мың үш жүз жетпіс екі болып, осы ғасырдағы зұлымдықтар мен зұлыматтар қашанға дейін жалғасатынын және сол зұлымат қараңғылықта бір Нұр шығып әрқашан нұрландыруға тырысатынын меңзеп Рисалей-Нұрдың нұрландыру қызметін рәмізді түрде хабарлайды.

Төртіншісі:لِتُخْرِجَ النَّاسَ сөйлемі былай дейді:"Мың үш жүз қырық бесте Құраннан шыққан Нұрдың саясында адамдар қараңғылықтан жарыққа шығады!"Бұл айтылған сөз мың

үш жүз қырық бесінші жылы керемет түрде нұрландыра бастаған Ресаил-ин Нұрға дәлме-дәл джифр есебі бойынша әрі мағыналық тұрғыдан сәйкес келу арқылы Рисалей-Нұрдың мақбул бір кітап екенін меңзеп отыр.

Бесіншісі:الٓرٰ كِتَابٌ اَنْزَلْنَاهُ اِلَيْكَ дегі اِلَيْكَ сөзі Құранға арнайы түрде назар аударғандықтан оны есепке қоспай, الٓرٰ كِتَابٌ اَنْزَلْنَاهُ сөйлемінің жалпы саны Рисалет-ун Нұрдың бірінші атауына дәлмедәл тевафук етуі бізге мынаны білдіреді: Рисалей-Нұр, Китаб-ы Мүнзелдің толыққанды тәпсірі және оның мағынасы және оған бөтен емес екенін рәмізді түрде білдіреді. Себебі, الٓرٰ үш жүз сексен екі, ал كِتَابٌ төрт жүз жиырма үш, ал اَنْزَلْنَاهُ жүз қырық төрт, барлығы тоғыз жүз қырық тоғыз. Егер, тәнуин "нун" саналса, тоғыз жүз тоқсан тоғыз болып, Рисалет-ун Нұрдың, егер шәдделі ن "нун" бір ن "нун" саналса, тоғыз жүз қырық сегізге сәйкес, ал егер шәдделі ن "нун" екі ن "нун" болып саналса, тоғыз жүз тоқсан сегіз санына, сәйкес бір сырға байланысты яғни уахи еместігін білдіру үшін, бір ғана айырмашылықпен тевафук қылып оны меңзейді.

Қорытынды:Осы бір ғана аятта аталған бес сөйлемнің мағыналық тұрғыдан байланыстылығын көрсете отырып бес мәрте меңзеу жасауы қуатты ишара болып табылады, тіпті дәлел десе болады.

Менің ойымша солай, сол үшін жазуыма тура келді. Егер, қателескен болсам Китаб-ы Мубинді шапағатшы қылып ӘрхамурРахимин Аллаһтан қателігімнің кешірілуін сұраймын.

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ

* * * * * *

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ АЯТТЫ ЕСЕПТЕГЕН КЕЗДЕ ЖІБЕРІЛГЕН ҚАТЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ

Кішкене қате жібердік, бірақ оның астарында ғайби ишара жатқанын көрдім. Демек, ол қателесу осы үшін екен.

Бірінші Шуақ боп аталатын Құрани ишараның жиырма тоғызыншы аяты болған"Ибраһим"сүресінің басындағы

الٓرٰ كِتَابٌ اَنْزَلْنَاهُ اِلَيْكَ لِتُخْرِجَ النَّاسَ مِنَ الظُّلُمَاتِ اِلَى النُّورِ بِاِذْنِ رَبِّهِمْ

сөйлеміндегі اِلَى النُّورِ بِاِذْنِ رَبِّهِمْ сөйлемін есептегенде қателесіп джифри сандық мәртебесі мың үш жүз отыз төрт, демек РисалейНұрдың кіріспесі "Ишарт-ул Иғжаз" тәпсірінің жарыққа шығуы және баспада бастырылуы кезеңіне тевафук етіп, қатысы бар деп жазылған еді. Ал, негізінде оқылған әріптердің сандық мәртебесі мың үш жүз отыз тоғыз болып Нұр тәпсірінің керемет түрде әр тарапқа жайылған кезіне және Ислам академиясы тарапынан көптеген өкіл имамдардың қолына тапсырылып сол кездегі болып жатқан ауытқулар мен төңкерістерге, рухани өзгерістерге төтеп беру мақсатында - ол жайлы мүфти, имамдардың өздері де айтқан болатын - әлгі соққыларға қорған боп, көптеген өкіл имам, молдалар оны алмас қылыштай пайдаланып орасан зор қызмет атқарған жылдарға дәлме-дәл сәйкес келіп жоғарғы бағаға ие болғанын хабарлайды.

Ал, оқылмай қалған екі "Әлиф" саналар болса, мың үш жүз қырық бір болады. Бұл кезең Рисалей-Нұрдың алғаш жарыққа шыққан кезіне дәлме-дәл тевафук қылып қатыстылығы байқалады. Осы бір азғантай қателік маған мынандай бір ой салды: "Ибраһим" сүресінің басындағы аяттың Рисалей-Нұрға рәмізді қатыстылығы тек жоғарыда аталған төрт сөйлемде ғана емес. Бірінші бет басынан соңына дейін, мағыналық тұрғыдан рәмізді түрде көптеген қырлары болғаны секілді Рисалей-Нұрға астарлы түрде арнайы меңзеп қатыстылығы байқалады. Мен әзірге осы бір рәмізді ақиқатты сіздерге баяндай алмаймын. Тек, қысқа ишарамен шектелмекпін.

Иә, Рисалей-Нұрдың негізгі ұстанған жолы"тәфәккур", "шәфқат"яғни ой жүгіртіп пікірлеу, сосын мейірім болғандықтан Ибраһим Пайғамбардың (алейһиссалам)өзіндік жолы болған тәфәккур мен шәфқат тұрғысынан алғанда дәлме-дәл сәйкес келетіндіктен осы сүре анағұрлым Рисалей-Нұрды бауырына басып, қанатының астына алады. Алғашқы аят төрт сөйлемімен өте қараңғы ғасырдың қараңғы кезеңінде қараңғыда қалған адамдарды нұрға шығаратындар туралы Құраннан шыққан бір нұрды меңзеп тұр. Сонымен қатар, қою қараңғыға батып және Рисалей-Нұрдың қызметіне қарсы әрекет еткендерді суреттеп олар туралы хабар береді.

ҮШІНШІ АЯТ:

الَّذ۪ينَ يَسْتَحِبُّونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا عَلَى الْاٰخِرَةِ وَيَصُدُّونَ عَنْ سَب۪يلِ اللّٰهِ وَيَبْغُونَهَا عِوَجًا اُولٰٓئِكَ ف۪ى ضَلَالٍ بَع۪يدٍ

Бұл аят та үш сөйлемі арқылы мағына жағымен және сәйкестік жағымен Рисалей-Нұрдың жолына һәм діннен безгендердің жолына рәмізді түрде қатысты. Бірінші сөйлем арқылы былай дейді:

"Анау бейбақтар кейбір имандылардың (иманы бола тұра кәпірлерге ергендер) және кейбір ғалымдардың (ақыретті біле тұра сенбейтіндер секілді жүретіндер) өздеріне ергеніне мәз болып, ақыретті біле тұра дүниелік өмірге алданып, қуана-қуана діннен безеді, о дүниясын сатады. Яғни, алмасты біле тұра оны бес тиынға тұрмайтын шыныға айырбастап жібереді. Осылайша, азғын өмір үшін, діни сезімдерді тізгіндеп дінсіздігімен мақтанады."

Бұл сөйлем осы ғасырға ерекше назар аударуда. Себебі, мұндай сұмдық тарихта болмаған. Басқа замандарда адасқан топ ақыретке сенбейді, тіпті жоққа шығарады, яғни алмастың алмас екенін білмей дүнияны ақыреттен жоғары қойған.

Екінші сөйлемوَ يَصُدُّونَ عَنْ سَب۪يلِ اللّٰهِсөзі арқылы былай дейді:"Әлгі, бейбақтардың хақ жолдан таю себебі өмірге деген құмарлықтан және қырсықтықтан. Сондықтан, олар тыныш тұрмай, әр тарапқа шүйлігіп, жолындағыларды жалмап шабуыл жасайды. Өздері білетін және ата-бабалары сол жолды ұстанған дінге тиісіп жауыздық жасайды. Діннің қайнар көзін құртып, негіздерін қиратып, жолдарын жапқысы келеді!"

Ал, үшінші сөйлемде وَ يَبْغُونَهَا عِوَجًا сөздері арқылы былай дейді: "Олар пән мен пәлсапаның салдарынан адасқандықтан сұмдық тәкәппар және түрі жаман перғауын, адам айытқысыз менменшіл адамдар. Соның кесірінен нәпсілері құтырғаны сонша бүкіл әлемді басқарып тұрған Иләһи заңдарды, оның нұр-сәулелерін сондай-ақ, адамзат әлеміндегі салт-дәстүрлерді өздерінің нәпсіқұмар сезімдеріне, азғын әуестіктеріне керітартпа ыңғайсыз көріп (Құдай сақтасын!)бұрыс, қисық, қате, әрі кемшін санап өзгерткісі келеді.

Сонымен бұл аят үш сөйлемімен мағына жағымен осы ғасырдағы сұмдық адасқан бір топты ерекше айырып меңзегені секілді джифри есеп бойынша да дәл үстінен басып хабар беруде.

Иә, алдыңғы сөйлемнің яғни, الَّذ۪ينَ يَسْتَحِبُّونَ сөзінің сандық мәртебесі мың үш жүз жиырма жеті, егер шәдделі ل "ләм" және ب "бә" екі мәрте саналса арабша жыл санауымен мың үш жүз елу тоғыз болып, әлгі діннен безген топтың шектен шыққан кезеңін көрсетіп дәлмедәл тевафук қылады. وَ يَبْغُونَهَا عِوَجًا сөзінің сандық мәртебесі, тәнуин "нун" болса мың екі жүз тоғыз болып, сол жылдары Ислам шариғатына опасыздық жасап арам ниетпен құқық саласына шетелдік заңдарды ендіру жоспары және оны жүзеге асыру кезеңіне дәлме-дәл тевафук қылып қатыстылығы көрінеді. Осы ишара-белгілер секілді көптеген белгі-нышандар бастапқы аяттың қуатты ишара еткен Рисалей-Нұрдың дұшпандары туралыда анық түрде хабар беріп кері мағынасымен оларды меңзеп Рисалей-Нұрға дәлме-дәл қатысты екені байқалады.

Тіпті, төртінші аятта Рисалей-Нұрдың түрікше болуын хош көріп, ал бесінші аятта арапша және түрікше толық білмейтін сондай-ақ, ұстаздары мен ғалым-ғұламалары аз немесе жағдайы қиын шығыс аймағындағы мұсылман қауымына Рисалей-Нұр медет беріп, қол ұшын созғанын және олар әр қауымнан бетер қайғылы оқиғаларды бастан кешкенін естеріне салу арқылы нұсқау жасап, тура жолға салғанын ишари әрі рәмзи мағыналар арқылы білдіреді. Бұл соңғы маңызды ишараны баяндауға әзірге рұқсат болмағандықтан тек әрқайсысының бір ғана рәмізі өте қысқа баяндалмақ. Былайша:

ТӨРТІНШІ АЯТТЫҢ:

وَمَٓا اَرْسَلْنَا مِنْ رَسُولٍ اِلَّا بِلِسَانِ قَوْمِه۪ لِيُبَيِّنَ لَهُمْ

деген сөзі джифри сандық мәртебесімен сондай-ақ, бастағы аяттың ишари нышан-белгілері арқылы былай дейді: Рисаләт пен Нубуваттың яғни пайғамбарлықтың. Әр ғасырда ізбасар найбтары, уәкілдері болатынына байланысты мұрагерлік міндетті мойнына алған РисалейНұрды көптеген кітаптардың ішінен мән беріп ерекше ілтипатпен баурына басып, рисаленің Құрани тіл араб тілінде емес, түрік тілінде жазылуын жоғары бағалайды. Иә, бұның мәртебесі رَسُولٍ сөзіндегі тәнуин ن "нун" саналып, шәдделі ل "ләм" екі рет саналып, шәдделі ى "иә" бір боп саналар болса, мың үш жүз елу сегіз шығады, ал егер екеуі де бір рет саналса, мың үш жүз жиырма сегіз шығады. Егер шәдделі әріптер екі рет саналып, тәнуин саналмаса мың үш жүз он сегіз шығады һәм тәнуин һәм шәдделілер саналса мың үш жүз алпыс сегіз болып Рисалей-Нұрдың бес кезеңіне және бес жағдайына рәмізді түрде меңзеп хабар береді.

БЕСІНШІ АЯТ:

اَنْ اَخْرِجْ قَوْمَكَ مِنَ الظُّلُمَاتِ اِلَى النُّورِ وَذَكِّرْهُمْ بِاَيَّامِ اللّٰهِ

اِلَى النُّورِ وَذَكِّرْهُمْ بِاَيَّامِ اللّٰهِ сөйлемінде джифри сандық мәртебесі шәдделілер біреу болып саналар болса мың үш жүз елу бір болып Рисалей-Нұрдың өте маңызды бірақ, әзірге оны баяндауға рұқсаты жоқ міндетінің және ол Құранның әмірлерін мойынсұндыратын кезеңіне дәлме-дәл джифри есебі бойынша әрі мағына жағымен рәмізді түрде Рисалей-Нұрға қатысты екені көрінеді. Тағы да жазылатын көптеген ғайби ишара-белгілер бар. Бірақ, рұқсат берілмеді, кейінге қалды.

* * * * * *

Сегізінші Шуақ

ХЗ. АЛИДІҢ ҮШІНШІ КӘРАМАТЫ

ТҮСІНІКТЕМЕ

[Өздеріңе мәлім, мен Рисалей-Нұрдың қадір-қасиетін, маңыздылығын баяндай Құранның ақиқаттарын және Иманның негіздерін паш еткім келеді. Сондай-ақ, иманы әлсіреген жандардың иманын қуаттап Иман ақиқаттарының хақ екендігін, беріктігін көрсеткім келеді. Әйтпесе, Құдай сақтасын, өзімді және еш ұнамайтын, іліп алар жағымды бір қылығы жоқ нәпсімнің атын шығару, қошаметке бөлену емес, әрине. Сондай-ақ, Рисалей-Нұр сырт көзге менің кітабым болғаны үшін де мақтап отырғаным жоқ. Мақсатым, Рисалей-Нұр Құранның тәпсірі, ол Құраннан нәр алған, ол иманның бұлтартпас дәлелі, күшті айғағы екендігін көрсету. Сол үшін оның қадір-қасиеті жоғары екенін баяндап отырмын. Тіпті, кейбір рисалелерді еркімнен тыс жазғаным секілді Рисалей-Нұрдың маңыздылығын жазарда да өзімді еріксіз сезіндім.

Имам-ы Алидің (р.һ.) "Аят-ул Күбра" деп айдар таққан "Жетінші Шуа" рисалесін жазарда қатты қиналдым. Сол қиналысыма жылдам ақы әрі қабыл болғанына белгі және құлшындыру ретінде Құдай жарылқап осы "Джәлжәлутияның" кәрәмәті берілгеніне еш күмәнім жоқ. Аллаһ берген нығметтерді бағалап шүкір ету мақсатында мұны "Сегізінші Шуа" деп атап, ақ параққа түсірдім. Әйтпесе, мұның орнына хашир туралы маңызды бір аяттың мұғжизалы айғақ-дәлелдерін жазбақ едім]

* * * * *

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ

[Имам-ы Алидің (р.һ.) Рисалей-Нұрға қатысты үшінші кәрәмәттері]

Иә, Он сегізінші және Жиырма сегізінші Лемаларда баяндалып, дәлелденген екі ашық кәрәмәтін Хз. Али өзі растап, қуаттай келе"Джәлжәлутия"қасидасында"Сираджин-Нұр"туралы ашықтан ашық хабар бергені секілді тағы да сол қасидасында"СираджинНұрдың"ең атақты рисалесін меңзеп көрсетіп, бейне бір мақтап тұрғандай, сондай-ақ сегіз рәмізбен атақты рисалелердің аттарын атап тұрып көрсетеді.

БІРІНШІСІ:Рисалей-Нұрдан ашық түрде хабар берген мына: تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ سِرًّا بَيَانَةً сөзінен кейін Суряни тілде Аллаһтың көркем есімдерін шапағатшы ретінде атап медет сұрайды және Құрандағы сүрелерді қосып мінажат қылады. Дәл Отыз үш сүрені пайдаланып керемет, өте тартымды түрде мінажат қылатыны сондай, кейбір сырларды ашып, ғайби хабарларды жеткізгісі келетіні байқалады. Мен бір күйзеліс кешіп, Хз. Алидың (р.һ.)"Аят-ул Күбра"деп атаған"Жетінші Шуаны"жазып тәмамдаған кезімде, менің ойымша сол еңбегіме жылдам ақы ретінде болса керек, сол түні Джәлжәлутияны оқыдым. Кенет, көкейіме ғайби ескерту келді. Онда, былай делінді: Имам-ы Али радиаллаһу анһ, Рисалей-Нұрға қатты алаңдаушылық танытқан. Нұрдың барлық кітаптарынан хабар бергені секілді, аса маңызды рисалелеріне де ишара деуге болатындай рәмізді түрде хабар берген. Егер ашық түрде ғайыптан хабар беру (әрине, мұның көптеген зияндары болатындықтан Аллаһтың хикметіне қайшы)Иләһи хикмет оған тиым салмағанында ашықтанашық бәрін жазар еді. Мысалы, сүрелерді санап келеді де Жиырма бесінші сүреге келгенде былай дейді:

بِحَقِّ تَبَارَكَ ثُمَّ نُونٍ وَ سَٓائِلٍ ٭ وَ بِسُورَةِ التَّهْم۪يزِ وَ الشَّمْسُ كُوِّرَتْ

وَ بِالذَّارِيَاتِ ذَرْوًا وَ النَّجْمِ اِذَا هَوٰى ٭ وَ بِاِقْتَرَبَتْ لِىَ الْاُمُورُ تَقَرَّبَتْ

وَ بِسُوَرِ الْقُرْاٰنِ حِزْبًا وَ اٰيَةً ٭ عَدَدَ مَا قَرَاَ الْقَار۪ى وَمَا قَدْ تَنَزَّلَتْ

فَاَسْئَلُكَ يَا مَوْلَاىَ بِفَضْلِكَ الَّذ۪ى ٭ عَلٰى كُلِّ مَٓا اَنْزَلْتَ كُتْبًا تَفَضَّلَتْ

Міне, осы сөздерге қарап отырсақ, сонау Ескішәһир қаласында сотты таңқалдырған және үстінде көзге де көрінер кәрәмәті болған және қиямет пен хаширді дәйекті түрде бұлтартпас айғақтарымен баяндаған танымал"Жиырма Тоғызыншы Сөзге"Хазіреті Али радиаллаһу анһ сүрелерді атап келе жатып Жиырма Тоғызыншы мәртебеге келгенде وَالشَّمْسُ كُوِّرَتْ деп, оған ишара қылған. Өйткені, қиямет қайым туралы сұмдық хабар беретін اِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ сүресіне сәйкес әлгі Жиырма Тоғызыншы Сөз, қияметтің болатынын, әлемнің қирайтынын, дүние опат болып ақырет түрінде қайта тірілетінін, өлгендерге қайта жан бітетінін нақты дәлелдермен баяндап жатқанда осы сүренің қияметті сұмдық суреттейтінін айтуы, һәм мағына жағымен, һәм Жиырма тоғызыншы мәртебеге сәйкес келуі әлгі ишараны нақтылап дәлелдей түседі.

Сондай-ақ, зәррелердің неліктен тынымсыз қозғалатынын түсінбей осы ұсақ бөлшектердің ішіне еніп жоғалып кеткен материалистердің аузына құм құйған және зәррелердің қозғалысының сан құбылуы белгілі бір мақсатпен жүйелі қызмет екенін дәлелдеген"Отызыншы Сөз" атты, "Зәррат риселесіне"Хазіреті Имам-ы Али радиаллаһу анһ Отызыншы мәртебесінде وَبِالذَّارِيَاتِ ذَرْوًا деген ант сөзімен ишара қылған.

Иә, бұл ишарада сөз жағымен, сыртқы көрінісі жағымен وَالذَّارِيَاتِ ذَرْوًا сүресі "Зәррат" рисалесімен өзара ұқсас болумен қатар мағына жағымен де байланысты. Өйткені, وَالذَّارِيَات яғни "Зәррият" сүресінің басында кездей соқ әрі жүйесіз секілді көрінген әуе толқыны туралы айтып оның хикметке толы қызметі бар екенін, олар Рубубияттың тәкуин әмірлерін, орындап жаратылыс заңдарын әртарапқа жеткізіп отыратындығын түсіндіргені секілді,"Зәррат рисалесі"де материалистердің ойынша кездейсоқ, жүйесіз көрінген ауа бөлшектерінің зәррелердің қозғалысы хикметке толы екенін, ол

зәррелер яғни ең ұсақ бөлшектер керемет тәртіпті, зор маңызды міндеттер жүктелген қызметшілер екенін өте қуатты да нақты айғақтармен дәлелдеген.

Сондай-ақ, Мұхаммед Пайғамбарымыздың(с.а.у.) Миғраж оқиғасын ақыли дәлелдермен керемет дәлелдеген және"Отыз бірінші Сөз"деп аталатын және Отыз бірінші мәртебе болған"Миғраж"рисалесіне Хазіреті Али радиаллаһу анһ Отыз бірінші мәртебеде Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) Миғражы және Оның Қаб-ы Қаусейінде көргендері мен айтқан сөздерін анық жеткізген "Нәжим" وَ النَّجْمِ اِذَا هَوٰى сүресінде басындағы وَ النَّجْمِ اِذَا هَوٰى сөйлемі арқылы ап-анық түрде әлгі рисалені мегзеп ишара қылады. Және, وَ الطُّورِ яғни, "Тур" сүресінен аттап өтіп, وَ الذَّارِيَات "Зәррят" сүресінен кейін وَ النَّجْمِ яғни "Нәжм" сүресін айтуы, әлгі ишара-белгіні қуаттай түседі.

Сондай-ақ, Айдың екіге бөліну оқиғасын Құдайға сенбейтін мүнкірлерге де дәйекті түрде түсіндірген "Миғраж" рисалесінің соңындағы "Шаққ-ы Қамар рисалесі" деп аталатын отыз бірінші мәртебенің соңында орналасқан әлгі рисалеге Хазіреті Али (радиаллаһ анһ)Құранның اِقْتَرَبَتِ السَّاعَةُ وَ انْشَقَّ الْقَمَرُ деп басталатын сүресін пайдаланып Отыз бірінші мәртебенің соңында орын алған وَ بِاِقْتَرَبَتْ لِىَ الْاُمُورُ تَقَرَّبَتْ сөйлемі арқылы ашық түрде ишара қылады.

Өздеріңе мәлім, Рисалей-Нұр әу баста Отыз үш Сөзден тұрады және кейде тек Сөздер деп те аталады. Бірақ, Отыз үшінші Сөз жеке дара емес, ол Отыз үш Мектубтан тұрады және оны кейде Мектубат деп те атайды. Сосын, Отыз бірінші Мектуб та өзінше дара емес, ол Отыз бір Лемадан тұрады. Кейде, оны Лемалар деп те атайды. Сосын, Отыз бірінші Лема жеке дара емес, ол да иншаллаһ Отыз бір Шуалардан құралады."Аят-ул Кубра"Жетінші Шуа, ал осы рисале"Сегізінші Шұға"болып саналады. Демек, Сөздердің соңғысы Отыз екінші Сөз боп табылады.

Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың кітаптары жұлдыз болса, ішінде Күндей жарқын деп шәкірттер айтып жүрген Отыз екінші Сөз яғни үш тараудан тұратын керемет әрі ауқымы кең және Сөздердің

бір тұрғыда қорытындысы, мазмұны, нәтижесі деуге болатын әлгі рисалені Хазіреті Али (радиаллаһ анһ)оның керемет маңыздылығын күрделі де маңызды екенін көрсету үшін Құранның көптеген сүрелерін айтып келіп кенет Отыз екінші мәртебеде وَ بِسُوَرِ الْقُرْاٰنِ حِزْبًا وَ اٰيَةً деп, ант сөзімен Отыз екінші мәртебедегі әлгі мазмұнды терең рисалені меңзеп ишара қылады. Рисалей-Нұрдың Отыз үшінші Сөзі болса, жоғарыда баяндағанымыздай, Отыз үш Мектуптан тұрады. Және Мектубат деп аталатын отыз үш кітап пен жүзден аса рисалелерді қамтиды.

Міне, Хазіреті Али радиаллаһу анһ, Отыз үшінші мәртебеде және ант сөзінде Отыз үшінші Сөзді құрайтын жүз он кітапты және Мектубатты бірден жаппай меңзеп ишара ету үшін жүз он аспани парақтар деп аталған жүз он мұқтасар кітаптардан және аспани үлкен киелі кітаптардан медет сұрап:

فَاَسْئَلُكَ يَا مَوْلَاىَ بِفَضْلِكَ الَّذ۪ى ى ٭ عَلٰى كُلِّ مَٓا اَنْزَلْتَ كُتْبًا تَفَضَّلَتْ

сөзімен ишара қылады. Өздеріңе мәлім, тіл өнерінде, шешен сөйлеу ілімінде алыстан орағыту үшін және құпия терең мағыналарды білдіру үшін "кәрина" деп аталатын белгі-нышандардан және байланыстардан біреуі болса болды, ашық мағынасы боп қабылданады. Міне, осы ережеге байланысты, осы ишари мағыналардың әрқайсысына бірнеше "кәриналар", белгі-нышандар табылатыны секілді, басқа да сөздері мұны құптап "кәрина" яғни белгі болып саналады. Рисалей-Нұрдың барлық кітаптарынан жалпы хабар берген ашық сөйлемдердің әрқайсысы өзара бір-біріне қуатты "кәрина" болып саналады.

ЕКІНШІ РӘМІЗ:Құранның"Әл-аят-ул Кубрасы"саналатын

تُسَبِّحُ لَهُ السَّمٰوَاتُ السَّبْعُ وَالْاَرْضُ وَ مَنْ ف۪يهِنَّ وَ اِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪

аятының ұлы ақиқатын және оның ең ұлы тәпсірін жасаған және Қасиетті Рамазанның илһами кәдесі боп табылатын"Жетінші Шуа"рисалесіне келгенде Хазіреті Али (радиаллаһу анһ)Мектубат кітабына ишара еткеннен кейін"Лемалар"кітабына ишара қылып жатып,"Шуалар"кітабына назар аударып

وَ بِالْاٰيَةِ الْكُبْرٰى اَمِنّ۪ى مِنَ الْفَجَتْ

деп, шешендік тіл өнеріне сәйкес"мүстетбе-атүт-теракиб" және

"маариз-үл кәлам"деп аталатын сыртқы мағынаның астарында жасырын жатқан бірнеше кәрина-белгілердің дәрежесіне қарай ишара етеді.

Сондай-ақ, таңғажайып және мәртебесі биік тәухидтің ұлы айғағы және Құранның ұлы аятының дәлелі әрі керемет тәпсірі боп табылатын рисалеге Хазіреті Али "Аят-ул Күбра" деп, ат қойған. Солай ат қою арқылы осы рисаленің қайнар бұлағы әлгі аяттың ұлықтығын һәм осы "Жетінші Шуа" деп аталған Уахданияттың, Тәухидтің айғағы қаншалықты қуатты екенін жариялап хабар беруде.

{(Сілтеме): Хазіреті Имам Али осы сөз арқылы былай ишара етеді. Аят-ул Күбра рисалесі шәкірттердің қиналып қуғынға ұшырауына себеп болғаны секілді оның берекетімен, кәраматымен қайтадан амандыққа қауышып сау-сәламат түрде әлгі бәледен құтылаты болады. Иә, рас Хазіреті Алидің (радиаллаһу анһ) кәраматы дәлме-дәл солай болып шықты. Осы рисале үшін қамауға алынып, оның қуатты ақиқаттарының арқасында ақталып қамаудан босап шықтық.}

Ол рисале шыныменде Хазіреті Алидің (радиаллаһ анһ)үлкен ілтипатына, құрмет белгісіне бөленуге лайық екеніне кімде-кім күманданса"Аят-ул Күбра"рисалесін қолына алып бір мәрте оқысын. Егер, "шынымен де лайық екен!" демесе, мені балағаттап, сөксін!

Иә, дінсіздердің Құранға қарсы мың жылдан бері бірігіп жиналып қалған кек алуды күткен наразы ойларын және кәпір философтардың бұрыннан бері әбден бірігіп енді жол тауып жайыла бастаған шәкшүбаларын сондай-ақ, Құраннан сұмдық соққы жеп өш алғысы келген қырсық яхудилердің, сондай-ақ, тәкаппар кейбір христиандардың шабуылдарын жаппай тойтарып төтеп беретін әр ғасырда Құранның көптеген қаһарман батырлары, мағынауи бекініс-қорғандары болған.

Енді, қазіргі таңда сондай сақшы қорғаушыларға мұқтаждық тіпті көбейіп тұр. Бұрын бір-екеу болса, қазір де жүз есе артып отыр. Ал сақшылардың қатары бұрын жүз болса, қазір екі-үш есеге кем. Сондай-ақ, имани ақиқаттарды медреседен, "кәлам" ілімінен үйренуге көп уақыт кететіндіктен бұл заманда ол жол жабық, мүмкін емес. Олай болса, әрі тез, әрі баршаға түсінікті түрде өте терең ақиқаттарды үйретіп дәріс беретін Рисалей-Нұр, әлбетте Хазіреті Алидың (радиаллаһ анһ) мұндай ілтипатына және құрмет көрсетуіне лайық деп сенімді түрде айта аламыз.

Һәм, хазіреті Али (радиаллаһ анһ) тізбектей келе Оныншы мәртебеге келгенде Оныншы сүре ретінде және қиямет жайлы және

Барат түніне қатысты وَبِسُورَةِ الدُّخَانِ ف۪يهَا سِرًّا قَدْ اُحْكِمَتْ сөзін айтып, ишари түрде, Оныншы Сөз деп, аталатын және реттік нөмірі де Он болған"Хашир"рисалесіне ишара қылған. Сонымен қатар, ол кітаптың аса маңыздылығын, өте мықты әрі берік екенін және сол заманның тас қараңғы зұлыматын сейілтетін Барат түні секілді шамшырақ қызметін атқаратын және хашир мен қияметтің белгісі боп табылатын "Духан" яғни түтінге теңеу арқылы һәм Барат түнінде бір жылда болатын оқиғалардың тағайындалуы жағынан және басқа да кәриналар арқылы меңзеп рәзімді түрде хабар береді.

Рас, Оныншы Сөз өте қауіпті бір бәленің бетін қайтарды. Ойпікір бостандығы дегенді қолданып және дүние жүзілік соғыстың аласапыран кезеңін пайдаланып ақыретке сенбейтін мұнапықтар, сол кезеңдерде көптеген жерлерде өздерінің улы ойларын ортаға шығара бастаған кезде"Оныншы Сөз"рисалесі жазылып баспадан шықты. Мың нұсқасы әр тарапқа жайылып, көргендер қызыға оқып тез арада таралып кетті. Содан, дінсіздердің кәпір ойы іске аспай үндері өшті. Осылайша Рисалей-Нұр Хазіреті Алидың (радиаллаһ анһ)жоғарғы баға беруіне лайық екенін дәлелдеді. Бұған кім күмәнданса, сол рисалені мұқият оқысын. Сөйтіп, Хаширдің бұлтартпас дәлелі бар ақиқат екенін көрсін.

Һәм, Хазіреті Имам-ы Али (радиаллаһ анһ)Он тоғызыншы сүре ретінде Нұр сүресін

بِسِرِّ حَوَام۪يمِ الْكِتَابِ جَم۪يعِهَا ٭ عَلَيْكَ بِفَضْلِ النُّورِ يَا نُورُ اُقْسِمَتْ

сөзімен атап, өте мұқтасар түрде"Он Тоғызыншы Сөзге"және өте керемет шыққан"Он тоғызыншы Мектубқа"ишара ретінде"Нұр"сөзін қайталау арқылы Мектубтардың мәртебесі яғни "Он төртінші Мектуб" кем қалғандығын меңзеп "Нұр" сүресін он бесіншіде тағы да қайталау арқылы өте нәзік әрі мұқияттап хабар беруде. Және, сол екі рисалелер Рисалей-Нұрдың үлкен нұрлары екенін білдірген.

Иә, ардақты Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы"Он тоғызыншы Сөз"сондай-ақ, үш жағымен кәраматы көрінген таңғажайып"Он тоғызыншы Мектуб"расында Рисалей-Нұрдың жарқын нұры болып табылады. Және, адал жар Айша анамыздың ақталып, өзі туралы жаман ойлардан құтылуына байланысты "Нұр"

аятының مَثَلُ نُورِه۪ сөзіндегі есімдік үш тұрғыдан біреуі Мұхаммедпен (с.а.у.) қатысты болғандықтан "Нұр" сүресі Мұхаммедтің өзімен (с.а.у.) тығыз байланысты болғандықтан, ол сүре арқылы Мұхаммедтің пайғамбарлығын дәлелдейтін әлгі екі рисалені екі рет "Нұр" деген сөзбен тіпті, үш нұр мәрте сөздерімен тағы да дәлме-дәл Мұхаммедтің пайғамбарлығын дәлелдеген"Миғраж"рисалесінде оған ишара еткен. Мен,"Он төртінші Мектуб"жазылмай қалғанын ұмытып кеткенімді мойындаймын. Хазіреті Имам-ы Али радиаллаһу анһ дәл сол сүрені екі мәрте қайталағандықтан есіме түсті және ишара арқылы мән бергеніне таңқалдым. Бірақ, оның қайталануы тек"Он тоғызыншы Сөз" бен "Мектуб"үшін қатысты. Одан кейінгілерге байланыстылығы аз.

ҮШІНШІ РӘМІЗ:"Жиырма сегізінші Лемада"түсіндіріліп дәлелденген мына

تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ سِرًّا بَيَانَةً٭ تُقَادُ سِرَاجُ السُّرْجِ سِرًّا تَنَوَّرَتْ

بِنُورِ جَلَالٍ بَازِخٍ وَ شَرَنْطَخٍ ٭ بِقُدُّوسِ بَرْكُوتٍ بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ

сөйлемдері арқылы Рисалей-Нұрдың маңызды үш жағдайынан хабар беруде.

Бұл сөйлемдердің ашық түрдегі һәм джифр һәм мағына жағымен Рисалей-Нұрға ишара ететіні"Он сегізінші Лема"атты рисаледе түсіндірілген болатын. Сондықтан, қазір сол жерде айтылмай қалған және Хазіреті Алидың радиаллаһ анһ назарын аударған тек үш сыр баяндалмақ.

Біріншісі:Мұсылмандар арасында және делдалдар мен уағызшылардың қолында ашықтан-ашық ұстап жүруге лайық РисалейНұр кітаптары өкінішке орай өте құпия түрде жасырын жайылып, сақтануға мәжбүр болатынын меңзеп Имам-ы Али (радиаллаһ анһ)екі мәрте سِرًّا بَيَانَةً және سِرًّا تَنَوَّرَتْ сөздері арқылы سِرًّا яғни, тек жасырын түрде ғана жайылады дейді. Мұны таңдана хабар береді.

Екіншісі:Рисалей-Нұр Исм-и Ағзам сәулесімен және"Рахман", "Хаким"есімдерінің саясында жарыққа шыққандықтан ерекше қасиеттілікті اَللّٰهُ اَكْبَرُ (Аллаһу Акбар)сөзінен алып, Жәлал мен

Кибрияға (Ұлықтық) негізделген және بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзінен нұр алып, мейірім мен мәрхаметке бөленген сондай-ақ, وَ هُوَ الْعَز۪يزُ الْحَك۪يمُ сөзінен күш-қуат алып, хикмет пен жүйе, тәртіпке негіздеген. Оның рухы да, жаны да осы негіздер. Басқа ұстаным және жолдардағы "ғашықтық", сезімі емес, оның орнына Рисале-Нұрдың жолында ынтық түрде мейірім және жанашыр түрде жақсы көру боп табылады.

Қалайша, Хазіреті Али (радиаллаһ анһ) ашық түрде Сирадж-ун Нұрдың жазылатын кезеңін және кемелденер шағын және мәшһүр атауын تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ сөзімен хабар берген. Дәл сол секілді بِنُورِ جَلَالٍ بَازِخٍ وَ شَرَنْطَخٍ сөзімен де Сирадж-ун Нұрдың негіздерін баяндап хабар берген... Өйткені: جَلَالٍ بَازِخٍ деген сөз иззат (абырой)азамет, жәлал, кибрия яғни ұлықтық, айбындылық мағынасын білдіреді. Ал, شَرَنْطَخٍ сөзі Суряни тілінде Рауф (мейірім),ал بَرْكُوتٍ дегенді білдіреді. Демек, Хазіреті Имам-ы Али (радиаллаһу анһ)Сирадж-ун Нұрды меңзеп, сол туралы айтып отыр. Ол, нұрын, рухын Аллаһтың"Кибрия", "Азамет", "Рефет", "Рахимият"сыпаттарынан алады деп, Рисалей-Нұрдың ерекше қасиетін баяндап берген.

Үшіншісі:Хазіреті Имам-ы Али (радиаллаһу анһ)бұл сөйлемде сөзі арқылы بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ былай дейді: Мың үш жүз елу төрттен жылы Сирадж-ун Нұрдың саясында яғни Рисалей-Нұрдың нұрымен адасушылықтың жалын шашқан оты иншаллаһ, сөнетін болады яғни ол діни фитне-бүліктің отына қалқан болып бұзылуына жол бермейді немесе алға шабуылын тоқтатады. Егер, мұны хижри есептейтін болсақ, бұдан екі жыл бұрын дінді дүниеден бөлген кезде мұны кәпірлердің оңтайлы сәт ретінде пайдаланып дінге қарсы, Құранға қауіпті сұмдық, адам айтқысыз жобаларының жүзеге аспай тоқырып қалуы әлбетте, алдарынан қуатты тосқауылдың шыққанын көрсетеді.

Ол тосқауыл бұл заманда халық арасында кеңінен тараған РисалейНұрдың бұлтартпас дәлелдері, қуатты айғақтары екенін дәлелдейтін белгі-нышандар көп. Мына екінші жорымдағы Хазіреті Алидың ишаралары соны қуаттап бекіте түседі.

{(Сілтеме): Сондай-ақ, "инна ағтайна" сөзінің сыры біршама анықталып ортаға шықты. Себебі, Суфиянизмнің төрт құрушысының ең мықтысы, нағыз жауызы кері шегініп мүлдем құрыды, қазір қабірде азап шегіп жатыр. Ал, ең үлкені болса ол да байланысы үзіліп Масон комитетінің тұтқыны әрі құралына айналып азабымен әлек. Осы кезде оның тек сұлбасы қалды, үкім жүргізіп жатқан тек көлеңкесі. Енді шабуыл жасамақ түгіл біршама артқа шегінуде. Қалған екеуі болса қолынан келгенше бұзғандарын жөндеуге тырыспақ.}

Иә, джифр есебі бойынша بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ сөйлемін талдар болсақ; خ алты жүз, ت (тә) төрт жүз, ر (ра) екі жүз, шәдделі ن (нун) жүз, م (мим) қырық, د (дәл) және үш ا (әлиф) жеті, بِهِ сөзіндегі ب (бә) екі, هـ (һә) бес, барлығы мың үш жүз елу төрт болады. Құдайға шүкір, Сирадж-ун Нұрдың "әл-Аят-ул Күбрасы" секілді көптеген рисалелері бар. Олардың әрқайсысы қуатты лампа тәрізді мұстақим жолды көрсетіп, осылайша Имам-ы Алидың хабарын растап отырады. Осы үшінші сырдың байланыстылығына орай дәл بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ секілді мың үш жүз елу төртте джифри есеп бойынша қатыстылығы және Саидтың (р.һ.) белгілі екі лақаб атына рәмізді түрде және атын атап меңзеп айтылған, сондай-ақ,"Өзіңді қорға!"деген әмір берген және сол кезеңде бәрінен де бетер бірнеше қауіп-қатерге душар болатынын меңзеп"Әрджузе"жазбасының соңында:

فَاسْئَلْ لِمَوْلَاكَ الْعَظ۪يمِ الشَّانِ يَا مُدْرِكًا لِذٰلِكَ الزَّمَانِ

بِاَنْ يَق۪يكَ شَرَّ تِلْكَ الْفِتْنَةِ وَ شَرَّ كُلِّ كُرْبَةٍ وَ مِحْنَةٍ

сөйлемімен былай дейді:"Ей, Саид Курди! Мың үш жүз елу төрт жылына жетсең сол кездің фитне-бүлігінің бәлесінен Раббыңа сыйынып қорғауын сұра!"

Рас, Он сегізінші Лемада Хз. Алидың бірінші кәрәмәтын түсіндірген жерде"Әрджуза"қасидасының Рисалей-Нұр жайлы және авторы туралы ғайби ишара-белгілері баяндалған болатын.

Исм-і Ағзам және "Сәкина" деп аталған мәшһүр алты есімді әрдайым оқып, еш тастамай жүрген бір шәкіртімен Хазіреті Алидың сөйлесіп оны жұбатады. Ишара-белгілерге қарасақ, Ол шәкірт Саид екені анық көрінеді. Ол жерде әлгі шәкіртіне былай дейді:

اَحْرُفُ عُجْمٍ سُطِّرَتْ تَسْط۪يرًا بِتَّ بِهَا الْاَم۪يرُ وَالْفَق۪يرَا

яғни, Исламға жат әріптер мың үш жүз қырық сегізде жаппай қабылданады. Бала-шаға, бастық-жұмысшы, бай-кедей бәрі мәжбүр түрде түнде сабақ алып үйренуге тырысады.

Иә, سُطِّرَتْ تَسْطِيرًا сөйлемі дәлме-дәл екі ت (тә) сегіз жүз, екі س (син) жүз жиырма, екі ر (ра) төрт жүз, екі ط (та) он сегіз, бір ى (иә) он, барлығы мың үш жүз қырық сегіз болады. Дәл сол кезеңде латын әріптерін түнгі дәрістермен мәжбүрлеп үйретіледі дейді. Сосын, Имам-ы Али (р.һ.) "Сәкине" дұғасын әрдайым тастамай оқитын Саидқа (р.һ.) қарап онымен сөйлеседі. Сөзінің соңында, يَا مُدْرِكًا لِذٰلِكَ الزَّمَانِ дейді. Екі-үш жерде қуатты ишара арқылы Саид (р.һ.) деп атаған шәкіртіне арнап былай дейді:"Сәкина"дұғасы арқылы өзіңді сақтануға тырыс! "Ия-і Нидай" яғни қаратпа сөзден кейін жасырын түрде"Саид"сөзі тұр.

Демек, يَا سَع۪يدُ مُدْرِكًا لِذٰلِكَ الزَّمَانِ болады. Бұл сөйлем қалайша, مُدْرِكًا сөзі арқылы"Әл-курди"лақап атына әрі айтылуы жағынан әрі джифр жағынан қатысы бар екені белгілі. Өйткені, "мим" әрпі оқылмаса, دَرْكًا Күрд қалбы (яғни теріс оқылса,"дәркән" "күрд"болып оқылады.) Ал, "мим" болса, ل (ләм) және ى (иә) әріптеріне сәйкес келеді. Дәл сол секілді, басқа атына яғни Бәдиүззаман лақабына да"әззаман"сөзімен меңзеп, сонымен қатар мың үш жүз елу төрт немесе мың үш жүз елу бес болып джифри есебімен Саидтың (р.һ.) нағыз жағдайын, әдеттен тыс халдерін және сақтану үшін жиі оқитын дұғасын, жеке қалып жалғыз өмір сүруін толық суреттеп баяндағандықтан ап-анық түрде үстінен дөп басып тұрып өзінің қасида шығармасында жұбатып зор мән берген. Бұл жерде де بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ сырына бөленген Рисалей-Нұрды қошаметтеп отыр...

Мұны білген жөн, Джәлжәлутияның негізі және рухы

اَلْقَسَمُ الْجَامِعُ وَالدَّعْوَةُ الشَّر۪يفَةُ وَالْاِسْمُ الْاَعْظَمُ

Имам-ы Алидің (р.һ.) озат әрі зерек Увейси бір шәкірті және Дін Исламның ең мәшһүр әрі жарқын дәлелі Худжат-ул Ислам Имам-ы Ғазали(р.һ.) былай деген: Бұл Ардақты Пайғамбарымызға уахи түрінде келіп жатқанда Пайғамбарымыз Хазреті Алиға: "Жаз!" деп, бұйырды. Ол жазып, сосын ретке келтірді. Имам-ы Ғазали (р.һ.) айтады:

اِنَّ هٰذِهِ الدَّعْوَةَ الشَّر۪يفَةَ وَ الْوِفْقَ الْعَظ۪يمَ وَ الْقَسَمَ الْجَامِعَ وَ الْاِسْمَ الْاَعْظَمَ وَ السِّرَّ الْمَكْنُونَ الْمُعَظَّمَ بِلَا شَكٍّ كَنْزٌ مِنْ كُنُوزِ الدُّنْيَا وَ الْاٰخِرَةِ

Имам-ы Ғазали, Имам-ы Нұраддиннен дәріс ала отырып осы, Джәлжәлутияның Сурияни сөздерін һәм қадір-қасиетін ашықтап түсініктеме жасаған.

ТӨРТІНШІ РӘМІЗ:Имам-ы Али (р.һ.) Сирадж-ун Нұрдан хабар бергеннен кейін, тағы да Сурани тілінде Аллаһтың Отыз үш немесе Отыз екі есімдерін атап отырып, Рисалей-Нұрдың ең зор, аса маңызды кітабы "Мұғжизат-ы Құрания" рисалесін және Отыз Екінші Сөзді нақты түрде меңзеп, басқа да рисалелерді рәмізді түрде немесе ималы немесе телухті түрде хабар берген.

Рас, хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) Рисалей-Нұрды меңзеп Сурани тілінде Аллаһтың есімдерін тізіп келіп былай дейді:

تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ سِرًّا بَيَانَةً ٭ تُقَادُ سِرَاجُ السُّرْجِ سِرًّا تَنَوَّرَتْ

بِنُورِ جَلَالٍ بَازِخٍ وَ شَرَنْطَخٍ ٭ بِقُدُّوسِ بَرْكُوتٍ بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ

بِيَاهٍ وَيَا يُوهٍ نَمُوهٍ اَصَالِيًا ٭ بِطَمْطَامٍ مِهْرَاشٍ لِنَارِ الْعِدَاسَمَتْ

بِهَالٍ اَه۪يلٍ شَلْعٍ شَلْعُوبٍ شَالِعٍ ٭ طَهِىٍّ طَهُوبٍ طَيْطَهُوبٍ طَيَطَّهَتْ

اَنُوخٍ بِيَمْلُوخٍ وَ اَبْرُوخٍ اُقْسِمَتْ ٭ بِتَمْل۪يخِ اٰيَاتٍ شَمُوخٍ تَشَمَّخَتْ

{(Сілтеме): Хашир жайлы мәшһүр Жиырма Тоғызыншы Сөзді, сосын Миғраж және қосымшасы Шаққ-ы Қамар (Айдың бөлінуі) жайлы рисалені мегзеп отыр.}

اَبَاذ۪يخَ بَيْذُوخٍ وَ ذَيْمُوخٍ بَعْدَهَا ٭ خَمَارُوخٍ يَشْرُوخٍ

بِشَرْخٍ تَشَمَّخَتْ ٭ بِبَلْخٍ وَ سِمْيَانٍ وَ بَازُوخٍ بَعْدَهَا

بِذَيْمُوخٍ اَشْمُوخٍ بِهِ الْكَوْنُ عُمِّرَتْ ٭ بِشَلْمَخَتٍ اِقْبَلْ دُعَٓائ۪ى

деп, дұға етіп аяқтайды. Хазіреті Имам-ы Али (р.а.) әу баста ашық түрде хабар берген Рисалей-Нұрды"Сирадж-ун Нұр" және "Сирадж-ус Сурдж"деген атпен бірінші мәртебеде ашық түрде анық көрсетіп санап келеді де, Жиырма бесінші мәртебеге келгенде بِتَمْلِيخِ اٰيَاتٍ شَمُوخٍ تَشَمَّخَتْ дейді.

Құран аяттарының ғажайыптығын баяндайтын және Құранның қырық жақтан мұғжиза екендігін жеті қырынан талдап дәлелдеген Рисалей-Нұрдың ең мәшһүр және керемет рисалесі болып саналатын Жиырма бесінші Сөзді яғни Мұғжизат-ы Құрания рисалесін меңзеп ишара қылады. Себебі, әу баста Сирадж-ин Нұрдың бірінші мәртебе аталуы әрі بِتَمْل۪يخِ اٰيَاتٍ сөйлемінде اٰيَاتٍ сөзінің болуы әрі Жиырма бесінші мәртебеде айтылуы бекер емес. Бұл қуатты белгі-нышан яғни осылайша көптеген аяттарды атап олардың мұғжизалығын, терең сырларын баяндаған Жиырма бесінші Сөзге астарлы түрде қатысы бар деген сөз. Сүрелерді тізіп жатқанда тағы да Жиырма бесінші мәртебеге келгенде сөз саптау мәнерін өзгертіп қайтадан басынан бастағандай بِحَقِّ تَبَارَكَ деп Рисалей-Нұрдың өте берекелі, мүбәрак Жиырма бесінші Сөзінің маңыздылығына айырықша мән беріп көрсетеді. Сонымен, Жиырма алты мен Жиырма жетіде اَبَاذ۪يخَ بَيْذُوخٍ وَ ذَيْمُوخٍ بَعْدَهَا дейді. Сосын, Отыз бен Отыз біріншіде بِبَلْخٍ وَ سِمْيَانٍ وَ بَازُوخٍ بَعْدَهَا деп тағы да сөйлем құрауын өзгертіп بَعْدَهَا сөзін қолданады.

Өте ашық және қуатты карина-белгілерімен ижтихад туралы баяндайтын Жиырма жетінші Сөздің сахабалар туралы аса қымбат маңызы зор қосымшасын және Миғраж туралы Отыз бірінші Сөздің Айдың екіге бөлінуі жайлы бөлімін, сондай-ақ көпшілік аса мұқтаж өте құнды қорытындысын بَعْدَهَا сөзі арқылы көзге шұқып көрсеткендей қуатты ишара қылады.

Мен бұл қосымша жазбаларды ұмытып кеткенімді мойындаймын. Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) ескерткенінен кейін есіме түсті. Шаққ-ы Қамар яғни айдың екіге бөлінуі туралы бұдан бұрын жазған болатынмын. Дәл осы кезде сахабалар жайлы қосымша еске түсті.

Міне, әдебиетте баяндау пәні бойынша және шешендік ілімінде бір ғана ишарамен астарлы мағынаны білдірген болып есептеледі. Және бір ғана байланыс табылып бір ұғымға ишара болса, сол сөйлемде әлгі ұғым ишари мағына ретінде қабылданады. Әлбетте, ашық әрі көптеген ишари белгілерді есептемегеннің өзінде тек осы екі жерде дәл қосымшалардың жазылған тұсында дәл сол мәртебеде және қосымша мағынаны білдіретін بَعْدَهَا сөзін қайталап сөйлем құрауды өзгертуі мынаны меңзейді: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) тура мағынасынан басқа бір астарлы мағынаны білдіргісі келеді.

Кейін, Жиырма тоғызыншы мәртебеге келгенде айбынды түрде خَمَارُوخٍ يَشْرُوخٍ بِشَرْخٍ تَشَمَّخَتْ дейді. Жиырма бесінші мәртебеде баяндалған және сырларды ашу мағынасындағы تَشَمَّخَتْ сөзін қайталай отырып жоғарыда айтылған таңғажайып Жиырма тоғызыншы Сөзге қуатты түрде ишара қылады. Сосын, Отыз екінші мәртебеде сүрелерді санап келіп, назар аудартып, аса мән беруге тұрарлық Отыз екінші Сөзге тағы да баса назар аудару үшін ذَيْمُوخٍ اَشْمُوخٍ بِهِ الْكَوْنُ عُمِّرَتْ басқа бір нұсқада بِهِ الْكَوْنُ عُطِّرَتْ яғни, Аллаһтың Адл, Хакем есімдерінің құдіретімен және әділ заңымен, өлшемді де жүйелі түрде аса хикметпен дүния жөнделіп қалпына келеді. Бұзылып, қираудан құтылады.

Екінші нұсқа бойынша мынандай мағына шығады:Әлгі екі есімнің жағымды әсерімен, өте хош иісімен дүние хош иістеніп әтір дүкені секілді хош жағымды бейнеге енеді. Міне, Аллаһтың "Адл"

және "Хакем" есімдерінің жарқын айнасы тәрізді және тәпсірі саналатын Отыз екінші Сөзді меңзеп, астарлы түрде білдіріп тұр.

ذَيْمُوخٍ сөзін қайталау арқылы Сөздер Отыз үш бола тұра оның бір мәртебесі Мектубтардан тұратынын және Отыз екінші Сөз оның соңғы мәртебесі екенін меңзеп отыр. Мен Сурани (Ассирия) тіліндегі сөздердің мағынасын толық біле алмағандықтан Хазіреті Алидің (р.һ.) әлгі сөздер арқылы басқа рисалелерге қаншалықты ишара еткенін әзірге кейінге қалдырамын.

БЕСІНШІ РӘМІЗ:Джәлжәлутияның уахи болып Ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) түскені рас. Ол Ғаллам-ул Ғуюб яғни ғайыпты білуші Аллаһтың ілімімен мағына білдіретіні де рас. Әрі, Джәлжәлутия اَقِدْ كَوْكَب۪ى және تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ сөздеріне қарасақ, астарлы мағына арқылы өзінің ақиқатын дәлелдеп берген Рисалей-Нұрды ашықтан ашық хабар беріп, оның он үш құнды кітаптарына ишари түрде хабарлап отыр. Сонымен қатар, فَيَا حَامِلَ الْاِسْمِ الَّذ۪ى جَلَّ قَدْرُهُ сөзінде де сол қасиданың негізі болып табылатын اَلْاِسْمُ الْمُعَظَّمُ яғни Исм-і Ағзамды әрдайым тастамай оқып, одан медет сұрап жүретін Рисалей-Нұрдың авторы жайлы және оның өміріндегі маңызды он үш оқиғаны рәмізді түрде, ишарамен, астарлы мағынамен хабар беруде. Сондай-ақ, астарлы мағына арқылы және ишари мағына мақсат болу үшін әлсіз кәрина яғни бұлыңғыр белгі, бір ғана байланыс жеткілікті саналады. Сондайақ, Рисалей-Нұрға, оның кітаптарына, авторына, хал-ахуалына ишарабелгілер өзара байланысып бірін-бірі меңзеп отыр. Тіпті, барлығы бір мәселенің төңірегінде шоғырланып, топтасқандықтан қуатты белгі, нақты ишара боп саналады. Олай болса, былай деп айтуға толық хақымыз бар: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) қалайша әу баста

بَدَئْتُ بِبِسْمِ اللّٰهِ رُوح۪ى بِهِ اهْتَدَتْ اِلٰى كَشْفِ اَسْرَارٍ بِبَاطِنِهِ انْطَوَتْ

деп.

Яғни, "Көптеген сырлардың қазынасы болып табылатын بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзімен бастадым. Рухым бір қазына тапты" деп басқа да ишаралардың белгі-нышандарымен ишари мағына

түрінде Рисалей-Нұрдың بِسْمِ اللّٰهِ (бисмилләсі) болып саналатын және оның Фатихасы, бисмилләсі және بِسْمِ اللّٰهِ (бисмилләһ) сөзінің терең сырын ашып, ақиқатын баяндаған және өте қысқа да нұсқа бірақ өте қуатты"Бірінші Сөз"деп аталатын بِسْمِ اللّٰهِ рисалесіне има, бәлкім рәміз, тіпті ишара қылады.

Дәл сол секілді, басқа да ишаралардың кәрина және байланыстылығы жағымен және Құранның қасиетті әріптерінің сырлары жайлы баяндайтын және"Румузат-ы Сәмания"деп аталатын сегіз шағын рисаленің мән-жәйіна сәйкес сөз саптау түрін өзгертіп, әріптердің сырлары арқылы медет сұрай бастауы түсінген адамға бұл керемет жалбарыну, дұға мінәжат болып табылады. Мағынасы терең ауқымы кең медет сұраған ант сөздерінің соңында, және"Сөздер", "Мектубат"кітаптарына ишара еткеннен кейін сөзімен Жиырма тоғызыншы Мектубтың Құранның кейбір әріптерін баяндайтын"Румузат-ы Сәмания"атты сегіз шағын рисаленің ең маңыздыларын және Меккенің, Шамның, Құдустың, Стамбулдың азат етілуі секілді көптеген Ислами футухаттардан ғайби хабар берген "Наср" сүресінің сырларын баяндау арқылы Ислам азаттық қозғалысының баһадүр батыры хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) назарын аудартқан"Фәтх", "Наср"рисалесіне ишара бар. Һәм, "Фәтх" сүресінің өте маңызды және ең соңғы аятын бес тұрғыдан мұғжизалығын баяндаған әрі дәлелдеген, сөйтіп Исламның батыры хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) назарын өзіне тартқан аса құнды"Фәтх"аяты жайлы рисалені ишари түрде хабар берген. Бұл менің жеке көзқарасым. Мұндай жеке көзқарасқа ортақ болып қолдамаса да, қарсы шығуға болмайды.

АЛТЫНШЫ РӘМІЗ:Хазіреті Имам-ы Алидің(р.һ.) өзінің жоғарғы мәртебелі ұстазынан алған дәрісіне сүйене отырып Құранмен қатысты келешекте болар оқиғалардан хабар берген. Және,"Менен сұраңдар!"деп, бірнеше мәрте тура хабар беріп өзінің бүкіл әулиелердің пірі екендігін осындай кәраматтармен дәлелдеген. Сондай-ақ, бұл ғасырда еуропалық дінсіздер, адасқандар, мұнапықтар, кәпірлер Құранға сұмдық тиісіп, шабуылын үдетіп жатқанда Рисалей-Нұр сол апатқа қарсы төтеп беріп, Қасиетті Құранның тылсым сырларын ашып, ақиқаттарын қызғыштай қорғап, сақтап келеді. Және,

اَقِدْ كَوْكَب۪ى بِالْاِسْمِ نُورًا وَ بَهْجَةً ٭ مَدَى الدَّهْرِ وَ الْاَيَّامِ يَا نُورُ جَلْجَلَتْ

сөзімен Жиырма сегізінші Лемада дәлелденгеніндей ашық түрде Рисалей-Нұрға ишара етумен қатар Нұр сүресіндегі Нұр аятында Рисалей-Нұрға ишарасына ишара етеді.

اَقِدْ كَوْكَب۪ى بِالْاِسْمِ نُورًا сөзі мағына жағымен және джифр бойынша дәлме-дәл Рисалей-Нұрға тәвафук ететіні рас. Әлбетте, былай деуге негіз бар: Бұл жазбаның соңында:

بِاٰجٍ اَهُوجٍ جَلْمَهُوجٍ جَلَالَةٍ٭ جَل۪يلٍ جَلْجَلَيُّوتٍ جَمَاهٍ تَمَهْرَجَتْ

بِتَعْدَادِ اَبْرُومٍ وَ سِمْرَازِ اَبْرَمٍ ٭ وَ بَهْرَةِ تِبْر۪يزٍ وَ اُمٍّ تَبَرَّكَتْ

Жазбасы арқылы Рисалей-Нұрдың бастапқыда Он екі Сөз болып, сол атпен танылып, елге тараған он екі шағын рисалесіне اَقِدْ كَوْكَب۪ى ишарасымен осы жазбадағы он екі ассириялық сөздер оларға жеке-жеке ишара болып табылады. Рас, қолымдағы Джәлжәлутияның нұсқасы ең сахих әрі өте сенімдісі. Хазіреті Ғазали(р.һ.) сынды көптеген имамдар Джәлжәлутияны шарх қылған яғни ашықтап түсіндірген. Бірақ, мына Ассирия тіліндегі сөздердің мағынасын толық білмегендіктен және нұсқалары әртүрлі жазылғандықтан әрқайсысының ишара туыстарын, өзара байланысын әзірге білмегендіктен қысқа қайырдым.

Сонымен, Имам-ы Алидің (р.һ.) бір мәрте اَقِدْ كَوْكَب۪ى деген сөзбен ақырзаман да Рисалей-Нұрды сұрап Аллаһқа жалбарынады. Ол бастапқыда Он екі рисаледен тұратындықтан тек он екі рисалеге ғана ишара қылды. Екінші мәрте تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ жазбасы арқылы әлдеқайда ашық түрде Рисалей-Нұрды мақтап, мадақтап көрсетеді де оның кемелдену кезеңін меңзеп барлық Сөздерді, Мектубтарды, Лемаларды рәмізді түрде хабар береді. Сондай-ақ, Он екі Сөз деген атпен көп тараған әлгі шағын рисалелер осы жазбадағы сөздер секілді өзара атау жағымен де сырттай да сәйкес келеді. Сол секілді, "Бәди" мағынасындағы Джәлжәлутия сөзіне сай әрқайсысы өте бәди яғни таңғажайып түрде керемет мысалдармен Құрани терең ақиқаттарды тәпсірлеп, дәйекті түрде баяндайды.

Егер, қырсық біреу былай десе: Имам-ы Али (р.һ.) осы аталған барлық астарлы мағыналарды ниет етпеген болар?

Біз оған былай деп жауап береміз:Егер, Имам-ы Али (р.һ.) ниет етпеген болса да, бірақ сөз-сөйлемдері соны меңзеп білдіріп тұр. Белгі-нышандар бірігіп ишари түрде және астарлап дәлелдеп аталған мағыналарды қамтып тұр. Әрі, осы астарлы мағыналар, ишари ұғымдар хақ яғни дұрыс және ақиқатқа үйлесімді және мұндай ілтипатқа, құрметке лайық, сондай-ақ, ишари-белгілер қуатты екені рас. Әлбетте, Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) мұндай барлық ишари мағыналарды ниет ететіндей күлли яғни өте ауқымды назары болмағанның өзінде"Джәлжәлутия"уахи болғандықтан оның нағыз иесі Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) ұстазы Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) назары күлли яғни ауқымды және Ұстазының ұстазы Хақ Тағаланың ұшы-қиыры жоқ шексіз ілімі оларды жаппай қамтиды, қалау еркі шеңберінен тыс қалдырмайды.

Бұл мәселеде менің жеке және нақты тоқтамға келуімнің бір себебі мынау: өте мүшкіл, қиын-қыстау жағдайда"Әл-аят-ул Күбраның"ұлы тәпсірін яғни Жетінші Шуаны жазарда қатты қиналғаным рас. Сол үшін киелі деме керек болып, құлшындыруға аса мұқтаждық сезіндім. Осы кезге шейін көптеген тәжірибелермен белгілі, мұндай қиын-қыстау кездерде Иләһи инает-жәрдем, Құдайдың жарылқауы медет болып құтқаратын-ды. Осы риселені жазып бітірген уақытта дәл сол сәтте күтпеген жерден кенет осы аталған Хазіреті Имам-ы Алидің(р.һ.) кәраматы ортаға шықты. Содан, бұл да маған демеу болған басқа инает-жәрдемдер секілді Рабб-ы Рахимнің қамқорлығы екеніне еш күмәнім қалмады.

Инает болса яғни ондай Иләһи жәрдем алдатпайды, жәй бекерге болуы мүмкін емес.

ЖЕТІНІШ РӘМІЗ:Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) қалайша:

وَ بِالْاٰيَةِ الْكُبْرٰى اَمِنّ۪ى مِنَ الْفَجَتْ ٭ وَ بِحَقِّ فَقَجٍ مَعَ مَخْمَةٍ يَٓا اِلٰهَنَا

وَ بِاَسْمَٓائِكَ الْحُسْنٰى اَجِرْن۪ى مِنَ الشَّتَتْ ٭ حُرُوفٌ لِبَهْرَامٍ عَلَتْ وَ تَشَامَخَتْ

وَ اسْمُ عَصَا مُوسٰى بِهِ الظُّلْمَتُ انْجَلَتْ

деп, бірінші жазбасы арқылы Жетінші Шуаны меңзегенді, дәл сол секілді бұл жазбасымен де"Тәфаккурнама" әрі "Тәухидпен қатысты мағрифатнама"яғни пікірлеудің, Аллаһты танудың үздік үлгісі арабша Жиырма тоғызыншы Леманы да меңзеп ишара еткен.

Екінші жазбасымен Исм-і Ағзам және "сәкина" деп аталған Аллаһтың мәшһүр алты есімінің ақиқатын керемет баяндап дәлелдеген, сондай-ақ, Жиырма тоғызыншы Леманың ізін ала бере жазылған Отызыншы Лема деп аталатын Аллаһтың алты есімінің тұжырымды рисалесіне: بِاَسْمَٓائِكَ الْحُسْنٰى اَجِرْن۪ى مِنَ الشَّتَتْ деген сөйлем арқылы ишара еткендіктен Отыз бірінші Леманың Бірінші Шуасы ретінде және бастан соңына дейін әріптер жайлы ілім деуге болатын, Құранның мұғжизасы боп саналатын рисалені حُرُوفٌ لِبَهْرَامٍ عَلَتْ وَ تَشَامَخَتْ сөзімен ишара етіп, дереу, وَ اسْمُ عَصَا مُوسٰى بِهِ الظُّلْمَتُ انْجَلَتْ сөзімен де сол әріптер жайлы сыр шертетін рисаледен, кейін"Әл-Аят-ул Күбра"рисалесінен тұратын және Аса-и Муса деп аталатын және шынымен де Мусаның (а.с.) таяғы тәрізді ширк пен адасудың сиқырларын тоқтатқан, әзірге Рисалей-Нұрдың ең соңғы рисалесіне"Аса-и Муса"деп айдар тағып, ишара етіп мағынауи қараңғылықтарды жоқ қылатынын меңзеп сүйінші хабар берген.

Иә, وَ بِالْاٰيَةِ الْكُبْرٰى сөзі арқылы Жетінші Шуаға ишаралары қуатты белгілермен дәлелденгені секілді дәл сол сөз, басқа мағына арқылы расында Рисалей-Нұрдың"Аят-ул Күбрасы"саналатын және көптеген рисалелердің мән-мағынасын қамтитын және арабша жазылған Жиырма Тоғызыншы Лемаға бұл сөз қағидасы бойынша меңзеп ішіне алады яғни қамтиды. Олай болса, Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) бұл жазбадан осыны көріп ишара қылған деуге толық болады.

Һәм, басқа ишара-белгілермен Мектубаттан Лемаларға, оның ішінде ерекше түрде Лемалардың ең жарқынының сұмдық кезеңде жарыққа шығып, сол бір қараңғы күндерде қамаудан, өлім жазасынан құтылу үшін, қауіпсіздікке, сау-саламаттыққа қауышу үшін, астарлы мағынамен Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) өзіне қауіпті жағдайда тұрған рисаленің авторының атынан өзі сөйлеп,

وَ بِالْاٰيَةِ الْكُبْرٰى اَمِنّ۪ى مِنَ الْفَجَتْ яғни,"Уа, Раббым мені сақтай гөр! Аман-сау есендікке қауыштыр!"деп дұға етуі автордың дәл ауыр кезеңіне яғни Ескішәһир қаласындағы түрмеде өлім жазасына кесілуі мүмкін кезіне немесе ұзақ мерзімге сотталу қаупі төнгенде жазылған Жиырма тоғызыншы Леманың кезеңіне тевафук етуі арқылы ол сөз астарлы түрде, ишарамен білдіріп тұрғандықтан былай деуге толық құқымыз бар: Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) сөзінен ишара қылып отырғанын байқаймыз. Ол Отызыншы Лема деп аталатын Алты Тұжырым болған "Әсма" рисалесін көріп, وَ بِاَسْمَٓائِكَ الْحُسْنٰى деп, басқа ишаралардың белгі-нышандарымен, Жиырма тоғызыншы Лемадан кейін басқа да сәйкестіктер арқылы және қиын жағдайға тап болған автор, кітаптың берекетінен жұбаныш тауып, астарлы түрде Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) тілімен өзіне дұға етіп яғни وَ بِاَسْمَٓائِكَ الْحُسْنٰى اَجِرْن۪ى مِنَ الشَّتَتْ яғни,"Исм-і Ағзам"болған әлгі"Әсма"рисалесінің берекетімен:"Мені қиын-қыстаудан, қауіпқатерден сақта! Уа, Раббым!"деуі дәлме-дәл әлгі рисаленің және Автордың жағдайына тәвафук етуі астарлы түрде осыны білдіреді және Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) болса мұны ғайби түрде ишара еткен деуге негіз бар.

Жалпы, Джәжәлутияның негізі уахи екені рас және іші тола сыр. Әрі ол болашақты қамтып, ғайби яғни енді болатын оқиғалардан хабар беретіні рас.

Сондай-ақ, Құран назарында бұл ғасыр сұмдық ғасыр, әрі Құран үшін Рисалей-Нұр мына қараңғы заманда маңызы зор оқиға және ашық байқағанымдай, оған негіз болар белгі-нышандар жеткілікті. Рисалей-Нұр Джәлжәлутияның ішінен орын алған әрі өте маңызды жерінде айтылады. Сондай-ақ, Рисалей-Нұр мен оның кітаптары сол мақамға лайық әрі өзі туралы хабар беруіне тұрарлық қымбат тәпсір және Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) Сирадж-ун Нұр туралы ашық түрде хабар бергеннен кейін екінші кезекте, жасырын түрде Сөздерден, сосын Мектубаттан, сосын Лемалардан дәл рисалелердегі секілді бірдей рет-ретімен, дәл айнытпай мәртебе-сатысына қарай қуатты нышандармен белгі беріп, Хазіреті Алидің (р.һ.) ишара еткенін дәлелдеп тұр. Сондай-ақ, жазбаның басында

بَدَئْتُ بِبِسْمِ اللّٰهِ رُوح۪ى بِهِ اهْتَدَتْ اِلٰى كَشْفِ اَسْرَارٍ بِبَاطِنِهِ انْطَوَتْ

сөзі арқылы Рисалелердің бастамасы және Бірінші Сөз деп аталған بِسْمِ اللّٰهِ (бисмилләһ)рисалесін меңзеп хабар бергені секілді, "муаззам жами қасамының" соңында яғни ұлы да мазмұнды ант сөзі рисалелерінің соңғы бөлімдері болған Лемалар және Шуалар кітабын әсіресе, Тәухид аяты Жиырма тоғызыншы таңғажайып арапша Леманы, сондай-ақ Аллаһтың алты есімі жайлы және Құрани әріптердің ишаралары жайлы баяндайтын рисалелерді әсіресе, адасушылықтың барлық мағынауи сиқырларын тоқтататын өте құнды және белгілі мағынада"Аят-ул Күбра"атануға лайық әзірге ең соңғы Шуа саналатын Аса-и Муса секілді керемет рисалені меңзеп тұрғандай баяны өзгеше.

Сондай-ақ, бір мәселеге қатысты белгі-нышандар тақырып ортақ болғандықтан сол белгі-нышандар бір-бірін қуаттап, әлсіз де болса қайнар бұлағын көрсетіп бір жерге тоғысып жатады. Әлбетте, осы аталған жеті негізге сүйене отырып былай дейміз: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) Сөздер кітабына рет-ретімен ишара еткені секілді және Мектубат кітабының кейбіріне, Лемалар кітабының маңызды бөлімдеріне ретімен хабар бергені секілді بِاَسْمَٓائِكَ الْحُسْنٰى اَجِرْن۪ى مِنَ الشَّتَتْ сөйлемімен Отызыншы Леманы яғни дара рисале Лемалардың ең соңғы бөлімі "Әсма-и Ситте" рисалесін жоғары бағалап ол туралы хабар береді. Және حُرُوفٌ لِبَهْرَامٍ عَلَتْ وَ تَشَامَخَتْ сөзімен де Отызыншы Лемадан кейін тұратын Құранның әріптерінің ишаралары туралы рисалені мақтап, ишараи түрде растаған.

Және وَ اسْمُ عَصَا مُوسٰى بِهِ الظُّلْمَتُ انْجَلَتْ сөзімен де әзірге соңғы рисале және Тәухид пен Иманның қолында Аса-и Муса секілді ғажайып қуат пен айғақтарға толы қалың рисалені жоғары бағалап рәмізді түрде меңзеп көрсетіп тұрғандай сөздер пайдаланған. Осыған байланысты, біз сенімді түрде былай айта аламыз: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) Рисалей-Нұр әрі оның маңызы зор рисалелері жайлы тура мағына жағымен, астарлы түрде, ишари, рәмзи, имали, тәлуиһи түрде хабар берген. Ол туралы кім күмәнданса ишара етілген рисалелерге мұқият бір қарасын! Егер, ынсапты біреу болса шүбәсі қалмайды деп ойлаймын.

Бұл жерде, ерекше мән берер жағы ишари мағыналардың, межази яғни астарлы белгі-нышандардың өзара реттілігін сақтай отырып атау-есімдердің тығыз байланысты болуы.

Мысалы, жиырма тоғыз, отыз, отыз бір, отыз екі деп санап келеді Жиырма тоғыз, Отыз, Отыз бір, Отыз екінші сөздерге сай атаулармен сондай-ақ, әу баста Сөздер кітабының бастамасы Бірінші Сөзге дәлмедәл"бисмилләһтың"сырымен және соңында әзірге рисалелердің соңғысынына дәл сол рисаленің мән-мағынасын көрсететін өзіне лайық жеке-жеке есім тағып ишара етуі - рас құпия түрде болса да - өте тамаша әрі керемет.

Мен толық мойындаймын, мұндай мақбұл кітапты жарыққа шығаруға, ондай нұрға бөленуге мүлдем лайық емеспін. Бірақ, кіпкішкентай, түкке тұрғысыз бір дәнектен зәулім ағаш жарату Құдайдың құдіреті, оның әдеті және ол Аллаһтың ұлықтығын дәлелдейді. Менде ант ете отырып айтпағым:

Рисалей-Нұрды мақтаудағы мақсатым, ол Құранның ақиқаттарын, иманның шарттарын бекітіп, дәлелдеп, әр тарапқа жайғаны үшін.

Рахымы мол Жаратушыма сансыз шүкір етемін, мені өзін ұнатпайтын адам қылып жаратқан. Нәпсімнің айып-кемшіліктерін әрдайым өзіме көрсетіп отырады. Сол жүгенсіз нәпсімді біреуге жақсы көргізу, ұнамды болу секілді ойлар мүлдем аулақпын. Қабірдің аузына келіп кезегін күтіп тұрған адамның артына, пәни дүнияға қимастықпен қызыға қарауы тым аянышты әрі ақымақтық әрі орны толмас өкініш әрі күллі зиян.

Міне, осы ниетпен ғана иман ақиқаттарын жеткізуші РисалейНұрдың дұрыс хақ екеніне байланысты бір нәрсе айта кетейін:

"Джәлжәлутия"сөзі Ассирия тілінде"Бәдиғ"яғни"таңғажайып"деген мағынаны білдіреді. Расында, сөздері ғажайып бәдиғ болған Рисалей-Нұр. Ол, Джәлжәлутияның төрінен орын алып оның көптеген жерінде өзі жайлы хабар берілетіндіктен сол "Джәлжәлутия" қасидасының атауы да онымен қатысты көрінеді.

Мен, енді түсіндім, бұрыннан бері лайық болмасам да, маған тағылған"Бәдиүззаман"лақаб-атым менікі емес, ол, РисалейНұрдың мағынауи атауы еді. Сырт көзге аудармашы, тілмашына яғни маған аманат ретінде тағылған болатын.

Енді, сол аманат атау өз иесін тапты. Демек, Ассирия тіліндегі "бәдиғ" мағынасын білдіретін және қасидада көп қайталанатындықтын солай аталған Джәлжәлутия есімі, астарлы түрде мынаны білдіреді: Бидғат көбейген заманда шығатын"Бәди-ул Баян" және "Бәдиүззаман"дейтін Рисалей-Нұрдың таңғажайыптығын яғни сөздері де, мағынасы да ерекше бәди екенін білдіріп, осы атау біршама соны білдіреді."Джәлжәлутияда"Рисалей-Нұр көп кездесетіндіктен солай болуы орынды деп ойлаймын.

رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَٓا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا

СЕГІЗІНШІ РӘМІЗ:Бұл рәмізді баяндамас бұрын маңызды екі сұрақтың жауабын жазған жөн болар.

Бірінші сауал:Небір құнды кітаптардың арасынан РисалейНұрға Құранның ишара қылуы неліктен? Сондай-ақ, Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) жоғары бағалап, мақтауына және Ғаус-ы Ағзамның (қ.с.) назарына ілігіп, сүйінші сұрауына себеп болатындай қандай қасиеті бар? Әлгі, екі атақты ірі тұлғаның кәрамат түрде Рисалей-Нұрға мұнша мән беріп қошаметтеуінің икметі не?

Жауабы:Өздеріңе мәлім, кейде бір минут бір сағатқа татиды тіпті бір күндік, тіпті бір-неше жылдық, ал кейде бір сағат бір жылдық тіпті өмірлік нәтиже беріп, маңызы зор болды. Мәселен, бір минуттың ішінде шәһид болған адам бір әулиенің дәрежесіне бір сәтте қол жеткізеді. Қатты суыққа үсігіп өлген адам немесе жау шауып, қысылтаяң сәтте бір сағат күзетте тұрған әскер бір жыл ғибадат еткенмен тең.

Дәл сол секілді Рисалей-Нұрға көп мән берілуінің себебі, заманының өте қауіптілігі және ғасырының Ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у.) шариғатына, Исламның құндылықтарына жасалған зұлымдықтар дың шектен шыққан сорақылығына орай және осы ақыр заманның фитна-бүлігінен бұрынғы заманнан бері мұсылмандар жаппай Аллаһқа сиынып қатты қорықуы әрі сол фитнаның қоғамды жаулап қаумалап оты өршіген кезі. Осындай аласапыран заманда мүминдердің иманын сақтап қалуы тұрғысынан Рисалей-Нұр зор маңызға не әрі үлкен міндет атқарды. Сол үшін де, Қасиетті Құран қуатты түрде ол туралы ишара қылған, Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) үш кәраматпен сүйінші хабар берген және Ғаус-ы Ағзам (р.һ.) кәрамат көрсетіп, ол жайлы хабарлап авторын жігерлендіріп демеу берген.

Иә, бұл ғасырдың сұмдық дауылына"тақлиди иман"яғни көшіріліп алынған иман шыдай алмай өшіңкіреп сүйеніш-тіректері босап, алыстап, тұмшалануда. Мұндай кезде әрбір мүмин-мұсылман жалғыз өзі әлгі адастырушы топтардың ұйымдасқан шабуылына қарсы төтеп бере алатындай өте қуатты"тахқиқи"яғни әбден көз жеткізілген, көңілге орныққан шынайы иманы болуы шарт. Міне, Рисалей-Нұр осы қызметті өте қауіпті де қажетті кезде әрі өте күрделі кезеңде әркім оңай түсіне алатындай етіп, Құрани ақиқаттарды, Иманның терең сырларын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп беруде. Оның, иманы кәміл, адал, ниеті таза шәкірттері өздері тұратын ауыл-аймақта, аудан-қалада, иманға қызмет етіп бейнебір әрбірі жасырын "кутуб" секілді мүминдерге рухани демеуші болып өздері білінбей, көрінбей, топтасып жиналмай-ақ, имандары болаттай берік, діні мықты бәһадүр батырдай мүминдердің рухани қуатын сақтап, мұсылмандарға сүйеніш болып сенімділік туғызуда, батырлық беруде.

Екінші сауал:Жалпы кәраматты ашық көрсетпеген абзал бола тұра, сіз мұны неліктен жұртқа жария қыласыз?

Жауабы:Бұл менің кәраматым емес, ол Қасиетті Құранның мағынауи қасиетінен туындаған хас тәпсірінен кәрамат түрде шыққан, сөйтіп бізге және имандыларға Раббани икрам, (сый) Иләһи нығмет. Әлбетте, Құранның қасиетімен оның нұр сәулелері көрсетілуі тиіс. Нығметті шүкір мақсатында жариялау, нығметті қадірлеу боп табылады. وَ اَمَّا بِنِعْمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثْ аяты жария етуді бұйырады. Менің оған ешқандай мақтануға, масаттануға ақым жоқ, лайық та емеспін және бір ерекше қасиетім жоқ екеніне ант етемін. Мен бір дәнекке ұқсап, шіріп қурадым. Менің өмірім, абыройым, қадірқасиетім бәрі-бәрі сол дәнектен шыққан Рисалей-Нұр дейтін ағашқа өтті, Құранның мағынауи мұғжизасына арналған деп білемін. Соған кәміл сенгендіктен, мұны Құран атынан жазып, жариялап отырмын. Қадір-қасиет, құндылық, Құранның мұғжизасы Рисалей-Нұрда. Тіпті, керек десең, бұрыннан бері алып жүрген"Бәдиүззаман"лақабы да менікі емес, оныкі екен, ақырында қайтып өзіне тапсырылды.

Рисалей-Нұр Құранның мағынасы, Құраннан шыққан. Бұл ойымды растап бекітетін және өзіме тән белгі-нышандар бар. Бірақ, оны басқаларға дәлелдей алмайтындықтан жаза алмай отырмын. Тек, екіүшеуіне ишара еткен жөн болар.

Біріншісі:Мен, Джәлжәлутияны оқыған кезімде басқа дұға-мінажаттар сияқты емес, бүкіл сезіміммен өзім мінажат етіп жалбарынып жатқандай сезінетінмін. Басқа біреуге еліктеп жатқандай емес, шынайы болатын. Ол мен үшін, менің табиғатыма сай, дерттеріме сәйкес, тәфеккүріме, толғаныс, пікірлеу халіме ыңғайлы келетін. Жоғарыда аталған кәраматтың Рисалей-Нұрмен қатысты екенін мен кейін байқадым. Ол жағдай осы байланыстықтан туындайтынын сонда түсіндім.

Екіншісі:Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) жазбаның басында:

رُوح۪ى بِهِ اهْتَدَتْ اِلٰى كَشْفِ اَسْرَارٍ بِبَاطِنِهِ انْطَوَتْ

деп және орта шенінде:

وَاَمْنِحْن۪ى يَا ذَا الْجَلَالِ كَرَامَةً ٭ بِاَسْرَارِ عِلْمٍ يَا حَل۪يمُ بِكَ انْجَلَتْ

деп және соңында:

مَقَالُ عَلِىٍّ وَ ابْنِ عَمِّ مُحَمَّدٍ ٭ وَ سِرُّ عُلُومٍ لِلْخَلَائِقِ جُمِّعَتْ

деп Джәлжәлутияның"хәзинә-і ілім"яғни ілім қазынасы екенін айтады. Алайда, бір қарағанда ол тек мінәжат, дегенмен Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) басқа да ақиқатқа толы қасида-өлеңдері, ілімимінәжаттары осы дәл мұндай байланыстылығы толық көрінбейді.

Менің ойымша, Джәлжәлутия Рисалей-Нұрды бауырына басып, оны мағынауи баласындай қабыл алған. Ол рас. Олай болса, әлбетте وَ سِرُّ عُلُومٍ لِلْخَلَائِقِ جُمِّعَتْ жазбасы арқылы, өзінің қазынасындағы кейбір жақұт-маржандарды ақырзаманда жарыққа шығарып оны айналасына шашқан Рисалей-Нұрды куәгер ретінде көрсетіп Джәлжәлутияның іліми қазына екенін, ол ілім толы көмбе байлық екенін айтып, лайықты түрде мақтап-мадақтауы әбден орынды.

Үшіншісі:Өздеріңе мәлім, кейде кішкене ишара, кейбір шарттарда өте қуатты дәлел боп саналады. Ол адамды сендіріп көзін жеткізіп, әбден қанағаттандырады. Мені, қанағаттандыратын көптеген мысалдарынан жоғарыда аталған бір ғана мысал мен үшін жеткілікті.

Мәселен, Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ жазбасы арқылы Рисалей-Нұрдан хабар берген соң яғни оның атқарар қызметінен, мән-мағынасынан, жарыққа шығу кезеңінен,

негіздерінен хабар бергеннен кейін Ассирия тілінде есімдерді атап тұрып мінажат қылады. Отыз екі немесе Отыз үшінші есімдерге келгенде екі мәрте بَعْدَهَا сөзін қайталайды. Олардың бірі Жиырма жетіншіде وَ ذَيْمُوخٍ بَعْدَهَا екінішісі Отыз бірде وَ بَازُوخٍ بَعْدَهَا дейді.

Міне, Рисалей-Нұрдың Сөздері Отыз үш, бір жағынан алғанда Отыз екі... және Мектубат атты рисаленің де бір жағынан Отыз екі, бір жағынан Отыз үш болып осы мінәжатқа сәйкес келуі және тек рисале ретінде екі қосымшасы болуы және сол қосымшаның біреуі Жиырма жетінші Сөздің маңызды соңы ал, екіншісі Отыз бірініш Сөздің құнды қосымшасы және сол екі қосымша рисаленің өзіндік бөлек мәртебесі мен реттік нөмірі болмауы, сондай-ақ بَعْدَهَا сөзі де, дәл сол жерге, дәл сол мағынаға сәйкес келуі, менің мынаған көзімді анық жеткізеді:

Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) астарлы мағына арқылы және ишари ұғыммен Рисалей-Нұрдан, тіпті оның қосымша рисалесінен хабар беру үшін осылай істеген. Мұнан да көп белгі-нышандар және әрбір сөзге ишара қылатын байланысты жақтар бар. Бірақ, құпия әрі күрделі болғандықтан айтылмады.

{(Сілтеме): Мәселен, Жиырма сегізінші мәртебеде وَ بِسُورَةِ التَّهْم۪يزِ Жиырма сегізінші Сөздің соңы Жәһаннам мәселесінің өте қуатты айғағына ишара етіп, бас жағындағы Жәннат мәселесінің тек, екі-үш қана сұрақ пен жауабына қатысты тақырып болса ол басқа жерде ишара етілгендіктен байланыстылығы көрінбей жасырын қалған.

Һәм, мысалы, екінші мәртебеде يٰسٓ сөзімен, һәм Екінші Сөзді, һәм Екінші Мектубты, һәм Екіншісі Леманы, һәм Екінші Шұғаны мегзеп көрсеткендіктен байланысы терең болып құпия қалған.

Һәм, мысалы وَ كَافٍ وَ هَا يَاءٍ وَ عَيْنٍ وَ صَادِهَا яғни كٓهٰيٰعٓصٓ бесінші мәртебеде болып, Һәм Бесінші Сөзді, Бесінші Мектубты, Һәм Бесінші Леманы және Төртінші Шұғаға боп саналатын Хасби аят рисалесін һәм Үшінші Шұға боп саналатын Мінажат рисалесін меңзеп қатыстылығы көрінгендіктен байланыстылығы кеңейіп жасырын қалған. Осыған басқаларды салыстырған жөн.}

لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ٭ وَاللّٰهُ اَعْلَمُ بِالصَّوَابِ ٭ اَستَغْفِرُ اللّٰهَ مِنْ خَطَٓائ۪ى وَخَط۪ٓيئَات۪ى وَ مِنْ سَهْو۪ى وَغَلَطَات۪ى وَالْحَمْدُ لِلّٰهِ

عَلٰى نِعْمَةِ الْا۪يمَانِ وَ الْقُرْاٰنِ بِعَدَدِ حَاصِلِ ضَرْبِ حُرُوفِ رَسَائِلِ النُّورِ الْمَقْرُوئَةِ وَ الْمَكْتُوبَةِ وَ الْمُتَمَثِّلَةِ فِى الْهَوَاءِ فِى عَاشِرَاتِ دَقَائِقِ حَيَات۪ى فِى الدُّنْيَا وَ الْبَرْزَخِ وَ الْاٰخِرَةِ

اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلٰى مُحَمَّدٍ وَ عَلٰٓى اٰلِهِ وَ اَصْحَابِهِ بِعَدَدِهَا وَارْحَمْنَا وَ ارْحَمْ طَلَبَةَ رَسَٓائِلِ النُّورِ بِعَدَدِهَا اٰم۪ينَ وَ الْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ

* * *

Жиырма тоғызыншы Лемадан екінші бап

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

[Бұл екінші баб "Әлхамдулиллаһ" жайында]

[Екінші баб деп аталған бұл шағын еңбекте адамдарға "әлхамдулиллаһ" дегізген иманның көптеген пайдалары мен нұрларының тек тоғыз түрі баяндалмақ.]

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ

БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ.Әуелі екі нәрсені ескерген жөн.

Біріншіден:Философия, әр нәрсені жағымсыз, қорқынышты түрде көрсететін қара көзілдірік. Ал, Иман болса - әр нәрсені жағымды тамаша жанға жақын шырайлы көрсететін мөлдір де пәк, нұрлы көзілдірік.

Екіншіден:Бүкіл жаратылыспен байланыста, әр нәрсемен қарым-қатынаста, өзін қоршаған ортамен ойша болсын сөйлесуге, жүздесуге, көрші болуға әу бастан мәжбүр адам баласының оң мен солы, алды мен арты, асты мен үсті дейтін алты жағы бар. Адам әлгі аталған көзілдіріктің біреуін киіп, манағы жақтардағы жаратылысты, хал-ахуалды көреді.

Оң жақ.Бұл өткен шақ. Философия көзілдірігімен бұл жаққа қараған адам, ол жақты астан-кестеңі шығып қирап қалған үрейлі мазар тәрізді көреді. Оның мұндай көріністен зәресі ұшып, жүрегі аузына тығылып үмітсіздікке түсері анық. Алайда, иман көзілдірігімен қараған кезде, бұл жақ астан-кестең күйде көрінсе де жан шығыны жоқ, қызметшілері мен тұрғындары әлдеқайда әсем, нұрлы әлемге көшіп кеткен. Ол жақтағы қабірлер мен шұңқырлар нұрлы әлемге бару үшін қазылған жер асты жолдары екені көрінеді. Демек, иманның адамға сыйлайтын рахаты мыңдаған "Әлхамдулиллаһ" дегізетін бір нығмет.

Сол жақ.Келер шақ. Философия көзілдірігімен қарасаң, болашақ бізді шірітіп, құрт-құмырсқаға жем қылып жанымызды алатын қорқынышты, үлкен бір қабір түрінде көрінеді. Алайда, иман көзілдірігімен қараған да,"Халиқ", "Рахман", "Рахимның"пенделеріне дайындаған түрлі-түрлі тіл үйірер тәтті тағамдар мен сусындарға толы Рахман дастарқаны тәрізді көрінеді. Мыңдаған мәрте"әлхамдулиллаһ"сөзін қайта қайта айтқызады.

Үстіңгі жақ.Яғни, аспанға философия көзімен қараған адам сонау шексіз кеңістікте миллиардтаған жұлдыздар мен планеталардың ат жарысы тәрізді немесе соғыс тәсілі жаттығуы сияқты жылдам, санқилы қозғалыстарын көріп, үрейі ұшып бойын қорқыныш билейді. Алайда иманды кісі қараған да әлгі таңғажайып, керемет жаттығу, бір қолбасшының бұйрығымен, оның қол астында екенін, аспан әлемін безендіріп тұрған әлгі жұлдыздар бізге жарық беретін шам шырақтар екенін көреді. Манағы ат жарысындай топалаңға қорқынышпен емес сүйсіне, жағымды қарайтын болады. Аспан әлемін осылайша суреттеген иман нығметіне әлбетте сан мыңдаған"әлхамдулиллаһ"деу қажет.

Астыңғы жақ.Яғни, Жер шарына философия көзімен қарағанда, Жер беталды, жүгенсіз, Күннің айналасын жүйесіз кезген бір хайуан секілді немесе бағыт бағдары белгісіз капитаны жоқ қайық тәрізді көрініп, зәресін ұшырады. Алайда, иманмен қарағанда Жер шары Аллаһтың басқаруымен қажетті заттарға толы адамзатты серуендету үшін Күнді айналып жүрген, іші азық-түлік пен сусындарға толы Рахмани кеме түрінде көреді. Иманнан туындаған мұндай ұлы нығмет үшін қайта-қайта"әлхамдулиллаһ"айта бастайды.

Алдыңғы жақ.Философ адам бұл жаққа қараса, барлық тіршілік иелері - адам болсын, хайуан болсын топ-топ болып, керуендей тізіліп шапшаң түрде алға бет алып, көзден тез таса болуда. Яғни, жойылып, жоқ болуда. Өзі де сол жолдың жолаушысы екенін білген де жанын шығып кетердей өкінішті күй кешеді. Алайда, иман назарымен қараған мүмин, адамзаттың ол жаққа бет алуы, жасаған саяхаты жойылуға емес, көшпенділер тәрізді бір жайлаудан екінші бір жайлауға көшу, фәнилік елінен мәңгілік еліне, жұмыс жерінен еңбек ақы беретін жерге, қиындықтардан босап рахатқа бату үшін қоныс аудару; жоқ болуға емес мәңгі бар болуға сапар деп ол жаққа сүйсіне

қарайды. Алайда, жолда кездесетін өлім, қабір секілді машақаттар болса нәтижесінде бақыт болып табылады. Өйткені нұрлы әлемге бастайтын жол сол қабір арқылы өтеді және мол бақыт, бақ-дәулет болса үлкен әрі қиын пәлекеттердің нәтижесінде болатыны мәлім.

Мәселен, Хазіреті Жүсіп Пайғамбар Мысырдың құрметті лауазымына, бақ-дәулетке бауырларының құдыққа тастап қинауынан кейін және Зылиханың жала жауып, зынданға қаматуы салдарынан қолы жетті емес пе! Сондай-ақ, ана құрсағынан мына жарық дүниеге келген нәресте, әлгі қараңғы жерде көрген қиындықтары мен машақаттардың нәтижесінде қолы жетіп, дүние бақытына бөленеді ғой.

Артқы жақ.Яғни бізден кейін келетін ұрпаққа философия назарымен қараса,"Апырым-ай, мыналар қайдан келіп, қайда барады және дүниеге не үшін келеді?"деген сұраққа жауап таба алмай таңдану мен күдіктің азабын тартады. Алайда, иман нұрынан жасалған көзілдірікпен қараған да, адам зат мына әлем көрмесіндегі таңғажайып, керемет құдірет мұғжизаларын, әсем өнерін тамашалау және зерделеу үшін Сұлтан-ы Әзели тарапынан жіберілген зерттеуші көрермендер екенін түсінеді. Олар осы мұғжиза өнердің қадірін бағалап және Сұлтан-ы Әзәлидің ұлықтығын, Оны дәлелдейтін аятайғақтарды тауып, ізденгендеріне қарай сауап жинап қайтадан әлгі Сұлтан-ы Әзәлиге оралатынына сенеді. Осындай зор сенім нығметіне бөлейтін иман нығметіне"әлхамдулиллаһ"деуі керек.

Аталған қараңғылықтарды жоятын иман нығметіне"әлхамдулиллаһ"деп жасалған"хамд", "мадақ",ол да бір нығмет болғандықтан оған да бір"хамд", "мадақ"қажет. Бұл екінші "хамдқа" да үшінші бір"хамд",үшіншіге де төртінші бір"хамд"қажет. وَهَلُمَّ جَرًّا (Солай жалғаса бермек)

Демек, бір ғана"хамдтан"туындаған"хамдтар"жиналып ұшықиырсыз, ұзыннан-ұзақ "хамд" тізбегін құрайды.

ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ.Алты жақты нұрға бөлеген иман нығметіне "әлхамдулиллаһ" деуі керек. Өйткені, иман алты жақтың қараңғылығын жою арқылы пәленің бетін қайтарып қана қоймай әлгі алты жақты нұрға бөлеу арқылы пайда беретіндіктен екінші бір нығмет болып саналады.

Осыған орай, адам баласы жаратылысынан табиғый бір мәдениетке ие болғандықтан, алты жақтан қоршаған мақұлықтармен тығыз байланысы бар және иман нығметінің саясында әлгі жақтардан пайдалана алу мүмкіншілігі бар.

Сонымен اَيْنَمَا تُوَلُّوا فَثَمَّ وَجْهُ اللّٰهِ аятының сырымен адам алты жақтың қайсысынан болсын нұрға бөленеді. Тіпті, мү'мин бір адамның дүниенің жаратылысынан соңына дейін жалғасатын ұзақ өмірі бар деуге болады. Адамның мұндай рухани өмірі, әзелден әбедке созылып жатқан шексіз тіршілік нұрынан медет алып, демеу табады. Тағысын тағы... Алты жақты нұрға бөлеген иманның саясында адамның мына қысқа ғұмыры, тар мекені кең әр рахат бір әлемге айналады. Ол кең әлем, оған бір үй сияқты болады. Өткен шақ пен болашақ оның жанына, көңіліне осы шақ тәрізді көрінеді. Арасындағы қашықтық жойылады деген сөз.

ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ.Иман адамзат үшін сүйеніш пен медет көзі болғандықтан,"әлхамдулиллаһ"деп шүкір етуі керек.

Иә, адамзат тым әлсіз әрі дұшпандары көп. Сондықтан арқа сүйер бір тіренішке мұқтаж. Сол арқылы дұшпандардың бетін қайтарады. Сондай-ақ қажеттіліктері де көп, пақырлық та, жанға бататындықтан, қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жәрдемге мұқтаж.

Уа, адам! Сенің арқа сүйерің, жалғыз Аллаһқа иманың. Жаныңа қамқор, көңіліңе медет, тек қана ақыретке иманың.

Міне осы екі нәрседен бей хабар адамның жаны қиналып жүрегін үрей басады. Дүниесі астан-кестең азап шегеді. Ал, біреуінен сүйеніш тауып, екіншісінен жәрдем алған адамның рухы, жаны рахат тауып, көңілі жәй. Ішкі дүниесінде тыныштық орнап, жұбаныш табады.

ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ.Иман нұры заңды ләззаттар аяқталғанда болатын уайымдарды бұл ләззаттардың жалғасы болатынын, ұқсасы бар екенін көрсету арқылы жоқ қылады. Сондайақ, нығметтер жалғасын тауып, азаймайтынын, олардың бұлағы бар екенін көрсету арқылы жанды рахатқа бөлейді.

Сондай-ақ, қоштасудан пайда болатын өкініштерге қарсы мұның бір жаңару екенін, оның өзіндік бір ләззаты бар екенін көрсету арқылы қайғыны жойып жібереді. Яғни зәззат аяқталатынын ойлағанда бір ләззат көптеген қайғыға айналады. Иман болса оның жаңарып,

басқаша келетін соған ұқсас ләззаттар болатынын еске түсіріп, өкініштен сақтайды. Иә, ләззаттардың жаңаруында өзіндік ләззат бар. Бір түйір жемістің ағашы болмаса ләззат сол жеміспен шектеліп таусылғанда ләззаты да кетіп өкінішке себеп болады. Ал, жемістің ағашы болса жемістің аяқталуы өкіндірмейді, өйткені орнына келетін тағы басқасы бар.

Сондай-ақ, жаңарудың өзі бір ләззат. Адам жанын қинайтын нәрсе - қоштасулардан пайда болатын өкініштер. Иман нұры болса ұқсастарының қайта келуі, соларға қол жеткізу мүмкін деген үмітпен мұндай уайымдарды жоқ қылады.

БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ.Иман нұры әлемдегі адам баласына дұшпан және бөтен немесе өлі, жетім сияқты жансыз, меңіреу болып көрінген нәрселерді жағымды, бауыр ретінде көрсетеді. Яғни, бейқам адам, қоршаған әлемді, жалпы болмысты дұшпан түрде қауіпті көріп, зәресі ұшады, оларға бөтенсіп қарайды. Өйткені, хақ жолдан тайғандардың ойынша өткен шақ пен келешек арасында бауырластық, байланыс жоқ. Тек осы шақта аз ғана байланыс бар. Сондықтан әхли далалет яғни адасқандардың достығы бір-біріне бауырластығы бір сәттік, уақытша болады.

Ал, иманды көзбен қараған жан барлық нәрсені тірі, біріне-бірі бауыр, әр нәрсе өз тілімен жаратқан иесіне тәсбих еткенін көреді. Міне, осы тұрғыдан алғанда әр нәрсенің өздеріне тән тіршілік түрлері, жандары бар. Сондықтан имани көзқараста әлгі нәрселерден қорқу, үрейлену деген жоқ. Керісінше достық, жылы шырай, байланыс бар.

Хақ жолдан тайған көзқарас, адамдар талап-тілектеріне жету үшін дәрменсіз, босқа аласұрған, қамқоршысы жоқ, өкінішті, қайғылы, мұңды, тым әлсіз, жыламсыраған жетімдер деп ойлайды. Ал, иманды көзқарас, тіршілік атаулыға зар еңіреген жетімдер емес, белгілі бір міндет жүктелген қызметшілер, зікір етушілер (закир)және басы байлы құлдар деп қарайды.

АЛТЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ.Иман нұры дүние мен ақырет әлемдерін сан-алуан нығметтермен безендірілген екі түрлі дастарқан түрінде суреттейді. Мүмин адам иманы арқылы ішкі-сыртқы мүшелерімен, рухани сезімдерімен әлгі дастарханан пайдаланады.

Ал, адасушылық назарында тіршілік иелерінің пайдалану алаңы тарылып, материалдық ләззаттармен шектеледі. Иманды көзқараста Көк пен Жерді қамтитындай кең алаңға ие болады.

Иә, мүмин Күнді үйіндегі ілулі шырағдан, Айды жол көрсетуші шам деп санайды. Осылайша Күн мен Айды өзіне берілген нығмет деп біледі. Сондықтан мүмин адамның пайдалану алаңы, аспан әлемінен әлдеқайда кең болады. Иә, Қасиетті Құран

وَ سَخَّرَ لَكُمُ الشَّمْسَ وَ الْقَمَرَ ٭ وَ سَخَّرَ لَكُمْ مَا فِى الْبَرِّ وَالْبَحْرِ

деген аяттардың шешендігімен иманнан туындаған осындай таңғажайып, баға жетпес жарылқауа, нығметтерге ишарат етеді.

ЖЕТІНШІ ТҰЖЫРЫМ.Аллаһтың бар екендігі, бүкіл нығметтерден қымбат, құнды нығмет. Тіпті Ол, шексіз нығметтер, жарылқаулар мен сыйлықтардың барлық түрін қамтиды. Олардың қайнар көзі, болып табылады. Бұл әрин иман нұрының саясында білінеді. Сонымен, иман нығметіне әлемде қанша зәрре болса, сонша шүкір мен хамд ету борыш болып табылады. Рисалей-Нұрда олардың кейбіріне ишара етілген. Сонымен қатар, Рисалей-Нұрдың Аллаһқа иман жайындағы бөлімдері бұл нығметті анық көрсеткен.

Әлхамдулиллаһ сөзіндегі"лам-ы истиғрақ"ишара етіп отырған барлық"хамдтар"арқылы шүкір етілуі қажет нығметтердің бірі де"Рахманиет"нығметі. Рас,"Рахманиет",тіршілік иелерінің рахмға бөленгендердің санынша нығметтерді қамтиды. Өйткені адам, тіршілік иелерінің әрқайсысымен байланыста. Бұл тұрғыдан, адам, олардың әрқайсысының бақытына ортақ болып қуанады, қайғысына мұңаяды. Олай болса, кез-келген тіршілік иесіне берілген нығмет, жолдастарына да нығмет болып есептеледі.

Сондай-ақ, аналардың мейірімімен нығметке бөленген нәрестелердің санынша нығметтерді қамтып, жасалған хамдтерге лайық нәрселердің бірі де"Рахимиет"ақиқаты. Иә, анасынан айрылған бір баланың жылағанын көріп көңілі босап, жаны ашыған адам, әлбетте аналардың балаға деген жанашырлықтарынан ләззат алып, көңілі шаттанады. Ендеше, осындай ләззаттар да нығмет. Бұл да шүкір мен хамдты қажет етеді.

Сондай-ақ, әлемдегі хикметтердің түрлері мен саны қанша болса сонша хамд пен шүкір қажет қылатынның біреуі де"Хакимиет".Өйткені, адамның жаны Рахманиеттің шуағымен, ал көңілі Рахимиеттің әсерімен нығметке бөленгені секілді, адамның ақылы

да"Хакимиеттің"нәзіктігі арқылы рахатқа батады, ләззат алады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда ауыз толтырып"әлхамдулиллаһ"деп арқылы хамд пен шүкір талап етеді.

Сондай-ақ, әсем есімдерден"Уарис"есімінің көрінісінің санындай әкелер мен ата-бабадан қалған нәсілдер қанша болса және ақырет әлемінің болмыстары санындай, сондай-ақ ақыреттік сый алуға себеп және жазылып тіркеліп қойылған адамзаттың амалдары санынша даусы жер жарардай"әлхамдулиллаһ"деу арқылы шүкіршілік етуді қажет ететін нәрсе, ол -"Хафизиет"нығметі.

Өйткені, нығметтің жалғасуы, нығметтің өзінен әлдеқайда қымбат. Ләззаттың баяндылығы ол ләззаттан әлдеқайда тәтті. Жәннатта мәңгі қалу, Жәннаттан әлдеқайда абзал, тағысын тағы.

Сондықтан, Аллаһ Тағаланың"Хафизиеті"және оның қамтыған нығметтері бүкіл әлемдегі нығметтерден әлдеқайда басым әрі қымбат. Бұл тұрғыдан дүниені толтыратындай бір "әлхамдулиллаһ" айту қажет. Жоғарыда аталған төрт есімге қалған көркем есімдерді салыстыр. Аллаһтың әр бір есімінде шексіз нығмет бар екендігін, олардың әрқайсысына"хамд" пен "шүкір"ету керек екенін көресің.

Сондай-ақ, шексіз нығмет толы қазыналарды ашып оған бастаушы және Иман нығметіне ұйытқы әрі дәнекер болған Хазіреті Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәлам да бір нығмет. Ол сондай бір нығмет, оны бүкіл адамзат мәңгі бақи мадақтауға борышты.

Сондай-ақ, заттық және рухани барлық нығметтердің түрлерінің мазмұны, қайнар көзі - Ислам діні және Құран нығметі де шексіз шүкір мен хамдтарды қажет етеді.

СЕГІЗІНШІ ТҰЖЫРЫМ.Әлем атты мына ұлы кітап және оның тәпсірі Құран Кәрім баяндағанындай бұл кітаптың бүкіл бабтары, бөлімдері, парақтары, жолдары, сөздері тіпті әріптері әлгі Зат-ы Ақдестің Жамал (Сұлу),Кемал (Нұқсансыз)сипаттарын көрсетіп, Оған хамд уа сена, яғни мадақтап шүкір етуде.

Яғни әлгі үлкен кітаптың әрбір нақышы, үлкені де кішісі де"Уахид", "Самад"шебер Аллаһтың жәлал сипаттарын көрсету арқылы"хамд"айтып мадақтайды. Сондай-ақ, ол кітаптың әрбір жазуы"Рахман", "Рахим"жазушысының әсем ерекше сипаттарын көрсету арқылы дәріптейді.

Сондай-ақ, әлгі кітаптың барлық жазулары, нүктелері, нақыштары-көркем есімдердің көріністері мен сәулелеріне айна әрі шағылыстырушы болу жағымен әлгі Зат-ы Ақдесті қадірлеу, мадақтау, дәріптеу арқылы мақтаушылар болып табылады. Сол сияқты әлгі кітаптың әрбір шумақ өлеңі, "Қадир", "Алим" иесін қастерлеп мадақтайды.

ТОҒЫЗЫНШЫ НҮКТЕ.

{(*) Менде мұндай құпия сырлардың кілті жоқ. Сондықтан аша алмаймын. Оның үстіне аузы ораза адамның басы, мұндай сырларды аша, алмайды алмайды. Кешірім өтінемін. Мұның өзін, автордың рухани демеуімен және Қадір түнінің берекетімен, сондай-ақ, Мәулананың көршілестігін пайдалана отырып аударып жазу нәсіп болды. әйтпесе...

Аудармашы Абдулмәжид Нұрси}

Саид Нұрси

اَلدَّاع۪ى

[Дұға етуші, жалбарынған]

Қираған {(*): Бұл ләуха оның қол таңбасы} бір мазарым тұр, ішінде

Саидтың жетпіс тоғыз {(**): Жыл сайын екі мәрте жаңаратындықтан екі Саид өлді деген сөз. Әрі биыл Саид жетпіс тоғыз жасында. Әр жылда бір Саид өлген болса онда осынша жыл Саид өмір сүреді деген.} мейіті бар

Күнәларымен бірге уайым, қайғы ішінде

Сексеніншісі сол мазарға болды құлпытас

Қосылып бірге жылайды {(***): Жиырма жылдан кейінгі осы жағдайды алдыг-ала сезіп хабар берген.} Исламның қайғы-қасіретіне

Құлпытас та, өліктер де мазарым да қосылып бірге

Кетіп барамын алдағы ақырет әлеміне

Үмітім зор, болашақ көк пен Азия жері барлығы бірге

Исламның қоластына кіретініне

Өйткені, Иманның қуатты да берекелі қолынан

Сау-саламат, амандық табады күллі жаратылыс

* * *

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ

يَا اَللّٰهُ يَا رَحْمٰنُ يَا رَح۪يمُ يَا فَرْدُ يَا حَىُّ يَا قَيُّومُ يَا حَكَمُ يَا عَدْلُ يَا قُدُّوسُ

Исм-и Ағзамның және Қасиетті Құранның құрметіне және Ардақты Пайғамбарымыздың шарапатымен осы кітапты бастырғандарды және оған жәрдемі тиген асыл жандарды Фәрдәуси жәннат сая-бақтарда мәңгі бақытты қыла гөр! Амин.

Оларға киелі Иман мен Құран қызметінде әрдайым сәттілік пен табыс бере гөр! Амин.

Амал дәптерлеріне "Шұғалар" кітабының әрпі қанша болса әрбір әрпі үшін мың сауап жаздыра гөр! Амин.

Әрі осы кітаптың таралуына, жайылуына ықыласпен, табанды түрде атсалысуын нәсіп ете гөр!

Я, Әрхамаррахимин! Бүкіл Рисалей-Нұр шәкірттерін екі жаһанда бақытты қыла гөр! Амин. Оларды адам мен жын шайтандарының бәлесінен сақтай гөр! Және мына әлсіз де қауқары жоқ Саидтың кемшіліктерін ғафу ет! Амин.

Барлық Нұр шәкірттерінің атынан

САИД НҰРСИ

МАЗМҰНЫ

Екінші Шуақ ........................................................................ 3

Екінші тарау ........................................................................ 19

Үшінші тарау ....................................................................... 30

Соңғы сөз ............................................................................. 38

Үшінші Шуақ(Мінәжат) ..................................................... 44

Төртінші Шуақ(Хасби аят Рисалесі) ................................. 65

Алтыншы Шуақ ................................................................... 98

Жетінші Шуақ (Аятул Күбра)............................................. 103

Аятул Күбра ......................................................................... 111

Екінші Баб ........................................................................... 159

Тоғызыншы Шуақ ............................................................... 192

Он бірінші Шуақ (Миуа рисалесі) .................................... 205

Бірінші мәселе ..................................................................... 206

Екінші мәселенің қорытындысы......................................... 208

Үшінші мәселе ..................................................................... 212

Төртінші мәселе ................................................................... 216

Бесінші мәселе ..................................................................... 217

Алтыншы мәселе ................................................................. 221

Жетінші мәселе .................................................................... 226

Сегізінші мәселенің қорытындысы .................................... 240

Тоғызыншы мәселе .............................................................. 256

Оныншы мәселе ................................................................... 263

Он бірінші мәселе ................................................................ 280

Он екінші Шуақ(Денізлі сотындағы уәжнамадан)............ 303

Он үшінші Шуақ................................................................... 319

Он төртінші Шуақ ............................................................... 377

Он алтыншы Мектуб ........................................................... 477

Бесінші Шуақ(Сәдд-і Зулқарнәйн, Яджуш-Мәджуш және қияметтің басқада белгілері туралы хабар беретін жиырма үш мәселе) ............................................................................ 598

Он бесінші Шуақ(Әл-Худжат-уз-Зехра) ............................ 620

Екінші тарау ......................................................................... 660

Рисалей-Нұр жайлы хаттар ................................................ 708

Бірінші Шуақ ....................................................................... 713

Сегізінші Шуақ(Хз. Алидің кәраматы) ............................. 755

Жиырма тоғызыншы Леманың екінші бабы .................... 782

Әд-Даий ................................................................................ 790

Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады.

ТОО Нур Фейз,

050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 84-үй.

тел.: 8 (727) 374 71 10

* * *

Ұ

Ұ

Ұ

Ұ

Ұ

Ұ

· Шұғалар

Кітапты ашу ↗